Инфляция в РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазқстан барлық маңызды инвестициялық жобалармен қолданыла алады, оның ішіне білікті кадрларда кіреді. ҚР «Мемлекеттік тікелей инвестицияларды сату туралы» заңы инвесторларға үлкен табыстылық әкеледі және де оларға льготалар және жобаларды қалыптастыру. Жалпы жаңа кәсіпорындар мен технологиялық деңгейлерді көтеретін жұмыс орындары. Бірақ инвесторлар алдында мұнай табу жөнінде келесідей қиыншылықтар туады: жеке таңдау бойынша қаралу кәсіпорындар (жоғары тәуекел, аз инвестициялар) немесе шығару бойынша коммерциялық кәсіпорындар (жоғары инвестициялар, төмен тәуекел) инвестордың мақсаты мен стратегиясынан тұратын болса.

Содержание

Кіріспе............................................................................................ 3
І Тарау
1.1 Қазақстан экономикасындағы тікелей инвестиция................... 5
1.2 Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау............................... 7
ІІ Тарау
2.1 Қаржы нарығы, инвестиция нарығы және оларды қаржы-несиелік қадағалауда қолданылған әдістер................................ 10
2.2 Шетел инвестицияларын тартудың қағидалары........................ 13
ІІІ Тарау
3.1 Қазақстандағы инвестицияны мемлекеттік басқару жүйесі..... 17
3.2 Инвестициялық саясат және оның дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік қабілеті.................................................................... 20
Қорытынды........................................................................... 25
Қолданылған әдебиеттер......................................................... 27
Қосымша........................................................................................ 28

Работа содержит 1 файл

инвестиция-курсовая-реферат.doc

— 164.50 Кб (Скачать)

    Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР-на тікелей инвестицияларды тару жұмыстарын ұйымдастыру; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

    «Тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңды дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдыңсәуір айының 5 жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасының басым секторларының тізімі жөнінде Жарлық шығарды. Бұл секторларға жататындар:

    • Өндірістік инфрақұрылым. (жолдар, көлік, көпірлер, электр және жылу станциялары, телебайланыс топтары);
    • Өндеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарлырды, өндіріс құралдарын өндіру);
    • Астана қаласының объектілері;
    • Тұрғын үй, әлеуметтік сала мен туризм объектілер (денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, туризм объектісі);
    • Ауыл шаруашылығы.

    Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген, ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар, инвестициялық  жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде  мемлекет тарапынан ынталандыратындылығы мен қолданатындығы Жарлықта бекітілген. 
 
 

    ІІ  Тарау

    2.1 Қаржы нарығы, инвестиция  нарығы және оларды  қаржылық-несиелік  қадағалауда қолданылған  әдістер 

    Нарықтық  экономикада инвестиция кез-келген формада қаржы жұмсау процесі  ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты.

    Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды  қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырады. Инвестициялардың түрлері  бойынша тәуекелділік, тікелей, портфельділік және аннуитеттік болып бөлінеді.

    Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалған капиталға жұмсалуы болып табылады.

    Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі. Қағида бойынша, қоржындарды (портфельдерді) басқару екі тәсілге бөлінеді:

    1. активтік;
    2. пассивтік.

    Активтік  басқару – инвестициялық қоржынан алынған табыс мөлшерінің мүмкіндігін болжайтындығын сипаттайды.

    Пассивтік басқарудың мәні - күні бұрын тәуекелділік деңгейі анықтыалған және қоржынды өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған қоржындарды жасаудан тұрады.

    Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт аралық салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

    Қазіргі кезде сыртқы несиелер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвесициялармен  шатастырмау керек. Несие мен  қарыздардың бәрі инвестицияларға  жата бермейді.

    Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыру және тағы басқа нарықтық қатынастардың жиынтығы.

    1 - сызба.

    

2 - сызба.

      

    Жалпы дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар  жатады:

    1. Сыртқы сауда;
    2. Шетелдік инвестициялау.

    Жалпы қаржылық менеджментте белгілі бір  мақсатқа жету үшін, кәсіпорынды зерттеп  талдау үшін олардың мақсатына қарай аналитикалық зерттеуді талдап жүргізуге болады, және де оның ең маңыздысы  - инвестиция бойынша шешімдерді қабылдаудан кәсіпорын сырттан алынатын қаржы қаражыттарды пайдаланудың тиімділігін анықтау, яғни кәсіпорын өз қарыздарын уақтылы қосымша пайызсыз қайтарылуын зерттей отырады. 

2.2 Шетел инвестицияларын  тартудың қағидалары 

    Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шетелдердің  капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

    «Әрине  кез-келген стратегияның құндылығы  түпкі болуында емес, сәтті жүзеге асырылуында». Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбінде шетел инвестицияларын  белсенді тарту мен инвесторларға  саяси кепілдер беруді болжайды. Өкінішке орай, жақын болашақта ішкі ресурстарға сенуге болмайды.

    Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы  ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік  ғылыми-техникалық жетістіктер, технолоғиялар  енетін маңызды арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

    Жаңа  қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

    Бұл қағидалар:

    • Экономикалық мақсатқа сәикестілік – ол сол немесе басқа әлуметтік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвестициялары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады;
    • Әлуметтік экономикалық тиімділік – кез-келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден бір шарты. Бұл қағида: шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды дайындайды;
    • Экономикалық-экологиялық қауіпсіздік – егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне (мысалы, жер) шетел капиталының еркін кіруіншектеу қажет;
    • Шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;
    • Экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сондықтан Республикада 2000 жылға дейін кезеңде тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды өндірістердің тізімі бекітілген. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс;
    • Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі – осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;
    • Ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.

    Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.

    Сонымен қатар елде бұл процесті басқару  барысында оның дамуының стратегиясын анықтаушы және тартымды күші бар  бірқатар глобалды факторларды ескеру қажет. Мұнда ең бірінші, республиканың  қуатты потенциалы туралы сөз болуы  тиіс. Біздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылыды. Осы салаларды дамыту мен оларды басқарудың тиімділігін арттыру мемлекеттің ерекше назар аударуын талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын минералды шикізаттың потенциалды құндылығы – 8,7 триллион долларға бағаланады. Минералды шикізат кешеніндегі реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер қойнаун пайдалану мен жер қойнаун қорғауды басқару мен реттеу қағидаларының негізінде жүргізіледі.

    Келесі  фактор, Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің қуатты әлеуетінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді  дақылдарды Орта Азия нарағына экспорттау мүмкіндіктері болып табылыды.

    Үшіншіден, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясының басымдылықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай құбырларын, магистралды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминалдары, әуежайлар құрылысы. Басқаша айтқанда – бұл дамыған байланыс торабын құру.

    Төртіншіден, адам ресурстарына капитал салу. Қазақстанның тұрғын халқының білім алу деңгейінің жеткіліктігі әрқашан оның интелектуалдық әлеуетінің айрықша белгісі болатын. Бұл фактор республиканың бәсәкелестікке қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуетін қалыптастыру мен жеке тұлғаны дамытуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді инвестициялар болып табылатындылығы бұрыннан есептеліп келуде.

    Инвестициялық қызметті басқаруда жоғары келтірілген  қағидаларды тиімді және саналы қолдану, сондай-ақ елдің потенциалды мумкіндіктерін барынша ескеру, шетелдік және отандық инвестициялар үшін де қолайлы, тартымды атмосфера жасайды. 

ІІІ Тарау

    3.1 Қазақстандағы инвестицияны  мемлекеттік басқару  жүйесі 

    Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болады.

    Қазақстандағы мемлекеттік инвестицялар жүйесін  оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды  басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы» заң (1991 ж.); «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі ереже ( (1993 ж.); «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992 ж.); «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996 ж.); «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қолар туралы» ҚР-ның заңы (наурыз 1997 ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

    Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс  орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны  мен әртараптандыру саласында мемлекеттік  инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

    Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикаға инвестицияларды  тартау бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бірқатар нагізгі кемшіліктерін анықтады. Олар мына төмендегіге саяды:

    • Шетел инвесторлары мен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы;
    • Несиелер бөлу, әсіресе, алғашқы кезеңде оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамасыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу;
    • Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі;
    • Шетел несиелерін беру мен олардың мақсатты қоладануын бақылау механизімі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы;
    • әлеуметтік, өндірістік, нарықтық инфрақұрылымның жетілмегендігі;
    • нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлердің жетіспеулігі.

    Инвестицияларды мемлекетік басқару жүйесіне инвестициялық  белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экоономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру қрамына келесілер кіру қажет: шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау; жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысы қайта бөлу есебінен; әрбір инвесьтициялық жобаны әлеуметтік - экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдылықтарына сәйкестігін алдын - ала міндетті сарапшылдаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік - коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.

Информация о работе Инфляция в РК