Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 09:41, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді.
КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-----------------------5
І. Бағалы қағаздардың түсінігі және банктегі қызметтері-------------------------5
І.1 Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері----------------------5
1.2 Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары: түрлері, нормативтік құқықтық базасы-----------------------------------------------------------7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің эмиссиялық, инвестициялық және өзге де операциялары, кәсіби қызметтері-------------------------------------------------10
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ----------------------------------------------------------15
1. 1. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын құру және реттеу---------15
1.2. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы----------------------------17
1.3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының заңдылық негіздері-------21
ІІІ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ--------------------------------------------------------------------------------23
3.1. Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері------------ --------------23
3.2. Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары --------- ----------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
------------------------------
І.
ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-----------
І. Бағалы қағаздардың
түсінігі және банктегі қызметтері--------------------
І.1 Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері----------------------5
1.2 Банктердің
бағалы қағаздармен жасайтын
операциялары: түрлері, нормативтік
құқықтық базасы---------------
1.3 Екінші деңгейлі
банктердің эмиссиялық, инвестициялық
және өзге де операциялары, кәсіби қызметтері--------------------
ІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЫ-----------------------
1. 1. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын құру және реттеу---------15
1.2. Бағалы қағаздар
нарығының қазіргі жағдайы-----------------------
1.3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының заңдылық негіздері-------21
ІІІ.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН
ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ-----------------------
3.1. Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері------------ --------------23
3.2. Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары --------- ----------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------
ҚОСЫМШАЛАР--------------------
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:
Мемлекет бағалы қағаз нарығын мемлекеттік реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:
2.
Мемлекет мекемелері рынок
субъектісі ретінде бағалы
3.
Ұлттық банктің ақша –
несие саясаты арқылы бағалы
қағаздар рыногына ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, қор рыногындағы
жағдай айналымдағы ақша көлемін
реттеумен және несиені қолдау
саясатымен тығыз байланысты.
І. Бағалы қағаздардың түсінігі және банктегі қызметтері
І.1
Бағалы қағаздар нарығының
түсінігі және түрлері
Қазақстанда 1991-1994 жж. қаржы нарығы, оның құрамында кұнды қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Осы кездегі жұмыс істеп тұрған құнды қағаздар нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы
міндеттемелік қағаздары (
2. Ірі коммерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары соңғы жылдары ұтымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі ұлттық нарық жүйесінде орналыстырыла бастады.
3.
Мұнай - газ, энергетика, қара және
түсті металлургия
4.
«Қазақтелеком», «КЕГОК», «Қазақойл»
сияқты жаңаша құрылған
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістсмелік көзқарас - пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазакстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырьш қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан
Үкіметі Батыс елдерінің
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі ұлттық өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік кұрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құкығын куәландырады.
Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.
Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заңи құжаттармен немесе соларда көзделген тәртіп негізінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:
1)
Қазақстан Республикасы
2) Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
3)
Қазақстан Республикасының
4) халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар;
7) өзге де қаржылық құралдар жатады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Екінші деңгейлі банктердің эмиссиялық қызметі аз бағалы қағаздарының эмиссиясына және оларды алғашқы орналастыруға, сондай-ақ инвесторлардың эмиссияланған бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі операцияларына байланысты болады.
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметіне тікелей және жанама табыс табу, сондай-ақ өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында айналыстағы бағалы қағаздарға қаражат салу жатады.
Екінші деңгейлі банктердің бағалы кағаздар рыногындағы кәсіби қызметі брокерлік және дилерлік қызметке; бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізуге; бағалы кағаздармен және өзге де қаржылық кұралдармен сауда-саттық ұйымдастыруға; бағалы қағаздарды басқаруға; депозитарийлік, клирингтік қызметке және т.б. көрсетілген кызметтерге байланысты көрініс табады.
Сонымен қатар Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;
бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы кағаздар рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар; кредиттік операциялар; вексельдерді есепке алу, қайта есепке алу (пансиондау) операциялары; өз есебінен және тапсырмалар бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары; бағалы қағаздар айналасына қызмет көрсетулер; депозитарийлік операциялар ретінде топтастыруға болады.
Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.
Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.
Екінші деңгейлі банктер тиісті аймақтың бағалы қағазын (әдетте облигациясын) дайындау, эмиссиялау және орналастыру жөніндегі агенттің рөлін атқара отырып, осы аймақты дамытуға қажетті қаржылық ресурстарды тартуға ат салысады.