Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:33, курс лекций

Описание работы

Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Работа содержит 1 файл

Лекция.doc

— 446.00 Кб (Скачать)

    еңбек  қарқындылығы  дегеніміз белгілі  бір уақыт ішінде жұмсалған  еңбектің мөлшерімен  еңбек пәрменділігі.

  Ал еңбек  өнімділігі дегеніміз бұл белгілі  бір уақыт мөлшерінде  шығарылған  өнім санымен және әр өнімге қанша мөлшерде уақыт кететіндігімен өлшенетін көрсеткіш.

Еңбек өнімділігінің  жоғарлауынан еңбек ресурстары үнемделеді, қоғам байлығы өседі. Еңбек өнімділігіне мынандай факторлар әсер етеді:

  1. жұмысшының білімділігі, квалификациясы, мамандануы.
  2. өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығу деңгейі
  3. ғылым және техниканың даму деңгейі

       4 )   Өндіріс  ресурстарының   тиімді  қолдану  деңгеиі.

       5 )   Еңбек   қарқындылығы, интенсивтілігі  немесе  еңбек  жылдамдылығы.

       6 )   Табиғи   жағдай               

Адамзат дамуымен қоғамдағы еңбек өнімділігі өсуде. А дамдар  өнім бірлігіне кететін  еңбек үлесін азайта отырып,  шығарылатын  өнім көлемін  көбейтуде.      

            ҒТР   жағдайында,  өндірісті   кешенді  механизациялау  және  автаматтандырумен  байланысты   жұмысшының  дене  күшін  жұмсауы  азаяды,  есесіне  ой – ми  энергиясын  ж ұмсауы  ұлғаяды.  Жұмыс  күнінің  ұзақтылығы  қысқартылса,  еңбек  қарқындылығы  артады,керісінше  жұмыс  күнінің  ұзақтығы  артатын  болса,  еңбек  қарқындылығы  төмендеуі  мүмкін.

Жұмысшылар  өз еңбектері үшін жалақы түріндегі  табысты алады.Жалақыны  төлеуді  өлшеу бойынша  ол екіге бөлінеді; 1) мерзімді жалақы өндірістегі еңбек  шығынының ұзақтылығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық   және айлықақы болып бөлінеді.бұл жердегі өлшем бірлігі- сағаттық ставка қолданылады- яғни жұмыс сағатының бағасы.

2) кесімді жалақыда  жұмысшының еңбекақысы шығарған  өнім санына тәуелді. Кесімді  жалақының ерекшелігі , еңбектің  саны мен сапасы өндіргіш өнім  арқылы бақыланып, өлшенеді. Оны өлшеу  мынандай элементтердің қолдануын қажет етеді:

1) шығарым нормасы белгілі период ішінде жұмысшының шығаруы қажет өнім көлемі   ( мысалы  сағатына 5 детал)

2) уақыт нормасы шығарым нормасына керісінше көрсеткіш. Ол  1 бірлік өнім шығаруға кететін уақытты айқындайтын көрсеткіш ( мысалы  1 деталға 12 минут)

3) сандық бағалау 1 бірлік өнімді шығаруы үшін төлемақыны көрсетеді

Көрсетілген жалқыны  төлеу формалары  әртүрлі нысандарға ие, оларды жалақы жүйелері деп атайды:

1) мерзімді жалақы

  • Жәй мерзімді
  • Мерзімді –сыйақылық

2) кесімді жалақы

  • Тікелей кесімді
  • Кесімді – сыйақылық
  • Кесімді- прогрессивтік
  • Аккордтық

        Табиғат ресурстары (жерді) рента  түріндегі табыс әкеледі. Рента  дегеніміз бұл кәсіпкердің  (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін  уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады

     Жер  рентасы 2 негізгі  формада  болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі  де екіге бөлінеді.

- Дифферециалды  рента 1 жер учаскілерінің  өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.

- Дифферециалды  рента 2  капиталдық салымдарға  байланысты бір жердегі әртүрлі  өнімділікке байланысты.

   Абсолюттік  рента жер учаскілерінің өнімділігі  мен орналасуына байланыссыз  алынатын рента.

      Материалдық  өндіріс  үшін  аса  маңызды  фактор  бұл –капитал.  Капиталға  көбіне  өндіріс  заттарын  (құралдарын)  жатқызамыз.   Олар екі  топқа  бөлінетін  материалдық ресурстар.  Олар  еңбек  құралдары  мен  еңбек  заттарына  бөлінеді.

     Қаржы саласында капитал өз иесіне процент түрінде табыс алып келеді. Бұл процент немесе ссудалық процент. Ссудалық процент ставкасы  ақшаны қолданғаны үшін баға болып табылады. Нақтырақ айтатын болсақ ставка бұл белгілі бір уақыт (ай, жыл) ішінде  бір теңгені қолданғаны үшін төленетін ақы көлемі.

     Ақша  экономикалық ресурс болып табылмайды , өйткені олар өнімсіз.  Бірақ  кәсіпкерлер ақшаны қолдану мүмкіндігін  сатып ала отырып, өндіріс заттарын  сатып оны айналыста қолданады.

     Еңбекке  деген қабілеттілігін адам екі бағыт бойынша жүзеге асыра алады: өз бизнесін ұйымдастырушы кәсіпкер ретінде, немесе кәсіпкерге жалданушы ретінде. Өндірістегі ерекше ресурс бұл кәсіпкерлік қабілет болып табылады, яғни  адамның өз бизнесін немесе жаңа істі ұйымдастыруға қабілеттілік пен сонымен байланысты шығындарды, тәуекел мен  жауапкершілікті  алып жүру қабілеті.

    Пайда  дегеніміз бұл- кәсіпкерге оның  кәсіпкерлік қабілеті үшін төлем.өйткені  ол:

  • Еңбектік, капиталдық, және табиғи фактордарды бірге жинақтап, төлегені үшін
  • Шаруашылық қызмет етуін ұйымдастырғаны үшін
  • Олардың тиімді қолануына жауапкершілік пен тәуекелге барғаны үшін

    Экономикалық  пайда дегеніміз бұл- фирманың  жалпы түсімімен барлық шығындары  арасындағы айырма.

 

МОДУЛЬ 4. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС.

Тақырып 14. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштер.

Лекция жоспары: (1 сағат, 11апта)

  1. Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары.
  2. Ұлттық экономиканың қызмет етуінің өлшемдері. Ұлттық есептеу жүйесі.
  3. Макроэкономикалық көрсеткіштер, оны өлшеу тәсілдері. ЖҰӨ дефляторы.

  Белгілі  бір мерзім аралығанда ұлттық  экономиканың қызмет етуінің  нәтижесіне жалпы сипаттама беру  үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. (1-сурет).

 

 

        


      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Макроэкономикалық көрсеткіштер.

Осы көрсеткіштер бірігіп, экономиканың дамуын жалпылама  көрсететін ұлттық есептер жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ — түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық комиссиясы жасаған ұлттық есептердің стандартты жүйесі 1953 жылдан бері қолданып келеді, 70-жылдың аяғында ұлттық есептер әлемнің 100-ден астам елінде жасалынды.  Ұлттық есептердің   негізін  ішкі өнімнің, ұлттық   табыстың,   күрделі қаржының,   меншіктің  әр түрлі нысанындағы  кәсіпорындардың т. б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын,  инвестициялық тұтынуды,  салық салуды т. б. экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады. Көптеген экономистердің пікірлері бойынша, экономиканың ахуалын сипаттауға  мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштер ЖІӨ және ЖҰӨ.

Мысалы, Қазақстанда қызмет жасайтын британиялық мұнай компаниясының жыл ішінде өндірген өнімінің құны ҚР-ның ЖІӨ-нің, Ұлыбританияның ЖҰӨ-нің бір бөлігін құрайды. Оқушыға түсінікті болу үшін тағы бір мысал келтірейік, айталық, егер Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан  темір жолы» ұлттық компаниясының 5 пайызына иегер болып, акциясынан дивиденд алып отырсын. Бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды.

ЖІӨ-ді есептеуде  негізінен бірнеше әдістер қолданылады.

  1. Қосымша құн әдісі

ЖІӨ-ді есептеу  барысында аралық және түпкі өнім  ұғымдары пайдаланылады Өндіріс процесінде жұмсалған тауарлар шикізат, материалдар, жанар-жағармай ретінде қолданылса ол аралық өнім, ал осы аралық өнімді пайдаланып, дайын өнім өндіріліп, түпкі тұтынуға жіберілсе, онда ол түпкі өнім. Мысалы, ұнның құны піскен нанның бағасына қосылады.

Батыс статистикасында кайталама есептеуді болдырмау үшін қосымша құн көрсеткіші пайдаланылады. Қосымша құнға тек қарстырылып отырылған кәсіпорында өндірілген өнімдер мен қызметтердің ғана құны  жатады. Басқаша айтар болсақ, егер өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдардың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалатын құнның бір бөлігі қосымша құнға жатады. 

 

  1. ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеу әдісі

ЖІӨ-ді шығыс  бойынша есептеуде төмендегі  өлшемдер қолданылады:

                            Y = C + I + G + NX

С – үй шаруашылығының тұтыну шығындары, олар азық-түлікке, киімге, демалысқа жұмсалған және дәрігер, адвокат, шаштараз, т.б. қызметтеріне кеткен шығындар;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығындары;

G -  мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX- таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

 

  1. ЖІӨ-ді  табыс бойынша есептеу әдісі

ЖІӨ-ді табыс  бойынша есептеуде келесідей  өлшемдер қолданылады:

Y = W + P + R + I + T + A

W- еңбекақы;

P -  пайда;

R -  рента;

I -   пайыз;

T -  салықтар;

A – амортизациялық аударымдар.

     ЖІӨ-ді табысы мен шығысына байланысты есептеуде төлем балансы мен бухгалтерлік баланстағы сияқты екеуі бір-біріне тең болуы қажет, ол кезкелген шаруашылық субьектілерінің табыстарына қарай шығын жұмсайды дегенді білдіреді.

C + I + G + NX = Y = W + P + R + I + T + A

ЖІӨ ағымдағы рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылтып, таразылау керек, яғни тұтыну бағаларының индексін  қолдану қажет, сөйтіп ЖІӨ нақты құнын білуге болады. Тұтыну бағаларының индексі ағымдық тұтыну кәрзеңкесінің құнының базалық жылдағы осы кәрзеңкенің құнына қатынасы арқылы анықталады.

 Номиналды ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы бағаның көтерілу есебін ЖІӨ-нің өсуін көрсетеді және оны ЖІӨ дефляторы деп атайды. ЖІӨ көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің   ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. ЖІӨ материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де, яғни ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т. б. қамтиды.

 

Тақырып 15. Макроэкономикалық  тепе-теңдік.

Лекция жоспары: (1 сағат, 12 апта)

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.
  2. Ұлттық экономика масштабындағы жинақ және тұтынудың кейнсиандық талдауы.
  3. “АD-AS” үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.

Макроэкономика  – бұл ұлттық экономиканың жалпы  бағытын және даму заңдылықтарын  зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі.      Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары болып үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Макроэкономика тауар көлемі мен бағасын агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Мұнда ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

     Макроэкономикалық  аспектіде ұлттық экономиканың  құрылымы елдің өндірістік ресурстарының  бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында өндіріс бөлумен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

     Жалпы  экономикалық тепе-теңдік идеясы  бұдан көп бұрын экономист-классиктердің  назарын аударған А.Смиттің айтуы  бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

       Микродәрежедегі жалпы экономикалық  тепе-теңдіктің болуы тауарлардың,  қызметтердің және өндірістік  ресурстардың әр түрлерінің сұранысы  мен ұсынысының тең болуымен  байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

       Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы  бойынша, егер кейбір нарықтарда  артық сұраныс болса, онда басқа  нарықтарда да осы көлемде  артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.

       Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке  жету үшін А.Маршаллдың неоклассикалық  концепциясы кең қолданылады.  Оның мәні: өндірушілер мен тұтынушылар  өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық коньюктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдістері.