Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 22:34, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің экономикадағы өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық жобаларды құру болып табылады. Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.

Содержание

Инвестиция, түрлері және экономикалық мәні.
1.1 Инвестиция және оның түрлері.
1.2 Инвестицияның қызметі және инвестициялық жобаның эконо -
микалық мәні.
1.3 Инвестициялық саясатты жүргізудегі шетелдік тәжірибе.

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және оның талдауы.
2.1 Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық -
экономикалық есептердің сатылары мен түрлері.
2.2 Қазақстан мен Ресейдің инфроқұрылымдық қорларын салыс -
тырмалы талдау.
2.3 Қазақстандағы инвестициялық қозғалыстар және олардың құ -
рылымдық ойысулары.
3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту.
3.1 Инвестицияның экономикалық, коммерциялық және бюджеттік
тиімділігін нығайту жолдары.
3.2 Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына тікелей
шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспар.
3.3 Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы инвестициялық ын -
тымақтастық.

Работа содержит 1 файл

Айтолкын.doc

— 159.00 Кб (Скачать)

      Инвестициялық  климат  мемлекетте,  аймақта  және  қалада  инвестицияның   қызмет  жағын  анықтайтын  заңдық,  нормативтік,  ұйымдастырушылық,  экономикалық,   әлеуметтік,  саяси  және  мәдени,  тағы  басқалары  бір-бірімен  байланысты  факторлардың  әсерінен  қалыптасады.  Яғни,  инвестициялық  климатты  бірнеше  көрсеткіштер  (факторлар)  арқылы  бағалауға болады.  Оларға:  экономикалық  реформаның  жағдайы;  банк  жүйесінің тұрақтылығы; саяси  реформаның  тұрақтылығы;  табиғи  және  еңбек  ресурстарымен  қамтамасыз  етілуі;   инвестициялық  қызметтің  құқықтық  реттелу  дәрежесі  және  халықаралық  стандартқа  сай  жасалған  заңдылықтар  мен нормативтік  актілердің  болуы;  инфляция  қарқыны;  сыртқы  экономикалық  байланыстар  дәрежесі;  білікті  жұмыс  күшінің  болуы;  мемлекеттік  нарық  потенциялының  сипаты  (ЖІӨ,  халық  саны);  нарық инфрақұрылымының  және  валюта  нарығының  дамуы,  тағы  басқалар  жатады.[Хабаршы  1(71)  2 к]  

       Шетел  инвесторлары  инвестициялық   климаттың  бұл  көрсеткіштерін  бағалап,  мемлекеттегі  инвестициялық   климатты  жағымды  немесе  жағымсыз  екендігін  анықтайды.  Егер  инвестициялық   климат  жағымды болса,  онда  инвесторлар инвестиция  туралы  шешім қабылдайды. 

       Қазақстан  ұзақ  мерзімге  бағытталған  “Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегиясына”  сәйкес  өзінің  динамикалық дамуын  жалғастыруда,  сонымен  қатар  біздің  алдымызда  -  Қазақстанды  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  елу  елінің  қатарына  енгізуіміз  қажет  деген  стратегиялық  мәселеміз  тұр. 

        Қазақстан  еліміздің  экономикасына   шетел  инвесторларын  тарту   саласы  бойынша  көптеген  нәтижелерге  жетті.  Қазақстанның  экономикасына  тартылған  тікелей  шетелдік  инвесторлардың  жалпы  түсімінің   өсулері  60-65 %  көлемін құрайды.  Егер  2006  жылы  Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың  жалпы түсімі  10,6 млрд                     

долларды   құраса  (2005  жылмен  салыстырғанда 60%   өскенін көрсетеді), ал  2007  жылы  Қазақстандағы тікелей шетелдік  инвестициялардың  жалпы түсімдері 17,5 млрд  долларды  құрады  (2006  жылмен  салыстырғанда 65%  өскенін көрсетеді).

         2008  жылдың  бірінші  кварталында   тікелей  шетелдік  инвестициялардың  жалпы  түсімдері  3,3  млрд  долларды,  ал  екінші  кварталында  3,972 млрд  долларды  құрады.  Яғни,  мұндай  жағдайда  әлемдік   қаржы  нарығындағы   болып  жатқан  жағдайларға  қарамастан,  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  түсімдерінің  тұрақтылығын  көруге  болады.  Қазақстанға  тікелей  шетелдік  инвестициялар  Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания,  Франция,  Италия,  Швейцария,  Ресей  елдерінен  белсенді  түрде  құйылуда.

         Қазақстан  экономикасының  саясатының  алғашқы    даму  кезеңдерінде  тікелей  шетелдік  инвестицияларды  тарту  мұнай  өнеркәсібіне  және  оның  инфроқұрылымына  ірі  жобаларды   жасауға  негізделінеді.  Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелдік  инвестициялардың  жалпы түсімдерінің  негізін мұнай-газ саласы  құрады.  2008 жылдың  бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдер  көлемінің 68%  мұнай жобаларына  бағытталды.  Мұнайдың  бағасы  тұрақтандырылған  және  оларды  төмендетуді  тоқтатқан  жағдайда  мұнай  саласы  бойынша  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  көлемі  бұрынғыдай  белсенді  рөл  атқарады.  Жалпы,  елімізде   тікелей  инвестициялар,  негізінен  мұнай  өндіру  және  өңдеу  өндірісіне,  түсті  және  қара  металлургия   көлемі  бойынша  ірі  инвесторлардың  бірі  АҚШ  елі  болып  келеді.  Соңғы  кездері  Қытай  мен  Ресей  елдері  де  біздің  елімізге  өз  инвестицияларын  салуда.  Бірақ  соған  қарамастан  қазіргі  кезде  мұнай-газ  саласына  инвестицияларды  тартуда  қиыншылықтар  туындауда  деп  айтуға  болады.

      Сонымен  қатар  Қазақстанда   экспортқа  бағытталған  экономиканы   және  де  бәсекеге   қабілетті,  жоғары  технологияны  дамыту  үшін  жағдайлар  жасау  мақсаттарында   жұмыстар  жүргізілуде. Бұл  алға  қойылған  мақсаттарға   жету  шетелдік  және  отандық  инвесторлардың  Қазақстанда  ’Инвесторлар  туралы’  заңымен реттеледі.  Бұл заңмен  шетелдік  және  отандық инвесторларға құқықтық  режимі  бірдей  және  заң бойынша біртұтас  талаптар  қойылыды. 

       Шетел  фирмаларының  тікелей   инвестициялары  тек  ішкі  капитал   салымдарының  қосымша   көзі  ретінде  ғана  емес,   сонымен  қатар  жаңа  жетілдірілген   технологияларға,  сыртқы  нарықтағы   өткізу  жүйесіне,  қаржыландырудың  жаңа  көздеріне  қол  жеткізу  тәсілі  ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  Шетел  инвесторлары  жаңа  өндірістерді  тез  құруға  көмектесуі  мүмкін.  Инвестициялар  нәтижесінде  мемлекеттік  табыстырдың  артуы  мемлекеттің  жалпы  экономикалық-әлеуметтік  өсуіне, тұрғындардың  өмір  сапасының  артуына,  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мүмкіндіктерін  құруға  жағдай  туғызады.[ 1(71)  4]       

      2009  жылдан  бастап  елімізде  үшжылдық  бюджет  жоспары  бойынша  жұмыс  жасады.  Мұның  бір  артықшылығы -  үшжылдық  кезеңге  арналған  экономиканы  және  әлеуметтік  саланы  дамытудың  басым  бағыттарын  заңнамалық  айқындау  жергілікті  кәсіпкерлер  мен  шетелдік  инвесторларға  өздерінің  бизнестерін  барынша  ауқымды  жоспарлауға  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  “Қазақстан-2030”  стратегиялық  бағдарламасының жүзеге  асуын ұзақ   мерзімді  бюджеттік жоспарлау сүрлеуден адастырмайды.  [9]

     Қазақстан  Республикасында   ағымдағы  жылы  көптеп  күткен  жұмыстар  қолға  алына  бастады.  Мысалы  айта  кететін болсақ,  Мойнақ  су  электр станциясы құрылысының бірінші   кезеңі  аяқталса,  қазақ-қытай магистралды газ құбыры,  Батыс-Еуропа   -   Батыс  Қытай  транзистік  автокөлік  жолдарын  жөндеу,  Қорғаныс-Жетіген  темір  жолын  салу  жобаларын  орындайтын  құрылыс  мекемелері  анықталып,  нақты  жұмыстың  алғашқы  қадамына  негіз  қаланып,  инвестиция  тарту арқылы  жүргізілмекші.

      Сонымен  қатар  Қытайдағы   «Датанг”  корпарациясы  мен Талдықорған -

Дағы  “ТТ-ГРУП”  ЖШС өзара келісімге  келіп,  бірлескен  кәсіпорын  құру   арқылы  Көксу  өзенінен  екі  бірдей  су  электр  станциясын  салуды  қолға  алмақшы.  Өңірде  қолға  алынатын  басқа  да  жобалар  толыққанды  жүзеге  асса,  тұтынушыны  қуат  көзімен  қамтамсыз  етумен  қатар  оны  сатып пайда табуға  да  мүмкіндік бар. [8] 

      Соңғы жылдары жаһандану үрдісінің символына айналған БЭФ-ке  Елбасы  алғаш рет 1992  жылы  қатысқан  болатын.  Содан бері  өткен жылдар  ішінде  дүниежүзілік  озық  ой  мен тың тәжірибелер  тұғырына  айналған  Давос форумына   Қ.Р-ның Президенті  Н.Ә. Назарбаев   сегізінші  рет  қатысып  отыр.  Елбасымыз  Давос  форумындағы  екінші  күнін  өз  салалары  бойынша  дүние  жүзінде  бірінші  орын  алатын  әлемнің  ең  ірі  30  компаниясының  жетекшілерімен  арнайы  кездесулер  өткізуден бастады.  Бұл компаниялар мұнай,  мұнай-химия,  энергетика,  металлургия және  өнімді  қайта өңдеу салалары  бойынша мол тәжірибе  жинақтап,  әлем  экономикасында  өзіндік қолтанбаларын қалдырған.  Президентіміздің  әлемдік  форумда  осы  компания  жетекшілерімен арнйы  жеке  кездесу  өткізудегі  мақсаты -  бүгінгі  дағдарыс  кезіндегі  күрделі   уақытта  Қазақстанға  келетін    инвестиция  тасқынын  төмендетпеу  және  дағдарыстан  кейінгі  кезеңде  қуатты  инвестиция арқылы  ел  экономикасының    дамуына  тың  серпін  беру.  Сонымен  қатар,  бұл  кездесуде  инвестициялық  қор  жетекшілері,  Майкл  Портер  сияқты  әлемдік  дәрежедегі  экономистер,  Дж.  Сорос  секілді  дүние  жүзіне  әйгілі  қаржыгерлер  қатысты.

         Елбасы  кездесуде  сөйлеген  сөзінде  дүние  жүзінің   ірі  іскер  топтарының  өкілдеріне  Қазақстанда  жан-жақты  таныстырды.   Қаржы  дағдарысына  қарамастан  елімізде  іске  асырылып  жатқан  үлкен  индустриалдық-инновациялық  жобалар  туралы  айтты.   Әлемдік  қаржы  дағдарысының  қиындықтарына  қарамастан  біз  жұмыс  істеп  жатырмыз  және  экономиканың  әр  түрлі  салаларына  инвестиция  тартуға  мүдделіміз  деп  атап  көрсете  келіп,  Президент  шетел  инвесторларын  қызықтыратын ауылшаруашылығы,  қайта  өңдеу  өндірісі,  минералды  шикізаттарды  қайта  өңдеу,  мұнай-химия  және  мұнай-газ  өндірісінің  машиналарын  жасау  салаларына  инвестиция  салуға  шақырды.  [10]         

      

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  кезіндегі техникалық-  экономи-

    калық есептердің  сатылары  мен  түрлері. 

    Инвестициялық  жоба -  күрделі  жұмсалымның  экономикалық  мақсатқа 

лайықталынған,  оның  іске   асыру  көлемі  мен  мерзімін  негіздеу,  сондай-ақ  инвестицияны  іске  қосуының  тәжірибелік  амалын  (әрекетін)  жазу  (су-реттеу).

        Оңтайлылық  (оңтайландыру)  -  оңтайын,  яғни  белгілі бір техникалық-

экономикалық  міндеттер  шешімінің  межелі  критерийлер  мен  айқындал -           ған   шектеулерден  ең  жақсы нұсқасын  табу  процесі.  

       Инвестициялық жобалар келесі  топтастыру  белгілер  негізінде ажыра-

тылады:

  1. жобалау  объектінің  деңгейі  бойынша;
  2. бағалау  кезеңінің  ұзақтығы;
  3. жобаның  нақтылығы   (жуық  немесе толық, жете);
  4. серпінділік  (динамикалық);
  5. оңтайландыру   критерийлері  (пайымдау  негізі).

      Жобалау  объектінің  деңгейі  жөнінде  төрт  деңгейде  ажыратуға   болады:

      1-ші  деңгей.  Шаруашылық-техникалық  кешен  (тау-кен  байыту  комби -наты,  тау-кен  металлургия  комбинаты).  Ол  негізгі өндірістік  өндіру,  байыту,  балқыту процестерін кірістіреді. 

       2-ші  деңгей.  Шаруашылық -  технологиялық   кешеннің  құрылымдық  элементі  (шахта,  карьер  байыту  фабрика,  қайта  өңдеу  цехі);

        3-ші  деңгей.   Тау-кен кәсіпорынның  құрылымдық  элементі  (аршу,  шахтадағы  ішкі  көлігі,  карьерлік  көлік);

        4-ші  деңгей.  Кен  қызу  жөніндегі   технологиялық  процестер   мен  опе-

рациялар  (бұрғылау,  арттыру,  тиеу,  тасымалдау,  қоймалау).

         Бағалау  кезеңінің ұзақтығы  мынадай:

         а)  болашақ -  15-20 жыл;

         б)  ұзақ  уақытты (мерзімді)  -  5-15 жыл;

         в) ора  мерзімді -  2-5 жыл;

         г)  ағымды  -  жыл,  ай;

         д)  жедел -тәулік,  ауысым. 

         Оңтайлы  міндеттер  шешімін  шығындардың  әр түрлі  уақытқа  қатыс -

тылығы,   анықтауышы  фактордың  серпінділігіне,  инвестициялық  жоба  -

ның  тиімділігін  бағалау  мерзімімен  байланысты  мыналарға  бөлуі  мүмкін:  серпінді  және  статикалық.

          Статикалық  міндеттер  шешімі  мына  келесі  шарттарға  сай  болуы  қажет:

          бағалау мерзімі бойында әр  нұсқа жылдық  және  ағымдағы  шығындар  өзгеріссіз  және  азғантай  өзгеуі  (5-15%)

       нұсқалар  көлемдері мен өнім  сапасы,  бағалау және  басқа  да  анық -

таушы  параметрлер  бойынша  салыстырмалы  түрге  келтірілуі.

          Статикалық  әдістерге  тау-кен   жабдықты,  кен  қазбаларды  жүргізу тәсілін,  желдету,  құрғату және  басқа да     

     

    .

    

Информация о работе Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары