Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 09:41, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-----------------------5
І. Бағалы қағаздардың түсінігі және банктегі қызметтері-------------------------5
І.1 Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері----------------------5
1.2 Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары: түрлері, нормативтік құқықтық базасы-----------------------------------------------------------7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің эмиссиялық, инвестициялық және өзге де операциялары, кәсіби қызметтері-------------------------------------------------10
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ----------------------------------------------------------15
1. 1. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын құру және реттеу---------15
1.2. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы----------------------------17
1.3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының заңдылық негіздері-------21
ІІІ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ--------------------------------------------------------------------------------23
3.1. Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері------------ --------------23
3.2. Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары --------- ----------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа содержит 1 файл

баалы қағаздар нарығы курсовой.docx

— 674.50 Кб (Скачать)

Қазақстанның  болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы  өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады. 
 

    2.2. Бағалы қағаздар  нарығының қазіргі жағдайы 

    Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.

    Барлық  қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық  процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға  деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел  инвестицияларын тарту үшін қолайлы  база жасалуы қажет.

    Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.

    Осындай және басқа да факторлар қор нарығын  инвестициялауға арналған қаражат  жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.

    Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының  даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

    Мұндай  әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік  деңгейде, оның қаржы саясаты аясында  жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің  фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары  арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан  да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының  бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына  және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір  жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

    Бағалы  қағаздар нарығын  қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір   қалыптасқан.   Алғашқы   кездері   экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді  қызмет  атқару  жағдайларымен байланыстырьш   қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

    Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл  құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен  құжаттарды дайындап шығару қажет екені  белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының  Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған,   1995  жылдың сәуірінде  «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы   есепке   алынып,   қор   биржаларында  тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.

    Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.

    Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы - инвестициялық құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық) облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінде  қалыптасқан қаржы дағдарысы  Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының  одан әрі қанат жайып дамуын осы  күндері шектеп отыр.

    Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық  тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру  деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі  ұлттық  өндірісі  мен  нарығының шектеулі  болуында жатыр.

    Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық  қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен  ішкі ұлттық нарық жүйесін  қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып  экономиканың  реалды  секторына жұмсауды  қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан   тұрғындарының   қолында   айналымға тартылмаған 2-3  млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың  са- лымшыларға   беретін   сақтандыру   кепілдіктерін   (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр.  Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде  өсімін қамтамасыз  ету  мақсаттарында,  Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.

    Бағалы  қағаздар  рыногын  мемлекеттік   реттеу механизмі  келесі  бағытта  жүзеге асады:

    1. Мемлекет  бағалы қағаз рыногын  реттеп,  ұйымдастыратын заң жүйесін  қабылдайды. Бұл заңдар:

  • акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін  анықтайды және реттейді;
  • бағалы  қағаздарды  шығару тәртібін және акцияны  шығаруға  рұқсат алу  түрлерін анықтап реттейді;
  • бағалы қағаздармен  жүргізілетін  операциялардан  түсетін пайдаға  салық  кесімдерін реттейді;
  • биржаның  қызметін және  бағалы  қағаздармен  жүргізілетін  операциялар түрлерін анықтап реттейді.

    2. Мемлекет  мекемелері рынок   субъектісі ретінде бағалы қағаздар  рыногына шығады. Қаржы  ресурстарын  жинау  үшін  мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа  мерзімдік облигациялар) сияқты  бағалы қағаздарды  айналымға  шығарады.

    3. Ұлттық  банктің  ақша –  несие  саясаты арқылы бағалы  қағаздар  рыногына  ықпал жасайды.  Басқаша  айтқанда, қор  рыногындағы  жағдай  айналымдағы ақша  көлемін  реттеумен және несиені қолдау  саясатымен тығыз байланысты.  

    2.3 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының заңдылық негіздері 

    Бағалы  қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл  құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен  құжаттарды дайындап шығару қажет екені  белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының  Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған,   1995  жылдың сәуірінде  «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы   есепке   алынып,   қор   биржаларында  тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.

    Акционерлік қоғамның зор мүмкіндіктерге ие ірі  және күрделі жүйе екенін, оның қатысушылары көп санды және мүдделерінің әр-қилылығын  ескерсек, акционерлік қоғам басқаруының  ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыруда қиын және келіспеушіліктерді туғызатын  мәселелер туындайды.

    Біздің  мемлекетіміздің заңы акционерлік  қоғамдар органдарының үш буынды құрылымын  анықтайды: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, атқарушы орган.

    Кворумды  қамтамасыз ете тұра, акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне қатысты  мәселелерді шешу үшін акционерлер  жалпы жиналысын шақыру мен өткізу өзекті мәселелердің бірі болса, "Акционерлік  қоғамдар туралы" жаңа Заңның 36-бабының 1-тармағының 1,3-тармақшаларында аталған  мәселелер бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы  санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік дауыспен қабылданады. 1998 жылғы Заңға назар аударсақ, қоғам жарғысына өзге-рістер мен  толықтыруларды енгізу мәселесі бойынша  шешім қоғамның дауыс беретін  акцияларының жалпы санының үштен  екі мөлшеріндегі көпшілікпен, ал қоғамның жарияланған жарғылық капитал мөлшерін өзгерту бойынша туындайтын мәселе дауыс беруге қатысатын қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы  санының жай көпшілік дауысымен  қабылданатын. Әрине, білікті көпшілік планкасын көтеру акционерлердің өздерінің  міндеттеріне жауапты қарауына әкелгенімен, осы мәселелер бойынша жалпы  жиналысқа кворумның жиналуы  бірден-бір мәселе болып қала береді.

    Акционерлік заңнама акционерлік қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырудың екі нұсқасын белгілейді:

    1)  қоғамның жеке-дара атқарушы органы  арқылы   (директор, бас директор, президент);

    2)  қоғамның алқалы атқарушы органы арқылы жүргізу.

    Атқарушы  органның құзыретіне акционерлердің жалпы жиналысы немесе директорлар кеңесінің кұзыретіне жатпайтын қоғамның ағымдағы қызметіне басқаруда туындайтын мәселелер жатады. Қоғамның атқарушы органының басты мақсаты — акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімін орындауды ұйымдастыру. Атқарушы орган қоғам мүддесіне сай әрекет етуге, өз міндеттерін адал  атқаруға және құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға тиіс.

    ІІІ. Бағалы қағаздар нарығын  дамыту және жетілдіру жолдары

    3.1 Бағалы қағаздар рыногын дамыту мәселелері 

    Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының  даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

    Мұндай  әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік  деңгейде, оның қаржы саясаты аясында  жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің  фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары  арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан  да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының  бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына  және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір  жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

    Бағалы  қағаздар нарығын  қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір   қалыптасқан.   Алғашқы   кездері   экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді  қызмет  атқару  жағдайларымен байланыстырьш   қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы