Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Мақсаты Қазақстан Республикасы өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарының алғышарттарын қарастыру. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
• Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

— 276.00 Кб (Скачать)
  • несиенің мерзімі мен  пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;
  • коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
  • әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік ресурстарға қол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;
  • мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардың ресурстарының тиімсіздігі;
  • мемлекеттің казына қоры арқылы кәсіпкерлік қызметті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.

     Банктер  кез келген уақытта,  қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды.  Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (2-кесте).  Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.     Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.  

Кесте 2 – Банктердің  кәсіпорындарды  несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы 

Банк  тұрғысынан Кәсіпорын тұрғысынан
1. Кепілзатпен  қамтамасыз етудің болмауы 1. Несиеге деген  жоғары пайыздық мөлшерлеме
2. Несиені  қамтамасыз етудің өтімсіздігі 2. Несиелердің  қысқа мерзімділігі
3. Қарыз  алушы-кәсіпорынның қанағаттанғысыз  қаржылық жағдайы 3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы
4. Қарыз  алушы-кәсіпорынның ақпарат 

тық жабықтығы

4. Құжаттарды  дайындау процедурасының ұзақтығы
5. Қарыз  алушы-кәсіпорынның нақты несие  тарихы туралы ақпараттарға қол  жетпеушілік 5. Кепілдің бағалау  құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі
6. Банк  менеджерлерінің ұзақ мерзімді  несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің  жоқ болуы 6. Кәсіпорын  менеджерлерінің ұзақ мерзімді  несиелерді рәсімдеу бойынша  жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ  болуы
 

 

      ҚР  Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, кәсіпкерлік қызметке берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді [26].     Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті несиелеудің және қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:

  1. Ең басты міндет – ол өнеркәсіптік кәсіпорындарын несиелеу мен қаржыландыру көлемін ұлғайту;
  2. Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша нақты шараларды қолға алу;
  3. Кәсіпкрелердің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары кәсіпорындарды алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;
  4. Банк қызметін қайта құру керек. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;
  5. Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.
 

    Аталған мақсаттарды  орындау үшін кәсіпорындарға берілетін  несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде   бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар, соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.        Кәсіпкрелік қзыметті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады.   Мемлекеттік қолдау мен реттеуді бір ізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты  алғышарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж [27].  
 
 
 

     3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау  

     Бүгінгі таңда Республикамызда экономиканы  нарықтық қатынаста қайта құру жолында  оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік  қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттік қолдау күн тәртібіндегі өзекті мәселелерің бірі. Сондықтан елдің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін нрықтық экономиканың негізі болып табылтын кәсіпкерлік қызметті қолдау және реттеу шараларының тиімді іске асырылу қажеттігі туындап отыр. Кәсіпкерлікті қолдаудың және реттеудің келесідей түрлерін атап өтуге болады:

  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу;
  • Инновациялық қолдау және ынталандыру;
  • Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
  • Құқытық қолдау және заңдар қабылдау;
  • Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
  • Салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпкерліктің маңызды салалырн дамыту іс-шаралары жатады.

     Осы жоғарыда айтылған өнеркәсіптегі кәсіпкерлік  қызметті қолдау мен реттеу шараларының  ішіндегі қалған бағыттарға да әсер ететін негізгі реттеу мен қолдауды, кәсіпкерліктің дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мелекеттік іс-шаралар жиынтығы болып табылады.

     Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық  және жергілікті қаражат есебінен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетін бөлінген қаржы шегіде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттік бюджетінен, мемлекеттік земдардың, мемлекеттік ақшалай гранттар есебінен жүзеге асырылатын болады [12; 11-84].

     Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мен рететудің негізгі бағыттарына:

  • Елде жекешелендіруді одан ары жүргізу;
  • Нарықтық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтердің еркін қызмет етуіне қолайлы ортаны қалыптастыу;
  • Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімін сертификаттаудың оңайтылған тәртібін белгілеу;
  • Ұлттық маңызды және шағын кәсіпкрелік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
  • Қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын жасау;
  • Елдегі кәсіпкерлік субъектілерінің шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау;
  • Өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсіпкерлік субъектілеріне артықышылықтар беру.

      Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы жеке кәсіпкерлік  қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті іреді.

      Республикадағы  өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымның келесі сатысы Астана және Алматы қалалары және облыс  әкімдері мен аппатарттары. Кәсіпкерлік  қызметті қоолдау және дамыту мемлекеттік  саясатты іске асыру үшін әкімшілк жанында Кәсәпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған . Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді).

      Кәсіпкерлік және өндірістік облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алмаы  және Астана қалалары) өз өкілеттігі шегінде  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.

      Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппаратымен ұсынылған, олардыңм құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы орнадарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.   

      Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын  кәсіпкерлік инновациялық экономикада  өз орнын шұғыл түрде табу үшін нарықтағы шынайлықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап оытрғанын түсінуде. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жерглікті орнадардың әкім аппатарттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұймдар кесетсі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:

  • шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
  • атқарушы билік жергілікті және аймақтық орнгандары үшін ұсыныстар мен кеңстерді жетілдіру.          Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұғымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
  • өнеркәсіптегі кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдру;
  • нарықты экономиканың дамуын ынталаныдырушы мүмкіндіктерді жасау;
  • Қазақстан Республикасында жұмыс жапсаушы кәсіпкрелік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;
  • кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.           Перзидент жанынадағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне шағын және орта бизнестің дамуныа кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.     Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, заттық-технологиялық, ақпараттық-сараптамылық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады [20; 33-34].            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ   

      Қорыта  келе, біз кәсіпкерліктің дамуын, соның  ішінде Қазақстандық өнеркәсіптегі кәіскепрліктің пайда болуы мен дамуын, оның түрлерін, яғни кәсіпкерліктің формасын таңдаудағы факторлар, кәсіпкерліктің көлемі жағынан ұйымдық-құқықтық нысандаырна байланысты таңдалу формаларын, кәсіпкерліктің экономикалық маңызды элементі ретінде әсерін қарастырдық. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жүргізілетін әртүрлі саясаттар мен іс-шараларды, соның ішінде, мемлекеттік қоолдау нәтижесінде пайда болып, даму үстінедегі түрлі институттарды және ұйымдарды қарастырдық.           Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.            Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.  

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы