Экономикалык теория бойынша лекция кешени

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 11:43, лекция

Описание работы

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.

Содержание

1-ТАҚЫРЫП Экономикалық теорияның қағидалары
Лекция мақсаты: Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау.
Лекция сұрақтары:
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Экономикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа содержит 1 файл

лекциялы_+кешен.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

-  арнаулы, нақты белгілі бір шаруашылық жүргізу  нысанына тән(мысалы, құлдық кезеңдегі бөлу туралы заң, социалистік экономиканы жоспарлы дамыту туралы заң және т.б.)

  1.4.         Позитивтік  және нормативтік экономикалық ғылым.

                 Экономикалық теорияның міндеттері.

                 Экономикалық теория және экономикалық саясат

       Экономиканы талдау нормативтік және позитивтік әдістерді пайдалануды қарастырады. Позитивтік немесе дискриптивтік  экономика экономиканың қызмет етуінің ғылыми және объективтік түсініктемелерін іздейді. Ол болуы мүмкін немесе болатын нәрсемен байланысты болады. Мысалы, егер үкімет бір тауарға салық салса, онда оның бағасы өседі.

       Нормативтік экономика субъективті, және бағалау пікіріне негізделген іс- әрекеттің  рецептісін ұсынады. Ол мүмкін болатынмен байланысты болады. Мысалы, бюджетті толтыру үшін, бір экономист салықтарды көбейтуді ұсынады. Бірақ салықты көбейту кәсіпкерлікті ынталандыруды төмендетуі мүмкін. Егер «тиісті» немесе «қажет» деген пікірлер кездесетін болса, онда ол нормативтік әдіске жатады.

       Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады:

-  танымдық(экономикалық теория алынған білімді теориялық түрінде көрсете отырып, қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);

-  әдіснамалық (экономикалық теория экономикалық ғылымның барлық жүйесі үшін теориялық және әдіснамалық базасы болып қызмет етеді);

-  білімдік (экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі);

-  тәжірибелік (экономикалық теория қоғамның дамуының экономикалық жолына көрсетіп, адамдардың мақсаттарына тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі тиісті ).

      Экономикалық теория барлық мәселелері үшін дайын шешім бермейді. Бұл экономикалық іс- әрекетке тереңдеп бойлау әдісі мен оның қозғалысын болжамдау үшін тек құрал болады. Экономикалық саясат- бұл игілікті пайдалану мен айырбастаудың, бөлудің қоғамдық өндіріс аумағындағы мемлекеттік мақсатты бағытталған шаралар жүйесі. Ол қоғамның оның барлық әлеуметтік топтарының мүддесін көрсетуге және ұлттық экономиканы күшейтуге бағытталған. Экономикалық саясаттың міндеттерін жүзеге асыру экономикалық теорияны терең білуге негізделген. Ол экономикалық теорияның келесі дамуында көрсетілетін экономикалық жүйені өзгертуге, жетілдіруге алып келуі мүмкін.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.       « Саяси экономияның », «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?

2.       Экономикалық теория нені зерттейді?

3.       Маслоу адам тұтынушылығын қандай деңгейлерге бөледі?

4.       Тұтынушылыққа кандай факторлар ықпал етеді?

5.       «Ресурстар» мен «игілік» деген не?

6.       «Баламалы шығын » деген не?

7.         Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы нені көрсетеді?

8.         Экономикалық теория өзінің зерттеулерінде ғылыми танудың қандай              әдістерін пайдаланады?

9.       «Экономикалық санат »және «экономикалық заңдар» дегеніміз не?

10.   Нормативтік экономика позитивтіктен немен ерекшеленеді?

 

2- тақырып         ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ.

Лекция мақсаты: қоғамдық өндірістің мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

1. АДАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА. ӘР ТҮРЛІ МОДЕЛЬДЕР.                                      ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕДЕГІ АДАМНЫҢ   ҰТЫМДЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ.           

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР    ЖӘНЕ ӨНДІРІС ФАКТОРЫ.

3. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

                               

2.1.   АДАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА. ӘР ТҮРЛІ МОДЕЛЬДЕР.      

                                  ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕДЕГІ АДАМНЫҢ

                                       ҰТЫМДЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Адам – бұл ең басты өндіруші күш, өйткені ол, жасап қана қоймай, жүзеге асырады және өндіріс құралдарын пайдалану әдістерін анықтайды. Өз кезегінде, өндірістің жаңа құралдарын тарату жұмыс күшіне жаңа талаптар қояды.

Экономикалық немесе шаруашылық қызметі тұтас мақсатты қызметті, яғни, әр түрлі тараптағы тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған және белгілі бір есепке негізделген шаруашылыққа адамдардың күш жұмсауын көрсетеді. Бір жағынан ол энергияны, ресурстарды және т.б. шығындарда, ал екінші жағынан өмірдегі шығындарды соған сәйкес толтырғанда көрінеді. Мұндай жағдайда, эконмикалық субъект (шаруашылық қызметіндегі адам) шығын мен табысты салыстыру арқылы, ұтымды іс жүргізуге тырысады. Адамдардың шаруашылық қызметі – бұл төрт сатыға бөлінетін әр түрлі пайда болулар мен үдерістердің күрделі кешені: меншікті өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.

Адамдардың тұтынушылқты сезінгенінде еңбекке уәждеме пайда болады. Мұндай жағдайда, тұтынушылық нақты нысанға – нысан мүддесіне ие болады. Экономикалық мүдде – бұл экономикалық тұтынушылықтың пайда болу нысаны. Экономикалық мүдделер шаруашылық (экономикалық) қызметінің объективті қозғаушы уәжін көрсетеді. Шаруашылық субъектісінің көпжақтылығын туындатады. Кономикалық мүдделерді жіктеу әр түрлі критерилерді пайдалану негізінде жүргізіледі. Мүдделерді алып жүргізушілерді анықтау негізінде қоғамдық, ұжымдық, жекелік, ұлттық және интернационалдық, аймақтық, мекемелік, топтық, жанұялық, таптық, әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтін , жұмыс істемейтін, жастардың, зейнеткерлердің және т.б.) мүдделерін айырады. Ағымдағы, келешектегі, ұтымды және ұтымды емес, түпнұсқа, жасанды куәлар, қаржылық, еңбектік және т.б. мүдделерді ерекше құрайды. Барлық осы мүдделер бірлікте өмір сүреді, бірақ, олардың араларында қарама-қайшылықтар бар. Сөйтіп, жеке мүдде ұжымдық мүддемен қарама-қайшылықта болуы мүмкін. Материалдық уәждемеден басқа, материалдық мүдделікке байланысты, әлеуметтік немесе моральдық уәждемені және әкімшілік (ұйымдастырушылық) уәждемені айырады. Әкімшілік уәждеме мемлекеттің еңбекке қатысуды талап ету құқығы мен әкімшіліктің қызметкерлерден еңбек қызметіндегі қабылданған ережелерді сақтауды талап ету құқығына сүйенеді.

Бұл уәждеменің негізі – еңбек тәтібі, ал, оның нәтижесі қызметкерге өзінің міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағаны үшін шараларды қабылдайтын тәртіптік жауапкершілік болып табылады.

Экономикалық әдебиетте адамды «модельдеудің» көптеген бағыттары кездеседі. Солардың кейбіреулерін қарастырайық.

1.       Ағылшынның классикалық мектебі, маржиналдық және неоклассиктері әзірлеген адамның жаңаша мінез-құлқының моделі. Мұндай мінез-құлық негізінде жеке адамның пайдаланылатын мүмкіндіктері мен ресурстарының шектеулі жағдайдағы ең аз шығынмен ең көп нәтиже алуға тырысуы жатады.

2.       Кенсиондық мектеппен әзірленген адам моделі. Уәждемелі ынталандыру өзіне материалдық игіліктерге ұмтылысты ғана қосып қоймай, психологиялық сипаттағы белгілі бір элементтерге – көмек көрсету, бос уақытты пайдаланып, дәстүрге байланысты мақсаттарға ұмтылуды ендіреді.

3.       К. Маркспен әзірленген адам моделі. Бұл модель несиелі капитал мен сауда, өндірісті көрсететін капиталистерге дейінгі «қарапайым тауар өндіруші» деп аталатын абстрактылық жағдайдан нақты жағдайға көшуді талап етуді болжайды.

4.       Қазіргі шындықты көрсететін, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің субъектісінің жаңа моделі. Бұл модель үшін жеке адамның (еңбек үдерісінің өзіне қанағаттану, оның әлеуметтік мәні, күрделілігі) рухани тұтынушылығы қаншалықты болса, соншалықты материалдықты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағытталған қызметтің өсуінің уәждемесіндегі өзгерістер сипаты тән. Оған жоғары білімді және мәдениет деңгейі жоғары және т.б. адамдар өмір сүретін әлем туралы елеулі ақпараттылықтың болуы тән.

 

 

 

2.2.        ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР

                                           ЖӘНЕ ӨНДІРІС ФАКТОРЫ

Экономикалқ ресурстар – бұл өндіріс үдерістерінің мүмкіндіктері, қаржылар, көздер. Олар материалдыққа, еңбек және қаржылық ресурстарға бөлінеді. Материалдық ресурстар өндіріс үдерісінде қолдану мен өңдеуге арналған заттық элементтер кешенінің барлығын көрсетеді. Нақты құрамы бойынша олар өзіне шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, жағармайды, энергияны, сондай-ақ өндірістегі өңдеуі бітпеген жартылай фабрикатты қосады. Еңбек ресурстарына қоғамдық пайдалы еңбекке жарамды елдің тұрғындарын қосады. Қаржылық ресурстарға – мемлекеттің қарауында болатын ақшалай қаржыларды, кәсіпорындарды, мекемелрді, тұрғындарды қосады.

Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде болады. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген қызмет төңірегіне өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды мақсатты дұрыс бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын, тәрізді ерекшеліктерге ие. Қолжетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер телімдерін жер өңдеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстардың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастауға болатынын көрсетеді. Мысалы, станоктардың шектелген көлемінде көп жұмысшылар күшінің іске қосылатынын көрсетеді.

Іске қосылған өндіріске берілген экономикалық ресурстар өнірістің факторын анықтайды. Өндірістің негізгі факторлары еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Еңбек (жұмыс күші) – бұл материалдық игілік пен қызметті құру үшін өндірісте қолданылатын адамдардың ақылы мен барлық физикалық қабілеті жиынтығы. Жұмыс күшін жүзеге асыру еңбек үдерісінде өтеді, сондықтан өндірістегі адам ресурстары ретінде, «жұмыс күші» және «еңбек» деген түсінікті жиі теңдестіреді. Еңбек өмірдегі жақсылықты құру үшін мақсатты бағытталған адамның қызметі ретінде бағалауға болады. Уақыт бірлігіндегі өнім көлемімен өлшенетін еңбек өнімділігі оның маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Өндіріс факторы ретіндегі капитал – бұл өндіріс құралы, еңбек құралының және еңбек затының жиынтығы. Еңбек құралы – бұл адамдар көмегімен белгілі бір игілікті жасайтын, заттарды өндіретін (құралдар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимарат және кешен). Еңбек заттары – бұл неден өндіреді, яғни адамдар еңбек үдерісі кезінде ықпал ететін және келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат, маиериалдар және т.б.). Өндіріс құралы – бұл шынайы капитал. Сондай-ақ, ақшалай капиталды да яғни, өндіріс құралын сатып алу үшін аұшаны бөледі.

Жер өндіріс факторы ретінде – жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды қосқандағы табиғи ресурстардың барлық түрі өндіріске тартылады.

Кәсіпкерлік қабілеті адамның бизнесті немесе кез-келген жаңа істі ұйымдастыруға дайындығы мен істей білуіне, соған байланысты шығынды, тәуекелді және жауаптылықты өзіне қабылдауына байланысты қортындалынады. Әрбір адам мұндай қабілеттілікке ие бола бермейді.

Нағыз кәсіпкерді үлкен еңбек сүйгіштігі, ұсынысшылдығы, жаңашылдығы, шығармашылық рухы, іскерлік қасиеті, адамдармен араласа білуі, оларға ықпал ете біуі қазіргі уақыттта өндірісті ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, өндірістің ақпараттық факторы, ғылым, энергетикалық, экологиялық факторлар тәрізді, қазіргі заманғы өндіріс факторларын бөлу қажеттілігін айтып келеді.  

    Өндірісті ұйымдастыру – бұл барлық өндіріс үдерістерін тәртіптейтін және бірлігін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстардың құрылысын анықтаушы құрылым. Өндірістің технологиясы еңбек затын өңдеудің нақты әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің ағымдарын көрсетеді. Ғылым – бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық жүйеленген обективті білім. Энергия – бұл өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.

    Экологиялық фактор – қорғау, сақтау және табиғатты қайта түрлендіру қажеттілігіне қатысты, қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым-қатынастарына байланысты барлық кешенді мәселелер.

2.3. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ 

    Өндіріс –бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсаттылықты қызметі. Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндірісті бөледі.

    Материалдық өндіріс мыналарды өзіне қосады:

1)       материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс);

2)       материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер).

    Материалдық емес қызметтерге мыналар жатады:

1)        материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен салалар (кино, театр, тұтастай өнер);

2)        материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.);

    Қоғамдық өндіріс екі бөлімге бөлінеді: I –бөлім –өндіріс құралдарын шығаратын салалар, кәсіпорындар; II-бөлім тұтыну заттарын шығаратын салалар мен кәсіпорындар.

    Қоғамдық өндірістің байлық,көсетілетін қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады.Заттар- өмір сүтудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі.Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағыталған адам немесе кәсіпорының пайдалы қызметінің нәтижесі.Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара айырбасталмайтын,жинау,сақтау,жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындыланады.Байлық- бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы.Ол мыналарды өзіне қосады: а) негізгі өндірістік қорлар (ғимарат,машиналар мен құралдар ) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау ); ә)материалдық айналымдық құралдар; б)азаматтардың жеке мүлкі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.Неге адам –басты өндіруші күш?

2.«Экономикалық мүдде» дегеніміз не?

3.Уәждемені қандай түрлерге бөлінеді? Адамның экономикалық қызметін қалай түсінеміз?

4.Экономикалық әдебиетте адамды «модельдеудің» қандай бағыттары кездеседі?

5.«Экономикалы ресурстар» дегеніміз не және олар қандай түрлерге бөлінеді?

6.Экономикалық ресурстардағы «қайта өндірілу», «қол жетімділік» және «айырбасталуы» дегеніміз не?

7.«Экономикалық ресурстар» және «өндіріс факторы» түсінігі немен ерекшеленеді?

Информация о работе Экономикалык теория бойынша лекция кешени