Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Мақсаты Қазақстан Республикасы өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарының алғышарттарын қарастыру. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
• Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

— 276.00 Кб (Скачать)

     Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық  белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.

     Тиімділіктің  жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың  басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын  арттырудың басым факторы – еңбек  өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін  арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты.

     Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда  корпорацияның бұл бағыттағы  түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз  емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде. Мәселен, 2005 ж. корпорацияның таза табысы 2004 ж. салыстырғанда 4,6%-ға ғана кемісе, 2006 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға төмендеп кетті. 2008 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2007 ж. қарағанда 128,5%-ға арттырылса, 2004 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен.

     Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның  басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2004-2008 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.

     2004-2008 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық  сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады.

     Мәселен, 2005 ж. алдыңғы 2006 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке  көтерілді [30].

     «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен  өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.

     Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).

     2-кестеден көрініп тұрғандай, 2002-2008 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2002 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.  

     Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері 

Көрсеткіштер Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008
Сатудан түскен табыс, мың теңге 112699401 116625405 125221331 124219953 170492574 228817260 411176304
Өткізілген  өнімнің өзіндік құны, мың теңге 47093088 54165092 57217269 55782536 58737406 83691000 118303824
Жалпы табыс, мың теңге 65606313 62460313 68004062 68437417 111755168 145126260 292872480
Осы кезеңдегі  шығын, мың теңге 19135686 19675843 17818541 26396187 44666565 23660417 30079588
Негізгі қызмет табысы, мың теңге 46470627 42784470 50185521 42041230 67088609 121465843 262792892
Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге 3685266 3286309 4350080 832402 6833626 1629564 11979561
Салық салуға дейінгі табыс, мың теңге 50155893 46070779 54535601 42873632 73922235 123095407 274772453
Табыс салығы, мың теңге 17627442 15465492 16502175 17243086 26926038 37927399 80125488
Таза  табыс, мың теңге 32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965
Негізгі өндірістің тиімділік деңгейі, % 70,2 57,9 66,9 51,2 64,9 82,4 104,7
Корпорацияның тиімділік деңгейі, % 49,1 42,0 49,2 41,2 45,5  
50,3
 
55,3
 

     Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.

     Елбасы  өзінің Қазақстан халқына жыл  сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші  сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының  тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.

     Қазақстанның  ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің  ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа  түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.

     Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет [19; 23-25].  
 

3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ

     3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар  

     Нарықтық  реформалар жылдарында кәсіпкерлік  сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конститутциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.          Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор дамуының оң серпіні, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің тұрақты өсуі 2007 жылы 521,5 мың кәсіпкерлік есепке алынған, оларда шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Өнеркәсіптік кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын құрайды.       Құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылатын кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар әрекет етуде.          Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы мемлекеттік бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2003-2005 жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың институтционалдық шаралары айқындалды [11; 8-10].              Дегенмен, зерттеу барысында өнеркәсіптік кәсіпкерліктер алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. Кәсіпкреліктің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады: 

     Кесте 1 – Кәсіпкреліктің дамуына кері әсер етуші факторлар

Кедергілер 2005 ж. 2006-2007 жж.
  1. Салық саясаты
2 1
  1. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы
1 2
  1. Несие саясаты
4 3
  1. Өнімді өткізу мәселесі
4
  1. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі
5 5
  1. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
3 6
 

        

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.
 

  Кәсіпкерлердің  жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.          Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Кәсіпкерлікітң дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады.            Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Кәсіпкерлікітң дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.           Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан кәсіпкерлік қызметке несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық кәсіпкерлерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде кәсіпкерлік несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. Қазіргі кездегі республикадағы кәсіпкерлікті несиелеуді дамытуға  кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар: несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы