Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:13, диссертация

Описание работы

Елдегі экономикалық қайта құрулар белгілі бір баламасыз, сызықты дами алмайды. Қазіргі жағдайда Қазақстанның инновациялық даму жолына түсуі міндетті түрде инновацияларға, адам капиталына инвестицияларға және өндірістің тиімділігіне сүйенуі қажет, онсыз динамикалық даму болмайды.
Қазір өткен жылдардағы дамудың шикізатты – экспорттық нұсқасына бағытталуы күннен – күнге тиімсіз болып барады. Қазіргі жағдайда тек нарықта сұранысқа ие болатын жоғарғы қосымша құнды өнімдер шығаратын, технологиялары жетік инновацияға бағытталған корпорациялар ғана әлемдік экономиканың интернационализациясы беретін мүмкіндіктерден артықшылықтарға ие болады.

Работа содержит 1 файл

Баян2.doc

— 271.00 Кб (Скачать)

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Қазіргі кезеңдегі экономика ғылымының, оның ішінде инновация теориясының дамуында жаңаның қалыптасуы, жаңа енгізілімдерді тарату(диффузия), инновациялық шешімдерді жасау, инновацияларды адам қажеттілігіне бейімдеуге негізделетін бағыттарды ажыратуға болады. Инновация басқа да ғылымдардың қарастыратын объектілеріне айналуда, сонымен бірге әрқайсысы оның өзіндік мәселелері мен сұрақтарын зерттейді. Философия жаңа білім мен қайшылықтарды шешу нұсқаларына, психология туындаған келіспеушіліктер мен оларды шешу тәсілдеріне назар аударады. Техникалық ғылымдар түбегейлі жаңа өндіріс әдістерін қалыптастырудың технологиялық жақтарын негізге аласа, экономикалық ғылымдар идеялар мен теорияларды ендіру, инновация мәселелерінің басымдылығы сұрақтарына және инновациялық идеялардың қажеттілігінің экономикалық алғышарттарына көңіл аударады.

Зерттеу пәні мен объектісі ретінде инновациялар:

- жүйе түрінде (Н.Лапин, Й.Шумпетер).

- өзгеріс түрінде (Ильенкова С.Д, Гохберг Л.М., В.И.Кузнецов, Ю.Яковец т.б.).

- процесс түрінде (Б.Твисс, Б. Санто, Ф.Бездудный, Г.Смирнова, А.Н.Цветков).

- нәтиже түрінде (Барнет,П.Н.Завлин, Л.Э.Миндели., П.Н.Казанцев А.Левинсон, Ф.Гурвич және т.б.).

- қызмет түрінде қарастырылады. (Л.Стрижкова, ,С.К.Швец,К.П.Янковский, И.Ф.Мухарь және т.б.).

Ғылыми әдебиеттердің талдауы «инновациялық қызмет» пен «инновациялық үдеріс» категорияларын түсіндіретін бірыңғай көзқарастың жоқтығын дәлелдейді. Кей авторлардың пікірінше, бұл – ұқсас түсініктер, басқаларының пікірінше – бұл санаттар түрлі мазмұнға ие. Алайда, соңғысының ішінде де бірыңғай көзқарас жоқ: біреулері инновациялық үдеріс инновациялық қызметтен тұрады десе, басқалары – керісінше.

Инновациялық қызмет түрлі зерттеушілердің пікірінше – үрдістерді орындаудағы қызмет түрі, яғни талданып жатқан түсінік бөлінбейді.

Инновациялық үдеріс тәжірибелік пайдалану мен таралуға жарамды жаңалық алумен аяқталуы тиіс. Инновация алғашында жаңа өнім, технологиялар, еңбекті ұйымдастыру және тағы басқа түрінде материализацияланады, кейін коммерцияландырылып, табыс көзі болады.

Бесінші және алтыншы технологиялық құрылымның, дәуірлік және базисті инновациялардың игерілуі мен таралуымен сипатталатын жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасыр белгілі көзқарастардың, зерттеулердің нығаюына әкеліп, оларды өндірістік аппараттың жаңаруына, ғылыми ауқымды, ақпараттық, сандық технологияларды енгізуге маңызды макроэкономикалық өлшемдерге үйлестіреді.

Инновациялық үдерістер оның теориялық негіздеуінсіз мүмкін емес, инновациялық үдерістер стратегиясының нұсқаларының ғылыми талдауының қажеттілігі, оны тәжірибелік тексеру, шығармашылық тұрғыдан ұғыну – резервтерді, факторларды және инноватика сапасын шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік туғызады. Ғылым шаруашылық өмірдің шынайы көрінісін көрсетуге бейімделген, дәлелдемені ақиқатты дамуға, теорияны байытуға, барлық көнергеннен бас тарту деген қабілеттілік ажыратуы қажет. Ұстанымдар, пікірсайыстарды саралау, талдау үшін маңызды теориялық – қолданбалы мағынасы бар материал береді.

Ғылыми ұстанымның әділ талдауы, олардың шынайы аспектілерін көрсету шынайылыққа кереғарлығын мәлімдейтін дәлелдер. Мұндай сыншыл талдау зерттеуді серпінді өзгермелі жағдайларға, ұдайы өзгермелі шаруашылық ахуалдарға және экономикалық дүниетану деңгейіне, құндылық түсініктерінің өзгеруіне «байлап қоюға» мүмкіндік береді. Әңгіме, ұсынылып отырған инновация түсіндірулерінің бүгінгі күннің кеңейтілген талаптарына жауап бере алмауында. Оларда мемлекеттің функционалды рөлінің түсіндірмесі жоқ. Инновациялар мен мемлекет тығыз байланысты, солай бола тұра біршама дербес. Инновациялық экономиканың қазіргі заманғы жағдайда қалыптасуында қоғамдық өндіріс барысындағы, қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығын қолдаудағы құқықтық және әлеуметтік реттеуге деген қажеттілік әділ және шаруашылық қызметтің барлық түріне арналған экономикалық еркіндікке әділ, әрі тек мемлекет қызметінің делдалдығымен жүзеге аса алады.

Дамыған елдерде мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілердің инновациялық қызметіне тікелей әсер етеді, оны тура және жанама түрде реттейді. Осының аясында инновациялық үдерістер бойынша қолдағы методологиялық және техникалық багажды түгендеу, ғылыми зерттемелерге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшейюімен байланысты жаңа болмыстарды қою қажет. Осы алғышартқа сүйене отырып, нақты жағына ерекше көңіл аударып, инновацияға жаңа авторлық түсіндіру беру қажет – экономикадағы мемлекетті реттеуші рөлі.

Біздің ойымызша, инновацияны жаңалық ашумен, ғылыми – техникалық шешімдермен, өз қызметін пайдаланатын мемлекеттің тура және жанама әсерінің арқасында рационализациялау мен реттеумен байланысты өндіруші күштердің элементтерінің жаңаруы, өзгеруі, жетілдірілуі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында пайда болатын нақты экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде сипаттауға болады.

Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату – жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі.

Білім беру жүйесіндегі инновациялар ең бірінші келесі жайлар маңызды роль атқаратын жүйешелерден тұрады (1 сурет):

- Технологиялық инновациялар – жаңа білім беру технологиясы;

- Педагогикалық  инновациялар – оқыту мен білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдері;

- Ұйымдастырушылық  инновациялар – жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар және білім беру саласындағы жаңа институционалдық формалар;

- Экономикалық инновациялар – білім беру саласындағы жаңа экономикалық механизмдер.

1- сурет - Білім беру жүйесіндегі инновациялар

Ескерту- Автормен құрастырылған

 

Білім берудің жаңа жүйесі келесі принциптерге негізделген:

- білім беру жүйесін дамыту проблемасын тек білім беру жүйесі деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, жалпы мемлекеттік саясат және халықаралық деңгейде шешу;

- білім беру менеджментінде жүйелілік принципін барлық деңгейде жүзеге асыру;

- білім беруді ұйымдастырудағы қаржыландыру мен ұйымдастырудағы мемлекеттің ролін қайта қарау;

-білім беру қызметі нарығын дамыту;

- білім беру жүйесіндегі әртүрлі әлеуметтік институттардың ролін, бірінші кезекте кәсіпорындар мен отбасының ролін қайта қарау;

- оқу орындары мен онда оқитындардың білім беру процесін ұйымдастырудағы ролін қайта қарау.

Педагогикалық инновациялар – бұл жаңа педагогикалық технологияны, оқыту қызметінің жаңа әдістерін,  тәсілдерін, әдістемелерін әзірлеу және тарату.

Оқытудың белсенді және интербелсенді әдістері – бұл оқу және ұйымдастыру міндеттерін тиімді шешу құралы. Оның міндеттері:

- теориялық білімді бекіту, жаңа тәсілдер мен әдістерді ендіру, практикалық дағдыларды сіңіру, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, оқитындардың өзін өзі дамыта білуін және өзін өзі көрсетуін қамтамасыз ету;

- оқу материалының меңгерілу процесіне үздіксіз бақылау орнату;

- өндірістік функцияларды жүзеге асыру (өндірісті ұйымдстыру, жоспарлау, есеп беру, бақылау, талдау, үйлестіру, реттеу және т.б.);

- жағдайды талдау, проблемаларды анықтау, міндет қою, проблемаларды шешу жолдарын анықтау және т.б., зерттеу операциялары  сияқты басқармалық шешімдерге серіктес процедуралар жинағын ретімен орындау.

Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен студенттер еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор әсерін тигізетін көптеген петагогикалық әдістер мен тәсілдердің айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, мұның барлығы жалпы педагогикалық жүйешенің дамуына ықпал етеді.

Технологиялық инновацияны әзірлеу мен пайдалану, білім беру процесінде жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық технологияны пайдалану инновациялық оқу үрдісін дамытудың жетекші факторы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияны үздіксіз қарқынмен тұрақты жетілдіру соңғы он жылдықта білім беру саласындағы жаңа ендірімдерді ынталандырады және жеделдетеді.

Жаңа технологияны пайдалану барысында ұйымдастырушы инновацияларды меңгеру бүкіл білім беру жүйесінің маңызды факторы болып табылады.

Тәжірибенің көрсеткендей, дәстүрлі білім беруге тән ұйымдастыру жүйесінің аясындағы белгілі бір оқу бағдарламаларында кейбір оқытушылар жүзеге асыратын жаңа технология негізіндегі оқытудың тиімділігі өте төмен болып келеді, себебі бұндай оқыту оқу процесінің жаңа технологиялық негізін жасауға қосымша  шығынды қажет етеді. Бұл шығындар ақталу үшін білім беру нәтижесінде, бұл нәтиженің сандық және сапалық өсуге әкелуі үшін білім беру саласында ұйымдастырушылық инновацияны ойластыру және тарату қажет.

Білім беру саласындағы ұйымдастыру инновациясы дегеніміз бұл:

- оқытушы еңбегін бөлу (мазмұнды, тьюторларды әзірлеушілерді, оқыту әдістері бойынша мамандарды, оқу процесінің барысына бақылау жасаушы мамандар және т.б. бөлу);

- ақпараттық технологиялар бойынша оқытушыларды, мамандарды және оқу процесін ұйымдастырушыларды қашықтықтан оқыту курстарын ойластырушы және ұсынушы топтарға, командаларға біріктіру.

Нарық механизмдері мен жаңа білім беру технологиясының дамуымен Қазақстанда білім беру саласында  экономикалық инновациялар қалыптасуда, атап айтқанда:

- білім беруді мемлекеттік қаржыландырудың жаңа механизмдері;

- білім беруді қаржыландырудың көздерін диверсификациялау;

- студенттік өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару;

- білім беру саласындағы салықтық ынталандыру;

- білім беруді кәсіпорындардың қаржыландыруының жаңа механизмдері;

- білім беру саласындағы еңбекті төлеу механизмі;

- білім беру қызметінің ауқымынан үнемдеу механизмі.

Инновациялық білім беруді дамыту білім беру процесінің технологиялық негізіндегі инновацияны басқару процесінде технологияны таңдау проблемасының шешімі құрылатын негіздерді бөлуге жол ашады.

Білім беру инновацияларын тарату білім беру өнімдері мен қызметі нарығының айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, себебі:

- Білім беру қызметін тұтынушылар, білімге сұраныс күрт өседі;

- Білім беру өнімдері мен қызметінің ұсынысы барынша  ұлғаяды;

- Білім беру өнімдері мен қызметі саласында бәсекелестік күшейеді.

Жоғары мектептегі инновациялық қызметтің мәндік мазмұнын ашуда көрсеткіштер жүйесі айрықша маңызға ие. Жоғары мектептегі инновациялық қызмет бір позициядан қаралуы мүмкін емес. Оған толық барабар баға беру үшін демографиялық жағдайды, ауқымдылықты, инновациялық әлеуетті көрсететін белгілі бір көрсеткіштер тобын таңдау қажет. Жоғар мектептің инновациялық қамтамасыз етілуі сұрағын зерделей отырып, қомақты «салмаққа», болжаулық қасиеттерге ие негізделген көрсеткіштерді бөлген жөн. Біздің ойымызша бұндай көрсеткіштерге келесілер жатады (1 кестені қараңыз).

 

1-кесте – Жоғары мектептегі инновацияның әр түрлі белгілері бойынша көрсеткіштерінің классификациясы

 

Классификация белгілері

Инновациялық деңгей көрсеткіштерінің тобы

1

2

жаңару идеясының көздері бойынша

- елдің, өңірдің, қаланың, ауданның әлеуметтік тапсырысқа сұранысы;

- әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік, өңірлік немесе муниципальдық маңыздағы заңдарда, директивті және нормативтік құжаттарда жүзеге асыру;

- адам туралы ғылымдар кешеніне қол жеткізу;

- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе;

- басшылар мен оқытушы-профессорлық.құрамның интуициясы мен шығырмашылығы байқаулар мен қателіктер жолы ретінде;

- тәжірибелік-экспериментальды жұмыстар;

- шетелдік тәжірибе

ауқымдылығы бойынша

- локальді және жеке, бір біріне байланысы жоқ. Жаңа ендіру бір факультет немесе бір бағыт аясында ғана болуы және оқу жоспарының және білім беру бағдарламасының өзгерісіне байланысты болуы мүмкін;

- кешенді, өзара байланысты өзгерістер басқарма құрылымын, оқу-кәсіби ұйымдастыру формасын, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін, білім беру технологиясын, халықаралық ынтымақтастық және басқаларды қамтуы мүмкін;

- жүйелі, бүкіл жоғары оқу орнын қамтиды. Егер бүкіл жоғары оқу орны перспективалы даму идеясын жүзеге асырса, онда әр түрлі жаңалықтарды ендіру толық ауқымды сипатқа ие болады, әдетте жүйенің барлық тізбегін.

1 кестенің жалғасы

1

2

 

және элементтерін қамтиды

инновациялық әлеуеті бойынша

- белгі мен қабылданғанды жетілдіруге, жаңалауға, түрін өзгертуге байланысты түрлендіру. Бұл жоғары оқу орнының барлық элементтері мен тізбектеріне – оқу пәндеріне, білім беру бағдарламасына, оқу жоспарына, құрылымына, оқытушы мен студенттің қызметіне, талапкерлерді іріктеуді ұйымдастыруға қатысты;

- комбинаторлық жаңа ендірулер мазмұндық емес, құрылымдық жаңаруды қарастырады. Мысалы, университет құрылымына – мектеп ретінде академиялық гимназияны ендіру немесе «техникалық гимназия – техникалық колледж – техникалық университет» кешенін жасау;

- жоғары білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер жеке меншік жоғары оқу орындарының пайда болуына, жоғары оқу орындарының әр түрлі қаржыландырылуына, барлық жоғары оқу орындарының студенттерді қашықтықтан оқыту формаларына көшуіне байланысты.

жаңаның жоғары оқу орнында өтіп жатқан педа-гогикалық процеске қатыстылығы бойынша

- білім беру мақсаты мен мазмұнында;

- педагогикалық үрдістік әдістемесінде, тәсілінде, технологиясында;

- оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінде;

- әкімшілік, ОПҚ мен студенттер қызметінде

уақыт факторына қатысты жаңашылдық дәрежесі бойынша

- алмастырушы, ескірген оқулықты немесе техникалық құралды алмастырады, мысалы, ескі құралдың орнына жаңа, жаңа заман талабына лайық құрал алынады;

- жоққа шығарушы. Жоққа шығару – жоғары оқу орнының қандай да бір қызметін оның болашағы жоқтықтан тоқтару болып табылады. Осының өзі жаңашылдық болады;

- ашушы, мысалы, жаңа мамандық, жаңа білім беру технологиясы, жаңа құрылым  ашылуы;

- ретроендіру – жоғары оқу орнының көп уақыт ұмыт қалған және таратылған бір жағдайды қайта ашуы.

Ескерту: Зерттеушілер еңбектерін жинақтап қорыту негізінде автормен жасалған

Информация о работе Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебіндегі инновациялық процестері: теориясы мен практикасы