Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:33, курс лекций
Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:
Көптеген экономистер
салықтық реформаны тиімді деп санайды,
сонымен бірге қатаң
Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:
Меншік қатнастарына байланысты: адамның қоғамдағы алатын орыны, қоғамдық өнімдегі адамның үлесі, қоғамдық өмірдегі адамның ролі және тағы басқа анықталады. «Ешкімдікі емес» қоғамдық меншік белсенді шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Жеке меншік керісінше жеке мүдделер тұрғысынан анағұрым нәтижелі еңбекке жетелейді. Бірақ мұнда байлық пен кедейлік жіктеліп, әлеуметтік шиеленіс пайда болады.
Қолайлы әлеуметтік
ортаны қалыптастыру үшін мемлекет игіліктердің
бір бөлігін жалпыға ортақ
игіліктер ретінде
Мемлекет – қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары мен рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыру, басқару органдарының қоғамдық тиімді нәтижеге жетуі үшін жалпы өндірістік процеске әсер етуі болып табылады. Басты мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қлыптастыру яғни әртүрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, тапшылықты жою болып табылады. Ол қоғам дамуының объективті заңдарына сүйенеді. Экономикалық ретеудің мазмұнына «белсенді әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.
Мемлекеттің экономикаға араласу сфералары:
Яғни, рынокта табыс бойынша бөліну т.б. салдарынан халық шаруашылығында ішкі тұрақтылық бұзылады. Салалық диспропорция пайда болады. Сондықтан мемлекет ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді ауытқуларға араласады.
-Мемлекеттің мақсаты: -экономикалық өсу;
- толық жұымбастылықпен
-сыртқы және ішкі
Тақырып 19. Экономикалық өсу
Лекция жоспары: (1 сағат,15 апта)
Экономикалық өсу – адамзат қоғамның үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ұзақ уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы заманғы теория мен практикада «экономикалық өсу» термині елдің ЖІӨ немесе ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен салыстырғанда ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Экономикалық
өсу көбінесе тұтынудың жаңа
түрлерін қанағаттандыру
Экономикалық
өсу ұлғаймалы ұдайы
Қазіргі кезде ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму келесідей әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін:
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
Экономикалық
өсу ресурс шектеулігінің
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдістері.