Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:57, лекция

Описание работы

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты.

Содержание

Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Работа содержит 1 файл

Лекции.docx

— 114.34 Кб (Скачать)

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

    • салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;
    • бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;
    • ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;
    • экспорт және импортты кедендік реттеу;
    • валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.

Көптеген экономистер  салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің  босаңсуы экономикаға тиімдірек  жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі  Паретто бойынша жақсы болып  табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт  пен ақшаларын жұмсайды.

Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол  себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:

    1. қаржы – несие саясаты
    2. фискальді саясат
    3. еңбек ақы және тариф саясаты
    4. мемлекеттік  инвестиция саясаты
    5. әлеуметтік саясат т.б.   

Меншік қатнастарына байланысты: адамның қоғамдағы алатын орыны, қоғамдық өнімдегі адамның үлесі, қоғамдық өмірдегі адамның ролі және тағы басқа  анықталады. «Ешкімдікі емес» қоғамдық меншік белсенді шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Жеке меншік керісінше  жеке мүдделер тұрғысынан анағұрым нәтижелі еңбекке жетелейді. Бірақ мұнда  байлық пен кедейлік жіктеліп, әлеуметтік шиеленіс пайда болады.

Қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ  игіліктер ретінде қалыптастыруы  қажет. Мысалы, табиғи байлықтар, орман, парктер т.б.

Мемлекет – қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары  мен рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті  іске асыратын үкімет мекемелерінен  тұрады.

Экономиканы мемлекеттік  реттеу – рыноктық экономиканың кемшіліктерінің  орнын толтыру, басқару органдарының қоғамдық тиімді нәтижеге жетуі үшін жалпы өндірістік процеске әсер етуі болып табылады. Басты мақсаты  – қазіргі заманғы рынокты  қлыптастыру яғни әртүрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету  деңгейін арттыру, тапшылықты жою болып табылады. Ол қоғам дамуының объективті заңдарына сүйенеді. Экономикалық ретеудің мазмұнына «белсенді әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.

Мемлекеттің экономикаға  араласу сфералары:

  • бәсекелестікті қолдау;
  • жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Яғни, рынокта табыс бойынша  бөліну т.б. салдарынан халық шаруашылығында ішкі тұрақтылық бұзылады. Салалық  диспропорция пайда болады. Сондықтан  мемлекет ұзақ мерзімді, орта және қысқа  мерзімді ауытқуларға араласады.

  • әлеуметтік қамсыздандыру және тепе-теңдік. Жаңа қоғамда жалдамалы жұмысшылар, зейнеткерлер, балалар мен жастарды құрғау қажеттілігі туады. Рыноктық экономикада олар ешнәрсе өндірмейді және ештеңе ұсына алмайды. Яғни табыссыз, сондықтан мемлекет оларға көмектер көрсетеуі қажет.
  • микродеңгейдегі тапшылықтарды жою. Мысалы, фирмалардың банкроттығын болдырмау, салықтық көмектер беру т.б.

-Мемлекеттің мақсаты:   -экономикалық өсу;

                        - толық жұымбастылықпен қамтамасыз  ету;

                                           - бағалардың тұрақтылығы;

                         -сыртқы және ішкі экономикалық  тұрақтылық.

Тақырып 19. Экономикалық өсу

Лекция  жоспары: (1 сағат,15 апта)

  1. Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері.
  2. Экономикалық өсу типтері мен факторлары.
  3. Экономикалық өсу модельдері.

     Экономикалық  өсу – адамзат қоғамның үдемелі  дамуын бейнелейтін ең маңызды  үдерістерінің бірі. Соның негізінде  адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың  жолдары мен түрлерін іздестіру,  ғылымды дамыту, табиғатты сақтау  мәселелері шешіледі. Экономикалық  өсу ұғымы өндірістің нақты  көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары  мен құлдырауларын емес, ұзақ  уақыт аралығында өндіргіш күштердің  дамуымен байланысты өндірістің  нақты көлемінің ұзақ мерзімді  өзгерістерін білдіреді.

     Осы заманғы  теория мен практикада «экономикалық  өсу» термині елдің ЖІӨ немесе  ЖҰӨ нақты көлемінің ұлғаюын  көрсетеді, яғни экономикалық  өсу пайыздық тұрғыда есептеледі  және өткен жылғымен салыстырғанда  ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткіштерінің  өсімін сипаттайды. Экономикалық  өсуді анықтағанда, ЖІӨ көрсеткіші  салыстырмалы бағалар мен шарттар  бойынша немесе осы көрсеткіші  есептеуде баға факторы және  өзге де құрылымдық өзгерістерді  есепке алусыз есептеледі.

     Экономикалық  өсу көбінесе тұтынудың жаңа  түрлерін қанағаттандыру қабілеті  болып табылады. Сонымен қатар  ірі әлеуметтік экономикалық  мәселелерді шешуге бағытталады.  Сондықтан экономикалық өсу категориясында  экономикалық теорияда үлкен  мән беріледі.

     Экономикалық  өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің  болуымен түсіндіріледі: бұл жыл  сайынғы қоғамдық өнімнің сандық  әрі сапалық артуы және олар  екі топтан: өндіріс құралдары  мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім  көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы  өндірістің экстенсивті типіне  немесе интенсивті типіне негізделе  дамиды.

    Қазіргі кезде  ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының  негізінде барлық дамыған елдерде  экономикалық өсудің жаңа сапасы  қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру  мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы  қайтарымының көтерілуі негізінде  жүзеге асады.

    Экономикалық  даму келесідей әрекеттердің  нәтижесінде орындалуы мүмкін:

  • Жұмыс күшінің саның көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады.
  • Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса, онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
  • Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылаған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
  • Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, сонымен қатар қоғам өз  ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:

  1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ) немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
  2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгерісі, өндірісті ұйымдастыру, бөлу формаларының өзгерісі). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемелерге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
  • Неокейнстік;
  • Неоклассикалық;
  • Тарихи-әлеуметтік.

     Экономикалық  өсу ресурс шектеулігінің ахуалын  жеңілдетеді. Экономикалық өсу  факторларының 3 тобы бар: ұсыныс, сұраныс, бөлу.

Экономикалық өсудің экстенсивті  үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен  жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс  күшінің жұмыспен көп қамтылуын  қамтамасыз етуге болады.          Экономикалық өсудің мұндай жолының  күрделі кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау  кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат  алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті  кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы  өндіріс жағдайлары нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті  жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа  әкеп тірейді.

 

 

 




Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі