Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:33, курс лекций

Описание работы

Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Работа содержит 1 файл

Лекция.doc

— 446.00 Кб (Скачать)

          Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы.

   Қоғамдық  өндіріс дамыған сайын,айырбас  операцияларын жүргізуге көмектесетін  жалғыз тауардың бөлініп шығуының  қажеттігі пайда болды. Ақшаның  анайы,тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды- егіншілерде бидай, малшы тайпаларда мал, аңшыларда терілер,т.т.б.Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады,олар кең тарамады. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның рөлін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи қасиеттері- бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге болатындығы, ықшамдылығы, қолайлығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан асыл металдар осы рөлді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.

      Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар  алтын,күміс кесектеріне оның  салмағын көрсететін таңба басатын  болған. Осылай куәландырған алтын,күміс  кесіндісі монета деп аталған.Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын жәнесынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.

   Классикалық  экономикалық теорияның негізін  қалаушылар А.Смит және Д,Рикардо  ақшаның басты қызметі деп,  айналыс құралы болуын атап  көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс  құралы қызметінен туынды деп  есептеген.

     К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.

      Осы замандағы экономикалық әдебиетте  ақшаның атқаратын үш қызметі  аталып отыр: құн өлшемі, айналым  құралы, жинақ құралы.

     Тек  нақтылы, қолма-қол ақша айналыс  құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқаншағана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.

       Ақшаны айналыс құралы ретінде  қолданғанда, сатып алу-сатуға  жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың  үнемделуінің арқасында айналыс  шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.  

 

 

 МОДУЛЬ 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ      МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Тақырып 5, 6. Экономикалық жүйенің негізгі типтері. Қоғам дамуын кезеңдерге бөліп анықтаудағы негізгі ғылыми көзқарастар.

Лекция жоспары: (1 сағат,4апта)

     1.   Экономикалық жүйе және оның  элементтері.

  1. Экономикалық жүйе типтерінің классификациясы.
  2. Қоғам дамуын кезеңдерге бөліп анықтаудағы қадамдар.

     Кез-келген  қоғамның экономикалық даму сипатын  анықтау үшін “экономикалық жүйе”  түсінігі қолданылады.

     Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған)- өзара байланысқан шаруашылық  қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.

 Басты міндеті-шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі- ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы.

Экономикалық  жүйенің мақсаты- халықтың әл-ауқатын арттыру және материалдық қана емес, рухани, әлеуметтік, ұлтттық т.б. байлықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір типтен екінші типке өзгереді.

Экономиканың  жүйелі сипатын ғылыми-теориялық  тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін  салушы - А.Смит. Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы (1776ж. жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады.Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д.Рикардо (1817ж.), Ф.Лист (1841ж.), Дж.С.Милль (1848ж.), К.Маркс (1867ж.), К.Менгер (1871ж.), А.Маршалл (1890ж.), Дж.М.Кейнс (1936ж.),П.Самуэлсон (1951ж.) еңбектерінде орын алды.

Экономикалық  жүйенің даму тенденциялары туралы көзқарастар: 1)  Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер  өзара экономикалық тепе-теңдік күйде өмір сүреді,бірақ ұзақ мерзімде бір жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас. 2) Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бір-бірін толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігіп, жаңа экономикалық жүйені туындатады.

Мұндай қарама-қайшы  көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру-мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау-одан бас тартумен, орталықтандыру- орталықсыздандырумен ауыстырылды.

Экономикалық жүйенің келесідей қасиеттері бар: біртұтастылық , тәртіптілік, тұрақтылық , орнықтылық , өзгергіштік, қозғалғыштық , қарама-қайшылық .

Қоғамның даму процесінде қарама-қайшы мүдделердің  орын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; т.б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық-рынок пен мемлекеттік өндіріс сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.

 

 

 

Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы сипаты

 

Өндіргіш  күштер

Табиғи:

табиғи ресурстар,

адамдардың  мүмкіншіліктері

Қоғамдық:

өндіріс құралдары, еңбек бөлінісі.

Жалпы:

ғылым, білім, мәдениет,т.б.

Өндірістік  қатынастар

 

 

әлеуметтік-экономикалық

 

ұйымдық-экономикалық(тәжірибе алмасу,маркетинг,менеджмент)

 

 

техника-экономикалық

Ресурстар:

 

табиғи,еңбек,қаржылық,ақпараттық.

Қоғамдық  еңбек бөлінісі:

 

өнімді шығарумен  байланысты өндірістің мамандануы.

Еңбек процесі мен элементтері:

 

еңбек,еңбек  заты,еңбек құралы.

Өндірістік  мүмкіншіліктер:

шектеулі ресурстарды  таңдау.

Нәтижелер:

өнім, қызмет.

Тиімділік:

нәтиже мен  шығындардың ара қатынасы.


 

 

Экономикалық  жүйенің сипатты белгілері:

1) Экономикалық  жүйені құраушы бөлшектердің  біртұтастылығы.

2)Экономикалық жүйедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалды-заттай бір-біріне тәуелділігі.

3) Экономикалық  жүйенің құрылымы күрделі. Экономикалық  жүйенің әрбір элементі өзінше  ішкі жүйені қалыптастырады. Мысалы, қазіргі өндіріс екі ішкі жүйеден:  материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларынан құралған.

Экономикалық  жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:

1) Меншік нысаны  мен экономикалық әрекетті басқару,  бағдарлау тәсіліне байланысты:

- дәстүрлі экономикалық  жүйе.

-орталықтан  басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).

- рыноктық экономикалық жүйе.

- аралас экономикалық  жүйе.

2) Өркениет типтерінің  даму нәтижелері ретінде экономикалық  жүйе :

-дәстүрлі- қоғамдағы  экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.

-либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне  жетуге ұмтылыс басым және  жеке тұлғаның бастамашылығына  ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі  индустриалды қоғам).

- аралас - бірінші  және екінші типтің элементтерінен  құралады.

3) Сыртқы экономикалық  байланыстардың сипатына байланысты:

- жабық экономикалық  жүйе -шаруашылық іс -әрекетін белгілі  бір шеңбер көлемінде, тұйықталған  күйде жүзеге асырады (натуралды  шаруашылық).

-ашық экономикалық  жүйе - басқа елдердің өндірістік  бірліктерімен экономикалық байланыстарын   үнемі ұлғайтып отырады (рыноктық  шаруашылық).

         Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей типтері болады:

1.Орталықтан  басқарылатын жоспарлы экономикалық  жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе  тоталитарлық).

2. Рыноктық экономикалық  жүйе.

3. Аралас экономикалық  жүйе.

Жоспарлы  экономикалық жүйе  моделінің негізгі белгілері:

1) Елдің материалдық  байлығының 90%-ға жуығы қоғамның (мемлекеттің) меншігі болып табылады. Меншікті тиімсіз пайдалану ешкімге  экономикалық және т.б. жауапкершілік  жүктемейді. Ал тиімді пайдаланудың  жүйелі механизмдері жоқ.

2) Қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы реттеледі. Бір нұсқада жасалатын жоспардың орындалуы міндетті (директивті жоспар) болып табылады.

3) Өндірісті  материалдық-техникалық жабдықтау  орталықтандырылған. Барлық ресурстар  өндірушілерге бір орталықтан жоспар бойынша қатаң бөлініп беріледі (ресурстар қажет-қажет емес болса да).

4) Экономикалық  ынталандыру тек жалақы мен  сый-ақы жүйесі арқылы ғана  жүзеге асырылады, бірақ оның  өзі қатаң бақыланады. Еңбек ақы  деңгейінде алшақтық жоқ және  еңбек етуге мәжбүрлеу басым.

5) Экономикалық  тепе-теңдік қатаң экономикалық-құқықтық  және заң шығарушылық шаралар  қабылдау негізінде қамтамасыз  етіледі.

  1. Экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады.

7) Қаржы-несие  тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы,  несие) жаппай жоспардың орындалуына қызмет етеді. Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар рыногы мүлдем жоқ.

8) Сыртқы саудада  мемлекеттің ғана монополиялық  билігі бар. Валютаны еркін  айырбастауға тиым салынған және    валюта бағамын мемлекет бекітеді.

9) Шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары.

10) Коммунистік идеологияның  үстемдік етуі.

Рыноктық  экономиканың ерекше белгілері: 1) Инвестициялық ресурстарға жеке меншік. 2) Макроэкономикалық қызметті рыноктық механизм арқылы реттеу. 2) Еркін бәсеке. 3) Көптеген сатушылар мен сатып алушылардың болуы. 3) Еркін кәсіпкерліктің дамуы.

Аралас экономика  туралы 100 жылдай бұрын А.Шефле, А. Вагнер еңбектерінде орын алды. Олардың пікірінше  аралас экономиканың қалыптасуына жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің араласуы негіз болған. Батыс экономистері аралас экономикаға «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отыруы» деп анықтама берген.

Аралас экономика  жоспарлы экономикалық жүйенің рыноктық экономикалық жүйеге ауысуымен байланысты емес. Қазақстанда аралас экономика мен өтпелі экономика кезеңдері тұспа-тұс келген болатын. Ал  дамыған елдерде аралас экономика объективті экономикалық құбылыс ретінде Кеңес дәуірінен бұрын да өмір сүрді.

Аралас экономиканың сипатты белгілері:

1) Мемлекеттік меншіктің болуы. Ол экономиканың дамуында тұрақтандырушы рөл атқарады. Жеке сектор жүзеге асыра алмайтын салаларда (темір жол, космосты игеру, атом энергетикасы ,т.б.) қызмет етеді.

2) Меншіктің  көптүрлілігі. Бәсекелік ортаның  күшеюіне әсері мол.

3) Экономика рыноктық және жоспарлы тетіктер арқылы реттеледі.

4) Макро-микроэкономикалық  деңгейде экономикалық процестердің  ұйымдастырушылық және басқарушылық  рөлі басым.

5) Жеке кәсіпорындардың  ірі әртараптандырылған фирмаларға  өзгеруі.

Мемлекет рыноктағы  экономикалық субъектілердің пайда табуға бағытталған іс-әрекеттерінің теріс жақтарын болдырмау шараларын ұйымдастыру, бақылау механизмін жүзеге асырады. Яғни, бай мен кедей халық топтарының араларындағы әлеуметтік, экономикалық , саяси алшақтықты төмендетуге, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға, экологиялық мәселелерді шешуге, үкіметке деген сенімді жоғарылатуға қызмет етеді.

       Қоғамдық шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.

Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы. Оның күрделі жүйеленген иерархиялық  құрылымы бар. Қоғамдық-экономикалық формацияның  қүрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

       Қоғамдық-экономикалық формация- өндіріс әдісі мен қондырманың өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Оларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.

       Материалистік диалектика қоғамның  экономикалық дамуын    зерттеудің  методологиялық негізі Бұл теория  дамудың қайнар көзі мен қозғаушы  күші деп объективті қайшылықтар,  қарама-қарсы жақтардың бірлігі  мен күресін алып қарайды. Формациялық теорияның негізгі жағдайлары :

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдістері.