Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, лекция
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Эконоикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Лекция мақсаты: Өндіріс факторының рыноктық бағасы мен өндіріс факторының шектеулі өнімінің байланысын зерделеу.
Лекция сұрақтары:
1. ҚЫЗМЕТТІ БӨЛУДІҢ НЕГІЗІГІ ТЕОРИЯЛАРЫ
МЕН ФАКТОРЛЫҚ
2. ЕҢБЕК БАҒАСЫ РЕТІНДЕГІ ЕҢБЕКАҚЫ
3. КАПИТАЛ ИЕСІНІҢ
ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕГІ
4. ЖЕР РЕНТАСЫ – ЖЕР ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ
5. . КӘСІПКЕРДІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕГІ ПАЙДАСЫ
9.1. ҚЫЗМЕТТІ БӨЛУДІҢ НЕГІЗІГІ
Бөлу – бұл қоғамдағы, кәсіпорындағы өнім шығаруға қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектінің, яғни, өндіріс факторының немесе қоғамның осы, не басқа мүшесінің үлесін, санын, үйлесімін анықтайтын үдеріс. Жиынтықты қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндіріс факторының (еңбекпен, капиталмен, жермен) арасында бөлу қызметтік бөлу (немесе алынған табыстың тұрпатына сәйкес бөлу) деп аталады.
Бөлуді экономикалық және әлеуметтік қызметтер деп ажыратады. Экономикалық қызмет тұтыну, мүдделер, ынталандыру жүйесі арқылы ұлттық экономиканы бөлуге ықпал жасауда көрінеді. Бөлудің әлеуметтік қызметі әлеуметтік тұтынушыларды дамытумен қанағаттандыруға бағытталған.
Бөлу баға арқылы жүргізіледі. Сондықтан, табыстың пайда болуының экономикалық тетіктерін түсіну үшін, өндіріс факторына экономикалық рынокта баға қалай қойылатынын анықтау қажет. Мұнда екі өте маңызды: біріншіден, барлық өндіріс факторы өзара байланысты, оларды бөлек пайдалану мүмкін емес. Тауар өндіріу үшін, белгілі бір өзара қатынастағы барлық үш фактор да болуы қажет. Әр факторға мөлшер сұранысы басқа фактордың бағасының деңгейіне байланысты: мысалы, жұмыс күшіне сұраныс еңбекақы мөлшерлемесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынды және олардың бағасына да байланысты. Екіншіден, өндіріс факторына сұраныс пен олардың бағасының деңгейі тұтынушы сұранысынан туынды болып саналады, өйткені, өндіріс құралы мен жұмыс күші ең аяғында адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Яғни өндіріс факторына сұраныс осы факторлардың көмегімен шығарылатын тауарларға сұранысқа байланысты: мәселен, бидай өсіруге жарамды жерге сұраныс бидайға сұраныспен анықталады.
Өндіріс факторына баға сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты. Өз кезегінде, бағаның деңгейі мен өзгерістеріне сұраныс пен ұсыныстың серпіні әсер ететін. Бәсекелестік күрес жағдайында сұраныс пен ұсыныс арқылы тауар бағасында өзгерістер және өндіріс факторының меншік иелері арасында табысты бөлу болады. Рыноктағы өндіріс факторының теңдесуі осындай басқа рыноктағы тәрізді, сұраныс пен ұсыныс бір-біріне сәйкес келгенде болады.
Басқа ресурстардың өзгермейтін көлемінде қандай да бір ресурстардың әрбір қосымша бірлігін пайдалану, өндіріс факторының шектеулі өнімі деп аталатын, өнімнің жалпы санының үстемеленуін береді. Бұл туралы 10-шы тақырыпта айтқанбыз.
Өндіріс факторлары өзара айырбасталуға ие. Ол өнімнің әр түрлі тұтынушылық ерекшеліктерімен шарттасылған. Нәтижесінде, түрлі факторлардың әр түрлі ұштастырылуы мен үйлесімділігі арқылы пайдалану кезінде игіліктерді немесе кез келген өнімдерді шығару мүмкін. Факторлардың өзара айырбасталымдылығы ресурстар мен тиімділікпен пайдаланудың шектелуімен шарттасылған. Кәсіпкер салыстырмалы қымбат өндіріс факторы аз деңгейде пайдаланылатын немесе тапшы кезіндегі сондай өндіріс технологиясын таңдайды.
Табыс – бұл белгілі бір уақыт өткенде шаруашылық қызметі нәтижесінде алынатын қаржы қоры. Меншік иелері үшін өндіріс факторы табыс болатын болса, ал сатып алушылар үшін бұл факторлар шығын болады.
Табыстарды жіктелімдеу әр түрлі критерийлер бойынша жүргізіледі.
Субъектінің иеленуіне байланысты табыстарды бөледі:
Алынған және нақты бар табыс көлеміне байланысты тұрғындардың табысын бөледі:
Кәсіпорын табысы мыналарға бөлінеді:
Кәсіпорынмен алынғын шығарылған өнімнен түскен табыс белгілі бір жағдайда өндіріс факторына байланысты бөлінеді. Еңбекақы жасалған еңбекке байланысты, рента – пайдаланылатын жер бөлігінің құнына, пайда – пайдалынылған капиталдың мөлшеріне байланысты пайда болады. Факторлы табыстардың бұл барлық нысандары рыноктық экономикада өндіріс факторының бағасы ретінде көрінеді.
Тұрғындардың табысты барлық уақытта сараланған. Табыстың тең еместігінің себептері: қабілеттерінің әртүрлілігі, білімі мен оқуы, кәсіптік талғамы және тәуекелі, меншікке ие болуы, рыноктағы басымдылығы, жолы болуы, байланыстары, бақытсыздығы және кемсітушілігі және т.б. Табысты саралау дәрежесін мөлшерлеу үшін Лоренцтің қисығы (графикадағы төмен иілген сызық) деп аталған, графикалық көрсеткіш пайдаланылады (13.1.-сурет).
Табыстар
М
100%
А Ғ 100% тұрғын
9.1.-сурет. Лоренц қиысығы
АЕ қимасы елдегі абсолюттік теңдікті көрсетеді. Бірақ тәжірибеде табыстар ешуақытта тең бөлінбейді. Шынайы суретті Лоренцтің қисығы көрсетеді. Биссектрисадан қисық сызықтың ауытқу мөлшері табысты бөлудегі теңсіздікті көрсетеді. Бұл дәрежені Джини коэффиценті деп сиппаттау қабылданған – ол орналасқан графикадағы М бөлігіне алаңының үшбұрыш алаңына қатынасы:
Кдж = SM/SAEF.
Табыстарды бөлудегі теңсіздік жоғары болған сайын, коэффицентінің мәні соншалық бірлікке жақын.
9.2.ЕҢБЕК БАҒАСЫ РЕТІНДЕГІ ЕҢБЕКАҚЫ
Еңбекақы – бұл қызметкерлерге еңбегі үшін төлем, оның жұмыс күшін, тұлғалық және интеллектуалдық қабілеттерін пайдаланғаны үшін төлем. Еңбекақы көлемі келесі факторларға тәуелді:
W/P
9.2.-сурет. Еңбекке
Мұнда L – сұраныс жасалатын еңбек саны;
W/P – нақты еңбекақы
Нақты еңбекақының өсуі кезінде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс қысқарады.
Қызметкерлер тарапынан
Қысқа мерзімді кезеңде еңбек ұсынысының қисығы сатылас сызық (LS1) (бұл кезеңде еңбек ұсынысының икемдігі төмен болады) ретінде көрінеді, ұзақ мерзімді кезеңде ұсыныс қисығы стандартты түрде (LS2) болады (9.3.-сурет).
W/P
13.3.-сурет. Еңбек ұсынысының қисығы
Бірақ, еңбек ұсынысына (жұмысшылардан басқа) қарама-қарсы бағытта жұмыс істейтін екі фактор ықпал жасайды: ол – ауыстыру әсері және табыс әсері. Ауыстыру әсері, жоғары еңбекақы кезіндегі бос уақыт әлеуетті залал ретінде қаралғанда пайда болады. Бос уақыт сағатында бәрі қымбат тәрізді, қызметкер бос уақыт орнына жұмыс істегісі келеді. Бұл еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі.
Табыс әсері жоғары еңбекақы өз бос уақытыңды көбейтуге мүмкіндік алатын көз ретінде қарастырылады. Бос уақыттың көптігі еңбек ұсынысын азайтады. Еңбек ұсынысы графикте келесі түрде көрінеді (13.4.-сурет):
Табыс әсері
Ауыстыру әсері
9.4.-сурет. Табыс әсері мен ауыстыру әсері
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкес келгенде, еңбек рыногында теп-теңдік болады.
Өлшеу әдісі бойынша еңбекақыны екі түрге бөледі: мерзімді және кесімді. Мерзімді еңбекақы жұмысты аяқтаған уақытына байланысты анықталады. Кесімді еңбекақы жұмыскердің өндірген өнімдерінің көлеміне байланысты белгіленеді. Еңбекақының әр нысаны еңбекақының жүйесі деп аталатын әр түрлі сипатта болады. Оның қысқаша сипаттамасы келесідегідей:
а) қарапайым мерзімді – бұл еңбекке сағаттық мөлшерлеме есебінен
және нақты істелген уақыт
есебінен шығаратын еңбек төлем
ә) мерзімді-сыйлықақылық –
сандық және сапалық
қарастырылады;
б) тікелей кесімді – бұл өңдеу мөлшерін орындау дәрежесіне тәуелсіз
нақты шығарылған өнімнің өзгермейтін жекелей бағасы бойынша
төлеу;
в) кесімді-сыйлықақылық – бұл белгінің бір еңбек көрсеткіштерінің
жетістіктері
үшін өзгермейтін бағалар
сыйлықақы төлемі (мысалы, өнім сапасы және т.б.)
г) кесімді-үдемелі – негізгі және өзгермейтін жекелей бағасы бойынша,
жұмыс жасау мөлшерінің шегіне, ал, мөлшерден тыс шығарым –
көтермелі баға бойынша ақы төленеді;
ғ) көтеріңкі еңбекақы – белгілі бір көлем, мерзім және орындалған
жұмыс сапасы табыстың жалпы сомасын белгілейтін келісімшарт
негізіндегі төлем (мысалы, кандай да бір шаруашылық объектісін,
тұрғын үй және т.б. құрылысы үшін).
9.3. КАПИТАЛ
ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ
Пайыз – бұл капиталды пайдаланғаны үшін, іс жүзіндегі капиталистің ақша иесіне төлейтін төлем. Іс жүзіндегі капиталистің қалған бөліктегі пайдасы кәсіпкерлік табысты құрайды.
Несиелі капиталдың қолдану нәтижесі пайыздың мөлшерлемесі немесе мөлшерімен анықталады (несиелі капиталистің пайызда көрсетілген, табыс сомасының несиелі капитал сомасына қатынасы).
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы ресурстарды сатып алуға болатын ақша тапқанша күтудің орнын, бұл ресурстарды қазір алу үшін адамдар төлейтін баға ретінде пайызды түсіндіреді. Уақыт факторының есебі мынаны түсінуге мүмкіндік береді: мерзімді салым ақшаның уақыты ұзақ болған сайын, бұл жинаққа пайыз түріндегі табыс жоғары болады.
Сұраныс пен ақша (М) ұсынысы
негізінде пайыз көлемін
Информация о работе Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау