Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Мақсаты Қазақстан Республикасы өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарының алғышарттарын қарастыру. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
• Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

— 276.00 Кб (Скачать)

     Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ұйымдастырушылық аспектілерін талдау, нарықтық экономикаға  өткен елдерде бағдарламалы-мақсатты тәсіл жатқандығы көрсетті. Ол бірнеше  негізгі міндеттерді шешуге мүмкінді береді: орталықтандырылған қолдаудың бағыттарындағы айқындылықты көтеру; кәсіпкерлікті дамытудың қоғам үшін басым бағыттарына оны шоғырландыру, ал экономиканың осы саласының даму мәселелерін ұлттық экономиканы дамытудың қабылданған бағыттары мен мақсаттарының жалпы жүйесімен кешенді түрде қарастыру.

     Жалпы кәсіпкерліктің қоғамдағы алатын үлесін келесі сандық мәліметтерден көруге болады. Экономикасы дамыған елдерде  кәсіпкерлік жыл сайын жалпы  ішкі өнімнің 20-60 пайызын, өнер табыстарының 50 пайызын, жаңа жұмыс орындарының 70-80 пайызын құрайды. Барлық жұмыспен қамтылған қызметкерледің 50-60 пайызын жұмыспен қамтамасыз етеді, өнімнің 20-40 пайызын экспорттпайды және лицензиялық келісімдердің 50 пайызға дейін жасайды, лицензиялық түсімдер 25-45 пайыз тең табыстардың жалпы сомасында, ал кәсіпкерліктің формаларының үлесі кәсіпорындардың жалпы санынан 80-90 пайызға дейін құрайды, 1000 тұрғынға келетін, кәсіпорындар саны 16-80 бірлікке тең.

     Жаһандану үдерісімен және ішкі, сыртқы нарықтарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті  экономикалық қағидаттарының өзгеруі жағдайында кәсіпкерліктің ұлттық экономикаға тигізер әсері қомақты болмақ. Сондықтан, ел экономикасының қарқынды дамуы үшін дамыған елдердің кәсіпкерлікті қолдау тәжірибелерін саралай отырып, өз игілігімізге жаратсақ артық болмас [15; 5-6].        

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

     2.1 Өнеркәсіте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері

     Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың басымды  бағытының бірі - ол кәсіпкерліктің құрылуы және дамуы. Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту саласы үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын күшейтуде белсенді түрде керексіз әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстары жүргізілді.       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың 5-ші Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның негізгі тапсырмалары болып мыналар табылады: 

  • өнеркәсіптік кәсіпкерлікте салықтық әкімшілік жүйесін толық жетілдіру;
  • қаржылық-кредиттік жүйенің және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті инвестициялық қолдауды дамыту;
  • кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
  • оқыту, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті насихаттау;
  • кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жүйелендіру және толық жетілдір.        2004 жыл бойы Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді [9; 23-24].     Қазіргі кезде өнеркәсіптегі кәсіпкрелікті дамыту мақсатында келесідей институттар құрылып өз қызметтерін көрсетуде, олар келесідей болып келеді: «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ; «Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры» АҚ; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау мен отандық кәсіпкерлердің өз ынталары нәтижесінде келесідей одақтар құрылған: «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ; «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ; «Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ.   «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздың №775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын оырндау үшін құрылған.             Орталық Қазақстан экономикаысының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда «Виртуалды технопарк» концепциясы құрылған.     Оратлықтың екінші қызметі – бұл инжинириг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғарғы технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру. Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет – жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның халықаралық стандарттары және экологиялылығы.         «Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ – 2003 жылы мамырда ұлтытқ экономикады бәсекелестікті жоғарлату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.    Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты-анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.        «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкрелікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру.     Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді.      Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады:
  • Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);
  • Даму және Қайта орнату Еуропалық Банкінің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);
  • Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);
  • Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.      Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызмететрді ұсынады: жобалық қаржыландару, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.      «Ұлттық инновациялық Қор» АҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық инновациялық Қор» «Акционерлік қоғамды құру туралы» 2003 жылғы 30-мамырдағы №502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғары технологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолқабыс жасау.          Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:
  • ҚР аймағында еншілес қолрады құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;
  • инновациялық жоспарларды ж.үзеге асырушы компанияларды инвестициялау;
  • ұлттық инновациялывқ инфрақұрылымның элементтерін құруды инвестициялау.             Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясын /үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу.         «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ - өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы экономиканың шикізат саласында емес жеке сектор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске аысру бойынша қатысу мақсатында «Қазақстанның инвестициялық қоры» Заңына қол қойғаннан кейін бастады.           Қор 49%-ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11-маусымында басталған болатын.Қордың мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөнін,дегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету. Қазіргі таңда Қор 70 млн. АҚШ долларынан 20-ға жуық жобаны қаржыландырды. 2007 жылы Қор 1.2 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландырды.       «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – ел экономикасына инвестициялардытартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсібіне және өндірістік инфрақұрылымның дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28-желтоқсандағы №531 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 2001 жылы 25-сәуірде құрылды.     Мемлекет арнайы құрылған даму институттары арқылы, өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша иілмелі шарттарды ұсынуды. Кәсіпкерлік бойынша құрылған комиссяилар мен кеңес арқылы мемлекет байланысты жүзеге асырып ағымдағы мәселелерді шешу бойынша оларды дамыту жолындағы кедергілерді жою үшін көмек көрсетеді.     «Атамекен» «Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпы ұлттық  одағы» ЗТҚ. Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған болатын.    Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған Қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнай-газды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен-металлургиялық кәсіпорындар, сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіпуші және инжиниринг компаниялар кіреді.          «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» ЗТБ заңды тұлғалар ынтасымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдңгң, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды. Форум құру мақсаты - өнеркәсіптегі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның жылжуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру. «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ 2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау басты міндететрінің бірі ретінде белгіленген [21; 34-35].          «2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Стратегияның маңызды міндеттерінің бірі мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриалды-инновациялық дамудың қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді.           Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру – кедейшлік деңгейін төмендету және микро және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген.   Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жоғарылату, еңбекпен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру болып танылады.   Микрокредит беру жүйесі өз негізін ел Президентінің халыққа жолдауынан алады. «Қазақстан – 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997 ж.), онда «ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микрокредит беру арқылы шешілетін болады...» делінген. Осылайша, Ел Басының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микрокредит берудің 1998-2000 жылдарғы арналған бағдарламасын (ҚРҮ-нің 12.02.1998 ж. №14 қаулысы) қабылдау үшін алғышарт болды.        Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілмелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтеін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген немесе заңды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кердиттің максималды сомасы 1,0млн. теңгеден (1000 АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда өзіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды.        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы №862 қаулысымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған тұжырымдамысына сәйкес микрокердиттік жүйені қолдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:                                                                            - Микрокредиттік ұйымдарды «ШКДҚ» АҚ-тың үлестік қатысуымен                  құру және оларды ресурстық қолдау; «ШКДҚ» АҚ-тың үлестік қатысуымен бағдарламаны іске асыру шеңберінде 30 микрокредиттік ұйым құрылды. Қор инвестициялардың құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 98,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 2006 жылы Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 18 млн. теңге 9 МКҰ құрылды.            -    Қолданыстағы микрокредиттік ұйымдарға кредит беру. Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландыарды, оның ішнде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703,08 млн. теңге (ставка 6%). 2007 жылы 1-қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар құрылған.               «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгеннен бастап (2003 жыл) тіркелген МКҰ саны 7,5 есе немесе 645 ұйымға ұлғайды. Бұл микрокредиттік ұйымдар рөлінің артқанын, кәсіпкерлік субъектілері үшін де, сонымен қатар халықтың кең тобы үшін де үлкен мүмкіндіктердің түсінушіліктігін білдіерді.      
 

2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы  

     Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік  бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып  келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік  саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзнідік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикаыснда лайықты орын алуда.

Біз Қазақстанды  жоғары өмір сатндарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру тураыл алдымызға өршіл мақста қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады, - деп атап көрсетті Президент [16; 7-8].

     Мемлекет  басшысы реформалар жүргізілген  жылдар ішінде өған барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерліікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикады мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі – қоғамдық пікір де оған ақрсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді қамтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғырударды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық қатынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі қадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайыз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензиялатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы,  “2010-стратегиялық жоспарды” және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.

     Ол  мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар  жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банк, Инновациялық қор, экспортты сақтандыру, жөніндегі  корпорация. Инжинниринг және тхнологиялар трансферті орталығы осы жылоды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызады. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден астатын 90-ға тарта жоба қаржыландырылуда [6; 13-15].     
 
 
 
 
 

     2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер  

     Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.  Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2006 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 2003-2008 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті. Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 2003 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2008 ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде.  Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым. Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 2006 ж. 11,5%-дан 2008 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді [27]. Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2007 ж. 35,8%-дан 2008 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің  табысын құрайтын  таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді. Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте).     Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі 

Көрсеткіш 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж.
Барлық  экономиканың тиімділігі, % 21,6 14,8 18,5 21,6 25,7
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % 45,1 37,8 31,9 38,8 67,5
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % 21,4 13,8 19,2 21,4 22,8
Ауыл  шаруашылығының тиімділігі, % 5,4 5,3 -4,4 13,8 1,7
Құрылыс саласының тиімділігі, % 4,3 4,5 5,2 5,0 3,4
Сауданың  тиімділігі, % 4,7 3,4 5,8 9,3 4,9
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % 9,4 11,8 18,7 18,1 18,9
Қаржылық  қызмет саласының тиімділігі, % 3,3 32,5 15,6 9,1 11,2
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % 40,1 -3,2 13,8 4,3 8,3
 

  

     1-кестеде  келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары  тиімділіктің жоғары дәрежесіне  ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының  тиімділігі мемлекет экономикасын  тұтастай алғандағы пайдалылықтан  жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы