Инвестиция және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:42, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы...........................................5
Инвестицияның қызметі мен операциялары және прициптері.....................8

II Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты........................................................21
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................22
III Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлар және инвестициялық ұйымдар
3.1 Талдау 2000-2011.............................................................................................27
3.2 Инвестицияны тартудағы Қазақстанға тиімділігі .......................................36
Қорытынды............................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................41

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 252.50 Кб (Скачать)

Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті  қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті  ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикада инвестициялық іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны белсенді жүргізілуі ықпал етеді. 

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ МЕН ЕСЕБІ 
 

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық  саясаты

Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты олардың  таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты әзірлеу барысында мақсатқа сай, келесі белгілерді сақтау керек.

      1. Жоғары экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету.
      2. Салынған капиталдан кәсіпорын қолайлы табыс табуы керек.
      3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану
      4. Инвестициялар тиімділігін жоғарылату үшін мемлекет араласуын қолдау
      5. Шетел инвесторларынан несие жеңілдіктерін алу
      6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту

Коммерциялық  тәуекелдіктің әсер етуі (құрылыстық, өндірістік және көліктік) т.б жобалау  табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдіктер тапсырыс берушілер арқылы азайтылуы мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуын, коммерциялық емес тәуекелдіктерден қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметімен қадағаланады.

Мемлекеттік капиталдық салымдарды қаржыландырудағы шығындар қарастырылады.

Мемлекеттік бюджетте-егер де олар сәйкес федералдық мақсатты бағдарламаға кеткен шығыстардың  бөлігі болса.

Қазақстан Республикасының субъектілер бюджетінде егерде сәйкес аймақтық мақсатты бағдарламаға кеткен шығындар болса.

Мемлекеттік бюджет шоттарынан қаржыланатын инвестициялық жобаларды әзірлеу,  қарастыру және бекіту сияқты федералдық мақсатты, бағдарлама мемлекеттік бюджеттің орындалу есебін көһрсету барысында, бюджеттік несиелердің өтелу есептері де көрсетіледі.

Бюджетті  орындайтын органдар берілген бюджеттен нестелер жөнінде реестр жүргізеді.

Егер  капиталдық салымдар кәсіпорындар мен  корпорациялардың меншік құралдарының негізінде жүзеге асатын болса, құрылыс  жөніндегі серіктестер қаржылық салымдардың қаржыландыру шартын және тәртібін анықтайды.

Қазіргі кезде құрылыс салушы кәсіпорындар өз бетінше инвестициялық бағдарламаларды  жасайды және өткізу үшін қажетті  материалдық және қаржылық ресурстарды  үлестіреді. Кәсіпорынның инвестициялық  бюджеті директивті құжат болып  табылмайды, керісінше капиталдық салымдарды қаржыландыру көздерінің стратегиясын белгілейді.

  • Менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұйымдық жоспары
  • Өнім және менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұжымдық жоспары
  • өнім және маркетинг жоспары
  • жобаны өткізудің қаржылық жоспары
  • капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін бағалау

Жобаны  өткізудің қаржылық жоспары бизнес-жоспардың  басты бөлігі болып табылады. Ақша ағымдары ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтер арқылы анықталады. Қызметтердің әрбір түрі бойынша  есептер кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жыныстануы мен сальдо түсімінің белгіленуімен анықталады.

Кәсіпорынның  инвестициялық қызметін әзірлеу  барысында жобаларды өткізумен  байланысты мүмкін болатын тәуекелділіктерді  мақсатты бағалау керек.

2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері 

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [5]

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі  қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен  тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін  құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру  компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[10]

Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін  қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану  тек оны банкке салып, процент  алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

Егер  инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен  салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.

Тағы  бір мысал келтірейік. Сіз бір  шаруашылық объектісін салуға 500 мың  теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы  салымының басындағы көлемін  жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.

Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

Пайданың  жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

1) Жалпы  пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;

2)  Таза  пайда   +   жалпы  инвестициялық  шығынға жатқызылған амортизация.

Пайданың  жай нормасының кемшіліктері болады:

а) негізге  алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;

б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл  сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай  есептің тәжірибелік мәні: егер өсу  процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

Үшінші  варианттың мүмкіндігі бар: базалық  сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан  кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті  сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.

Мына  мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің  кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.

Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы  экономикалық тиімділікті уақытша  өзгерістерді есептей отырып, бағалау  керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде  де объективті пайдалылығы төмен  болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

Дисконттау  арқылы қазіргі соманың ақшалық  эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік  болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

КС = БСх(п + г), мұндағы -

КС - келешектегі  ақша сомасы (келешек құн);

БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;

п   - табысты қосып есептейтін жылдар саны.

Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула

бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17]

Информация о работе Инвестиция және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат