Ењбек аќы тµлеу ќорын жоспарлау (орман және орман парк шаруашылығының мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 21:18, курсовая работа

Описание работы

Орман шaруaшылығын бaсқaру – әрбір жұмыс істейтін өнeркәсіптің кез-келген жұмысындa қaрқындылықты көрсeтeтін фактор болып табылады. Орман дайындау шаруашылықтары ағымдағы ағаш өсімін пайдалану бойынша орман өнеркәсіптік шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар.

Работа содержит 1 файл

Орман шар-ғын басқару.docx

— 74.56 Кб (Скачать)

Шілде ыстық, бірақ кешке қарай ыстықтық төмендейді. Тамызда температура  шілдемен салыстырғанда төмендейді және түнде салқындайды. Таңертен тұманды  шық, күздің жақындап келе жатқаны сезіледі.

Күз қысқа, салқын және кейде жауынды, суық ерте түсе бастайды. Тамыздан қыркүйекке қарай  температураның түсуі күшейе береді, қыркүйекте орташа айлық температура 12-14ºС, қазанда 2-4ºС. Күзде жауын-шашынның мөлшері аздығымен (35-55мм) сипатталады. Күннің қысқара бастағаны, түннің ұзақтығы байқалады. Қыркүйекпен қазанда  жел соғады, батыстан сіркіреп жауын-шашын  әкеледі, бірақ қыркүйекте күннің көзі шығып, ауа жылынып, температура  түнде шамалы төмендейді. Бұл кезеңді  халық: «Әйелдер жазы» деп атайды. Қазанда облыстың солтүстік территориясына суық ауа массасы кіреді, алғашқы  қар түсуі байқалады.

Жер асты суларының жоғары қарай атқылап  шығуынан тұз жақын жатқан минералды  суларынан топырақтың жоғарғы горизонтына  шығады. Тұзы жердің бетіне жиналатын  нағыз тұзды топырақты - сор топырақ  дейміз.

Жазық жер беті сордың ақ дақтарымен шұбарланған. Солар сортаң жерлердің жер асты суларының деңгейінің төмен түскен жерлерінде жиі кездеседі. Осындай  қабаты шайылып төмендейді де, кейбір тереңдікте жиналады. Батыстағы көктерек – қайың түбіндегі шоқтарда артық  дымқылдықтың болуына әрі қарай  топырақты шаюдан сортаңдар солодилерге  айналады. Осы топырақтың жоғарғы  горизонты кремнеземмен байытылып, оларға ақ бояу түсін береді.

Облыстың  солтүстігіде қара топырақ дамыған  ол климаттың қолайлығына байланысты салыстырмалы өсімдік жамылғысына  қарашірік құрылуына себебін  тигізеді. Қара шіріктің құрамы 5-7%. Ол жоғарғы горизонтта топыраққа қою  бояу береді, қалыңдығы 60-80см жетеді. Бұл  топырақ біршама жоғарғы өніммен  ерекшеленеді.

Оңтүстікке  қарай қара топырақты белдеу екі  белдеу астына – қою каштан және ашық каштанды топыраққа ауысады. Оларға тұздылық қасиеті тән. Қою қаштанды топырақ подзонасы құрғақ далалы ауданды алып жатыр. Ашық каштанды подзона  шөлді дала ауданын алып жатыр. Қою  қаштанды топырақ егістік қабатта 3-4% гумустың қалыңдығы18-20см. Ашық сарғылт  топырақ онша үлкен емес, 2-3% гумустың құрамымен айырмашылық жасайды. Горизонтта гумустың қалындығы 12-15см.

     Ерекше  топырақтың құрамын құрайтын шабындық топырағы Ертістің жайылымы, облыс  төңірегін:

-каштанды топырақ;

-шабындық;

-шабынды – қара топырақ;

-жайылымды шабындық;

-шабынды – батпақты деп бөледі.

     Шабындық  топырақтың құрылуына 2-3м тереңдікте жатқан жер асты суларының маңызы бар. Топырақтың құрылуы сулану режиміне, жер асты суларының минералдау сипатына, сол сияқты топырақ құраушы жыныстардың  ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың қатынасына байланысты шабындық топырағының бір  типі құралады.

     Шабындық  жайылым топырағының айырмашылығы жоғарғы горизонт топырағының лай  болуы, мал азығының базасын дамыту үшін мүмкіндік жасайды.

     Жер игерушілер қара топырақты және қою  сары топырақты пайдаланады. Бірақ  қатаң, күрт континентальді климат жер  шаруашылығының жұмысын қиындатады. Сондықтан бәрінен бұрын топырақта  суды сақтау, жинау туралы кешенді  жұмыстар жүргізу керек.

     Горизонттың жоғарғы жағы, жыртылған жерлерін тозандату қара топырақта 97%-ке жетеде, қою сарғылт  каштан топырақта 98%, яғни бұл топырақтар іс жүзінде ауыл шаруашылығында қолдануға құрылымсыз болды. Күшті тозаңдану құрылымы мен топырақтың механикалық құрамы эрозия процестерінің пайда болуына  әсер етеді. Оған облыстың көптеген табиғат  аудандары жатады. Демек, топырақтың құрамын жақсарту, жел эрозиясына қарсы шара күрес жүргізу керек. Соған байланысты кешенді суландыру  жұмысы топырақты қорғау, егінді егуді  алмастыру, эрозияға қарсы топырақты  өндеу жұмыстары жүргізіледі.

     Жердің  көптеген көлемі суландыруды, тұзды  азайтуды, сортандарды жоюды керек  етеді (гипстандыру). Топырақ та суды ұстап қалу үшін қар тоқтату жұмысы жүргізіледі.

Топырақтың  құнарлығын жоғарылату үшін тыңайту  қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану амалдарын  қолданады.Шаруашылық әрекеттерінен  бұзылған жерді өңдеу (рекультивациялау) керек.

     Жердің  солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына  қарамастан облыстың барлық территориясы бірдей – топырақ белдеуінің маңында  каштан топырақта орналасқан. Территорияның  үлкен бөлігін – қоңыр топырақты  белдеу алып жатыр, тек солтүстік  шетіне қарай қара топырақ белдеу, оңтүстік – шығыс белдеуінде топырақты  ашық каштан. Горизонттың жоғарғы  жағы жыртылған жерлерін тозаңдату  қара топырақта 97% жетеді.

     Жердің  көптеген көлемі суландуыруды, тұзды  азайтуды керек етеді.Топырақта  суды ұстап қалу үшін қар тоқтату  жұмысы жүргізіледі.Топырақтың құнарлығын көтеру үшін тыңайту қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану  амалдарын қорғанады.

     Орманның  өсу жағдайына әсер  ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып  табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы  қары аз қатты қыспен сипатталады.Оның климатының қалыптасуына территоряның терең континентальды жағдайда орналасу, күн радиациясының молдылығы , ауа  циркуляциясының жылдамдығы, жер  бетінің біркелкі жазық далалы болып  келуі әсер етеді.

Климатына әсер ететін күн жылуының жер бетіне түсу мөлшері. Күн көзінің шағылысу уақыты  - 2300 – 2400 сағат.

     Мауысымда күннің ұзақығы – 17 сағат, желтоқсанда 7 сағатты құрайды.Оның маңында орташа жылдық температура 1 С – 3 С, солтүстікте 0С, орта бөлікте – 1,8 С, ал оңтүстікте  - 2,6С. Нағыз жылы айдың орташа айлық  температурасы шілдеде 19 С – тан 21,3 С – қа ауытқиды. Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда.

     Вегетациялық  кезең 5 С – да сәуірдің үшінші онкүндігінен басталады да, қазанның алғашқы онкүндігінде аяқталады.

     Атмосфералық  жауын – шашын мөлшері жылына 200 – 300 мм шамасында ауытқиды.. Жауын – шашын жыл бойында біркелкі тарамайды.Ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалдылығы 69 %. Қар жамылғысының жатуы 150 – 160 күнге созылады. 

1.4 Қаржы құралдарының  қажеттілігі

     Шығындарды  жабудың негізгі көзі республикалық  бюджеттің қаражаты және шектеулі шаруашылық қызметінен алынған қаражат болып табылады.

     2009-2013 ж бюджеттік қаржыландыру жоспарының  шығындары мынадай (3 қосымшада қарастырылады).    Олардың ішінен:                              

-Еңбек  ақылар                                                                       2468161
-Орман  екпелерінің жұмыстары 739529
-Өрттке  қарсы шарала                                                           644902
-Шектеулі  шаруашылық қызметі бойынша шығында  және кірістер (4 қосымшада)                                                                                     1346124
-Шектеулі  шаруашылық қызметтерінен қызмет  көрсетулер мен жұмыстардың тізімі 5 қосымшада орналасқан. 837942

                   

       

1 – Кесте 2010 жылға МОТР «Ертіс орманы» ММ шектеулі шаруашылық қызметінен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) іске асырудан кірістердің және шығындардың Жоспары

Қызмет  көрсетулер кодтар атауы
Функционалдық топ 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса ерекше қорғалатын аумақтар, қоршаған ортаны және аңшылық  шаруашылығын қорғау, жер қатынастары
Функционалдық топтама 05 Қоршаған ортаны қорғау
Бюджеттік бағдарламалардың администраторы 212 Қазақстан Республикасының  ауыл шаруашылық министірлігі
Бағдарлама 040 Аса ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын және сақталуын  қамтамасыз ету
Тауарлардың(жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) түрлері 15 Шектеулі шаруашылық қызметінің табыстары, соның ішінде: 1)сувенирлік өнімдерді өңдіруден; 2)аралық пайдалану кесулерінен және басқа  кесулердің тауарларын, оларды өндіруден  алынған сүректердің өнімдерін  іске асырудан; 3) орманды жанама пайдаланудан және оны өңдеу өнімдерінен; 4) өнімдерді  өңдіру және шектеулі шаруашылық, туристік, үзілістік мақсаттарды жеке және заңды тұлғалармен қоса қызмет туралы жасалатын шарт бойынша қызмет көрсетулер.

 

  2 – Кесте  Кірістер мен шығындар

Көрсеткіштер коды Тоқсан  бойынша соммасы жиынтығы
І ІІ ІІІ ІV
1 2 3 4 5 6 7
Кірістердің барлығы     72262,2 85075,4 71335,5 228673,3
Жылдың  басында қаражаттың қалдықтары            

 

  2-ші  кестенің жалғасы

1 2 3 4 5 6 7
Үстіміздегі жылдың түсімдері     72262,2 85075,4 71335,7 228673,3
Барлық шығын     72262,2 85075,4 71335,7 228673,3
Тағам өнімдерін сатып алу 131   400     400
Киім  және басқа пішіндік және арнайы киім кешектер тігу және сатып алу 134   2000 2000   4000
Басқа тауарларды сатып алу 139   3807 3806 3806 11419
Коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу 141   834 2963 2963 676
Байланыс  қызмет көрсетулерді төлеу 142   600 500 400 1500
Ғимарат жалдауды төлеу 147   960 960 960 2880
Басқа қызмет көрсетулер және жұмыстар 149   31579,4 38762,2 27574 97915,6
Басқа ағымдағы шығындар 159   22894 22483,6 22456,2 67833,8
Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып  алу 411   9187,8 13600 13176,5 35964,3

Информация о работе Ењбек аќы тµлеу ќорын жоспарлау (орман және орман парк шаруашылығының мысалында)