Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:47, доклад
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу және талдау жасау дағдарысты экономикалық жағдайдағы Үкімет қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін байқатады. Статистика атқарушы биліктің мемлекеттің қаржы-экономикалық жағдайындағы келеңсіз үрдістердің тереңдеуіне қарсы тұру мүмкіндігінің бар екендігін көрнекі түрде көрсетіп берді. Сонымен қатар қоғам өмірі деңгейінің шынайы өлшемдері, дағдарысқа қарсы қолданылып отырған шаралар туралы оның ашық пікірі, азаматтардың әлеуметтік ахуалына әсер ету дәрежесі көрініп тұр. Үкімет және жергілікті билік органдары әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы бері оның салдарларын жұмсарту үшін қолданып отырған іс-шараларының тиімділігін, пәрменділігін халықтың бағалауы дағдарысқа қарсы басқару жағдайларындағы атқарушы биліктің тиімді қызметі жүйесінің тепе-теңдігін көрсетеді.
ХАЛЫҚ БИЛІКТІҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ҚАБЫЛДАҒАН ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНЕ ДӘН РИЗА
10 Ақпан 2010 | 0
пікір
«Батыс-мониторинг»
әлеуметтік және маркетингтік зерттеу
агенттігінің 2010 жылдың қаңтарында жүргізген
әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы
осындай!
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу және талдау жасау дағдарысты экономикалық жағдайдағы Үкімет қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін байқатады. Статистика атқарушы биліктің мемлекеттің қаржы-экономикалық жағдайындағы келеңсіз үрдістердің тереңдеуіне қарсы тұру мүмкіндігінің бар екендігін көрнекі түрде көрсетіп берді. Сонымен қатар қоғам өмірі деңгейінің шынайы өлшемдері, дағдарысқа қарсы қолданылып отырған шаралар туралы оның ашық пікірі, азаматтардың әлеуметтік ахуалына әсер ету дәрежесі көрініп тұр. Үкімет және жергілікті билік органдары әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы бері оның салдарларын жұмсарту үшін қолданып отырған іс-шараларының тиімділігін, пәрменділігін халықтың бағалауы дағдарысқа қарсы басқару жағдайларындағы атқарушы биліктің тиімді қызметі жүйесінің тепе-теңдігін көрсетеді.
Ақтөбе облысындағы билік қолданып отырған дағдарысқа қарсы шараларды қоғамдық қабылдау деңгейі мен сипатын анықтау мақсатында биылғы жылғы қаңтарда облыс тұрғындары арасында «Батыс-мониторинг» әлеуметтік және маркетингтік зерттеу агенттігі әлеуметтік сауалнама жүргізді. Жүргізілген сауалнама нәтижелері ақтөбеліктердің еліміздегі және өз өміріндегі жағдайды қалай бағалайтынын анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ облыста қолданылып отырған дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігі мен пәрменділігін анықтау, дағдарыс кезінде қандай ахуал стратегиясының қажет екенін, сондай-ақ биліктің дағдарысқа қарсы қызметін жұртшылықтың бағалау деңгейін білу мүмкіндігі туды. Жеке сұхбат әдісімен 500 респонденттен сауалнама алынды.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың Қазақстанға ықпалы туралы облыс тұрғындарының пікірлері былайша бөлінді: Өңір бойынша тұтас сұралған респонденттердің 18,2%-ының пікірінше, дағдарыс біздің елімізге белгілі бір деңгейде әсерін тигізуде. Сонымен қатар сұрау салынғандардың 57,4%-ы дағдарыс басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанға онша әсер етіп отырған жоқ деп есептейді. Респонденттердің 12,2%-ы қаржы дағдарысы бізге де басқа елдердегі сияқты әсер етті деп ойлайды. Қазіргі жағдайды жабырқау түрде бағалап, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстандағы дағдарыс терең деп есептейтіндер саны көп емес – 4,8%. Сұралған азаматтардың қалған 7,4%-ы бұл сұраққа жауап бере алмады.
«Дағдарыс» деген сөздің өзі адамдардың алаңдаушылығын және түрлі қарама-қайшылық ахуалын туғызуға бейім. Сауалнама нәтижелері осы ақиқатты дәлелдеп отыр. Сұралған облыс тұрғындарының көпшілігі экономикалық дағдарысқа байланысты белгілі бір алаңдаушылықты басынан өткеріп отыр. Облыс бойынша тұтас алғанда сұралған респонденттердің 24%-ы дағдарыс әсеріне алаңдайды. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының арасында экономикалық дағдарысқа барынша қобалжуды сезініп отырғандар – облыс орталығы тұрғындарының 12%-ы. Аудандар орталықтарында осындай көңіл күй кешіп отырғандар саны — орташа есеппен 8%, ал ауылдарда – 4%. Облыстың сұрау салынған тұрғындарының 46%-ын бұл проблема алаңдатпайды деуге болады, олардың арасында ауыл тұрғындарының саны басымдау. Облыс тұрғындарының небәрі 13%-ын дағдарыс мүлде алаңдатпайды. Сұралған респонденттердің 17%-ы осы проблемаға өз көзқарасын білдіре алмады.
Сұралған респонденттердің
64,6%-ның жартысынан көбі дағдарыс материалдық
жағдайыма ерекше әсер еткен жоқ
деп көрсетті. Азаматтардың 18%-ының
материалдық жағдайында жақсарулар
болған. Жалпы алғанда облыс
Респонденттердің пікірі бойынша Қазақстанда жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты мынадай келеңсіз құбылыстар болуы мүмкін:
Өндірістің құлдырауы (22%)
Жұмыссыздықтың өсуі, кадрлардың қысқаруы, жұмыстан босауы (15%)
Инфляция, баға өсуі (22%)
Тұрғындардың тұрмыс деңгейінің төмендеуі (13%)
Тауарлар әкелудің қысқаруы (32%)
Тауарлар әкелудің көбеюі (23%)
Тауарлар әкетудің қысқаруы (14%)
Тауарлар әкетудің көбеюі (6%)
Биліктің ауысуы (4%)
Ештеңе өзгермейді
(24%)
Көңіл күйі жабырқау адамдарға қарағанда жағымды жаңалықтар күтетіндердің көп болуы оң әсер қалдырады. Қазіргі жағдай қалай дамиды деген сұраққа респонденттердің басым көпшілігі — 58,2%-ы жақсарады деп жауап берген. Сұралған азаматтардың 5,2%-ы жағдайдың төмендеуін күтеді. Сұралғандардың көпшілігі ешқандай өзгерістерді сезбейді, ештеңе өзгермейді деп есептейді (19,6%) немесе жағдайдың дамуын болжай алмайды (17%).
Сондай-ақ пессимистік
көңіл күйдегі адамдарға
Әлеуметтік пессимизм сияқты әлеуметтік оптимизм де көрініс береді. Егер оптимистер соңғы 2-3 жылда отбасында және өздері тұратын жерде, тұтас Қазақстан бойынша жағдайдың жақсарғанын атап көрсетсе, пессимистер барлық жердегі жағдай нашар дегенді айтады.
Азаматтардың осы екі бөлігі де негізінен өзара ұқсас. Екі топтың құрамында да зейнеткерлердің (екінші орында – білікті жұмысшылар, үшінші орында – жоғары білімі жоқ қызметшілер) үлес салмағы басым, ер адамдарға қарағанда әйелдер саны көбірек, арнаулы орта білімі бар адамдар басым, негізгі жұмыс саласы – сауда. Екі топ та ең маңызды проблема тауарлар мен қызметтер бағасының жоғары екендігін айтады. Сондай-ақ екеуі де инвестициялар тарту және кәсіпкерлерді қолдау сияқты әрекеттерге бірдей бейжайлық танытады. Екі топта да жұмыссыздар салмағы аз – пессимистер арасында 6,9%, оптимистер арасында 4,5% және үй шаруасындағылар саны бірдей дерлік (тиісінше 3,5% және 3,3%).
Тұтас алғанда оптимистер жас – осы топтағы 18-24 жастағылар саны — 57% және 40-49 жастағылар – 44% (пессимистер арасында 50 жастан асқандар — 12%, қалған жастағылар саны бірдей деуге болады). Пессимистер арасында жоғары білімді адамдар көбірек – 26,9%, толық емес орта білімі барлар аздау – 10,3% (тиісінше оптимистерде 21,7%-ға қарсы 15,6%). Пессимистердің елеулі бөлігі өнеркәсіп өндірісінде жұмыс істейді – 10,6% (оптимистер арасында – 5,5% ғана), оптимистердің елеулі бөлігі – студенттер – 11,4% (пессимистер арасында – 6,4% ғана).
Тауарлар мен
қызметтер бағаларының
Екі топтың арасындағы айырмашылық отбасындағы жағдайды қабылдаудан туындайды. Бұл сала — әрбір адамға ең жақын және түсінікті жағдай. Бұл орайда сыртқы әсерлердің (БАҚ, насихат, стереотиптер) қатысы жоқ. Сауалнама нәтижесінен көрінгендей пессимистер үшін отбасындағы жағдай күрделі – 14,7%, олар дағдарысты деп атап көрсетті (45% — төзуге болады). Сонымен қатар 7,9% үшін соңғы 2-3 жылда ол нашарлап кеткен, ал респонденттердің 5,8%-ы одан әрі нашарлайтынына сенімді. Оптимистердің жағдайы бұған қарама-қарсы. Олардың 38,9%-ы отбасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қолайлы деп есептейді (52,8% — төзуге болады), 49% үшін соңғы 2-3 жылда жағдай жақсарды, респонденттердің басым көпшілігі 81,4%-ы одан әрі жақсаруды күтеді. Мониторинг мәліметтері көрсеткендей, бұл сезім (былайша айтқанда: бақыт немесе бақытсыздық) отбасының кіріс деңгейіне, жұмыспен қамтылу, білім және басқа шынайы өлшемдерге онша тәуелді емес.
Еліміздің тұрғындары бұрынғыша келешекке оптимистік көзқараспен қарайды. Қоғамдық пікірді сараптау нәтижелері көрсеткендей, экономикалық проблемалар Президентіміз Н.Назарбаевтың саясатының дұрыстығын дәлелдеді. Азаматтардың басым көпшілігі еліміз дұрыс жолмен алға жылжып келеді деп есептейді. Қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері Елбасы саясатын және оның дағдарысқа қарсы шараларын қолдайтынын көрсетіп берді.
БАҚ қоғамдық пікірді
қалыптастыруда қуатты құрал болып
табылатындықтан, сауалнама барысында
респонденттерге «БАҚ-тан
1 – сурет.
Облыс тұрғындарының
БАҚ-тан алатын экономикалық дағдарыс
туралы ақпараттарды бағалауы
Зерттеу барысында
респонденттерге: «Үкіметтің экономикалық
дағдарысқа қарсы күресі жөніндегі
жоспары туралы естідіңіз бе?»
— деген ашық сұрақ қойылды. Сонымен
қатар дағдарысқа қарсы тұру үшін
не істеу қажеттігін өздері айтуға
ұсыныс жасалды. Сұралған азаматтардың
6,3%-ы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары
туралы ештеңе білмейді немесе «бір нәрсе
естіген сияқты, бірақ есінде жоқ» екендігін
айтты. Кейбірі «Жол картасын» атап көрсетті,
бірақ ол бойынша қандай жұмыстар істеу
қажеттігін білмейді. «Еш нәрсе істеліп
жатқан жоқ, бәрі бос сөз», — деген жауаптар
да болды. Қалған 74%-ы дағдарысқа қарсы
Үкімет жасап жатқан мынадай іс-шараларды
дұрыс атап көрсетті:
Жұмыссыздарды қолдау, жұмыс орындарын ашу
Ауыл шаруашылығын қолдау және қалпына келтіру
Банк жүйесін қолдау
Ипотекалық несие бойынша көмек
Орта және шағын бизнесті қолдау
Әлеуметтік саясат, әлеуметтік бағдарламалардың өсуі
Зейнетақы, еңбекақы, шәкіртақының өсуі
Теңгенің тұрақтануы, бағаны ауыздықтау
Су құбырлары желісі мен кәріз құбыларын жөндеу
Жолдарды жөндеу
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу
Қарапайым «Жол
картасы»
Тұрғындардың басым көпшілігі (шамамен 80%-ы) «Жол картасы» бағдарламасы жөнінде біледі немесе одан хабары бар.
«Бұл жоспар дағдарысқа қарсы күрес талаптарына сәйкес келе ме, ол табысты бола ма, жоқ па?» деген сұраққа мынадай жауаптар алынды:
Тұрғындардың 61,6%-ның пікірінше, дағдарысқа қарсы шаралар жоспары өте тиімді және жақын күндері оның нәтижесі белгілі болады.
Респонденттердің 20,8%-ы дағдарысқа қарсы шаралар жоспары түбінде нәтижелі болады, бірақ әзір емес дегенді айтады. Жүргізіліп отырған дағдарысқа қарсы саясатқа көңілі толмағандар үлесі елеусіз. Жауап берген азаматтардың 5,2%-ы ғана дағдарысқа қарсы жоспардан пайда жоқ деп есептейді. Респонденттердің 12,4%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналды.
Азаматтардың
Үкіметтің дағдарысқа қарсы Бағдарламасына
көзқарасын анықтау үшін: «Үкімет
экономикалық дағдарысқа байланысты бірқатар
шешім қабылдады. Осылардың қайсысы
дағдарысқа қарсы күреске тиімді
ықпал ете алады деп ойлайсыз?»
— деген сұрақ қойылған болатын. Жауаптар
мынадай болды:
Әлеуметтік төлемдер, зейнетақылар және бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы мөлшерінің ұлғаюы
Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру
Үлестік құрылысты қолдау
Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және толық емес жұмыс тәртібі бойынша жұмыс істейтін, босатылған қызметшілерді, түлектерді және еңбекке қабілетті жастағы оралмандарды қайта даярлау
шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
Өндірісте және қызмет көрсету саласына жаңа салық кодексін енгізу
Агроөнеркәсіп саласын дамыту
ТКШ (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен және электрмен жабдықтау) жүйесін қайта жарақтандыру және дамыту
Мектеп, аурухана және басқа әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылыту
Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жарақтандыру және салу
Қала, поселке
және ауылдардағы әлеуметтік жобалар