Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:47, доклад

Описание работы

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу және талдау жасау дағдарысты экономикалық жағдайдағы Үкімет қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін байқатады. Статистика атқарушы биліктің мемлекеттің қаржы-экономикалық жағдайындағы келеңсіз үрдістердің тереңдеуіне қарсы тұру мүмкіндігінің бар екендігін көрнекі түрде көрсетіп берді. Сонымен қатар қоғам өмірі деңгейінің шынайы өлшемдері, дағдарысқа қарсы қолданылып отырған шаралар туралы оның ашық пікірі, азаматтардың әлеуметтік ахуалына әсер ету дәрежесі көрініп тұр. Үкімет және жергілікті билік органдары әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы бері оның салдарларын жұмсарту үшін қолданып отырған іс-шараларының тиімділігін, пәрменділігін халықтың бағалауы дағдарысқа қарсы басқару жағдайларындағы атқарушы биліктің тиімді қызметі жүйесінің тепе-теңдігін көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

1.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

Сонымен қатар  сауалнама барысында респонденттер  экономикалық дағдарысқа қарсы тұру үшін Үкімет қабылдауға тиіс шараларға  қатысты өз кеңестері мен тілектерін білдірді. Айтылған жауаптарды талдау нәтижесінде қоғам дағдарыстан шығудың мынадай жолдарын көрсетті: 

Өндірісті, ел экономикасын қолдау

Жұмыс орындарын  ашу, жұмыссыздықты төмендету

Жемқорлықпен  күрес

Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру

Мемлекет экономиканы, бағаны  реттеуі тиіс, ұлттық экономиканы да құруы керек

Халқы туралы көп  ойласын, өз халқын жақсы көрсін

Зейнетақы, еңбекақы төлемдерін көбейту

Инфляциямен, баға өсімімен күрес

Әділ болу, берген уәдесін орындау, ісі мен сөзі қабысуы керек

Ақшаны үнемдеу, бей-берекет шығыстарға, мерекелік шараларға, қымбат құрылыстарға жұмсамау

Шағын бизнесті, шағын кәсіпорынды қолдау

Мұқтаждарға көмектесу, қайыршылықпен, қаңғыбастықпен күресу

Шетелдік жұмыс  күшінің санын қысқарту

Жастарға көңіл  бөлу, тегін білім беру

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы

Жұмыссыздарға өз ісін ұйымдастыруға қаржылай көмек  көрсету

Жұмыссыздар үшін кеңес беру орындары жұмысын, «тікелей желілер» ұйымдастыру

Жоғары оқу  орындарында банк несиелері бойынша  білім алып жатқан студенттерге субсидиялар  беру

Жұмысын жоғалтқан адамдар үшін ипотекалық кредиттерді қайта рәсімдеу

Өнеркәсіп өнімдерінің  экспортын мемлекеттік қолдау

Шағын компанияларды  әкімшілік және салықтық тексерулер санын шектеу

Бұрын қолданыста болған автокөліктерді әкелуге кедендік баж салықтарын көтеру

Коммерциялық банктерге мемлекеттік несиелер беру 

Сауалнама барысында  облыс азаматтарының көпшілігінің Мемлекет Басшысының халыққа үндеуінде  елдің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз ету үшін саясатты жаңғырту және экономикалық стратегияны жүзеге асыру  бағдарламасын білетіндігі анықталды. Оның ішінде қала тұрғындарының ауыл тұрғындарынан сәл көбірек білетіндігі белгілі болды. (Ақтөбе қаласында — 86% және аудандар бойынша — 81%). Аудандар арасында тұрғындардың ақпараттануы бірдей деуге болады. Жалпы, аудандар бойынша  сауалнамаға жауап берген тұрғындар бірауыздан Мемлекет Басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын білетіндіктерін айтты. Халық саясат туралы аз білсе де, Елбасының жыл сайынғы Жолдауы туралы жақсы білетіндігін көрсетті. Әсіресе, бұл Жолдау дағдарыс ықпалын  сезініп отырған Қазақстан қоғамының ауыр кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.

БАҚ-дағы халық  үшін ең басты ақпарат көзі: теледидар (62%), газеттер (32%), радио (4%) және журналдар (2%). Ғаламтор ақпарат көзі ретінде  респонденттердің тек 38%-ы үшін қолжетімді. Әкімдіктердің (аудандық, ауылдық және қалалық) ақпараттық-насихат және лекторлық топтарын респонденттердің  42%-ы көрсетті. Басқа да ақпарат көздеріне (1%) достары, тума-туыстары мен көршілері кіреді. Респонденттердің 4%-ы жауап беруге  қиналды. Оның ішінде Елбасының жыл сайынғы Жолдауының жариялануы теледидар және ғаламтор жүйесі арқылы берілуі үлкен рөл атқарды. Сонымен қатар Елбасының тікелей желіден сөйлеген сөзі жұмыс уақытында болғандықтан, оны жұмысшылар ұжымы, студенттер аудиториясы да тыңдады.

«Сіз 2010 жылғы 29 қаңтардағы Елбасының Қазақстан  халқына Жолдауының мазмұнымен таныссыз ба?» — деген сұраққа тұрғындар  бұл құжатқа жоғарғы қызығушылық  танытқаны туралы жауап алынды. Сауалнамаға  жауап берген әрбір алтыншы респондент (66%) Жолдаудың мазмұнын жақсы біледі. Респонденттердің 20%-ының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы туралы жалпы түсінігі бар. Жауаптарға жасалған талдау көрсеткендей, Ақтөбе облысының тұрғындары Елбасының Жолдауы туралы ақпараттану дәрежесі олардың әлеуметтік жағдайына байланысты екендігін көрсетті. Респонденттердің ұлты, жасы, жынысы жауаптарға әсер еткен жоқ. Елбасының Жолдауымен мемлекеттік қызметкерлер, медицина, білім қызметкерлерінің бір бөлігі, студенттер таныс. Қызмет етушілер, фермерлер, кәсіпкерлер, медицина, білім қызметкерлерінің бір бөлігі, ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтындар тек Жолдаудың жалпы мазмұнын біледі, онымен толық таныс емес. 

2-сурет. 

«Президент өзінің Жолдауында қандай негізгі идеяларды айтты?» деген ашық сұраққа берілген жауаптарды талдау төмендегідей жайды көрсетті. Жауаптардың арасынан жиі көтерілген мынадай идеяларды атап өтуге болады:

Ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау;

Жедел индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен тұрақты өсуге жету;

Адам капиталының  бәсекелестігін көтеру;

Қолайлы инвестициялық  ахуал туғызу;

Саяси жүйені жаңғырту;

Инновацияларды  белсенді түрде енгізу;

Денсаулық сақтау, білім жүйелерін реформалау;

Әлеуметтік саясат;

Жеңістің 65 жылдығын лайықты мерекелеу;

Қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіп;

Бірлік, халықты  жұмылдыру;

Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 1 сәуірден бастап көтеру. 

Жолдаудың респонденттер  атап өткен негізгі идеялары аталмыш  құжаттың мазмұнын толық көрсететіндігін атап өту керек. Шынында да, Президент өзінің Жолдауында еліміз халқының басым бөлігінің күнделікті проблемаларын қозғайтын осы мәселелерге назар аударған болатын. Халықтың Жолдауды естіп, оның жекелеген жерлерін толық болмағанымен жартылай да болса, есте сақтауы  Елбасы көтеріп отырған проблемалардың өзектілігін, маңызы мен қажеттілігін көрсетеді. Сұралған азаматтардың жауаптары Елбасының айтқандарын халықтың дұрыс түсінгендігін, азаматтардың басым бөлігінің санасына жеткендігін, сондай-ақ олар тарапынан түсіністік пен қолдауға ие болғандығын айғақтайды.

«Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаудың мазмұнды бөлімінде мемлекеттік  органдардың алдына қойған міндеттері шешіле ме?» деген сұраққа жауаптар да оң сипатта болды. Сұралған  азаматтардың 52%-ы «міндеттер орындалады» деп нық сеніммен жауап берсе, 20%-ы «белгіленген міндеттердің жартысынан көбі орындалады» деп жауап берді. Оңды жауаптардың жалпы саны сенімсіздікпен қарайтын азаматтардың бағаларынан үш есе дерлік артық болды.(72%-ға қарсы 20%).

Алға қойылған міндеттердің дұрыстығына және олардың орындалуына сенім білдіргендер пайызының жоғары болуы Жолдауда көтерілген проблемалар мен міндеттердің дұрыс екендігін көрсетеді. 

3-сурет. 

Облыстың барлық өңірлерінде де қойылған міндеттердің орындалуына оң көзқарас білдіріліп, сонымен бірге олардың жүзеге асатынына сенімділік басым болды. Зерттеу барысында Жолдауда қойылған міндеттердің тиімділігіне баға беруде қандай да болмасын принципті түрде қарама-қайшылық болған жоқ. Аудандардағы ауыл тұрғындары да Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы барлық шаралардың дұрыстығы мен қажеттілігіне берік сеніммен қарап, жағдайды түсінетіндіктерін білдірді.

Халықтың көп  бөлігінің елдің Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайын халыққа Жолдау арнайтындығын  білетіндігі ескеріле отырып, респонденттерге  «Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының орындалуының оңды нәтижелерін сезінесіздер ме?» деген сұрақ қойылды. Сұралған респонденттердің 82%-ы бұл сұраққа оңды жауап берді, соның ішінде 62%-ы жыл сайынғы Жолдаулардың орындалу нәтижелерін толығынан сезінсе, 20%-дан астамы толық емес дәрежеде сезінген. Сауал қойылған респонденттердің 12%-ы жыл сайынға Жолдаулардың жүзеге асу нәтижесіне төмендеу баға берді. Олардың пікірінше, бүгінге дейін елеулі нәтижелер болмай отыр. Сауал қою нәтижелерінің мұндай деректерін, бір жағынан алғанда кейбіреулердің Елбасының бұрынғы Жолдауларының негізгі қағидаларын білмегендіктен және олардың қоғамның өміріндегі үлкен маңызына көңіл аудармағандығынан деп есептеуге болады. Сондықтан осындай сенімсіздік тууы мүмкін. Басқа жағынан, дағдарыс жағдайында жүргізіліп отырған саясатты сыни көзқараспен қабылдау фактілері кездеседі. Мұның өзі жыл сайынғы Жолдаулардың орындалу нәтижесін төмендетуге әсер етеді.

Жалпы алғанда, өткен жыл сияқты биылғы жылы Жолдау тұрғындар тарапынан қолдау мен оңды сұранысқа ие болды: Жолдауда қойылған міндеттердің өзекті екендігін Ақтөбе облысы халқының 80%-ы атап көрсетті. Бұл жыл сайынғы Жолдаулардың жүзеге асырылу нәтижелерінің оңды екендігін дәлелдейді. 

4 сурет 

Жыл сайынғы  Жолдаулардың Ақтөбе облысындағы орындалуының оң нәтижелері туралы жауаптарды талдау былайша сипатталады:

Ауылдарды, қалаларды  көріктендіру (35%);

Жарық, газ және су келуін тұрақты жүзеге асыру (24%);

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау (44%);

Көліктің тоқтаусыз жұмыс істеуі ( 20%);

Қызмет саласын  жақсарту және кеңейту (15%);

Ауылдар мен  шағын қалалардың көркеюіне жағдай туғызу (15%);

Мәдени демалыс  жағдайын жақсарту (14%);

Халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешу (41%);

Авариялық қызметтердің жұмысы (7%). 

5-сурет. 

Сауалға қатысушылардың көпшілігінің пікірі бойынша (64%/) Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы Қазақстанның дамуына зор серпін береді. Ақтөбе облысы халқының 25%-ы биылғы Жолдау белгілі бір ықпал жасайды, бірақ  бәрі де жергілікті жердегі жұмысқа  байланысты деп есептейді. Респонденттердің 6%-ның көңіл күйі сәл-пәл төмендеу, олар Жолдау қабылданып жүзеге асырылғанымен үлкен өзгерістер бола қоймайды деп есептейді. Сұралған респонденттердің 1%-ы «басқаша» деп жауап берген. Қатысушылардың 4%-ы жауап беруге қиналған.

Сайып келгенде, Ақтөбе облысы халқының басым көпшілігі  Жолдау Қазақстанның дамуына қуатты серпін береді, бірақ бәрі де жергілікті жердегі жұмыстарға байланысты деп  есептейді.

Елбасының халыққа  тікелей сөз арнауының өзекті де тиімді екендігін ақтөбеліктер тарапынан айтылған көптеген пікірлер, талдаулар, баға берулер және басқа да пікір алысулар дәлелдеп отыр. Бизнес-құрылымдардың өкілдері, зейнеткерлер, үкіметтік емес ұйымдар белсенділері, студенттер, педагогтар, дәрігерлер, ауыл тұрғындары, өңірде тұратын белгілі де беделді адамдар бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының кезекті Жолдауына байланысты өздерінің ой-толғамдары мен пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салуда. Мұның өзі Елбасы Жолдауының халыққа тиімділігін көрсетсе керек. 

Қорытындылар: 

Алынған мәліметтер ақтөбеліктердің әлеуметтік көңіл  күйінің дағдарысқа байланысты үлкен  өзгерістерге түспегендігін көрсетеді. Сауалға байланысты деректер бұрын  байқалған қоғамдық көңіл күйдің жақсаруының күшейе түскендігін  көрсетеді. Дағдарыстың сабақтары туралы айтқанда, оның экономиканың даму қарқынына әсер еткендігін, бірақ қоғамның дамуын тоқтата алмағандығын атап өтуге болады. 

Сауалнама нәтижелері Ақтөбе облысы тұрғындарының Үкіметтің  дағдарысқа қарсы жоспары туралы біледі және олар оның тиімділігін қалай бағалайды, біздің азаматтардың ойы бойынша қандай шаралар нәтижелі болмақ және олар Үкіметке дағдарысты еңсеру үшін қандай кеңестер бере алатындығын сипаттап берді. Тұрғындардың 74%-ының Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы жөнінен хабары бар. 

Тұрғындардың 61,6%-ның  пікірінше, дағдарысқа қарсы шаралар  жоспары өте орынды және жақын  күндері оның нәтижесі белгілі болады. Респонденттердің 20,8%-ы дағдарысқа қарсы шаралар жоспары тиімді, бірақ нәтижесі әзір көрінбейді деп  есептейді. Жүргізіліп отырған дағдарысқа қарсы саясатқа келеңсіз көңіл күй білдірген азаматтар үлесі елеусіз. Сұралған азаматтардың 5,2%-ы ғана дағдарысқа қарсы жоспар жарамсыз, одан пайда жоқ деп есептейді. Сұралған респонденттердің 12,4%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Қысқа мерзімді перспективадағы дағдарысқа қарсы жоспардың тиімділігіне жас ұрпақ өкілдері мен ауылдық жерлердің тұрғындары үміттенеді. Ұзақ мерзімді перспективада оңды нәтижелердің болуына, негізінен аудан орталықтары мен қала тұрғындары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері үмітті. Ал қабылданған шаралар нәтиже бермейді деген пікірді көбіне-көп облыс орталығының тұрғындары айтады. 

Әлеуметтік төлемдердің  көлемін, зейнетақыны және бюджет саласының  қызметкерлеріне жалақыны көбейту, сондай-ақ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының ең тиімдісі болып саналады. Одан әрі халықты жұмыспен қамту, еңбекке орналастыру және толық емес жұмыс  кестесімен еңбек етіп жүргендерді, жұмыстан босаған қызметкерлерді, оқу бітірушілер мен еңбек жасындағы оралмандарды қайта даярлау, сондай-ақ «Мемлекеттік тұрғын үй» бағдарламасы және «Жол картасы» аясында алынып жатқан шаралар аталады. Біздің азаматтар үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру, өндіріс пен қызмет саласында жаңа салық кодексін енгізу онша тиімді деп есептелінбейді. Сонымен бірге сұрау салған азаматтар агроөнеркәсіп секторын дамытуға бағытталған шараларға үлкен үміт артады. 

Үкіметке айтылған ең басты кеңестер — өндірісті  қолдап, жұмыссыздықпен күресу. Облыс  тұрғындары Үкіметке дағдарысқа қарсы ең алдымен өндіріс пен экономиканы және жұмыссыздарды қолдау арқылы күресуге кеңес береді. 

Сауалнама нәтижелері атқарушы билік, халықтың пікірінше, аса  маңызды проблемаларды, сондай-ақ маңызы төмен бағыттардағы мәселелерді шешуде бірқатар табыстарға жетуде деп қорытынды жасауға мүмкіндіктер береді. Әкімшілік күш-жігерді бөлу әлеуметтік-экономикалық проблемалардың  маңыздылығына сәйкес келеді. 

Информация о работе Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдары