Кәсіпорын экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 08:36, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның іс-әрекетін қамтамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражатының болуы.
Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванслаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Кәсіпорынның айналым қаражаты бұл кәсіпорынның ағымдағы активтерге салған капиталдың үлесі. Олар өндіріс процесіне қатысып және өзінің сыртқы нысанын өзгертеді және өз құнын тұтас өнім құнына аударады.

Работа содержит 1 файл

кәсіпорын экономикасы.doc

— 134.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның  айналым капиталының мәні және құрылымы.  

Кәсіпорынның  іс-әрекетін қамтамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражатының  болуы.

Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорларын  құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванслаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Кәсіпорынның  айналым қаражаты бұл кәсіпорынның  ағымдағы активтерге салған капиталдың үлесі. Олар өндіріс процесіне қатысып және өзінің сыртқы нысанын өзгертеді және өз құнын тұтас өнім құнына аударады.

 

Айналым қаражаты 
 
 
 

      Өндірістің айналым қорлары                                          Айналыс қорлары

 

өндірістік     өндіріс          алдағы        қоймадағы         тауар жө-      ақшалай       дебиторлық

қосалқы       процесінде    кезеңдегі      дайын  нелту және     қаражат        берешек

  қор                                   шығындар   өнімдер              жолдау 

 есепажырасу    банкідегі ағым

      қаражаты

  нормаланатын айналым қаражаттары 

      нормаланбайтын айналым

      қаражаты 

Айналым активтері  жетіспеген жағдайда төлем қабілеттігі  нашарлайды, қаржылық жағдайы төмендейді. Бұл процесске келесі себептер әсер етеді:

  1. Болашақ кірістерді құнсыздандыратын жоғарғы деңгейлі инфляция
  2. Айналым құралдарын толықтырудың тиімді механизмнің болмауы.
  3. Тауар өндірушілерге жоғарғы салық деңгейінің болмауы.
 

Дебиторлық  берешек дегеніміз белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектінің алдындағы сатып алған тауарлары, көрсеткен қызметтері үшін , сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектілерден аванс ретінде алған тауарлары мен материалдары үшінқайтаруға тиісті борыштарды айтады.

Осы субъектілерге  берешек борышы бар кәсіпорындар мен коррпорациялар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар деп аталады.

Есеп беретін  уақытынан кейінгі бір жыл  ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында   есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға  төленген аванстық төлем
  • тапсырысқа берілген шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар
  • вексельдер бойыншаалынуға тиісті борыштар
  • негізгі шаруашылық серіктестігімен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер
  • Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының борышы.
 

                                        Қаражаттың ауыспалы айналымы

Бір өндірістік кезең арасында айналым қаржылары 3 сатыдан тұратын ауыспалы айналым  жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын  ақша қаражаттарын, еңбек заттарын сатып алу үшін жұмсайды, бұл сатыда айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс  процесіне тікелей өтіп, алдымен  өндіріс қосалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң дайын  өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына қайта ақша нысанына келеді.  Бір мезгілде айналымның барлық 3 сатысында айналым қорлары белгілі  орында болады. Әрбір сатыдағы айналым қаражатының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, техникалық және оны өндіру, сату ерекшеліктеріне байланысты.

Айналым қорлары  бір өндірістік кезеңде өндірістік процесте түгел тұтынылып өзінің құнын дайындалатын өнімге толық  көшіретін ресурстардың бір бөлігі. Оларға:

  1. өндіріс қалдықтары
  2. аяқталмаған өндіріс
  3. болашақ кезең шығындары жатады.
 
 
 
 
 
 

Кәсіпорындағы еңбекақы 

Еңбекақы бұл  жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарылған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілген төлем.

Қалыпты жағдайда төленетін еңбекақы қажетті өнімнің  құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Жұмыс күші бұл  қызметкерлердің өміріне қажет  және оның еңбек қалпын келтіруге  жәрдемдесетін заттың жинақ құны. Бұларға жататындар:

  1. жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны.
  2. осы мамандыққа оқытуға кеткен шығындар
  3. оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттың құны.

Жұмыскердің еңбек  өнімділігінің өсуі еңбекақыны ұлғайтуға  мүмкіндік береді.

Жұмыс күшін  біліктілеу және еңбектің түрі, қажетті  өнімнің әлеуметтік дәрежесі. Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түріне берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді және әртүрлі салық есептеп беру арқылы мемлекетке, қоғамдық тұтыну қорына кетеді.

Жалақы атаулы және нақты блып бөлінеді.

Атаулы табыс  жалақысы бұл қызметтің белгілі  кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.

Нақты жалақы –  бұл туарлар мен қызмет көрсетуде  ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы. 

                               Жалақының жүйелері және нысандары

 

1.кесімді                                                               уақыттық сыйлықақы

2. жай кесімді                                                       жай уақыттық

3. Кесімді сыйлықты                                           сағаттық

4.жанама                                                               күндік 

5.көтеріңкі                                                            апталық

6.үдемелі                                                               айлық 

Жеке  ұжымдық

адамның     мердігерлік

жалақысы 

кәсіпорында  жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына принциптерін еске алу керек:

  • әдлдігі
  • істелмеген жұмыс есебінің қиындығы және еңбек біліктілігінің деңгейі
  • зиянды еңбек жағдайның және ауыр дене еңбегінің есебі
  • ақаулық жібергені және өзінің міндеттеріне жауапсыздықпен қарағандығына жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық жазалау
  • инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу
  • өндірістің қажеттілігін ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысананы және жалақы жүйесін қолдану.
 
 
 
 

Кәсіпорын бағаларының өнімдерінің қалыптастыру

Баға – тауар  өлшемінің ақшалай құны.

Бағаның деңгейінен тәуелді болатындар:

  1. коммерциялық өнімнің пайда мөлшері
  2. ұйымның бәсекеге жарамдылығы және өнімділігі
  3. кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы

Баға функциялары:

  1. бағаның есептік функциясы - өнімді өндіру мен сатуға кететін қоғамның қажетті еңбек шығындарын қамтып көрсетеді.
  2. Бағаның үлестіргіш функциясы – баға құрылымы арқылы мемлекеттік ұлттық табысты экономика салалары мемлекеттік және басқа да секторлар аймақтар тұтыну қорлары арасында үлестіруді қамтамасыз етеді.
  3. Сұраныс пен ұсыныс функциялары баға арқылы өндіру және тұтыну сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты жүзеге асырады.
  4. Бағаныңөндірісті ұтымды орналастырудағы функциясы – баға тетігі көмегімен капиталдың экономика секторына және өндіріске пайдаланудың ең жоғарғы мөлшерінің қайта құрылымы пайда болады
  5. Ынталандару – ғылыми техникалық прогрессті жеделдету, өнімді шығару, оған сұранысты арттыру үшін ынталандыруда техникалық деңгейіне және сапасына байланысты сараланады.
 
 

                                                 Бағаны әзірлеу және есеп айырысу

  

 
 
 
 
 
 

Баға нұсқалары:

  • ең төмен баға
  • өзіндік құн+үстеме баға
  • өндіріс шығындары+тауарлардың мүмкіндігі
  • ең жоғарғы баға
 

Баға стратегиялары:

  1. жоғарғы баға стратегиясы
  2. төменгі баға стратегиясы
  3. сараланған баға стратегиясы
  4. жеңілдікті баға стратегиясы
  5. икемділік баға стратегиясы
  6. тұрақты стандарт стратегиясы
  7. жинақталмаған баға стратегиясы
  8. жаппай сатып алу стратегиясы
  9. баға деңгейінің тауар сапасына үйлестіру стратегиясы
 

Бағаның құрылуының нарық үлгісінің ерекшелігі

 
 

Еркін бәсекедегі нарық бағалары жағдайында бірде-бір  кәсіпорын баға құрылымына ықпал  ете алмайды, тауардың бағасы тек  қана сұраныс пен ұсыныс жиынтығының  ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарда баға реттеу қабілеттігі болмайды.Ол нарықтық бағаға бейімделеді.

Монополистік  бәсекедегі бағалар нақты бұйымдар бір-бірінен сапасы, ерекшелігі, сыртқы рәсімделуімен көзге түселі.

Бәсекелестердің көп болуы бағаны бақылауға шек  қояды.

Олигополистік бәсекедегі баға кәсіпорынның  бағаларының өзгеруіне немесе өндіріс көлеміне бәсекелестердің жауапты әрекет жасауларын алдын-ала болжау болады.

Таза монополия  жағдайындағы бағалар 1-ақ сатушы борлады.

Монополист болып  мемлекеттік мекемелер меншікті реттейтін монополия болып табылады.  
 
 

      Кәсіпорынның  табысы, оның мәні мен маңызы 

Табыс – кең  түрде қолданылатын көп мағыналы ұғым. Кәсіпорынның табысы олардың  активтерінің артуы немесе капитал  меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттердің кемуі. Табыс ұғымы жалпы мемлекетте ұлттық табыс, таза табыс,  ал жеке тұлға (жеке табыс болып қолданылады. Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім атқаратын, мүлкін сатудан, несие берілгеннен алынатын тиісті пайыздар және материалдық  ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады. Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағындағы экономикалық заңды түрде тікелей түсетін ақша сомасын айтамыз.

  1. жалпы табыс бұл тауардың белгілі мөлшерін сатудан түмкен ақшалай  сомасы.
  2. орта табыс   ОТ=
  3. өнім өлшемінің мөлшері
  4. шекті табыс өнім мөлшерді сатудың....................................
 

Кәсіпорын табысын қалыптастыру 

               +  -

 

      

      + + 

+   + 

       

Информация о работе Кәсіпорын экономикасы