Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:57, лекция
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты.
Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
Мемлекет рыноктағы
Қоғамдық шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.
Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы. Оның күрделі жүйеленген иерархиялық құрылымы бар. Қоғамдық-экономикалық формацияның қүрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.
Қоғамдық-экономикалық формация- өндіріс әдісі мен қондырманың өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Оларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.
Материалистік
диалектика қоғамның
1) Қоғамдық-экономикалық
формациялар біртіндеп табиғи-
2) Материалдық өмірдің рухани өмірмен салыстырғанда рөлі жоғары.
3) Өндірістік қатынастар қоғамның базисі, қондырма базистен туынды сипат алады.
4) Таптар тарихтың түлғасы
және қоғамның негізгі
бірлігі, ал таптық күрес- таптардың
өзара қатынастарының негізгінысаны.
Қоғамдық-экономикалық формация теориясы қазіргі заманғы, тіптен бұрынғы тарихи кезеңдердегі көптеген құбылыстар мен процестерді толық түсіндіре алмайды. Олардың ішінде: батыс елдерінің революциялық емес, эволюциялық сипатта дамуы, дамыған аймақтармен қатар, артта қалған аймақтарда стагнацияның болуы, көптеген елдердің тарихи дамуында белгілі бір сатылардың болмауы, таптық қайшылықтағы мүдделердің маңызының темендеуі, ғылыми-техникалық прогресті дамытуда субъективті (адамдық) фактордың рөлінің өсуі, салт-дәстүрлер, дін, ұлттық психологияның ерекшеліктері, олардың материалдық өндірістік қатынастан тәуелсіздігі.
Қоғамдық-экономикалық формация теориясы қазіргі заманғы, тіптен бұрынғы тарихи кезеңдердегі көптеген құбылыстар мен процестерді толық түсіндіре алмайды.
Қоғамдық дамудың өркениеттік
теориясындағы аса маңызды
Қазіргі өркениет техногендік сипаттағы адамның қоғамдағы жаңа жағдайын, теңдікті қамтамасыз ету мен жеке іс-әрекеттің еркіндігін талап етеді. Соған қарамастан, рынок заңдарының ықпалымен бәсекелестік нәтижесінде теңсіздік пен тәуелділік көрініс алады. Бірақ, қоғамдық санадағы теңдік пен еркіндік қағидалары, институционалдық нысандар (құқықтық және саяси) мен қорғау шаралары қоғамдық өмірдің қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді
Техногендік өркениет әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал еткеніне қарамастан, XX ғасырдың 70-90 жылдары өзінің өсу шегі бар екенін көрсете бастады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін экономикалық шығындардың үздіксіз артуы, табиғи ресурстардың көлемі экологиялық дағдарыспен шектелетінін айқындап берді. Техногендік өркениеттің шеңберінде қоғамдық дамудың қозғаушы күшін құрайтын мақсаттар мен мотивтер өздерінің мән-мағынасын өзгертті. Ғаламдық мәселелерді шешудің қажеттігі адамдардың рыноктық іс-әрекетінің мотивтерінің мәнін төмендетіп, осыған дейінгі техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың теріс салдарын жою үшін адамгершілік қағидалар бірінші кезекке шықты.
Экономикалық әрекеттердің
әмбебап әрі өте тиімді әдісі
ретінде рынок, қоғамды дамытуда
жаңа факторлардың әсеріне бейімделуі
тиіс. Бұл экономикалық субъект ретінде
мемлекеттің реттеушілік
Тақырып 7. Нарықтық
шаруашылықтың жалпы
Лекция жоспары: (1 сағат,5 апта).
Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.
“Рынок белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”,- А.Маршалл (Принципы политэкономии . М:1984).
Рыноктың атқаратын қызметтері:
Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
Қазіргі кезде өркениетті рыноктық қатынастарды қамтамасыз ететін жағдайларды таңдау аса маңызды. Мұндай жағдайларды екіге бөлуге болады:
1.Рыноктық байланыстарды
қамтамасыз ететін шаруашылық
жүргізудің қалыптасқан
-әртүрлі меншік нысандарының
қызмет етуін жетілдіру (жеке,
кооперативтік, акционерлік,
-мемлекеттік реттегіштерді
сақтай отырып өндірісті
-рыноктық инфрақұрылымды
дамыту. Ол негізгі үш рыноктың
қызмет ету дәрежесіне
2. Құқықтық заң актілерін
қабылдау шаруашылық жүргізуді
рыноктың жаңа әдістеріне сай
жетілдіру. Яғни: 1) Әртүрлі меншік
нысандарын иелену, пайдалану және
шаруашылық жүргізуді
Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады.
-тұтыну тауарларының рыногы (азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары).
-қызметтер рыногы (тұмыстық,
көлік, коммуникациялық қызмет)
-тұрғын үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыногы.
- жылжымайтын мүліктер рыногы.
- еңбек құралдарының рыногы.
- шикізаттар мен материалдар рыногы.
- энергетикалық ресурстар рыногы.
- пайдалы қазбалар рыногы.
- капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок.
- несие рыногы.
- бағалы қағаздар рыногы.
- валюта-ақша рыногы.
Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).
Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы .
Рыноктың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.
Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.
Тақырып 8. Сұраным және ұсыным теориясының негіздері.
Лекция жоспары: (1 сағат,6 апта)
Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.
Сұраныс рыноқтың
элементтерінің бірі. Ол өндірісті
үнемді пайдалану әдістері мен
ресурстарды тиімді бөлу
Бәсекелі
рынокта тауар айырбасы үшін
белгілі бір заңдар әрекет
етеді. Тауар айырбасы мен
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.
Сұраныс пен
баға арасындағы кері
7.1.1. сурет. Сұраныс қисығы.
D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.
Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:
Qd=a-b*Р
Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.
а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.
Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.
7.1.2.сурет. Ұсыныс қисығы.
Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:
Qs=a+b*Р
Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.
1) Тұтынушылардың саны.
2) Табыс деңгейі.
3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.
4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:
1) Өндіріс шығындары.
2) Салық мөлшері.
3) Технология.
4) Субсидия.
Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.