Кассакдагы есеп айрысу шотындагы акша каражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 12:47, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.

Содержание

Кiрiспе

I-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты

II-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.

2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

III-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары

IV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен  мақсаты  

Жоспар 

 Кiрiспе  

I-ТАРАУ. Ақша  қаражаттар операцияларын есепке  алудың мәнi мен мақсаты 

II-ТАРАУ. Кассадағы  және есеп айырысу шотындағы  қолма-қол ақшаның есебі 

2.1 Кассадағы  қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Кассадағы  шетелдік валюта түріндегі қолма-қол  ақшаның есебі. 

2.3 Субъектінің  оперативтік кассасындағы қолма-қол  ақшаның есебі. 

2.4 Есеп айырысу  шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 

III-ТАРАУ. Ақшасыз  есеп айырысудың нысандары 

IV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi

 Қорытынды 

 Пайдаланған  әдебиеттер  

 Кiрiспе  

 Бухгалтерлiк  есеп нарық қатынастары жағдайында  шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде  ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан  нарық экономикасына түгелiмен  күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.

 Есепке алу  мәлiметтегi кәсiпорынның және оның  құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн  жедел басқару үшiн, экономикалық  болжамдар мен ағымдық жоспарлау  жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.

 Бухгалтерлiк  есептi халықаралық стандарттардың  талабына сай жүргiзу қазiргi кезде  ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк  есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.

 Ақша қаражаттардың  есебiн зерттеп бақылай отырып  кез – келген кәсiпорынның  жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң  кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.

 Бұл жерде  тағы маңызды бiр нәрсе –  банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып  кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге болады.

 Жоғарыдағы  айтылып кеткен мәселелер менi  қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк  есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн  кеңiрек ауқымда қарастырып, курстық  жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.  

 Ι-ТАРАУ. Ақша  қаражаттар операцияларын есепке  алудың мәнi мен мақсаты.  

 Қазақстан  Республикасы Қаржы Министрлiгi  жанындағы «Бухгалтерлiк есеп  және аудит әдiстемесi департаментiнiң»  №4 № «Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп»- деп  аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.

 Барлық шаруашылық  жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген  үнiмдi сату барысында, сондай-ақ  материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда  немесе бюджеттен тыс басқа  да мекемелерге әртүрлi төлемдердi  түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

 Осындай кәсiпорындар  мен ұйымдардың, фирмалардың арасында  алашақ және берешек операциялар  күбiне қолма-қол ақша және  қолма-қол ақшасыз түлеу жолы  арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен  есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:

1) ҚР Әдiлет  министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын ;

2) Шетелдiк валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшiн  заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттiк  мекемелерге, олардың бюджеттен  тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4) Республикалық  бюджетте тұрған мекемелерге  бюджеттiк шоттарды;

5) Ұлттық банк  мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге  корреспонденттiк шоттарды ашады. 

 Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп  айырысу операцияларын толық  және уақтылы дер кезiнде есептеу. 

2) Субьектiдегi  ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау.

3) Есеп айырысу,  түлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай  кiрiстерi мен шығындарын дұрыс  есептеу. 

 Ақша қаражаттарының  бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:

1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.

2) Ақша қаражаттарының  қолда бары мен қозғалысын  және есеп айырысу опрацияларын  есептiк тiркелiмдерде толықтай  және жедел түрде күрсету. 

3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.

4) Белгiленген  мерзiмдерге ақша қаражаттары  мен есеп айырысудың жағдайына  түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн iздестiру.

5) Кассадағы,  есеп айырысу шотындағы және  банктегi басқа шоттардағы ақшалардың  бар жоғы мен сақталуына бақылау  жасау. 

6) Есеп айырысу  – төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.  

 ΙΙ-ТАРАУ.  Кассадағы және есеп айырысу  шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 

2.1 Кассадағы  қолма-қол ақшаның есебі  

 Ақша қаражаттарын  сақтау, қабылдау мен беру үшін  әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің  кассасы болады.

 Кассир –  материалдық жауапты адам. Ол  касса операцияларын жүргізу  тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық  толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

 Кассадағы  операциялар есебі 45-"Кассадағы  қолма-қол ақша” бөлімшесінің  активті жинақтаушы шоттарында:

451- "Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақша” және 452- "Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі қолма-қол ақша”  шоттарында жүргізіледі.

"Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол  ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі бекіткен кассалық  операцияларды жүргізу тәртібіне  сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

 Кассаға ақша  қабылдау кассаның кіріс ордерлері  бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.

 Кассадан  ақша беру кассаның шығыс ордерімен  немесе басшы мен бас бухгалтер  қол қойған тиісінше рәсімделген  төлем тізімдемелерімен ақша  беруге жазылған өтінішпен, шоттармен  және басқа да құжаттамен рәсімделеді.  Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.

 Сенімхат  бойынша берілген ақша жағдайында  касса шығыс ордерінде ақшаны  алуға сенім білдірілген адамның  тегі, аты мен әкесінің аты  көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.

 Жалақы, уақытша  еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі  жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем  тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

 Банктен ақша  алғаннан кейін үш күн өткен  соң, кассир төлем тізімдемесіне  еңбек ақысы бойынша тиесілі  сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

 Касса операцияларының  есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

 Касса кітабының  әрбір парағы тең екі бөліктен  тұрады. Олардың бірін кассир  бірінші дана ретінде толтырады  және ол кітапта қалады.; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

 Есеп бланкісі  операциялар аяқталғанға дейін  бір күн бойы жыртылмайды. "Соның  ішінде жалақыға” деген жолдың  бойында касса бойынша шығысқа  есептен шығарылмаған жалақыға  арналған төлем тізімдемелері  бойынша сомасы да көрсетіледі.

 Касса операциялары  шағын болса, онда касса есебі  3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен  алынғаны және кімге берілгені  жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған  шоты, сомасы көрсетіледі. Күн  сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Информация о работе Кассакдагы есеп айрысу шотындагы акша каражаттары