Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:57, лекция

Описание работы

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты.

Содержание

Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар және категориялар, олардың қолданылуы.
Өндіріс және оның қоғам өміріндегі рөлі. Өндіріс факторлары мен ресурстары.
Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Работа содержит 1 файл

Лекции.docx

— 114.34 Кб (Скачать)

Ал, маржиналистік теорияда өндіріс факторларын төрт топқа  бөледі: жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік  қызмет.

    1. Жер-табиғи фактор деп қаралады, бірақ, ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды, оған өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы қазбалар жатады.
    2. Капитал-өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдалынатын мүліктердің жиынтығы жатады. Оған: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б.
    3. Еңбек-игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады.
    4. Кәсіпкерлік қызмет- бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті пайдалануды талап етеді.

Өндіріс факторларын топтастырудың  келесідей айырмашылықтары бар:

Біріншіден, Маркстік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Ал, маржиналистер, өндірістік факторларды- өндірістің жүруіне қажет тек жалпы техникалық-экономикалық элементтер деп қарайды.

Екіншіден, маржиналистер капитал деп- еңбек құралдары мен заттары деп түсіндіреді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер болса табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді.

Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады.

 

Тақырып 10, 11. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Кәсіпорын  капиталының айналымы және шеңберлі айналымы.

Лекция  жоспары:( 1 сағат, 8 апта)

  1. Өндіріс факторларындағы сұраныс сипаты.
  2. Өндірістік функция.Шекті өнімділіктің кему заңы.

3.   Кәсіпорын капиталының  айналымы және шеңберлі айналымы.

  1. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

       Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені  ол барлық заттық факторлар қосымша  құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша  құн өндіретінін көрсетеді.

Өндірістің дамуының әрбір  жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс  жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар  болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Капиталдың алғашқы  қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Тауар өндірісі пайда болып  қалыптасқаннан бері, капитал мынадай  тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары  толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы  жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі  пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы  қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде  жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы  өндірістік процесті, осыған қатынасатын  өнеркәсіптік капиталдың функционалдық  формаларының өзгеруі бағытынан  қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A - T   ... O ... T1- A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында  тауар формасын алған өндіріс  факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл  капиталдың функциясы — өндіріске  жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің  қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> - A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған  капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп  отыратын жеке акт емес процесс деп  қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен  оның ауыспалы айналымы бір-бірімен  тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай  формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық  қайтып түскеңце капигал толық айналым  жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына  сәйкес, капитал непзгі және айналмалы  болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек  құралдарының құны жатады, айналмалыға  еңбек заттарының және жұмысшы күшінің  төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының  айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын  өнімге өзінің құның алмастыруының  әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал  — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Капиталдың қызмет ету  мерзімінің сипаттамалары өте маңызды  экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске  жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын  көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым  саны арқылы есептеледі:

п = о/т,

мұнда /7 — айналым саны,

0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш  ретінде, сату көлемі мен жұмсалған  капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп  отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.

Бұл фирманың айналмалы капиталға  салымының әрбір теңгесі бір  жылда бес айналыс жасағанын  көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей  аламыз.

Айналыстың көрсеткіштері  көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы  мағынасы өте зор болады, өйткені  айналмалы құрал-дардың ақша формасына  айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем  қабілетіне тікелей әсер етеді.

 

Тақырып 12. Кәсіпорынның шығындары мен табысы.

Лекция жоспары: (1 сағат,  9 апта)
  1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.
  2. Өндіріс шығындары классификациясы.
  3. Пайда мәні және оның түрлері. Шекті табыс.Фирма тепе-теңдігі.

      Егер сатып  алушыны тауарды алғанда бәрінен  бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы  болса, онда сатушы үшін маңыздысы  өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке  жағдайында өндіруші рынок бағасының  деңгейіне іс жүзінде әсер  ете алмайды, сондықтан өндіріс  шығындарының деңгейі пайдаға  да, өндірісті ұлғайту мөлшеріне  де әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның ағымдағы өндірісінде  туындайтын шығындары – басқарушылық есептің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Өндірістік шығындар туралы ақпараттар, сол шығындарды басқаруды ұйымдастыруы үшін өте  маңызды. Кәсіпорындағы өндірістік  шығындарды басқарудың басты мақсаты -   тиімділікті, ұтымды немесе оңтайлы  баға және шығын деңгейін орнату, алдын  ала белгілеген, көздеген табысқа  жету болып табылады. «Шығындар дегеніміз  – бұл кәсіпорынның табыс алуына бағытталыған шығындарының бір бөлігі.

Өндірістік шығындардың  негізгі элементтеріне мыналар  жатады:

1. материалдарға кеткен  тікелей шығындар;

2. еңбек ақы шығындары.

Өндірістік жанама шығындар өндірістік қызметке жатады және үш түрге  бөлінеді:

  • Материалдарға кеткен жанама шығындар;
  • Еңбек ақы төлеуге байланысты жанама шығындар;
  • Басқа да жанама шығындар.

Тікелей шығындар, алғашқы  құжаттар негізінде (тауар құжаттамасы, наряд), пайда болған уақытында оны дайын өнімге жатқызады (калькуляциялау объектісі). Ал өндірістік  үстеме шығындар пайда болған кезінде дайын өнімге жатқызылмайды. Дайын өнімге жатқызу үшін олар алдын ала жиналып есептеу арқылы өнімнің (тауардың, қызметтің) өзіндік құнына бөлініп қосылуы керек. Сонымен қатар өндірістік шығындар сомасын өнімге кеткен шығындар деп те атайды.

Бір өнімді өндіруге кеткен өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің  өндірістік бағасын өндірілген өнімнің  санына бөлу арқылы есептейді.

Өндірістік шығындар және үстеме жалпы шаруашылық шығындар коммерциялық шығындармен бірге өнімнің (тауардың, қызметтің) толық өзіндік құнын  құрайды.

Бақылау және реттеу функциясын жүзеге асыру – шығындарға анализ жасау және жоспарлы бюджеттік көрсеткіштердің  және ресурстар шығыстарының көрсетіштерінің  нормаға сәйкес болуына бақылау  жасау, жоспардан ауытқушылықтарды айқындау және нақты шығындардың  жоспарлы шығындардан көбеймеуіне  шараларды әзірлеу.

Ынталандыру (мотивация) функциясы  арқылы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылдырады (жұмысшыны немесе бөлімшені), қазіргі жағдайдағы мақсаты  – кәсіпорынның шығындарын төмендетуге  қызмет ету.

      Бағаның  төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары  бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуге  мәжбүр етеді. Егер орта шығындар  бағадан төмен болса, онда фирма  тепе-теңдік жағдайда бола тұра  «қарапайым пайдадан» жоғары  пайда алады, яғни үстеме пайда  немесе квазирента алады. 

      Орта шығындар  бағадан төмен болса, онда фирма  жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы  пайда алады деп тұжырымдалады.  Фирма тепе-теңдік шартын былайша  түсіндіруге болады: МС=МР=Р. Фирма  алатын жалпы пайда жалпы саудадан  түсірген табыстары мен шығындарының  арасындағы айырмашылық ретінде  анықталады: П = табыс – шығындар.

 

Тақырып 13. Өндіріс  факторларының нарығы және факторлық  табыстар.

Лекция  жоспары:( 1 сағат,10 апта)

  1. Еңбек нарығы және жұмысбастылық. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
  2. Еңбек ақы мәні және нысандары
  3. Жер нарығы. Рента және рента қатынасы.Жер бағасы.
  4. Капитал нарығы және пайыздық табыс.

     Адамзат қоғамында,  адамдар өмір сүру үшін қажет  тамақ, киім, тұрғын үй және  басқа материалдық игіліктер  болуы керек. Адамдардың өмір  сүруіне қажет заттар өндірілуге  тиіс, олардың барлығы өндіріс  процесінде жасалатынын білесіздер.

Өндіріс дегеніміз-адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекетін айтамыз, немесе, қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі.

Қоғамда қандайда болмасын өндіріс-түбінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Мұндағы, қажеттіліктер  дегеніміз-бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның іс-әрекеттерін қолдап, оларды жүзеге асыру болып табылады.

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі