Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:42, курсовая работа
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы...........................................5
Инвестицияның қызметі мен операциялары және прициптері.....................8
II Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты........................................................21
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................22
III Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлар және инвестициялық ұйымдар
3.1 Талдау 2000-2011.............................................................................................27
3.2 Инвестицияны тартудағы Қазақстанға тиімділігі .......................................36
Қорытынды............................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................41
қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 % өскені байқалды.[2]
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.
2004 - 2005
жылдары негізгі капиталға
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.
Жоғарыда
айтылғандардың барлығы экономиканын
өсуі мен капиталдың корлануының
негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен
сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің
дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды
тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны
жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік
инвестициялар түсімін ынталандыруға
бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жоспарланған бағдарламасын іске асыру
- болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді
сақтауға мүмкіндік береді.[18]
3.2
ИНВЕСТИЦИЯНЫ ТАРТУДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАНҒА
ТИІМДІЛІГІ
Инвестициялар тарту ұлттық экономиканың экономикалық өсімі мен оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдік өндірістік үдерістермен ықпалдасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қабылдаушы елдің экономикасына шетелдік инвестициялар ағыны кәсіпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетіп, озық технологияларды тарта және олардың жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екі он жылдықта жаһандық инвестициялар үшін бәсекенің күшеюі байқалады, бұл өз кезегінде мемлекеттің алдына елдің инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешенді шараларын әзірлеу мен жүргізу міндетін қояды.
Мемлекет 2008 - 2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарысты еңсеру жағдайында өзінің инвестициялық саясатын әлемдегі тұрақты және табысты нарықтарды қажет ететін тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың әлемдегі бар мүмкіндіктерді пайдаланатындай етіп түзетуі қажет. Бұдан басқа елдің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестицияларды тарту саясатының негізгі міндеті оларды өндіруші сектордан қайта өңдеу секторына қайта бөлу болуы тиіс.
Жаһандық нарықтарға ықпалдасумен қатар, экономиканың экспортқа бағдарланған өңдеуші секторларын дамыту міндеттерін шешу үшін экономикалық мүдделерді жылжытудың тиімді жүйесін қалыптастыру мен сыртқы нарықтардағы сауда және саудалық емес кедергілерді жедел жою, сондай-ақ өңделген экспортты жылжыту институттарын одан әрі дамыту қажет болады.
2007 жылғы 6 қазандағы шартқа сәйкес Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын құрғаны белгілі.
Кеден одағын қалыптастыру бірыңғай кеден одағын құруды көздейді, оның шегінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қоспағанда, кеден баждары мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде бірыңғай кедендік тариф үшінші елдермен тауар саудасын реттеудің басқа да бірыңғай шаралары қолданылады.
Кеден одағын құру тұрғысынан Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мәселесі инвестициялар үшін бәсекелестікте алдыңғы жоспарға шығады. Қазақстанның инвестициялық ахуалы кемінде Кеден одағына басқа да қатысушы елдердің тартымдылығынан кем болмауы тиіс.
Кеден
одағы шеңберінде Қазақстан үшін
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен жинақтаушыларға кеден төлемін төлеуден босатуға инвестициялық преференциялар сақталады.
Осылайша, Қазақстанда қазірдің өзінде ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге, бірінші кезекте кеден одағы елдеріне бағдарланған өндірістерді құру үшін жағдайлар жасалған және оларды одан әрі жақсарту бойынша айтарлықтай байсалды жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама мемлекет жүргізіп отырған экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып табылады және Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі әдістерін өзіне біріктіріп отыр. Бағдарлама қосылған құны жоғары отандық өндіріске тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандырудың кешенді жүйесін, сондай-ақ қосылған құны жоғары отандық өндірістің мемлекеттік ынталандыру жүйесін құруға және экспорттық бағдарды қолдауға бағытталған.
Инвестициялар ағынын, АЭА және экспорттың дамуын ынталандыратын және жағдай туғызатын жүйені құру макродеңгейдегі экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ жеке әдістемені іске асыру негізінде сұрыптық шараларды, экономиканың нақты секторларын, кәсіпорындар мен жобалар тобын сервистік қолдау шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелік шаралары тартымды инвестициялық макроахуалды және заңнамалық базаны қалыптастыруға, экономиканың шикізаттық емес секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелік жағдайларын қамтамасыз ету шараларына, сондай-ақ ұлттық өндірушілердің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру шараларына шоғырланады. Сұрыптау шаралары шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуде дара (атаулы) әдістің, экспортқа бағдарланған секторларды, кәсіпорындар мен жобаларды қаржылай және сервистік қолдау шараларының аралас пакетінің негізінде жүзеге
асырылатын
болады, сондай-ақ елдің халықаралық
капитал нарықтарындағы оң инвестициялық
беделін қалыптастыруға бағытталатын
болады. Елдің экономикасына
Мемлекет
өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын
республикалық деңгейде де өңірлік
деңгейлерде де тиімді ынтымақтастық
институттарын қалыптастыру негізінде
жүйелеп, жолға қоятын болады. Ынтымақтастықты
құру барлық мүдделі тараптардың белсенді
және орнықты бастама қағидаттарына, тұрақты
жұмыс істейтін конструктивті диалог
пен ұлттық және салалық мүдделердің теңгерімін
сақтауға сүйенетін болды.
Қорытынды
Шетелдік тікелей
инвестицияның өсу себептері
және күтілетін үрдістері түралы
мыналарды айтуға болады. Халықаралық
капитал жылжуының негізгі
2000-2004 жылдары
елімізге тікелей инвестиция
тарту бағдарламасына сәйкес , «1999-2000»
жылдардағы Қазақстанға
Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – ьшарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр. Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :
Аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :
- Қазақстан нарығының
іскерлік белсенділіктің
- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;
- Өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күшінің әлсіздік дағдарыстың орын алуы ;
- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы ;
Инвестициялық
саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру
үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай
– газ қоры , мемлекеттік неие
ұйымы сияқты қаржылық институттар
мен механизмдерге мән беруі шарт
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Инвестиция және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат