Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:33, реферат
Экономикалық iлiм мынадай саяси сұрақтарды қамтиды: мемлекеттiң жұмыссыздарға көрсететiн көмегi, құнсыздық жағдайында халықты әлеуметтiк қорғау және кепiлдiлiк.
Экономикалық теория экономиканың ілімі бұл қоғамның шаруашылық негiзi мен өндiрiстiң даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория- тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игiлiктердi өндiру оптималдауды зерттейтiн ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндiрiс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтiн iлiм. Ол қоғамдқ ұдайы өндiрiстi, халық шаруашылығының жеке бөлiмдерiн ұдайы өндiрудiң экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейдi.
Кiрiспе……………………………………………………………. .2
Экономиканың ілімдердің мәні және қалыптасу ерекшеліктері
Экономика мәнi……………………………………………. .3
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері …..
Экономика ілімдерінің қалыптасу ерекшелiктерi……5
II Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
III Қазіргі жағдайда экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының дамуы ……….……………………………… 15
Қорытынды ………………………………………………………17
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………18
- мұндай регламентация (тәртiп) халықаралық сауданың тежелуiне әкелiп соқтырды [6].
Кейiнгi меркантилизм (16-18ғғ)-сауда тепе –теңдiгi, сонымен қатар сыртқы сауда байланысын да жүзеге асырды.
Бұл кезеңнiң меркантилистерi:
Меркантилизм- тарихи тұрғыдан алып қарағанда алдыңғы қатарлы экономикалық теория болды. Бiрақ, меркантилистердiң мынадай кемшiлiктерi болды:
- меркантилистер экономиканың негiзi- айналым, ал ұлттың байлығы ақша дедi.
Меркантилизм сауда капиталының идеологиясы болған едi. Капитализм болса өндiрiске байланысты дамыды [8].
Осыған байланысты, тарихқа классикалық саяси экономия деген атпен енген саяси жүйенi, iлiм мен теорияны шыншыл талдауға ұмтылған көптеген жүйелер пайда болды.
Классикалық мектептiң өкiлдерi:
Физиократтар iлiмiнiң мәнi- нақты байлық алтында, ақша емес, ауылшаруашылығында өндiрiлетiн өнiм, яғни еңбек пен жердiң “Одағының” нәтижесi дегенге саяды [9].
Классикалық саяси экономиканың жетiстiктерi болып- қоғамның байлығының көзi- айналыс емес, өндiрiс деп тапты. Бiрақ, олар өндiрiс сферасын–ауыл шаруа-шылығымен шектедi.
Іоғамның Ұдайы өндiрiс мәселесiн жете зерттеуде Ф.Кенэнiң еңбегi маңызды болды. Егiн шаруашылығының өнiмi қоғамда өзiнiң табиғи және ақшалай тұрiнде айналымға түсетiнiн дәлелдеп бердi. Ол ең алғаш Ұдайы өндiрiс пен өткiзудiң Ұдайы қайталанып, үнемi жаңарып отыратын қозғалысы ретiнде ғылыми айналымға енгiздi. Оның “Экономикалық кестесi” (1758ж.) макроэкономикалық талдаудың алғашқы тәжiрибесi, қазiргi кездегi бүкiл экономиканың тепе-тең дамуы үлгiлерiнiң алғашқы нұсқасы.
А.Смит шығармаларының бiрi “Халықтар байлығының жаратылысы мен табиғатын зерттеу туралы” 1776 жылы жарыққа шықты. Смит iлiмiнiң негiзгi ойы экономикалық либерализм, мемлекеттiң экономикаға араласуының минимальды болуын, рыноктың өзiн-өзi реттейтiн рыноктық механизiмi жақтаушы болды. Жеке тұлғаны экономикалық адам, оны “көрiнбейтiн қол” рынокқы жетектейдi, бәсекенiң арқасында ол қажетiн табады деп есептедi.
Смиттiң терең бiлiмдi, мүмкiндiгiнше өте әдiл ғалым болған, өзiнiң зерттеулерiнде ең алдымен ғылыми танымының логикасына , фактiлерге, оқиғалар мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстарға сүйенген. Смит “экономиканың әкесi” деген титулды алуына лайықты. Классикалық мектептiң екiншi iрi өкiлi Д.Рикардо- ол “Саяси экономика мен салық салудың бастамалары” деген фундаменталды еңбек жазды. Д.Рикардо капиталистiк өндiрiс әдiсiн мәңгiлiк деп санады. Ол өндiрiлген тауарларды өткiзу, орналастыру және дағдарыстар туралы құнды пiкiрлер айтты. Қазiргi экономистер үшiн Рикардоның ақша эмиссиясы мен айналымы жөнiнде айтқан пiкiрлерi қызық, әрi пайдалы. Өзiнiң құн консепциясына сүйене отырып, Рикардо тауардың бағасын ақшамен бейнелеген айырбас құнын сипаттайды, бағаның қалыптасуына таза рыноктық тұрғыдан қарау қате деп есептейдi. Рикардо капитализмдi шаруашылықтың ең тиiмдi жүйесi деп есептесе, ал пайда мөлшерiн –өндiрiс пен табыстың өнiмiнiң негiзгi стимулы дедi.
Марксизмнiң экономикалық теориясы:
Бұл iлiмнiң негiзiн қалаушылар К.Маркс (1818-1883), Ф.Энгельс (1820-1895), В.И. Ленин (1870-1974). К.Маркс атақты “Капиталында”, Ф.Энгельс “Англиядағы жұмысшылардың жағдайы”, В.И. Ленин “Империалиизм капитализмнiң соңғы сатысы” деген еңбектерiнде жұмысшы тобының мүддесiн қорғайтын экономикалық iлiмдi негiздедi.
Марксизм капитализмнiң XIX ғасыр және XX ғасыр басындағы қанаушылық, демократиялық емес бейнесiн дәл суреттеп, оның пайда болуымен дамуына толық талдау бердi. Капиталистiк Ұдайы өндiрiстiң қайшылығы, қосымша құн жасау барысы мен ашылды. Маркс капитализмнiң табиғатын танығанмен, оның болашағын көре алмай, адамның коммунистiк келешегi туралы жалған бейне жасады [10].
Маркстiк экономикалық iлiмнiң қазiргi дәуiрге сәйкес кейбiр қағидалары ескiргенмен ондағы экономикалық категориялар мен заңдар, әдiстемелер қандай да болмасын қоғамдық құрылыстың ерекшелiктерiн зерттеуi қажет. Нақтылы айтсақ, қазiргi нарыққа өтпелi дәуiрдiң экономикалық мәселелерiн шешуге де көмектеседi.
Қазiргi экономикалық теория:
ХХ ғасырдың басында әлемдiк экономикалық қоғамдастықтың кейбiр елдерге тән жекелеген экономикалық мектептер, экономикалық ойлардың бөлiнiп шығуы байқалады.
Маржинализм (француз тiлiндегi “Marginal”)шектi деген үғымды бiлдiредi, яғни процестер мен құбылыстарды шектердi пайдалану арқылы түсiндiредi. Ол шектi пайдалылық, шектi өнiмдiлiк, шектi шығындар түсiнiгiне сүйенедi. Шектi пайдалылық теориясы бiрiншi маржиналистiк теория болып саналады. Бұл теорияның авторы ағылшын экономистi Ульян Стэнли Джевонс (1835-1882). Австриялық мектептiң экономистерi Карл Менгер (1840-1921), Фридрих Визер (1851-1926), Эйтен Бем-Баверктердi (1851-1914) шектi пайдалылық теориясының классиктерi деп атаймыз.
Экономикалық тепе –теңдiк теориясы.
Тепе-теңдiк тұрақтылықпен сипатталғандықтан, жүйенi тепе-теңдiкке ұстап тұруға ұмтылу табиғи нәрсе. Сэйдiң өзi нарықта сұраныс пен ұсыныс әрқашан теңестiрiледi деп болжам жасаған. Бiрақ, тепе-теңдiк теориясының пайда болуы негiзiнен Швейцария экономистi Леон Вальрастың (1834-1910) атымен байланысты. Экономикалық процестердiң математи-калық бейнесiн iздеуде Вальрас тепе-теңдiк жағдайға бағытталған жүйенi математикалық формада сипаттап, тепе-теңдiк жүйесiн жасады. Ол өзiнiң “Таза саяси экономия элементтерi” кiтабында, тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы бiр экономикалық жүйедегi тұрлi нарықтардың байланысын сипаттайды [11].
Неоклассицизм бұл классикалық мектептiң қалыптасқан дәстұрiн нарық және нарық механизiмiмен байланыстырып дамытатын бағыт. Неоклассикалық бағыттың көрнектi өкiлi, баға теориясының негiзiн салушы Англияның атқты экономисi, Кембридж университетiнiң профессоры Альфред Маршалл (1842-1924) едi. “Саяси экономика принциптерi” (1890), “Өнеркәсiп және сауда” (1922) еңбектерiнде ол Рикардоның iлiмiн жалғастырушы ретiнде көрiнедi. Маршалл нарықтық бағаның қалыптасуын зерттеп, сұраныстың да, ұсыныстың да бағаны анықтауда басты роль орындамайтынын анықтады. Экономикалық процестердi талдағанда математикалық тәсiлдердi кеңiнен қолдауға шақырды.
Неолиберализм ағымы өндiрушiлер, кәсiпкерлер мен сатушыларға барынша еркiндiк берiп, мемлекеттiң экономикаға араласуын барынша төмендетудi қолдады. Бұл бағыттың өкiлдерiне Фридрих Фон Хайек (1894-1984) пен талантты экономист- социолог Йозеф Шумтердi (1883-1950) жатқыза аламыз. Хайек өзiнiң еңбектерiнiң аралас, орталықтандырлған, әмiршiлдiк экономика мен нарықтық жүйенi салыстырып, оның артықшылықтарын көрсетiп дәлелдеуге арнады.
Монетаризм баға мен инфляцияға, экономикалық процестердiң барсын ақша массасының әдiсi шешушi роль атқарады деп есептейтiн теория. Бұл мектептiң көрнектi өкiлi-Фридмен. Ол А.Шварц пен жазған 1867-1960 жылы АІШ-тың монетарлы тарихы кiтабында шаруашылық өмiрдегi iрi өзгерiстер ең алдымен ақша массасымен, оның қозғалысына байланысты дейдi. Монетаристiк мектеп экономикалық еркiндiктiң ролiн ерекше маңызды, мемлекеттiң нарықтық қатынастарға араласуы мүмкiндiгiнше аз, саналы болуы керек деп есептейдi.
Кейнсиандық бағыт ағылшын экономистi Джон- Мейнард Кейнс атымен тiкелей байланысты. Оның теориясы “Индекстiк тәсiл”, “Жұмыспен қамту, процент және ақша айналысының жалпы теориясыы” (1936) және көптеген мақалаларында тұжырымдалған [12].
Дж. Кейнстiң экономикалық iлiмге қосқан жаңалығы жинақтап айтсақ төмендегiдей:
Бiрiншiден, рыноктық механизiмнiң экономикалық дағдарыстан шығарудағы әлсiздiгiн көрсеттi.
“Таза” рынокта экономикалық тепе-теңдiкке жету мүмкiн болмайды, себебi жалақы мен баға икемдi емес.
Екiншiден, экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттiк реттеу қажет.
Үшiншiден, Дж Кейнс макро-микро экономикалық проблемаларды қатар қарап, әсiресе микроэкономикаға баса көңiл бөлдi.
Төртiншiден, рыноктық қатынастарға да оң көзбен қарады, тұрлi агрегаттық модельдер жасауға жол ашты, экономикалық зерттеу тәсiлдерiн жақтады.
Кейнс мемлекет сұраныстың жалпы көлемiне әсер етуi керек. Сұранысты өсiре отырып, бағаның асуымен инфляцияға жол берiлмейдi, сонымен сатып алу қабiлетiнiң жоғарлауы жұмыссыздықты төмендетедi, ал оның азайуы инфляцияның әсерiн азайтады. Экономиканы мемлекеттiк реттеу теориясынан басқа, Кейнс нақты валюта жүйесiн құруға атсалысты.
А.Смит XVIII ғасырдың, К.Маркс XIX ғасырдың, Кейнс XX ғасырдың ұлы экономистi деп есептеледi.
Смиттiң терең бiлiмдi, мүмкiндiгiнше өте әдiл ғалым болған, өзiнiң зерттеулерiнде ең алдымен ғылыми танымының логикасына , фактiлерге, оқиғалар мен қүбылыстар арасындағы өзара байланыстарға сүйенген. Смит “экономиканың әкесi” деген титулды алуына лайықты. Классикалық мектептiң екiншi iрi өкiлi Д.Рикардо- ол “Саяси экономика мен салық салудың бастамалары” деген фундаменталды еңбек жазды. Д.Рикардо капиталистiк өндiрiс әдiсiн мәңгiлiк деп санады. Ол өндiрiлген тауарларды өткiзу, орналастыру және дағдарыстар туралы құнды пiкiрлер айтты. Қазiргi экономистер үшiн Рикардоның ақша эмиссиясы мен айналымы жөнiнде айтқан пiкiрлерi қызық, әрi пайдалы. ґзiнiң құн консепциясына сүйене отырып, Рикардо тауардың бағасын ақшамен бейнелеген айырбас құнын сипаттайды, бағаның қалыптасуына таза рыноктық тұрғыдан қарау қате деп есептейдi [2].
II Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
Орта Азия мен Қазақстан тарихында адамзат мақтанышына айналған ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерiнiң атымен байланысты болады. Олардың арасындағы Әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни, Низами, Әл Мүлiк, Мухамед Хайдр Дулати, Әмiр Темiр сияқты атақты және басқа да белгiсiз есiмдер бар.
Информация о работе Экономиканың ілімдердің мәні және қалыптасу ерекшеліктері