Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, лекция

Описание работы

1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Эконоикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа содержит 1 файл

лекция.doc

— 749.00 Кб (Скачать)

Орталық банктерді «банктер үшін банк » деп атайды, өйткені  олар қаржылық- кредиттік мекемелерге, басқа банктерге, тіпті үкіметке қызмет көрсетеді.Олар сондай-ақ, барлық қаржылық-кредиттік жүйені және ақша айналымын бақылайды және реттейді, елдің ресми валюталық-алтын қорын, барлық банктердің қаржылық құралдарын өзінде сақтайды сондай-ақ ақша шығаруды жүзеге асырады.Коммерциялық банктер-бұлар   «барлы5ы үшін банк» Олар әр түрлі клиенттермен істес болады-шағын жинақ салымшыларынан бастап ірі фирмаға дейін және жан жақты, көп операциялы  немесе мамандандырылған, аймақтық, немесе салалық болады.

Банк қызметінің түрлері:

  1. Жинақ салымдарын қабылдау және сақтау.
  2. Кредиттеу.
  3. Есеп айырысуға қызмет ету – бұл тауар жеткізілімі, еңбекақы бойынша, салықтар, кәсіпкерлер, тұрғындар және мемелекет арасындағы баж салығы бойынша төлемдегі делдалдық.
  4. Вексельдерді есепке алу (дисконтирование) – мұнда банктер вексельдерді өзінің пайдасына (кейінірек) есептік пайызын (дисконт) ұстап тұрып, жабу мерзімі болғанға дейін, арзанға сатып алуы, (төлем уақыты келгеннен кейінол оларды вексель берушілерге төлем төлеуге ұсынады.
  5. Ақпараттық – кеңестік қызмет.
  6. Саудалық-комиссиялық қызмет-алтынмен, бағалы қағаздар операциясымен, қарыздарды орналастырумен, валюта айырбасымен, лизингпен байланысты қызметтермен, факторингпен (факторлық операциялар, мысалы қарызды іздену құқығын қайта сату, қарыз алушыдан ақшаны өзі талап етуі) және т.б. сауда жүргізумен қамтылады.
  7. Сенімділік операциялары (немесе трастылық) – бұл қандай да бір меншікті (жермен, бағалы қағаздармен және т.б.) сенімхат бойынша басқару.

Банктер пассивтік және активтік операцияларды жүзеге асырады. Пассивтік операциялардың көмегімен банк ресурстарды жинайды. Активтік операциялардың көмегімен оларды орналастырады.

Банк ресурстары өзінің және тартылған қаржылардың есебінен құралады. Өз қаржысына акционерлік  және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда кіреді. Банктің ресурстарының негізгі бөлігі жинақ (депозиттер) түрінде, сондай-ақ, ағымдағы және корреспонденттік шоттар түрінде тартылады.

Жинақ салымынан басқасы, клиенттердің мерзімдік және мерзімдік  емес шоттарының бәрі – банктің  депозиттері. Депозиттердің екі  түрі болады – талап етілгенге дейін және мерзімдік шот. Талап етілгенге дейін жинақ – бұл ағымдағы шоттағы қаржы. Олар кез келген уақытта талап етілуі мүмкін. Бұл сондай-ақ, контокорренттік шотқа да қатысты. Контокорренттік  (ағымдағы) – клиентпен банктің барлық операциясы есептелетін біртұтас шот. Ағымдағы шоттың негізгі операциясы – қарыздық. Талап етілімге дейінгі жинақ негізінен ағымдағы шоттарға арналған. Клиент бұл шотты ашып, банкке өзінің төлемдік операцияларын банкке техникалық жүзеге асыру үшін береді. Депозиттік шотынан клиент тек өз салымын ғана ала алады. Контокорренттік ағымдағы шот клиентке банк беретін кредитпен пайдалануға мүмкіндік береді.

Мерзімдік жинақтың ағымдағыдан  айырмашылығы ол одан гөрі ұзақ мерзімге салынады және оған одан гөрі жоғары пайыз төленеді.

Жинақтық салық мерзімді жинақтан айырмашылығы оның қатаң шартталған мерзімі болмайды. Оның тағы бір  ерекшелігі – салымның барлығы туралы куәлік – жинақ кітапшасы болып  табылады.

Мамандандырылған кредиттік-қаржылық мекеме қызмет етеді:

    • инвестициялық банктер эмиссиялық-құрылтайшылық қызметпен    айналысады, яғни, бағалы қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын өткізеді;
    • жинақтық салымы мекемелері тұрғындардың жинақтарына шоғырландырады және қаржылық капиталды коммерциялық және тұрғын үй құрылысына салады;
    • сақтандыру компаниялары өмірді, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырумен айналысады, тұрғындардың ақшалай жинағын экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыруға шоғырландырады.
    • Зейнеткерлік қорлар экономиканың сақтандыру қорын қалыптастырады, ол өзінің жиналған қаржылық резервтерін облигацияларға, жеке компанияның акцияларына және мемлекеттің бағалы қағаздарына салады, сойтіп, осындай тәсілмен мемлекет пен экономиканы қаржыландырады.

Кредиттік оепрацияларды  бірнеше белгілермен жіктелімдеуге  болады.

Кредиттер берілген мерзімі  бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді және онкольды (талап  етілмелі) қарыздар болып бөлінеді. Соңғысы клиенттің талабы бойынша  жабылады.

 Қарыздарды қамтамасыз  етуге байланысты олар бланктік (қамтамасыз етусіз) және қамтамасыз етілген болады. Соңғысы вексельді, тауарлы, бағазды қағазды болады.

Қарыздарды жабу сипатына қарай бір жолғы өтеу және бөліп  өтеуге бөлінеді.

Кредит мөлшеріне байланысты ұсақ, орташа және ірі болып бөлінеді.

Қаржылық-кредиттік саясат ақша айналымына әсер ету арқылы жиынтықты сұранысты реттеу мақсатында орталық банкпен қабылданатын өзара байланысты шаралар кешенін ұсынады.

Қаржылық-кредиттік саясаттың  құралдары:

  1. Кредит салымдарының өсуін шектеу. Орталық банк белгілі бір уақыт ішінде кредит операциясы арқылы өтетін, коммерциялық банктермен олар үшін көтерілген соманың пайыз мөлшерін белгілеу жолымен өткізілген, кредит салымдарының өсуін шектейді.
  2. Есептік (дисконттық) саясат және ломбардтық саясат. Бұларды қолданғанда орталық банк барлық басқа банктер үшін негізгі кредит беруші ретінде көрінеді. Ол өзіне сұраныспен келген банктерге вексельдерін қайта есептегенде ғана кредит береді немесе бағалы қағаздар (ломбардтық саясат) кепілдемесімен беріледі. Осындай кредиттер бойынша орталық банкпен белгіленетін мөлшерлемені ресми есептік (дисконттық немесе ломбардтық) деп атайды. Орталық банк есептік мөлшерлемені өзгерте отыра жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысқа ықпал жасайды.
  3. Ашық рыноктағы операциялар – мемлекеттің кредит жүйесінің резервтеріне құю мақсатында ашық рынокта қазыналық бағалы қағаздарды орталық банкпен сату немесе сатып алуы немесе одан алуы.
  4. Ең аз резервтер саясаты. Ең аз резервтер – орталық банктің шотында ұстауға коммерциялық банктерге берілетін белгілі бір қаржы сомасы. Орталық банк міндетті резервтердің көлемін көтеріп, коммерциялық банктердің іскерлік белсенділігін қолдайды, сонымен бірге төмендете отырып, - ынталандырады.
  5. Еркін келісім. Ол белгілі бір ақпарат негізіндегі белгілі бір шеңберде өзінің қызметін еркін қоятын орталық банк және коммерциялық банкпен бекітіледі.

 

 

14.3. Мемлекеттің  қаржылық жүйесі

 

Қаржылар – елдегі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық қорларды пайдалану және құру үдерісіндегі барлық экономикалық қатынастардың  жиынтығы. Қаржының мәні қаржы ресурстарын пайдалану мен бөлуге байланысты құндық ағымдардың жиынтығы. Үнемі қаржылық ағым қозғалысы өту арасындағы негізгі субъектілер мыналар болып табылады: мемлекет және оның институттары, фирмалар және тұрғындар.

Қаржылық жүйе – бұл  барлық қаржылық құрылымдық элементтердің өзара байланысты жиынтығы. Қаржылық жүйенің құрылымына кіретіндер:

а) барлық деңгейдегі бюджеттің  жиынтығы (мемлекет, әкімшілік бірлік, үкіметтің жергілікті органдары);

ә) бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, мүліктік, жеке сақтандыру);

б) мемлекеттің валюталық  резервтері;

в) кәсіпорын мен ұйымдардың қаржылық қоры.

Қаржылық жүйені мемлекеттің, шаруашылық субъектісінің және тұрғындардың арасындағы өзара байланыс ретінде  анықтайды.

Қаржылық жүйенің қызмет етуі екі сатыны болжайды:

  1. Табыстарды алу және шыындау бойынша жоспарлар құру.
  2. Ақша ағымының өзінің қозғалысын ұйымдастыру.

Қаржылық жүйе мемлекет деңгейінде белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталғанда, онда әңгіме мемлекеттің  қаржылық саясаты туралы болады. Соңғысының екі аспектісі бар:

а) табыс пен шығын көмегімен экономиканы реттеу – қазынагерлік саясат;

ә) бюджет ресурстарын  реттеу (бюджет тепе-теңдігіне қол  жеткізу) – бюджет саясаты.

Қазынагерлік саясат – бұл мемлекеттік шығын мен  табыстағы өзгерістер арқылы экономиканы  реттеу жүйесі, Ол екі түрге бөлінеді: дискрециялық қазынагерлік саясат және автоматты. Дискрециялық саясат экономикалық жағдаятты теңелту (белсенді қазынагерлік саясат) үшін мемлекеттік салық пен шығындармен (мысалы, салық мөлшері, жәрдемақы мөлшерлемесі) саналы түрде айла-шарғыға салуды көрсетеді. Автоматты қазыналық саясат кіріктендірілген тұрақтандырушының (табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және т.б.), бұл мемлекеттік шығындар мен салықтардың деңгейіне автоматты енгізілетін қажетті өзгерістер негізінде пассивтік қазынагерлік саясат.

Мемлекеттік бюджет –  бұл оның барлық ақшалай ресурстарын (табысын) және олардың бөліуін (шығындары) көрсететін мемлекет қызметінің қаржылық бағдарламасы.

Бюджеттік шығын баптары  өзінің құрылымы бойынша: мемлекетті басқару бойынша шығындарға әлеуметттік-экономикалық мақсаттарға, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, оның сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін, қорғанысты және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бөлінеді.

Экономикалық әдебиетте  мемлекеттің шығындарын әр түрлі жіктелімдеу ұсынылады. А.Пигу оларды трансформациялық және трансферттік деп бөледі. Бірінші жағдайда, тауар мен еңбекте (мемлекеттік инвестиция, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік тұтыну; еңбекақыны бюджеттен төлеу) көрсетілген қызметтер мемлекеттік қаржының ағымына қарсы тұрады. Трансферттік шығындар қарама-қарсы қызметтерді қарастырады және құралдарды тікелей беруінде көрінеді (трансферт: субсидиялар, үй шаруашылығына жәрдемақылар, әлеуметтік қамтамасыздандыру).

Мемшығынның басқа жіктелімі институциялық бағытпенбайланысты: оның негізіне министрліктерге, агенттіктерге, ведомстволарға бөлінуі алынады. Мұндай жүйелеу қаржыны шығындауды бақылауды жеңілдетеді, бірақ оны пайдаланудың тиімділігі туралы төрелік жасауға мүмкіндік бермейді.

Жіктелімнің қызметтік қағидасы негізінде шығындар мақсатты тағайындалымына (қорғаныс білім, өнеркәсіп және т.б.) қарай топталады. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылығы туралы пікірге мүмкіндік береді.

Шаруашылық қызметіне  мемлекеттік шығындар таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы үкіметтік шығындар өзгерістеріне таза ұлттық өнімнің өзгерістерінің қатынасы ретінде анықталады.

Мемлекеттің бюджеттік  табысы бірінші кезекте үкіметтің  орталық және жергілікті органдарымен алынатын салықтан, мемлекеттік қарыздан, сондай-ақ, сыртқы бюджеттік немесе мақсатты қорлардан түсетін қаржыдан тұрады:

    • салықтық және салықтық емес;
    • әдеттегі (тұрақты) және төтенше (уақытша, кезеңдік);
    • жеке сектордан және мемлекеттік сектордан.

Өз кезегінде, мемлекеттік  сектордан алынатын табыс ұлттық мемлекеттен және шетелден түскен қаржыларға бөлінеді (көмек, репарациялардан). Жеке сектордан түсетін мемлекеттік  табыстар мемлекеттің рыноктық үдерістеріндегі  тікелей немесе жанама қатысуымен шартталған. Тікелей нұсқа мемлекеттік кәсіпорындар шығарған тауарлар мен қызметтерден түскен табыстарды қарастырады. Жанама – салық, алым, жарна, баж салығы, айыппұл түріндегі табыстарды қарастырады және т.б.

Қаржы жүйесінің құрылуының екі қағидасы белгілі: а) демократиялық орталықтандыру; б) қазынагерлік федерализм. Демократиялық орталықтандыру кезінде жергілікті органдар өз бетімен қаржы қорларын жұмсай алмайды. Қазынагерлік федерализм кезінде орталық және жергілікті қаржылар қатаң шектелген және жергілікті өкімет қаржылық шығындарды өз бетімен белгілейді.

Салықтар – бұл  жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың  мемлекет пен жергілікті бюджетке міндетті төлемдері. Салық жүйесі – қаржылық құралдарды алымдау әдісі мен  нысанының жиынтығы.

Салық салудың қағидалары:

    1. Салық алудың жүйесі мемлекеттің оны ұстауға шығыны, сондай-ақ, сол төлем төлеу тәртібімен байланысты салық төлеушінің шығыны есептеліп, ең төмен болады.
    2. Салық ауыртпалығы салық төлеушінің экономикалық белсенділігін төмендетпеуі тиіс.
    3. Салық алу үдерісі жағдаят пен жұмыспен қамтамасыз етілудің саясатын жүзеге асыруға ең жоғары дәрежеде жүзеге асыруға көмектесуі үшін ұтымды ұйымдастырылуы тиісті.
    4. Салық салу үдерісі үлкен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету бағытында табыстарды бөлуге ықпалы етуі тиісті.
    5. Салық құрамдастарымы әрбір салық өзінің нақты мақсаты болатын біртұтас жүйені құрауы тиісиі.
    6. Жеке адамның «салық төлеуге қабілетін» анықтау кезінде азаматтың жеке өміріне қатысты ең аз деректерді көрсетуін талап ету қажет.

Салықтың негізгі түрлерін келесі белгілер бойынша жіктелімдеуге болады:

    1. Салық салу объектісі бойынша мыналарға бөлінеді: а) табысқа салық, ә) мүлікке салық, б) белгілі бір тауар мен қызметті сатып алушылардың шығынына салық.
    2. Салықтарды алу әдістері бойынша салықтар тікелей (табыс алушылар мен мүлік иелерінен тікелей алынатын: табыс салығы, меншікке салық) және жанама (белгілі бір тауар бағасына қосылады және бұл тауарды сатқан кезде осы тауарды тұтынушылардан алынады – акциздер және кедендік баж салықтар) болып бөлінеді.
    3. Мөлшерін анықтау әдісі бойынша үш негізгі салық жүйесіне бөледі: а) табыс, шығын сомасына немесе мүлік құнына байланысты емес, өзгермейтін пайыз мөлшерлемесі бар салық үйлесімді саналады; ә) табыстың өсу шамасы бойынша мөлшерлемесі көбейетін салықты прогресті салық деп атайды; б) табыстың өсу шамасына байланысты мөлшері төмендейтін салықты кемімелі салық деп атайды.
    4. Салықтың сомалыра түсетін, бюджет деңгейі бойынша, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөледі.
    5. Пайдалану тәртібі бойынша жалпы салықтарды мемлекеттің бір кассасына және мақсатты немесе белгілі бір тағайындалуы бар арнаулы кассаға түседі деп бөледі.

Мемлекеттік бюджетке түсетін  салықтардың таза көлемінің өсуі мемлекеттің инвестициялық және мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор салықтық түсім көлемінің өзгерістеріне таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) өзгерістерінің қатынасы ретінде анықталады.

Информация о работе Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау