Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:13, диссертация

Описание работы

Елдегі экономикалық қайта құрулар белгілі бір баламасыз, сызықты дами алмайды. Қазіргі жағдайда Қазақстанның инновациялық даму жолына түсуі міндетті түрде инновацияларға, адам капиталына инвестицияларға және өндірістің тиімділігіне сүйенуі қажет, онсыз динамикалық даму болмайды.
Қазір өткен жылдардағы дамудың шикізатты – экспорттық нұсқасына бағытталуы күннен – күнге тиімсіз болып барады. Қазіргі жағдайда тек нарықта сұранысқа ие болатын жоғарғы қосымша құнды өнімдер шығаратын, технологиялары жетік инновацияға бағытталған корпорациялар ғана әлемдік экономиканың интернационализациясы беретін мүмкіндіктерден артықшылықтарға ие болады.

Работа содержит 1 файл

Баян2.doc

— 271.00 Кб (Скачать)

Реформаның бұл аспектісі Қазақстан үшін сонымен бірге қолданбалы сипатқа ие болды, себебі білім берудің халықаралық  стандарттары жоғары оқу орындарының білікті ғылыми және педагогикалық кадрлармен белгілі бір шамада «толығуын»  қатаң талап етті. Ғылым кандиттары мен докторларының қажетті санының жоқтығы ғылыми дәреже алу процедурасын жеңілдету қажеттігін талап етті. Бұл міндетті шешу аясында PhD бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен мамандар тиісті ғылыми дәрежені тікелей жоғары оқу орнының диссертациялық кеңесінде алды. Бұл шешімнен туындайтын басқа сұрақ – алынған ғылыми дәреженің оқытушының нақты біліктілігін қаншалықты шынайы көрсетуінде болды.

Жоғары оқу орындарының өзгергіш ортасында көшбасшы болып қалу өте қиын және сондықтан оған үнемі ортаның сыртқы факторларына икемді бейімделу және өз әрекетін үнемі білім беру технологиясына бағыттап отыру, оқу қорын жетілдіріп, табанды даму бағытын ұстану қажет.

Біздің пікірімізше, жоғары мектептің ұзақ мерзімді даму курсын анықтайтын олардың стратегиялық бағыттары болып табылатындар:

- оқу, ғылыми, инновациялық процестердің біртұтастығын қамтамасыз ету және іргелі және қолданбалы зертеулерді дамыту;

- ғылым және білім берудің толық инновациялық циклін қалыптастыру және жүзеге асыру;

- университеттің, мемлекеттің, өнеркәсіптің, ғылыми ұйымдардың, бизнестің стратегиялық тұрақты серіктестік жүйесін, әрекет етуші ғылыми-педагогикалық мектептерді қолдау және жаңа мектептер қалыптастыру;

- инновациялық білім беру жүйесі мен мамандарды  элиталы дайындау жүйесін, корпаративті мәдениет пен университеттің сыртқы бәсеке қабілетті ортасын жасау;

- университтетің студенттерін, оқытушыларын, қызметкерлерін академиялық құндылықты шоғырландыруға және кәсіпкерлік мәдениетке ынталандыру жүйесін, қаржыландырудың дискретті көп арналы базасын және фандрайзингін жасау;

- инновациялық басқару жүйесі мен сапаның жалпыға ортақ басқару принциптерімен үйлесімдегі жүйесін құра отырып, отандық және шетелдік нарықта университеттің көшбасшылық позициясын қамтамасыз ету.

Білімді, ғылымды және өндірісті біріктірудің шетелдік тәжірибесі инновациялық дамудың орталығы болып табылатын шетел университеттері бұл тұрғыда орасан зор жетістіктер көрсетіп отыр.

Ұлыбританиядағы реформаны талдау қаржылық ресурстарды басқару саласында университеттердің өз еріктілігінің артқанын және жоғары оқу орындарының коммерциялануға айқын бағытталғанын көрсетті. Қазақстанда өткізіліп жатқан нарықтық өзгерістер шет ел оқу орындарының тәжірибесіндегі қосымша табыс алу принциптерін, әдістерін, тәсілдерін және оларды инновациялық әзірленімдерге пайдалануды Қазақстанның өзіне үлгі етіп алу қажет. Оксфорд университетінің тәжірибесі әсіресе үлгі болуға лайық. Мұнда кәсіби мүдделері бойынша келесідей болатын (шартты түрде) тұлғаларды шығарады.1 . жеке тұлға-инновацияшы; 2 . жеке тұлға -кәсіпкер; 3. жеке тұлға-өндіруші;

Бұл үш тұрпатттағы тұлғалар болашақта фирманың тағдырын шешеді. Оксфорд универсиеті өз қабырғасында өз түлектерінде өндіріуші мен кәсіпкершілік мүдделері бар иновацияшы тұлғаны дамытуға ұмтылады. Егер түлектердің арасында осы үш мүддеге ие жеке тұлға қалыптасса, онда оның жоғары бәске қабілеттігі туралы айтуға болады. Бұл әсіресе әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына кіру туралы жуық уақытқа міндет қойып отыған Қазақстан үшін өте маңызды жағдай болып табылады.

Білім беруді, ғылымды және өндірісті бір арнаға тоғыстыра білген Оксфорд моделінің жетістігі:

-Университет ғылымының коммерцияға қатаң бағытталуы, яғни, зерттеу тек өз өнімі нарықта сатылатын болса ғана жүргізіледі;

-Интелектуалдық меншік, лицензиялық әрекет, консалтинг, венчурлық капитал саласындағы монополизациялау (алпауыттық) саясатынан бастап, ақылы мүшелік қарастырылған инновациялық қоғаммен аяқтай отырып, ғылыми жаңалақтан пайда алу тәсілдерін таңдауды кеңінен пайдалану.

Шведтік Халмер технологиялық университеті инновациялық әзірлеме мен менеджмент бөлімі инновациялық инкубатормен бірлесе отырып, аймақтық инновациялық нарық пен инновациялық кәсіпкершілікті дамытуға ықпал жасау бойынша әрекетті жүзеге асырады.

Кәдімгі мемлекеттік жоғары оқу орнынан техникалық университеттің аймақтық инновациялық ортаға күшті әрекет жасай отырып, өзінің ірі капиталы негігізінде жұмыс істейтін сәтті инновациялық университетке айналуы келесі бес факторды максимальді пайдаланудың арқасында мүмкін болды:

1) жақсы дамыған инновациялық құрылым (технопрактер мен шағын кәсіпорындар);

2) барынша талантты, беделді және қуатты ғалымдардың болуы мен оларды тиімді пайдалану;

3) тиісті интеграциялы инновациялық мәдениет;

4) күшті әкімшілік негіз;

5) қаржы түсу көздерінің диверсификациясы.

Аймақтық инновациялық нарықты басқарудың және қаржыландырудың, дамытудың орталықсыздандырылуындағы швед тәжірибесі біздің пікірімізше, оны отандық тәжірибеде пайдалану үшін үлгі боларлық тәжірибе. Бұл әсіресе Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қоладануға жарамды болып келеді. Бұндағы әкімдіктердің білім беру процесінде, оның ішінде Жоғары мектептегі оқыту процесітерін күрт жақсартуға қаржылық мүмкіндіктері бар.

АҚШ-ның университеттері өз мәні бойынша айырықша бір инттелектуалдық орталық болып табылады, оларда іргелі және қолданбалы зерттеулер мамандар дайындаумен тығыз байланысты. Олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын мемлекеттік қолдау көрсету көлемі (меншік түріне қарамастан) кез келген басқа елге қарағанда айтарлықтай жоғары, ал АҚШ университтері қызметкерлерінің интеллектуалдық қызметтерінің нәтижесін «тиімді пайдалану» дәрежесі әлемдегі ең жоғары болып табылады.

Университтердің ғылыми-зерттеу жобалары федеральдық үкімет тарапынан қаржылық қолдауды гранттар, контрактілер, бірлескен әрекеттер туралы келісімдер түрінде алады.

Кембридж университетінің тәжірибесі Қазақстанда да қолданыс  табуы мүмкін. Мемлекеттік қолдау көлемі біршама қаржыны қарастырады, көп жағдайларда университеттің инновацияға жұмсалатын шығындарын жабуға жеткілікті, сондықтан сипатталып отырған Кембридждік қаржыландыру моделінің инновациялық ісшараларды жоспарлау және қаржылық қамсыздандыру жүйесінің мемлекеттік және жергілікті бюджетті барынша тиімді пайдаланатынын атап өткен жөн. Дәл осы тәсіл, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген қаржы жұмсау тәсілі университеттің материалдық базасын нығайтуға және оған қол жетімділіктің тең таралуын қамтамасыз етеді.

Университеттің негізгі байлығы инттелектуалдық меншік болып табылады, ал оны коммерциялық өткізу ынталандыру тәсілі және университеттің қосымша табыс көзі болып табылады. Интеллектуалдық меншік мәселесіндегі университеттің саясатын практикалық жүзеге асыру үшін АҚШ-ның көптеген университеттерінде технологияны лицензиялау мен оның трансферті жөніндегі офистері құрылған.

Университет ашқан жаңалақтардың көбінің коммерциялық сұранысқа ие бола алмауы күрделілік туғазады. АҚШ-да университетіндегі іс жүзіндегі ережелер мен қағидалар (федеральдық заңнамаға сәйкес) өз қызметкерлерінің құқылары мен міндеттерін барынша қатаң кесімдейді.

АҚШ-да әр түрлі университеттерде инновациялық проблемаларға ерекше көзқарас пен шешім қабылдау байқалады. Біздің пікірімізше жоғары білімнің американдық моделі қазақстандық жағдайға жарамды емес (кейбір элементтерінен басқа). Біріншіден, ол жеке меншікке негізделген, Қазақстанда білім беру саласының институтционалдық құрылымы мемлекеттік жүйеден аралас жүйеге аусуда. Екіншіден, жоғары оқу орындарының әрекеттеріне инновациялық қатамасыз ету бойынша көптеген ісшараларды Қазақстан «көтере алмайды» - қаржыландыру моделі өте ірі соманы пайдалануға негізделген.

Канада университеттерінің инновациялық тәжірибесін зерделеуге көптеген мемлекеттер қызығушылық білдіріп отыр және оның жекелеген элементтерін пайдалану Қазақстан үшін жарамды болады. Канада жоғары оқу орындарындағы әкімшілік шығындардың төмен деңгейінен туындап отырған университетте бос қаражаттың жоқтығы, сонымен бірге өнертапқыштық еңбекті кеңінен ынталандыру біздің елімізегі жағдайға өте ұқсас және Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін де өнертапқыштық еңбекті кеңінен ынталандыру аса қажет. Тағы бір ұқсастығы – Қазақстанда, Канадада да әкімшілік бірліктер үлкен аумақты алып жатыр,  оның әр қайсысының өз ерекшелігі бар, олардың әрқайсысының білім беру процесін өзінше қаржыландыру мүмкіндігі бар.

Отандық университеттер мен АҚШ, Канада, Еуропаның зерттеу зертханаларының тәжірибесі интеллектуалдық меншіктің коммерциализациясының қажеттілігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін университет, не аймақ деңгейінде әртүрлі құрылымдар қажет. Оған технологияны беру орталықтары, технологияның трансферті және лицензиялау офисі, технологияны беру бюросы, технологияны беру бөлімдері, патентті инновациялық орталықтары, өнеркәсіппен байланыс бөлімдері жатады. Аталған құрылымдардың атаулары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ мақсаты бір- ғылыми зерттеулердің нәтижелерін интеллектуалды меншік объектісі ретінде зерттеу ортасынан оның әрі қарай коммерциализациялануына өнеркәсіпке жіберу. Мұндай құрылымның қызметтерінің нәтижесіне алдымен базалық университеттер мүдделі. Бір жағынан, ол коммерциялық мүдделеріне көп жағдайларда қайшы келіп, университет құрылымдары арасында келіспеушіліктерге және қатынастардың үзілуіне себепкер болады, бұл АҚШ -тың кейбір оқу орындарының тәжірибесінен дәлелденген. Әр нақты жағдайларда бұл «қарым – қатынас араласу»формасы тарихи факторлармен, сонымен қатар, сол университетке тән өзіндік ерекшеліктерінің кешеніне байланысты. Біреулеріне жеке компания формасында бірлесіп жұмыс жасаса тиімді болса, басқаларына өзінің құрылымдық бөлімшесін құру дұрыс болады.

Шетелдік жоғарғы оқу орындарының ғылыми зерттеу қызметтерін зерделеу нәтижесінде АҚШ, Ұлыбритания, Канаданың тиімді инновациялық саясатының нәтижесінде өздерінің жетекші орындарын сақтайтынын байқаймыз. Шетелдік жоғарғы оқу орындарының қаржылық, ұйымдық- басқармалық, кадрлық, материалды- техникалық мәселелері жоқ еместігін мойындай отырып, оларды шешуде әртүрлі әдістер қолданылып, университеттің ғылыми инновациялық қызметін басқару құрылымы мен принциптері өзгереді.

Шетелдік университеттердегі аталған проблемалар Қазақстанда ғылыми инновациялық сфераны басқару құрылымдарын қолдану қажеттілігі жөнінде қорытындылауға мүмкіндік береді. Жоғарғы оқу орындарының инновациялық жүйесінің концептуалдық шешімін жобалаудың әртүрлі нұсқаларын құру және оның ішінен ең дұрысын таңдауда 2- сурет мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 - сурет – Жоғарғы оқу орнының инновациялық ортасы

 

Ескерту:Зерттеушілер еңбегін қорытындылау негізіндегі автормен жасалынған.

Шет елдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін ескере отырып құрылған инновациялық университет Қазақстан экономикасында оң өзгерістер тудыруға қабілеті бар мамандар, зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті кешенді үйлестіре білетін профессионалдарды дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай мамандарды даярлау іргелі ғылымдарды терең меңгеруге, инженер ісін зерделеуге, инженерлік шығармашылыққа және кәсіпкерлік іскерлікті игеруге негізделеді.

Бұндай инновациялық университеттің түлектері тек интеллектуалдық еңбек нарығында жұмыс істеуге бағдарланады, сонымен бірге олардың өздері кәсіпкерлік қызмет атқаруға және жаңа жұмыс орындарын жасауға қабілетті болып табылады.

Барлық елдерге жарамды жоғары білім берудің идеалды жүйесі жоқ. Әр мемлекет елдің әлеуметтік-экономикалық, тарихи, мәдени және қолда бар ресурстардың басқа жағдайларын есепке ала отырып, білім берудің ұлттық бағдарламасын жасайды және  жетілдіреді. Әр елдерде бар білім беру моделдерінің кейбір элементтерін мұқият зерделеу мен  шамалап пайдалану және Жоғары мектепті инновациялық қамсыздандырудың негізгі проблемаларын шешу жолдарын зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономиканың инновациялық дамуын қамтамасыз етудегі әдістемелік және теориялық қадамдарға зерттеу жүргізу келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

1. Республикадағы экономикалық қайта құрылудың сипатын анықтайтын интеграциялық процестердің дамуы жағдайында «инноватика» санатын, оның әрі қарай теориялық және тәжірибелік мәнін нақтылау қажеттілігі пайда болады.

2. Ғылыми-тәжірибелік тұрғысынан қазіргі әлемдегі инновацияға және оның санаттарына анықтамалар берілді. Технологиялық бизнес дамуымен сипатталатын инновациялық экономикадағы негізгі бағыттары анықталды. Қазақстан экономикасына қатысты инновациялық  жүйеге авторлық түсінік беріледі.

3. Қазақстандағы білім беру жүйесі терең ғылыми және зияткерлік зерттеулер негізінде жасалған, заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, соңғы жылдардағы жетістіктерді қамтитын, кең көлемді болуы тиіс. Жиырма бірінші ғасырда мамандардың жалпы мәдениеті жоғары болатындай, түпкілікті ғылыми және кәсіби дайындығы болуын талап етеді. Қазіргі заманғы білім беру институты дәстүрлі білім беру жүйесі аясынан шығып, «өмір бойына оқу» процесіне айналуда.

4. Қазақстандағы инновациялық инфрақұрылымның формаларын зерттеу  салалық және жоғары білім беру мекемелеріндегі ғылыми негіздердің қалыптасуы басталғаны туралы тұжырым жасауға негіз береді; инновациялық инфрақұрылымның негізгі ұйымдастырушылқ формалары ұлттық технопарктер, аумақтық инновациялық орталықтар, шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады, инновациялық процеске қатысатын барлық субъектілердің атқаратын қызметтері нақты түрде бөлініп берілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы