Экономикалык теория бойынша лекция кешени

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 11:43, лекция

Описание работы

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.

Содержание

1-ТАҚЫРЫП Экономикалық теорияның қағидалары
Лекция мақсаты: Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау.
Лекция сұрақтары:
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Экономикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа содержит 1 файл

лекциялы_+кешен.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

8.Өндірістің негізгі факторы түріне не шығады?

9.Өндіріс факторы ретінде еңбек мағынасы есебінде не түсіндіріледі?

 

 

 

3-ТАҚЫРЫП.               МЕНШІККЕ ҚАТЫНАСТАР                                                                                         ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ.

Лекция мақсаты: Меншік қатынастарының мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

1.   ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ              МЕНШІКТІ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ.                                  МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ.

2.  НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ          МЕНШІКТІҢ ТҮРЛІ          НЫСАНДАРЫ.

3.  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ           ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ.

                                                                                                                                             

3.1.   ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ              МЕНШІКТІ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ.                                  МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ.                                                                                        

     Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды:

- меншік қоғамдық қатынастар жүйесіндегі іргетас болып  табылады;

- меншік қоғамның жігінің жағдайын анықтайды;

- меншік өз нысанында айырбастаудың екі  жолына ие:

   эволюциялық және революциялық;

- меншіктің барлық нысандары өзара байланысты және өзара іс қимылда;

- меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.

    Меншік -  бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс қатынастрының жиынтығы арқылы көрінеді. Меншіктің заңдық мәні меншік иесінің құқығы арқылы көрінеді. Экономикалық әдебиетте меншік  құқығының келесі көрінісі анықталады:

- ие болу құқығы, яғни, игіліктерге тікелей физикалық бақылау құқығы;

- пайдалану құқығы, яғни, игіліктің пайдалы қасиеттерін өзің үшін пайдалану құқығы;

- бақару құқығы, яғни, игілікті пайдалануды кім және қалай қамтамасыз етуін шешу құқығы;

- табысқа құқық, яғни, игілікті пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы;

- тәуелсіздік құқығы, яғни, иесіздендіру, тұтыну, өзгерту және игілікті құрту құқығы;

- қауіпсіздік құқығы, яғни, игіліктен күштеп айырудан қорғау және сыртқы орта зиянынан қорғау құқығы;

- игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

- игілікке мерзімсіз ие болу құқығы;

- сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді пайдалануға тыйым салу;

- төлетіп алу түріндегі жауаптылыққа құқық, яғни, қарызды төлеу үшін игілікті өндіріп алу мүмкіндігі;

- қалдық сипаттағы құқық, яғни, өкілдік құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен реттемелердің өмір сүрудің құқығы;

  Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде көрсетуге болады.

  Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.

  Меншіктің объектісі - табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.

3.2 .   НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ          МЕНШІКТІҢ ТҮРЛІ          НЫСАНДАРЫ.

Меншік нысаны - бұл меншік субъектісінің белгілері бойынша сиатталатын критерий, яғни, әр түрлі объектілердің бір табиғи субъектінің меншігіне қарайтынын анықтау. Меншікті мынадай нысандарға бөлінеді:

а) жалпы халықтық;

ә) мемлекеттік;

б) ұжымдық;

в) бірге үлестік;

г) жеке және т.б.

  Меншіктің барлық осы нысандарын меншіктің негізгі екі түріне топтауға болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншік - мемлекет меншік иесі ретінде көрінеді, ол мемлекеттік сектор ұйымдарымен және кәсіпорындарымен, жергілікті жердегі және орталықтағы органдармен бейнеленген. Мемлекеттік меншік екі нысанға бөлінеді: 1 ) мемлекеттік және 2) муниципалдық.

  Жеке меншік - бұл басқа тәуелсіз бөлу, иемдену тетіктерін жүзеге асыратын, меншіктің барлық құқығы бір адамның қолына жинақталған, экономикалық тұлға ерекшеленген, меншік қатынастары. Жеке меншікке үй шаруашылығын, жариялылықты және жариялы емес жеке кәсіпорындар, жеке мүлікті немесе жеке қаржы сақталымын пайдаланудың кез келген түрін жатқызуға болады. Жеке меншіктің өзі әр түрлі нысанда қабылдауы мүмкін:

- бөлек қызметкердің жеке меншігі (жеке еңбектік меншік), бөлек жеке адамға немесе жанұяға - бөлек жеке тұлғаға меншік иесінің барлық құқығы жинақталғанда;

- жалдамалы еңбекті қолдануға байланысты, капиталистік жеке меншік;

- байлықты иемдену ме қоғамдық өкім элементтері бар, жеке меншіктің ұжымдық нысаны;

3.3.      ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ           ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ.

  Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағына алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.

  «Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді. Мемлекет қарамғынан алу кезіндегі мемлекеттің қызметі мен экономикалық рөлі өзгереді:

1.       Мемлекет тікелей шаруашылық субъектісі болмай қалады: осы ережені сақтауды қамтамасыз ететін, тетіктер мен экономикалық ойындар ережесін құрады.

2.       Мемлекеттік жоспарлау директивтік емес, индикативті сипаттамада болады.

3.       Мемлекеттік баға қоюлар тауарлар мен қызмет көрсетулерге нарық талабы бойынша  нарықтық баға қоюға орын береді. Қазақстан заңдарында мемлекет қарамағынан ауыл шаруашылық басқару мен соған сәйкес өкілдіктердің қызметтерін тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге берумен мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алып қайта құру анықталады.

  Жекешелендіру - бұл мемлекеттен заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншіктегі объектіні сатып алуы.

  Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі бағыттары:

- ірі және сирек мүлікті кешендерді жеке жоба бойынша жекешелендіру;

- орташа  кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

- аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асатын кіші жекешелендіру, сауданың шығын кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері;

  Жекешелендіру әдістері:

- мемлекеттік және муниципиалдық кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға қайта құрылуы;

- кәсіпорынды аукционда сату;

- мемлекеттен кәсіпорынды конкурс бойынша сатып алу.

  Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңмен өтті:

  Бірінші кезең 1991 – 1992 жылдары өтті. Жекешелендіру ұсынысты сипатта болды, ол кезде кәсіпорынның ұжымынан соған сәйкесті өтініш алынған жағдайда, мемлекеттік органдар шешім қабылдады. Содан кейін аукцион, конкурс өткізіліп, немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның еңбек ұжымдарына қайтарымсыз берілді.

  Екінші кезең 1993 – 1995  жылдар. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы бекітіліп, мемлекет қарамағынан алу туралы ұсыныс қағидасынан өтіп, әртүрлі шаралар әзірленіп, монополияға қарсы әрекеттер қолданыла бастады. Жекешелендірудің үш түрі қолданылады: жеке жобалар мен агроөнеркәсіптік кешендер бойынша шағын және жаппай жекешелендіру.

  Жекешелендірудің үшінші кезеңі - 1996 – 1998 жылдар. Электро - энергетикалық және мұнай газ салаларында жекешелендіру басталғанда, секторлық бағдарлама бойынша өту кезеңі.

  Төртінші кезең  жылдан - 1999 жылдан басталады. Мемлекеттік меншікті нұсқау және реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлудің жаңа әдістері сипатталады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.  Неге меншік адамдардың мүлікті иемденуі арасындағы қатынастар бойынша емес,адамдардың арасындағы қатынасы ретінде анықталады?

2.     Меншіктің экономикалық мәні немен көрсетіледі?

3. Меншіктің заңды мәні немен көрсетіледі?

4. Экономикалық әдебиетте меншіктің қандай құқықтары айрықшаланады?

5. Иемдену және иесіздендіру дегеніміз не?

6. Меншіктің субъектісі кім болады?

7.  Меншіктің объектісі кім болады?

8. «Меншік нысаны» дегеніміз не?

9. Меншіктің негізгі түрлері қалай бөлінеді?

10. Мемлекеттік меншік дегеніміз не?

11. Жеке меншік дегеніміз не?

12. Жеке меншіктің нысандарын атаңыз?

4-ТАҚЫРЫП.    ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ НЫСАНЫ.                                                          ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІ ТАУАРЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ. 

Лекция мақсаты: Қоғамдық шаруашылықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату.

Лекция сұрақтары:

1. ҚОҒАМДЫҚ  ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ  НЫСАНЫ. ТАБИҒИ ӨНДІРІС.

2. ТАУАР ӨНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  МЕН ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ.

3.   ТАУАРЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САНАТТАРЫН               ЗЕРТТЕУДІҢ МАРКСИСТІК ЖӘНЕ               МАРЖИНАЛДЫҚ ӘДІСТЕРІ.

4. АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН ПАЙДА БОЛУЫ

           4.1   МЕН ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ. .       ҚОҒАМДЫҚ  ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ  НЫСАНЫ. ТАБИҒИ ӨНДІРІС .

  Қоғамдық шаруашылықта сапалы әр түрлі кезеңдерінде өндірісті дамытудың өндіру күшінің жағдайын көрсететін және оның кооперациясы мен еңбектің қоғамдық бөлінуі көзқарасы тұрғысынан, бөліну дәрежесі немесе меншік қатынастары мен өндірушінің бірігуі, экономикалық үдерістерін ынталандыру ерекшеліктері мен мәніндегі өндірістік қатынастар мен экономиканың жалпы нысаны тән.

  Қазіргі заманғы экономикалық теория өндірісті ұйымдастыруды үш негізгі нысанға бөледі: табиғи өндіріс, тауарлық өндіріс, жоспарлық өндіріс. Оның ішінде натуралды өндіріс тарихи жағынан бірінші болып табылады. Еңбек өнімдері өндірушінің өз тұтынуын қанағттандыру үшін, ішкі шаруашылық қажеті үшін шығарылатын материалдық игіліктерді өндіру, шаруашылықтың осындай нысаны болып табылады. Натуралдық шаруашылықтың  материалдық негізі әлсіз, қоғамдық еңбекті бөлуінің дамуы төмен болады.

  Табиғи өндірістің ерекшеліктері:

-  жинақы жұмыс күшінің жоқтығы;

- жергілікті бірлік шегіндегі экономикалық үдерістердің тығырыққа тірелуі;

- өндірістің шектелген мақсаты - жеке тұтынушылықты қанағаттандыру;

  Тарихта шаруашылықтың натуралды нысанының көптүрлілігі белгілі: алғашқы қауымдық қоғам, азиялық қауымдастық, германдық қауымдастық (марка), славяндық отбасылық қауымдастық және т.б.

  Тауарлық өндіріс - бұл рынокта сату - сатып алу әр түрлі қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыруға мүмкіндік бергендегі, белгілі бір өнім түріне лайықтанған арнайы ерекшеленген жеке өндірушімен өндірілетін өнім өндіретін шаруашылық жүйесі.

  Жоспарлық өндіріс үшін сол сияқты тауарлық - ақшалық қатынастар тән. Бірақ бұл қатынастар өзгерісті сипатта болады, өйткені, өндіріс пен тауарларды өткізу, қоғамдық шаруашылықты ұйымдастыру қатаң директивтік жоспарлау негізінде өтеді.

4.2.       ТАУАР ӨНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

              МЕН ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Тауарлық қатынастардың пайда болуындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар;

1. Еңбекті қоғамдық бөлу мен тауар өндірушілердің мамандануы.

2.  Бір бірінен экономикалық ерекшеленуі.

3. Өнімді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланысы.

4. Тауарларды сату және сатып алу.

  Тауарлық өндіріс алғашқы қауымдастық құрылыстың құлауы жағдайында пайда болды, сөйтіп, алғашқы еңбекті қоғамдыққа бөлу кезінде, жеке меншіктің тууына әкелді. Әуелі әр түрлі қауымдастықтар содан кейін, қауымдастықтың бөлек мүшелері сол уақыттағы елеулі еңбек өнімділігінің өсуіне әкелген, түрлі өндірістік қызмет түрлерімен айналыса бастады, яғни айырбастың дамуына келтірген өндірушілерде артық өнімдердің пайда болуына себеп болды. Өндіріс құралдарын жетілдіру жеке меншіктің пайда болуына әкеліп жеке шаруашылыққа көшуге мүмкіндік берді. Жеке өндірушілермен өндірілген еңбек өнімдері тауарға айналып, өз араларында айырбасқа жүреді және еңбек қоғамдық сипат алады. Тауар - бұл сатып алу сату жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі болып табылады.

  Тауар өндірісін жай және капиталистік деп бөлу қалыптасқан. Олардың арасында ұқсастық пен айырмашылықтар бар.

  Ұқсастыққа мыналар жатады.

1) еңбекті қоғамдық бөлу;

2) өндіріс құралдарына жеке меншік;

3) рынокты өткізу үшін арнаулы өнім жасау.

  Жай және капиталистік тауар өндірісінің айырмашылықтары:

1) жай тауар өндірісі тауар өндірушінің жеке еңбегіне негізделеді. Ал, капиталистік жалдамалы еңбекті пайдалануды болжайды;

2) жай тауар өндірісінде еңбек өнімі шығару кезеңінен бастап рынокта өткізілуге дейін тауар өндірушіге тиісті. Капиталистік тауар өндірісінде шығарылған еңбек өнімі тікелей тауар өндірушіден жұмысшылардан иесіздендіріледі және ол капиталиске тиесілі. Капиталистік тауар өндірісі XVII - XIX                  ғасырларда еркін бәсекелестік жағдайы болған және ХХ ғасырда ұйымдастырылған рынок жағдайы болды. Осыны төменде келтірілген 4.1 – кесте бейнелейді

Информация о работе Экономикалык теория бойынша лекция кешени