Экономикалык теория бойынша лекция кешени

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 11:43, лекция

Описание работы

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.

Содержание

1-ТАҚЫРЫП Экономикалық теорияның қағидалары
Лекция мақсаты: Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау.
Лекция сұрақтары:
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Экономикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа содержит 1 файл

лекциялы_+кешен.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

1. Өндіріс шығынының  түрлері мен түсінігі.

2. Фирманың табысы мен пайдасы.

3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі    фирманың жағдайы         

 

8.1.     Өндіріс шығынының  түрлері мен түсінігі.               

         Өндіріс шығыны тауарлары өндірудегі шығындары көрсетеді. Олар айқын және айқын емес болады. Айқын шығындар (сондай- ақ, сыртқы деп аталады) – басқа жақтан алынған, (жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысы, шикізат жеткізілімдеріне, материалдарға және транспорттық, қаржылық, заңдық және т.б да қызметтерге төлем) ресурстар үшін ақшалай төлем. Осы шығындар бухгалтермен есептеледі, сондықтан оларды бухгалтерлік шығындар деп атайды.

        Айқын емес шығындар (немесе кіші)- бұл фирманың өзінің меншікті (ішкі) ресурстарын   пайдалануға (немесе)-бұл фирманың өзінің меншікті (ішкі) ресурстарын пайдалануға байланысты шығындар. Айқын шығындарда бұл щығындардың ерекшелігі ол төленбейді және бухгалтердің есебінде көрсетілмейді. Олар өндірісте онымен қолданылатын фирманың меншікті ресурстарының жүктелген шығыны ретінде көрінетін, тұйық сипатта жүреді. Бұл шығындардың көлемі оларды ең пайдалы баламалы пайдалануындағы осы ресурстардың алып келе алатын табысымен анықталады.

         Айқын (бухгалтерлік) және айқын емес (жүктелетін) өндіріс шығындарын экономикалық шығындар деп атайды.       

           Өндіріс шығыны сонда-ақ, шығарылатын тауарлық өнмдердің көлемінен тәуелді және тәуелсіз деп бөлінеді.

            Тұрақты шығындар (ҒС) шығарылатын өнімдердің санына байланысты емес, ол сондай-ақ  өндірістің көлемі болмағанда да өмір сүреді. Бұл- жабдықтардың құны, кәсіпорынның бұрынға міндеттемелері, өтелім аудармалы, күзетке төлем, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т.б. Тұрақты шығындардың графигі

(8.1.- cурет)

                                          C

       

              FC

                                                                                  Q

 

 

8.1.-сурет. Тұрақты шығындардың графигі

          Мұнда С-өндіріс шығыны, Q-өнім көлемі.

         

 

 

 

 

 

Өзгрісті шығындар (VC) шығарылған өнімдердің санына байланысты, шикізатқа шығындардан, материялдардан және жұмысшыларғ еңбекақыдан құралады. Өзгерісті шығындардың графигі ( 12.2.-сурет):

 

                                            C                         VC

 

Q

                                                                                                 

 

 

 

8.2.-сурет. Өзгерісті шығындардың графигі

 

         Тұрақты және өзгерісті шығындардың сомасы кәсіпорынның жалпы шығынын құрайды(TC=FC+VC). Жалпы шығындардың графиі (12.3.-сурет):

                                                                C              VC

             

              FC

              Q

 

 

8.3.-сурет. Жалпы шығындардың графигі

         Өндірістің орташа шығындары (АС) шығарылған өнімдердің көлеміне жиынтықты шығындардың қатынасы ретінде анықталады және өзінде өнім бірлігіндегі есеп айырсудың жиынтықты шығындарын көрсетеді.

AC=TC/Q

Орташа шығындардың графигі (12.4.-сурет):

                                             C             

AC

 

 

 

                                                                        Q

 

 

8.4.-сурет. Орташа шығындардың графигі

        Орташа тұрақты шығындар (AFC) өндірілген өнімдердің көлеміндегі тұрақты шығындардың қатынасымен анықталады:

AFC=FC/Q.

       Орташа өзгерісті шығындар (AVC) өзгерісті шығындардың өндірілген өнімдердің көлеміне қатынасы бойынша анықталады:

AVC=VC/Q.

         Ең жоғары мүмкін пайдаға жету үшін шығарылатын тауардың қажетті мөлшерін анықталу қажет. Экономикалық талдау құралы болып шектеулі шығынның санаты қызмет етеді. Шектеулі шығындар осы шығарылым көлемімен салыстырғандағы әрбір қосымша өнім бірлігіне өндірістің қосымша шығындарын көрсетеді.

                                                              MC=   ТС    /     Q.

 

          Өндіріс көлемінің өсуімен тұрпатты фирманың шектеулі шығындарыөсе түседі. Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің көлемі есебінен ресурстар үнемделуі заңы іске қосылады. Алғашқыдаөндірістің мөлшерінің өсуімен белгілі бір уақытта еңбек өнімділігі де артадыжәне өндірістің орта шығыны төмендейді. Өндірістің көлемі кезінде, ұзақ мерзімді орташа жиынтықты шығындары азайғанда, өндірістің (аумақтан болатын үнемдеу) аумағының өсуімен қалыптасқан, үнемдеу болатынын айтады. Өндірістің көлемі өскенде, ұзақ кезеңдегі орташа жиынтықты шығындар артады, осыдан кейін өндірістің ауқымы артуына байланысты шығындардың көбеюі орын алады деседі (ауқымның өсуіне байланысты шығындар). Егер, орташа жиынтықты шығындар өндіріс көлеміне тәуелсіз жағдайда ұзақ мерзімді кезеңде өзгеріссіз қалса, ауқымның тұрақты қайтарымы болады.

          Өндірістің ауқымы өсуі есебінен үнемдеу алуға келесі факторлар ықпал жасайды:

           а) еңбекті мамандандыру;

           ә) басқару қызметкерлерін мамандандыру ;

           б) капиталды тиімді пайдалану;

           в) жанама өнімдерді өңдеу.

          Белгілі бір сәттен бастап кәсіпорынның бірте-бірте ұлғаюы орташа шығынның көбеюін қалыптастырады. Өндіріс ауқымының кері тиімділігінің негізгі себептері белгілі бір басқару қиындықтарына байланысты. Бұл қиындықтар ірі ауқымдағы өндірушіге айналған фирма қызметін тиімді бақылау және бағыттау кезінде пайда болады, яғни, ірі ауқымдағы өндірісті күрделілігіне байланысты.

        Нарық ортасы жағдайындағы кәсіпорынның қызмет етуі рынок жағдайы туралы қажетті ақпараттарды іздеуді, оның мүмкіндіктерін, келешегін, іскерлік жағдаятын зерттеуді, тауар бәсекелестігін зерттеуді, баға саясатын, ресурстар көздерін, олардың жеткізушілерін, шартты мәмілелері, бар стандарттарды, фирмалық белгілерді, сауда маркасын, меншіктік құқығын және т.б. қарастырады. Мұның барлығы белгілі бір шығындарды талап етеді. Осы тәрізді ақпараттарды зерттеу мен іздеуге талап етілетін шығындар трансакциялық шығындар деп аталады.

8.2.             Фирманың табысы мен пайдасы

          Фирманың дайындалған өнімдерді өткізу нәтежесінде оған түскен түсімнің ақшалай сомасы фирманың жалпы табысы деп аталады.

           Орташа табыс-бұл сатылған игіліктің санына байланысты бөлуден шыққан, жекешеге тең өнім бірлігіндегі табыс, яғни бұл, сол игіліктің рыноктық бағасына тең.

            Шектеулі табыс-өнімнің әрбір қосымша бірлігінің шығарылуымен байланысты табысының өсуі. Шектеулі өнім-бұл өндірістің басқа факторлары тұрақты болып қалған жағдайда, өндірістің қандай да бір факторында жасалған қосымша бірліктегі өнімдер немесе қосымша өнім.

           Фирманың пайдасы оның жалпы табысы мен жиынтықты шығындардың әртүрлілігі ретінде анықталады.

           Өз бизнесін жүргізуге мүдделі кәсіпкер одан ең аз дегенде белгілі бір табыс алуы қажет. Бұл қажетті ең аз табыс, қалыпты пайда болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерге өз ресурстарын баламалы пайдаланудан ала алатын, жіберіп алған табысының орнын толтыруы қажет. Қалыпты пайда өндіріс шығындарының элементтері болып табылады.

          Қалыпты пайданың үстінен алынған табыс, экономикалық немесе таза пайда ретінде көрінеді. Экономикалық пайда ретінде жалпы түсім мен толық шығын (сыртқылар және ішкілермен, анық және жүктелген) аралығындағы айырмашылық көрінеді.

         Бухгалтерлік пайда толық түсім мен фирманың сырты (бухгалтерлік) шығындары арасындағы әртүрлікті көрсетеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі    фирманың жағдайы

Фирманың экономикалық теңдестігіне, фирма ең жоғары пайданы өндірген жағдайда ғана қол жетеді. Фирма шектеулі табыс шектеулі шығынға тең болған жағдайда, өзіне ең жоғары пайданы қамтамассыз етеді: МС = MR = P (8.5  сурет).

 

              P(C)              MC

 

 

                                       P=MR

 

                                                                Q

 

 

 

 

 

Фирма әрбір қосымша шығарылатын өнім бірлігі қосымша пайда әкеліп тұрғанда, өндірістің көлемін арттырады. Өйтпеген жағдайда, шектеулі табысқа қарағанда, шектеулі шығындар аз болып тұр,анда фирма өндірісін кеңейте алады. Егер, шектеулі табыстан шектеулі шығындар асып түскен жағдайда, фирма залал шеге бастайды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

 

1           Өндіріс шығыны дегеніміз не?

2           Қандай шығындар бухгалтарлік деп аталады?

3           Жүктелген шығындар дегеніміз не?

4           Экономикалық шығындар дегеніміз не?

5           Қандай критерийлер бойынша шығындар тұрақты және өзгерісті болып  бөлінеді?

6           Жалпы шығын дегеніміз?

7           Орташа шығын қалай анықталады?

8           Орташа тұрақты және орташа өзгерісті шығындар қалай анықталады?

9           Шектеулі шығындар нені көрсетеді?

10       Өндіріс ауқымы есебіндегі ресурстар экономикасының заңы нені көрсетеді?

11       Өндіріс ауқымы есебінен үнемдеу алуға қандай факторлар ықпал жасайды?

12       Трансакциялық шығын дегеніміз?

13       Фирманың жалпы табысы дегеніміз не?

14       Орташа табыс қалай анықталады?

15       Шектеулі табыс нені көрсетеді?

16       Фирманың пайдасы қалай анықталады?

17       Қалыпты пайда дегеніміз не?

18       Экономикалық пайда дегеніміз не?

19       Бухгалтерлік пайда дегеніміз не?

20. Фирманың экономикалық тепе теңдігіне қандай жағдайда қол жеткізіледі?

 

9-ТАҚЫРЫП .

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ РЫНОКТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

 

Лекция мақсаты: Өндіріс факторының рыноктық бағасы мен өндіріс факторының шектеулі өнімінің байланысын зерделеу.

Лекция сұрақтары:

1. ҚЫЗМЕТТІ БӨЛУДІҢ НЕГІЗІГІ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ФАКТОРЛЫҚ                                 ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2. ЕҢБЕК БАҒАСЫ РЕТІНДЕГІ ЕҢБЕКАҚЫ

3. КАПИТАЛ ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕГІ ПАЙЫЗ             

4. ЖЕР РЕНТАСЫ – ЖЕР ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ

5.   . КӘСІПКЕРДІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕГІ ПАЙДАСЫ                            

             

9.1.                 ҚЫЗМЕТТІ БӨЛУДІҢ НЕГІЗІГІ

                                 ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ФАКТОРЛЫҚ

                                 ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

              Бөлу – бұл қоғамдағы, кәсіпорындағы өнім шығаруға қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектінің, яғни, өндіріс факторының немесе қоғамның осы, не басқа мүшесінің үлесін, санын, үйлесімін анықтайтын үдеріс. Жиынтықты қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндіріс факторының (еңбекпен, капиталмен, жермен) арасында бөлу қызметтік бөлу (немесе алынған табыстың тұрпатына сәйкес бөлу) деп аталады.

              Бөлуді экономикалық және әлеуметтік қызметтер деп ажыратады. Экономикалық қызмет тұтыну, мүдделер, ынталандыру жүйесі арқылы ұлттық экономиканы бөлуге ықпал жасауда көрінеді. Бөлудің әлеуметтік қызметі әлеуметтік тұтынушыларды дамытумен қанағаттандыруға бағытталған.

              Бөлу баға арқылы жүргізіледі. Сондықтан, табыстың пайда болуының экономикалық тетіктерін түсіну үшін, өндіріс факторына экономикалық рынокта баға қалай қойылатынын анықтау қажет. Мұнда екі өте маңызды: біріншіден, барлық өндіріс факторы өзара байланысты, оларды бөлек пайдалану мүмкін емес. Тауар өндіріу үшін, белгілі бір өзара қатынастағы барлық үш фактор да болуы қажет. Әр факторға мөлшер сұранысы басқа фактордың бағасының деңгейіне байланысты: мысалы, жұмыс күшіне сұраныс еңбекақы мөлшерлемесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынды және олардың бағасына да байланысты. Екіншіден, өндіріс факторына сұраныс пен олардың бағасының деңгейі тұтынушы сұранысынан туынды болып саналады, өйткені, өндіріс құралы мен жұмыс күші ең аяғында адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Яғни өндіріс факторына сұраныс осы факторлардың көмегімен шығарылатын тауарларға сұранысқа байланысты: мәселен, бидай өсіруге жарамды жерге сұраныс бидайға сұраныспен анықталады.

              Өндіріс факторына баға сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты. Өз кезегінде, бағаның деңгейі мен өзгерістеріне сұраныс пен ұсыныстың серпіні әсер ететін. Бәсекелестік күрес жағдайында сұраныс пен ұсыныс арқылы тауар бағасында өзгерістер және өндіріс факторының меншік иелері арасында табысты бөлу болады. Рыноктағы өндіріс факторының теңдесуі осындай басқа рыноктағы тәрізді, сұраныс пен ұсыныс бір-біріне сәйкес келгенде болады.

              Басқа ресурстардың өзгермейтін көлемінде қандай да бір ресурстардың әрбір қосымша бірлігін пайдалану, өндіріс факторының шектеулі өнімі деп аталатын, өнімнің жалпы санының үстемеленуін береді. Бұл туралы 10-шы тақырыпта айтқанбыз.

              Өндіріс факторлары өзара айырбасталуға ие. Ол өнімнің әр түрлі тұтынушылық ерекшеліктерімен шарттасылған. Нәтижесінде, түрлі факторлардың әр түрлі ұштастырылуы мен үйлесімділігі арқылы пайдалану кезінде игіліктерді немесе кез келген өнімдерді шығару мүмкін. Факторлардың өзара айырбасталымдылығы ресурстар мен тиімділікпен пайдаланудың шектелуімен шарттасылған. Кәсіпкер салыстырмалы қымбат өндіріс факторы аз деңгейде пайдаланылатын немесе тапшы кезіндегі сондай өндіріс технологиясын таңдайды.

Информация о работе Экономикалык теория бойынша лекция кешени