Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 22:34, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің экономикадағы өзекті мәселелерінің бірі – инвестициялық жобаларды құру болып табылады. Президенттің үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.

Содержание

Инвестиция, түрлері және экономикалық мәні.
1.1 Инвестиция және оның түрлері.
1.2 Инвестицияның қызметі және инвестициялық жобаның эконо -
микалық мәні.
1.3 Инвестициялық саясатты жүргізудегі шетелдік тәжірибе.

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және оның талдауы.
2.1 Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық -
экономикалық есептердің сатылары мен түрлері.
2.2 Қазақстан мен Ресейдің инфроқұрылымдық қорларын салыс -
тырмалы талдау.
2.3 Қазақстандағы инвестициялық қозғалыстар және олардың құ -
рылымдық ойысулары.
3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту.
3.1 Инвестицияның экономикалық, коммерциялық және бюджеттік
тиімділігін нығайту жолдары.
3.2 Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына тікелей
шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспар.
3.3 Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы инвестициялық ын -
тымақтастық.

Работа содержит 1 файл

Айтолкын.doc

— 159.00 Кб (Скачать)

                                   Жоспар. 

  1. Инвестиция,  түрлері және  экономикалық  мәні.
  2.      1.1  Инвестиция  және  оның  түрлері.
  3.      1.2  Инвестицияның  қызметі  және  инвестициялық  жобаның  эконо -  
  4.             микалық  мәні.                                                         
  5.      1.3  Инвестициялық  саясатты  жүргізудегі  шетелдік  тәжірибе.
 
  1. Қазіргі  кездегі  Қазақстан  Республикасының  инвестициялық  саясаты және  оның  талдауы.
  2.      2.1  Инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  кезіндегі  техникалық -      
  3.             экономикалық  есептердің  сатылары  мен  түрлері.
  4.      2.2  Қазақстан  мен  Ресейдің  инфроқұрылымдық  қорларын  салыс -         
  5.             тырмалы  талдау.
  6.      2.3  Қазақстандағы инвестициялық қозғалыстар және  олардың   құ -  

           рылымдық  ойысулары. 

     3. Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық  ахуалды  жақсарту.

  •     3.1  Инвестицияның  экономикалық,  коммерциялық  және  бюджеттік  
  •            тиімділігін  нығайту  жолдары. 
  •     3.2  Қазақстан  экономикасының  шикізаттық  емес  секторына   тікелей
  •            шетелдік  инвестициялар  тарту   жөніндегі  ұлттық  жоспар.
  •     3.3  Қазақстан  мен  Еуропалық  одақ  арасындағы  инвестициялық  ын -
  •                 тымақтастық.

      
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      1. Инвестиция  және  оның  түрлері.
     

           Практикада  қорлану күрлелі қаржыны (инвестиция)  тартумен  жүзеге  асады.  Күрделі  қаржы  (инвестиция)  -  бұл жаңа  құрылысқа,  жабдықтауға,  жұмыс  жасап  тұрған  кәсіпорынды  ұлғайтумен  техника -лық  қайта  жабдықтауға,  тұрғын-үй,  мәдени  тұрмыстық   құрылысқа  кеткен  шығындар.

            ‘Инвестиция’  немістің  ‘ investion’  деген  сөзі  және  бұл  кәсіпорын- ға  (фирма)  пайда  табу  мақсатында  ұзақ  мерзімге  салынған  капитал мөлшерін  көрсетеді.  Осы тұроғыдан ‘инвестициялау’  күрделі қаржы -

      ға қарағанда кең мағына  білдіреді. [Шеденов]

            ‘Инвестиция’  деген сөз латынның  ‘инвест’  (салу)  деген сөзінен шыққан. [Есполов]

           ‘Инвестиция’  термині латынның  investre  -  ‘жұмылдыру’  сөзінен алынған. Бұл термин  ғылыми және  публицистикалық әдебиеттерде  кеңінен қолданылады.  Ғылыми  әдебиеттерде  инвестицияны  анықтаудың  әр  түрлі тәсілдері бар. 

            Инвестиция – бұл ақшаны,  оның  сақталуына  немесе  құнының  артуына  және  табыстың  оң  шамасын  қамтамасыз  етуге  үміт  арта  отырып,  орналастыруға  болатын   кез  келген  құрал. Бос  ақша  құралдары  инвестиция  болып  табылмайды,  себебі  қолма-қол  ақшаның  құнын  инфляция  жеп  қоюы  мүмкін  және  ол  ешқандай  да  табыс  әкелмейді. [Әлжанова]  

           Батыс елдері  экономикалық  теориия мектептері  инвестициялау процесін  былай түсінген:  кез келген  қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс,  пайда  немесе  пайдалылық  табу.  Бұған  акция,  облигация,   жинақ  сертификаттары,  сақтық  және  зейнеткерлік  қорға  және  басқаларға  жұмсалған  шығындар да  жатады. [Шеденов]

            Күрделі  қаржының  жүзеге  асуы,  кәсіпорынның  клиенттердің  акцияларының  бір  бөлігін  сатып  алу  арқылы  немесе  оған  қарыз  беріп,  оның  ішінде  ол  қарыздарын  акцияға  айналдыруымен  жүргізіледі.  Капиталды  тәуелділікпен  салу  жаңа  технологияны  енгізген  ұсақ  инновациялық  фирмаларды  қаржыландыру  қажеттілігінен  туады.  Тәуелсіздік  капиталға  әртүрлі  капитал  түрлерін  үйлестіре  береді:  қарыздық,  акционерлік,  кәсіпкерлік.  Ол  сондай-ақ  ғылыми-өнертапқыштық  фирмалардың-винчурлық  деп  аталатын  құрылуына  делдалдық  жасайды.  [Саясат  май  2009]    

            Инвестиция  теориясын  ағылшын  экономисі  Дж.  Кейнс  өзінің  ‘Еңбекпен  қамту,  пайыз  және  ақшаның  жалпы  теориясы’  (1936ж.)  еңбегінде қарастырды,  онда  ол  инвестицияны  өндіріске жан бітіретін және  тиімді  сұранымның  басты факторы  ретінде  анықтайды.  Инвестицияның  өсуі  ұлттық  табыстың  ұлғаюына,  өндіріске  қосымша  жұмыскерлерді  тартуға  ықпал  етеді,  яғни  жұмыссыздықты  жояды. [Шеденов]

             Пол  Самуэльсон  инвестицияландыру  туралы  былай  жазады:  ‘Біз  қоғамның  нақты  капиталының  таза   өсімін  білдіретін  нәрселерді  (ғимараттар,  қондырғылар,  өндіріс-материалдық  запастар  және т.б.)’ ‘таза  инвестицияландыру’  немесе  капитал қалыптасуы  деп атаймыз.  Тұрғындар үшін  жерді,  қолданыста  жүрген  құнды қағаздарды  немесе  меншіктің кез келген  түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады.Экономистер үшін  бұл тек таза  трансферттік  операциялар.  Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі  дезинвестицияландырады.  Таза  инвестицияландыру  тек жаңа  нақты капитал қалыптасқан кезде ғана  орын  алады.     

           У. Шарп  инвестицияны  былайша  анықтайды:  ‘Нақты  инвестицияларға  әдетте  қандай  да  бір  материалдық-көрнекті  активтер  түріне  инвестициялау  кіреді,  мысалы,  жер,  қондырғылар,  зауыттар  сияқты.  Қаржылық  инвестициялар  қағазда  жазылған  келісім-шарттарды, мысалы,  кәдімгі  акциялар  мен  облигациялар  сияқтыны  білдіреді.  Қарапайым  экономикаларда  инвестициялардың  негізгі  бөлігі  нақтыға  жатқызылса,  қазіргі  дәуірдің  экономикасында  инвестициялардың  үлкен  бөлігі  қаржылық  инвестициялар  болып  табылады.  Қаржылық  инвестицияландыру  институттарының  жоғары  дамуы  нақты  инвестицияның  өсуіне  едәуір  дәрежеде  ықпал  етеді.  Әдетте,  бұл  екі  форма  бәсекелес  емес,  бір-бірін  толықтырушы  болып  табылады.  В. Бочаров  инвестицияны  табыстың  тұтынуға  жұмсай  алмайтын  бөлігі  деп  түсінеді.  Инвестициялық  ресурстар  инвестициялық  іскерліктің  капиталдық  құнның   табыс  немесе  әлеуметтік  әсер  түріндегі  өсімі  алынатын  объектілеріне  трансформацияланады.’ [Әлжанова] 

             Экономикалық  теорияда  инвестицияның   мынадай  түрлері  анықталады:

    1. қаржылық  (финанстық)  және нақтылы;
    2. кеңейтілген  және  жетілдірілген;
    3. тікелей  және  қоржындық; 
    4. ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімділік.

       Инвестицияның  финанстық  және  нақтылы  болып  бөлінуі қаржыны

      салу  жолдарына  байланысты.  Қаржылық  (финанстық)  инвестициялар- бұл жеке  компаниялар мен мемлекет  тарапынан   шыққан  акциялар,  облигациялар,  т.б.  құнды  қағаздар  арқылы  жүргізілетін  салымдар.  Олар  нақтылы  капиталдың  өсуіне  ықпал  етеді.

            Нақтылы  инвестициялар  дегеніміз  -  негізгі  капиталға  және  материалдық-өндірістік   байлықтарды,  қорларды  (запасы)  сатып алуға жұмсалатын  қаржы. 

            Инвестицияның  кеңейтілген   және  жетілдірілген  болып   бөлінуі  негізгі капиталдың  мақсатына  байланысты.  Кеңейтілген   инвестиция  дегеніміз  -  өндірісте   жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындардың   өндірістік   қуатын  және  негізгі   капиталды  кеңейту  мақсатында  жаңа  өндіріс   қуатын,  негізгі  капиталдың  жаңасын  жасауға  жұмсалған  қаржылар.  Жетілдіру  инвестициясы  дегеніміз -  амортизациялық  қаржылар  арқылы өндірістік  капиталды  қалпына  келтіруге  және  жетілдіруге  жұмсалатын  шығндар. 

            Инвестицияның  тікелей  және  қоржындық  болып  бөлінуі   бұл  инвестициялардың  өндірісті   басқару  процесіңе  қатысуына   байланысты  орын  алады.  Тікелей  – бұл  инвестордың  компанияға  бақылау  жасаған  және  10% - дан кем емес  акцияға  ие  болған  жағлайындағы  капиталдың  салымдарын  айтады. 

            Қоржындық  инвестиция  дегеніміз  -  шетел  акциясына,  облигациясына   және  басқа  құнды  қағаздарға  салынған  шетел  капиталы.  Мұндай  инвестицияның  мақсаты   салық  жеңілдігі  арқылы  және  валюта  курсының  өзгеруі  арқылы  көтеріңкі  пайда,  табыс  алу. 

            Құнды  қағаздар  қоржыны   жеке  адамның  немесе  мекеменің   құнды  қағаздарға  ие  болуының  дәрежесін  анықтайды.  Құнды   қағаздар  қоржынына   акциялар,  облигациялар,  құжаттық  акцияларжәне  басқа  құнды  қағаздар  кіреді.

          Сонымен,   қоржындық инвестициялар деп -  шетел компаниясының акцияларын  ұстаушыларға  өндірісті басқару құқығын бермей  капиталдың  салымдарын  жүзеге  асыру  құқығын  айтады.

            Инвестицияның  ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  болып  бөлінуі  инвестицияларды  ақшаға  айналдыру  мерзіміне  байланысты.  Ұзақ  мерзімді  инвестициялар -  ол  инвесторлар  үшін  стратегиялық  маңызы  бар  және  келешекте  жұмсалатын  шығындардың  қаржысын  қайтаратын,  орнын  толтыратын  ірі  объектілер  арқылы  жұмсалған  капитал   салымдары.

             Ұзақ  мерзімді  инвестиция  дегеніміз  -  мемлекеттік  программа   бойынша  іс  жүзіне  асатын  рыноктық  инфрақұрылым  және  шетел  инвесторларын  ынталандыру  ретіндегі  іріленген  объектілерге  жұмсалатын  капитал. 

              Қысқа  мерзімді  инвестиция  дегеніміз -  қысқа  мерзім  ішінде  пайда,  табыс  табу  үшін  жұмсалған  қаржы.  Мұндай  инвестиция  көбінесе  тұтыну  заттарына,  сұраныстың  өсуіне,  өндірісті  техникалық  және  технологиялық  қайта  құру  процестеріне  байланысты 

              Қысқа  мерзімді  инвестициялар   деп -  өндірістік  жағдайлардың  кілт  өзгеріске  ұшырауына   байланысты,   коммерция  талабына  сай  қысқа  уақыт  ішінде  шығынның  орнын  толтыра  алатын  капиталдың  салымдарын  айтады.  Инвестициялық  қызмет  деп -  инвестицияларды  ақшаға  айналдыру  үшін  мемлекеттің,   жеке  адамдардың  практикалық  іс-қызметінің  жиынтығын  айтады. [Есполов]   

                
       
       

      1. Инвестицияның  қызметі  және  инвестициялық  жобалаудың                         

        Экономикалық  мәні. 
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

      ҚЫЗМЕТІ 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

              Инвестициялық  жоба -  бұл   экономикалық  пайда  табу  мақсатымен  ұзақ  мерзімге  жұмсалатын  ақшалай  және  басқа  да  ресурстар 

              Бұл  пайданы  есептеп   шығару  мен  бағалау  үшін  басқарушы  есептің  пайдаланатын  экономикалық  есептеулер  жүйесінің   біршама  элементтері  қолданылады. 

              Демек,  инвестициядағы  басқарушы  есеп   алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  және  соның  негізінде  басқарушылық  шешімдерді  қабылдау  үшін,  бірқатар  инвестициялық  жобаларды  талдауға  және  оларды  бақылауға  тура  келеді. 

              Тап  осыған  байланысты  жаңа  экономикалық  шындыққа  сәйкес  ұзақ  мерзімді  инвестициялардың  тиімділігін  бағалау  мен  талдау  жүйесі  ең бір  өзекті  мәселеге  айналып  отыр.

               Бүгінгі  таңда,  өмірлік   маңызы  бар  шаруашылық саласында   дұрыс  және  оптималды  басқарушылық  шешімдерін  қабылдауға  мүмкіндік  беретін,  шынайы  дәрежеде  экономикалық  белсенділік  деңгейін  көтеретін  және оны  сапалы  әдістемелік  тәсілмен  қамтамасыз  ететін  есептеулердің  қажеттілігі  пісіп  жетіледі. Ұзақ  мерзімді  инвестицияларды  талдау   және  есептеулурді  жүргізудің  барлық  бағыттар  бойынша  зерттеулер  жүргізудің  көкейтестілігі,  көптеген  қаржылық  ұйымдардың  да  (банктер,  сақтандыру  компаниялары,  инвестициялық  және  зейнетақы  қорлары  және  т.б.),  және  бірқатар  жеклеген  инвесторлардың  да,  алдында  тұрған  тауқыметті  мәселесі  болып  тұр.  Ал  бұдан  алынған  зерттеулерді  одан  әрі  іске  асыру,  одан  да  қиын  мәселе  болып  отыр.[ЕВР  СООБЩ.  -Тасмағанбетов]

    Информация о работе Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары