Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, лекция
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Эконоикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Бірақ мемлекет фирмалардың табысына шектен тыс салық мөлшері, соңғыдан капитал жинауға ынтасын жоғалтады. Бұл Лаффер қисығының графигінде көрнекі көрсетіледі (18.3.-сурет).
R
100 %
У
14.3.-сурет. Лаффер қисығы
Алғашқыда салық мөлшерлемесінің өсуімен бюджетке түсімдер де өседі. Бірақ кейбір сәтте, салықтардың шектен тыс мөлшерлемесі өндірістің дамуына кедергі жасайды, ал жүз пайыздық салық мөлшерлемесінде кәсіпкерлер қандай да бір ынталандырудың болмағандығынан өздерінің өндірісін тоқтатады және бюджетке түсім тіптен тоқтайды.
Қазақстанда ҚР Салық кодексімен белгіленген келесі салықтар бар:
Бұл салықтардан басқа бюджетке алымның 13 түрі, 9 әр түрлі төлем, мемлекеттік баж салығы және кедендік төлемдері түседі.
Бюджеттік үдеріс мемлекеттік
табыс пен шығындардың жағдайын
теңдестіруді қарастырады. Мемлекеттік
шығындардың табыстардан жоғары
болуы мынадай себептермен
а) мемлекеттің өмірдің әр түрлі аясындағы рөлінің өсуі;
ә) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шығынның өсуі;
б) мемлекеттік аппараттың санының өсуі;
в) шаруашылық жағдаятының толқуы, кезеңдік құлдырау мен өндірістің көтерілуі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістері:
Мемлекеттік заем шығару нәтижесінде және оны мемлекеттік орналастыру тұрғындардың, банктердің, сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының бос еркін ақша қорларын уақытша тартады. Нәтижесінде біртіндеп жабылатын мемлекеттің ішкі қарызы пайда болады.
Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардабын келесі төрт сәтке бөлуге болады:
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
15-тақырып. Экономикалық өсу.
Лекция мақсаты: Экономикалық өсудің мәнін ашу.
Лекция сұрақтары:
1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
3. Экономикалық өсудің моделі.
15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
Экономикалық өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық көбейтуімен, сапалы жетілдірілуімен және оның өндірістік факторымен көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық өнімнің көбеюінен, елдің экономикалық күшінің нығаюынан табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынының көрсеткішінің көмегімен сипатталады – бұл белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетілген.
Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:
Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі. Экономика ішкі нүкте К-ден шекарадағы өндірістік мүмкіндігі Н нүктесіне ауысады (15.1.-сурет
Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы СД жағдайынан СД жағдайына өзі жылжиды (15.2.-сурет
Осыдан экономикалық өсуді екі түрге бөледі: экстенсивті және қарқынды.
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі.
Экономикалық өсудің қарқынды түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.
15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:
Экономикалық өсудің факторларын 3 топқа бөлуге болады: ұсыныс факторы (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология); сұраныс факторы (жиынтықты шығындардың деңгейі) және бөлу факторы (ресурстарды тиімді пайдалану).
Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:
Экономикалық өсудің факторының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1.-кесте):
15.1.-кесте. Экономикалық өсу
Фактор |
Фактордың сандық көрсеткіші |
Толық пайдаланудың тәсілі мен тиімділікті көтеру |
Тиімді пайдаланудың көрсеткіші |
Табиғи ресурстар (жер, пайдалы қазбалар, ауа, су және т.б.) |
Әрбір нақты түрдің көрсеткіші |
Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өңдеу |
Өнімнің материалдық сыйымдылығы |
Еңбек ресурстары |
Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны |
Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру |
Еңбек өнімділігі |
Негізгі капитал (кәсіпорынның жабдықтары, халық шаруашылығы барлық аясының транспорт көліктері) |
Бағасы |
Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру |
Қордың қайтарымдылығы |
ҒТП |
Шығындар |
НИОКР аясын дамыту, нәтижелерін пайдалану |
Өндірістің тиімділігін көтеру |
15.3. Экономикалық өсудің моделі
Экономикалық әдебиетте экономикалық өсудің әр түрлі моделі кездеседі. Солардың кейбіреуін қарастырымыз:
Экономикалық өсудің
неокейнсиандық моделі «инвестициялар»
және «мультикликатор» санатында (11-тақырыпты
қараңыз) негізделеді. Экономикалық өсу
алғашқы салынған инвестицияның
мультипликациялық тиімділігіні
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсугетек микро және макродеңгейде ғана емес, барлық өндірістің факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми-техн. үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. Өндірістік қызмет аппаратының негізінде келесі қорытынды жасауға болады:
В. Леонтьев ұдайы өндіріс өндірістің – өндірістің, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы рыноктық теңдесудің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын-шығару» деп аталады. Бұл кестегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. Біріншіден, басқа салалармен (шығындар) ұсынылған, материалдық игіліктер мен қызметтерді сатып алушылар мен жиынтықты сұраныстың көрсеткіші ретінде – бұл баланс бағаны. Екіншіден, олардың өздерімен ұсынылған (шығару), қызмет пен материалдық игіліктерді сатушылар мен жиынтықты ұсыныстың көрсеткіші – бұл баланс жолдары. Бұл кестені талдау негізінде экономикалық өсуді болжауға болады.
Экономикалық өсу мен даму проблемаларын зерттеу үшін, В. Леонтьев бәрінен бұрын, «шығын-шығару» тұрақты моделінің серпінді түрін дайындайды, оған ол соңғы сатылым мен соңғы сұраныс деп аталатын төмен түсірілетін капиталдың қажеттілігін қосты.
«Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қау төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек.
«Нөлдік экономикалық өсу» тұжырымдамасының пайда болуы ұзақ соғыстан кейінгі кезеңде баяғы өнеркәсіпті елдерде тез экономикалық өсудің биігіне жеткенде, өткен екі ондаған жылдар ішінде өмір сүрген, экономикалық серпіннің негізгі ағымы ХХ-ғасырдың 60-жылдарындағы елеулі өзгерістерге байланысты болды. Ұлттық деңгейде де, әлемдік көлемде де тұрақсыздық пен белгісіздік ұлғайды. Әлемдік шаруашылықта интернацияландыру үдерісі тереңдеп жалғаса түсті. Ғылыми-техникалық революцияның кері зардаптары нәтижесінде қоршаған ортаның дағдарысы пайда болды. Рим клубының өкілдері (1968 жыл құрылған, өз қатарына ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін, бизнесмендерді біріктірген, ресми емес ұйым) әлемдік дамудың белгіленген ағымдарын тез арада түземесе, адамзаттың даму келешегі күдікті деп есептеді. Әлемнің тұрақты ең оңтайлы моделі деп төменде көрсетілген стратегия жиынтықтары аталады:
Информация о работе Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау