Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:42, курсовая работа
Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы...........................................5
Инвестицияның қызметі мен операциялары және прициптері.....................8
II Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты........................................................21
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................22
III Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлар және инвестициялық ұйымдар
3.1 Талдау 2000-2011.............................................................................................27
3.2 Инвестицияны тартудағы Қазақстанға тиімділігі .......................................36
Қорытынды............................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................41
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін
жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.
Сөйтіп,
инвестициялар - Қазақстан экономикасының
қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ
ИНВЕСТОРЛАР
ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҰЙЫМДАР
3.1 ТАЛДАУ 2000-2011
Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азия жолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. [14] Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық қарсылық көрсетіп бақты. [8]
Қазақстанның
тағы бір ерекшелігі – географиялық
құрылымдық жағдайы мұхиттармен
шектеспейді. Соның кесірінен, шикізат
пен өнеркәсіп тауарларын шетке
шығару немесе шетелден әкелу әжептәуір
шығындар мен жоғарыкәсіби дипломатиялық
келіссөздерге қажет. Мәселен, Түркістанда
зират арқылы өтетін болғандықтан мұнай-газ
құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындар
қарсылық білдіріп, ойланғандарын іске
астыртпай тастады. Кейбір мемлекеттір
өз аумағындағы құбырдан өтіп жатқан мұнайды
заңсыз жолмен бұрып та алады екен.. Әдейі
жарып жіберетіндері де табылады. Халықаралық
келісім бойынша, Қазақстан аумағы мұхитпен
шектеспейтін болғандықтан халықаралық
ұйым біздің елге өтемақы төлейді.
Әлемдегі кез-келген дамыған елдердің
барлығы да мұхиттармен шектеседі. Ондай
мемлекеттедің
әртүрлі тауар таситын үлкен танкерлері балады. Халықаралық келісім бойынша, бейтарап зона белгіленіп қойылады. Ол белгілетен бейтарап зонамен кез-келген мемлекеттің кемелері ешқандай ақы төлемей өздерінің жалауларын желбіретіп жүзе беруге хақы бар. Мәселен, күншығыс елінен танкир шықсын, араб мемлекеттеріне барарда өзіне өнеркәсіп тауарларын толтырып тиеп алады да, қайтар кезінде мұнай шикізатымен елінее оралады. Кедергісіз әрі шығыны аз. Оларды шекарада құрлықтағыдай ешкім ұстап, тексеріп жатпайды.
«Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық
корпарациясын бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы
аты « Испат - Кармет»). Түсінікті
болу үшін бұрынғы атымен атай
берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал.
Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами
Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен
саналады, оның жеке байлығының мөлшері
20 миллиард доллардан асып жығылады.
FогВes журналы Лакшами Митталды Еуропада
саясат пен экономикаға өз ықпалын жүргізетінін
жазған. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік
Африка, Индонезия, Алжир, Польша, Чехия,
Франция және Германиядағы болат қарытатын
ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа
құрылығындағы ең ірілердің қатарына
жататын Румыниядағы болат қорытатын
зауытқа да оның ықпалы бар көрінеді. Лакшами
Миттал 1995 жылдан бастап Испат-Кармет
иесі. «Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша,
ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты
400 миллион долларға сатып алған екен.
Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп
жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына
не берді, қандай мөлшерде инвестиция
құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі
«Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат
қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион
тонна болат береді. Өндірілген өнімнің
96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне
жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің
мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан
2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің
бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал,
одан басқа 630 миллион доллар көлемінде
зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция
салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы
бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің
(ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 млрд.
доллар құраса, демек оның 10% 3 миллард
750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами
Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын
жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды
жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет»
1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары
бар Қарағанды облысын 6-7 жылдың ішінде
аяғынан тік тұрғызып қана қоймай, республикалық
бюджетке де көп мөлшерде салық төлеуде.
Мемлекеттік мудде жағынан қарағанда,
Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке
қаржы-экономика жағынан өте тиімді. Қазақстанда
тұратын және шетелде тұратьш қалталы
қазақтардың қайсысы отанымыздың экономикасына
инвестиция кұйыпты? Жеңіл жолмен тапқан
ақшаларын супер-маркет пен козинолар,
базарлар, сауна салудан әрі бармайды.
Біздің қалталыларымыз бір күндік қарын
тоқтығын ойлайды. Дана бабаларымыз айтпақшы
«Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш
жылдығын ойламаған
еркектен без». [14]
Инвестицияларды кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:
Инвестицияны тар мағынадағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтканда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес өйткені ақшаның құндылығын ицфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс акелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвсстиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалары) мүлік, жерді пайдалану құқығы. табиғи ресурстар, мүліктін құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны "тірі және затталған еңбектің өндірістін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда косымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі". М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс
пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды
мүліктің осы кезендегі өндіріс
әрекеті нәтижесіндегі
2005 жылы
Қазақстан Республикасындағы
капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2 % қүрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2003 жылғымен салыстырғанда 10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % , 2006 жылы 33,0%) өсті.
2003 жылдың
деңгейіне қарағанда негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған басқа
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Кең өндіру
өнеркәсібінде негізгі
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі
капиталға жұмсалған
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.
Негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі капиталға
жұмсалған инвестицияларды
Информация о работе Инвестиция және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат