Инфляция в РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазқстан барлық маңызды инвестициялық жобалармен қолданыла алады, оның ішіне білікті кадрларда кіреді. ҚР «Мемлекеттік тікелей инвестицияларды сату туралы» заңы инвесторларға үлкен табыстылық әкеледі және де оларға льготалар және жобаларды қалыптастыру. Жалпы жаңа кәсіпорындар мен технологиялық деңгейлерді көтеретін жұмыс орындары. Бірақ инвесторлар алдында мұнай табу жөнінде келесідей қиыншылықтар туады: жеке таңдау бойынша қаралу кәсіпорындар (жоғары тәуекел, аз инвестициялар) немесе шығару бойынша коммерциялық кәсіпорындар (жоғары инвестициялар, төмен тәуекел) инвестордың мақсаты мен стратегиясынан тұратын болса.

Содержание

Кіріспе............................................................................................ 3
І Тарау
1.1 Қазақстан экономикасындағы тікелей инвестиция................... 5
1.2 Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау............................... 7
ІІ Тарау
2.1 Қаржы нарығы, инвестиция нарығы және оларды қаржы-несиелік қадағалауда қолданылған әдістер................................ 10
2.2 Шетел инвестицияларын тартудың қағидалары........................ 13
ІІІ Тарау
3.1 Қазақстандағы инвестицияны мемлекеттік басқару жүйесі..... 17
3.2 Инвестициялық саясат және оның дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік қабілеті.................................................................... 20
Қорытынды........................................................................... 25
Қолданылған әдебиеттер......................................................... 27
Қосымша........................................................................................ 28

Работа содержит 1 файл

инвестиция-курсовая-реферат.doc

— 164.50 Кб (Скачать)
    
          Жоспар 
    
     
      Кіріспе............................................................................................ 3
     І     Тарау      
1.1 Қазақстан экономикасындағы тікелей инвестиция................... 5
1.2 Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау............................... 7
ІІ     Тарау      
2.1 Қаржы нарығы, инвестиция нарығы және оларды қаржы-несиелік қадағалауда  қолданылған әдістер................................ 10
2.2 Шетел инвестицияларын  тартудың қағидалары........................ 13
ІІІ Тарау      
3.1 Қазақстандағы инвестицияны мемлекеттік басқару  жүйесі..... 17
3.2 Инвестициялық саясат және оның дүниежүзілік нарықтағы  бәсекелестік қабілеті....................................................................     20
      Қорытынды........................................................................... 25
      Қолданылған әдебиеттер......................................................... 27
      Қосымша........................................................................................ 28
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Қазіргі кезде Қазқстан барлық маңызды инвестициялық  жобалармен қолданыла алады, оның ішіне  білікті кадрларда кіреді. ҚР «Мемлекеттік тікелей инвестицияларды сату туралы»  заңы инвесторларға үлкен табыстылық әкеледі және де оларға льготалар  және жобаларды қалыптастыру. Жалпы жаңа кәсіпорындар мен  технологиялық деңгейлерді көтеретін жұмыс орындары. Бірақ инвесторлар алдында мұнай табу жөнінде келесідей қиыншылықтар туады: жеке таңдау бойынша қаралу кәсіпорындар (жоғары тәуекел, аз инвестициялар) немесе шығару бойынша коммерциялық кәсіпорындар (жоғары инвестициялар, төмен тәуекел) инвестордың мақсаты мен стратегиясынан тұратын болса.

    Бүгінгі мұнай мен газдың деңгейі Қазақстандағы  шектеулі қажеттіліктерді толықтырып отыр. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі географиялық нарығы, оның ішіне мұнай табу жерлерінің мұнай өнімдерін пайдалану жерлерінен алыс болуы әртүрлі қыйыншылықтар туғызады. Сондай-ақ,  мұнай өнімдерін экспорттауға қажетті техниканың аз болуы бүкіл әлем нарықтарына шығуға бөгет болып отыр, онда да экспорт денгейі (жылына 5-6 млн. т.) қалыпты.

    Әрине, коммерциялық кәсіпорындардың инвестициялары біздің еліміздің әлуметтік-экономикалық жағдайына көмектеседі. Мысалы, шетел  инвесторларының қатысуы арқылы Қарағандылық газконденсатының кен  орны құрастырылды, салынған: 350 орынға мәдени орталық (қазақ драма театоры); 1000 орынға шұғыл спортпен айналысатын мектебі; Уральск қаласында жүзгіш бассейні; газотурбиналық станция және т.б.

    Облысттық әлеуметтік-экономикалық кеңейуінің шарты  экономикаға міндетті түрде отандық және шетелдерінің инвестициясын тарту болып табылады. Облысттың қажетті мықты инвестициялық потенциалы бар. Қыиыншылық туғызып тұрғаны ол облысттарда ары қарай даму ұшін керекті шаралар жасалмайды. Сондықтан инвестицияларды тарту мен орналастыру бойынша жүйе облыстағы экономикалық жағдайды ескере отырып құрылуы керек.

    Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік  бюджеттің мүмкіндігі шектеулі екендігі белгілі. Мұндай жағдайда бюджеттік  қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизімдеріне көшу қажет. Бүгінгі таңда коммерциялық банктер, негізінен, не сатып алуды несиелеуге бағдарланған, не ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Ұлттық банктің ұйғарымы банктердің шағын кәсіпкерлікке несие беруге мүдделігін туғызудың нақты механизімдерін енгізусіз, күткендегідей  нәтиже бермеді. Шағын өндірістік бизнес өтімді мүдделері саласынан тыс қалып келеді.

    Осыған  байланысты шағын кәсіпкерлікті  лизинктік несиелер беру, сақтандыру, франчайзингті дамыту түрінде және қолдаудың басқа да дәстүрлі де емес түрлерінде, олар туралы бағдарламаның басқа тауарларында кеңірек айтылатын болады, қолдау маңызды ролге ие болады.

    Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты қызметтің  басқа түрлерін ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелеу үлесін ұлғайтуға, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталады. Сөйтіп, шағын бизнесті дамытуда мультипликативтік тиімділік беретін механизімдер қалыптастырылады, өйткені бастапқы капиталға қол жеткізу, әрине негізгі проблема.  
 
 
 
 
 
 
 
 

    І Тарау

    1.1 Қазақстан экономикасындағы  тікелей инвестиция. 

    Жалпы инвестициялар пайдалы капиталдарды орналастыру немесе пайдалану үшін қажет.

    Әлемдік экономикалық кеңістіктегі елдерді  Қазақстанның табиғибайлықтары мен  демократиялық ахуалы қызықтырады. Сондықтан да дүние жүзінің дамыған, әсіресе нарықтық экономикасы бар мемлекеттер біздің республикаға инвестиция жұмсауға әзір екендігі іс жүзінде көрсетілуде. Бізге шетел инвестициясын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттық несиені Австрия мен Германия үкіметтері берді. 1993 және 1995 жылдары республика экономикасын жүйелі қайта құруды жүргізу және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша халықаралық валюта қорымен келісім жасалды.

    1992-1995 жылдары Қазақстан шетелдерден техникалық көмек түрінде 270 млн доллар алды. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін Еуропа банкісі 77,5 млн доллар беруге әзір. Жалпы республика экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға 9млрд АҚШ доллары қажет.

    Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуының айқын көрінісі ірі трансұлттық корпарациялардың, біріккен кәсіпорындардың қанат жаюы.

    Болашақта орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін, экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарын жүзеге асырудың бір көзі шетел инвестициясын пайдалану.

    Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішінде жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды орнықтыру да кіреді. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей инвестицияның көмегімен халықаралық корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға толық иелік етеді. Немесе іс жүзінде кәсіпорындарды басқаруға мүмкіндік беретін акционерлік капиталдардың басым бөлігін сатып алады.

    Тікелей инвестиция саласында жетекші рөлді  өнеркәсібі дамыған елдер атқарады. Тікелей инвестициялардың 4/5 бөлігі солардың үлесінде. Сондықтан дамыған елдер бір мезгілде капиталды ірі импорттаушылар да, экспорттаушылар да болып отыр. 1995 шетедік тікелей инвестициялардың көлемі 235 млрд долларға артып, 2,6 трлн доллар деңгейіне жетті.

    Шетелдік  инвестицияларды тартудың маңызды көзі – портфель инвестициялары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жеке меншік банктерінің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.

    Қарыз капиталының халықаралық нарығы, ақша нарығы болып екіге бөлінеді. Ақша нарығы негізінен қысқа мерзімді несиелер нарығына ие болып келеді. Мұндай несиелер айналымдағы қаражатты толықтыру үшін пайдаланылады. Капиталдар нарығы банк несиелері мен ұзақ мерзімді заемдерден құралады. Олар облигацияларды шығару және сатып алу түрінде кездеседі. Орта және ұзақ мерзімді несиелер, негізгі капиталды толықтыру үшін, акцияларды сатып алумен байланысты несие, қаржы операциялары үшін, филиалдар ашу үшін, шетелдердегі инвестициялардың құрылымын жетілдіруді қаржыландыру үшін пайдаланылады. Капиталды шетке шығарудың портфель инвестициясы нысаны жөнінде айтатын болсақ, оның дүниежүзілік шаруашылыққа әсері екі түрлі болып келеді. Бір жағынан, ол капиталдың халықаралық ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, капиталдың бақылаусыз қозғалысы елдердің төлем балансының тепе-теңдігін бұзып, валюта курсын тұрақсыздандырады. Экономикалық көмекті өнеркәсібі дамыған елдер тегін немесе жеңілдетілген несие түрінде береді. Дүние жүзі мемлекеттеріне экономикалық көмек беруде, алғашқы екі орынды Жапония мен АҚШ иемденеді. Мысалы, «Шетелдік мемлекеттерге көмек жөніндегі» заңға сәйкес 1994 жылы АҚШ-тың шетелде көмегі 13 млрд доллар болды. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ашық нарықтық экономика жүйесін қалыптастыру, демократияның дамуына жәрдемдесу. Тікелей және портфельдік инвестициялар көлеменің жалпы өсуі, қысқа және ұзақ мезімді несиелер сапасының ұлғаюы, еуровалюта нарығындағы операциялар сапасының көбеюі соның дәлелі. Шетке шығарылатын капиталдардың иелері негізінен өнеркәсібі дамыған елдер. Капиталдарының ауысуы дамыған, елдердің өзара қатынастарында кең етек жайған. Капитал ауысуының субъектілері ретінде макро және микро деңгейлерді ажыратады.

    Макро деңгей – кпиталдың мемлекет аралық ауысуы. Микро деңгей – халықаралық монополиялар капиталдарының ішкі корпорациялық арналармен қозғалысы.

    Еуропадағы  ең ірі экспорттаушылары – еуропалық одақ, Скандинавия елдері және Швейцария. Өз кезеңінде АҚШ тартылған инвестициялар және шетке шығарылған капиталдардың көлемі бойынша өнеркәсібі дамыған елдер алдында келеді. 1994 жылы шетелдік фирмалар АҚШ экономикасына 60 млрд доллар салған. 

1.2 Тікелей инвестициялны  мемлекеттік қолдау 

    Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997 ж. ) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –  инвестицияларды жүзеге асыру порцесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

    Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең еалдымен келесілерден тұрады:

    • Инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
    • Жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беру);
    • Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

    Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

    Бұл қолдаудың мақсаты – экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

    Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына  жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

    • жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;
    • жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
    • отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
    • экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
    • ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
    • менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;
    • жаңа жұмыс орындарын құру;
    • жергілікті кадрлардың үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;
    • өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
    • қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

    Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР-ның берген кепілдері, Сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Информация о работе Инфляция в РК