Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 11:36, курсовая работа
Жаңа индустриалдық саясаттың бағдарламасы мен тұжырымдамасын әзірлеу үшін индустрияның даму серпініне әсер ететін, көптеген факторлар мен қағидаларды қарастыру қажет: ресурстық қамтамасыз етілу, ғаламдық коммуникация, іскерлік бағалау, бәсекелестік қабілеттің, жағдайы, жаңа технологиялар, экологиялық тәуелділіктер, басқару әдістері, қоғамдық тұтынушылық, инвестициялық климат, әлеуметтік-экономикалық стратификациялау (жіктеу), ұлттық экономикалық менталитет.
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері 5
1.2
1.3
Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері
Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі
7
9
2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 11
2.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы 11
2.2
2.3
Тау – кен металлургия өнеркәсібі ағымдағы жағдайын талдау
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібін талдау
14
16
3 ҚР-ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ 21
3.1
3.2
Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен мақсаттары
ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары.
21
23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әлемдік қаржы дағдарысы дүние жүзінің құрылыс саласын тұралатып кеткені шындық. Бұл келеңсіздік Қазақстанның да құрылыс индустриясына салқынын тигізді. Алайда, ел Үкіметі тарапынан жасалған жан-жақты қолдау еліміздің құрылыс саласын рецессиядан аман сақтап қалды. Өткен жылдың ақпан айынан бастап отандық құрылыс индустриясы тоқыраудан шығып, аз да болса даму ырғағына түсе бастады. Құрылыс жұмысының көлемі өткен жылдың 11 айында 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті. 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында мемлекет тарапынан құрылыс саласына 278,5 миллиард теңге қаржылық қолдау көрсетілді. 2007 жылдан бастап үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан құрылысты жандандыру мақсатында мемлекет тарапынан барлығы 505,809 миллиард теңге қаржы құйылды. [11. 42-б.]
2.2 Тау – кен металлургия өнеркәсібі ағымдағы жағдайын талдау
Тау-кен-металлургия
саласы ел экономикасының стратегиялық
саласын бiлдiредi, оның рөлi жоғары технологиялық
және ғылымды қажетсiнетiн
Елдiң тау-кен металлургия саласын дамытудағы
мемлекеттiк саясат iрi кәсiпорындардың
негiзгi (базалық) өндiрiсiн ынталандыру
мен шағын және орта бизнес кәсiпорындарының
базалық металдар негiзiнде жоғары қайта
бөлудiң түпкi өнiмiн жасауға бағытталатын
болады.
Тау-кен-металлургия саласы — елiмiздiң
өнеркәсiбiнiң барынша серпiндi дамып келе
жатқан секторы, Қазақстанның маңызды
құрамдас бөлiгi. Ол Қазақстанның барынша
бәсекеге қабiлеттi саласының бiрi бола
отырып, 2009 жылдың қорытындысы бойынша
тау-кен металлургия саласы елдiң 16,9 % өнеркәсiп
өнiмiн шығарды, оның экспорттың жалпы
көлемiндегi үлесi 19,6 % ды құрайды. Салада
шамамен негiзгi қызмет персоналы ретiнде
164,5 мың адам жұмыс iстейдi. 2008 жылғы қорытынды
бойынша тау-кен металлургия саласы кәсiпорындарының
негiзгi құралдарының құны 2,2 трлн. астам
теңгенi немесе елдегi барлық негiзгi құралдардың
17 %-ын құраған. 2003 жылдан бастап 2009 жылды
қоса алғанда салада негiзгi құралдар құны
шамамен 2,7 есеге өскен. Осы кезден бастап
металл көздердi өндiру көлемi шамамен
3,5 есеге өскен.
Таяудағы
бес жыл iшiнде тау-кен металлургия
саласы жобаларына салынатын инвестициялар
көлемi 2 трлн. теңгенi ($ 13 млрд. астам) құрауы
тиiс. Индустрияландыру бағдарламасын
iске-асыру шеңберiнде бұл
2003-2009 жылдары сапа кәсiпорындарының негiзгi
капиталына салынған инвестициялар 1,42
трлн. теңгенi (1-сурет) құрады, олардың
негiзгi үлесi түстi металдар өндiрiсiне
(42 %) тиесiлi.
Металлургия
өнеркәсiбiнiң үлесiне өңдеушi өнеркәсiп
көлемiнiң 35 %-дан астамы тиесiлi. Қазақстанда
әлемдiк хром кенi қорының 30 %-ы, марганец
кенiнiң 25 %-ы, темiр кенiнiң 10 %-ы шоғырланған.
Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдiк
қордың тиiсiнше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсiз
мемлекеттер достастығы елдерiнiң арасында
хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды,
вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды,
бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темiр
кенi 15 %-ды құрайды. Қазiргi кезде Қазақстан
титан өндiрiсi бойынша әлемде 3-орынды,
мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темiр кенi
- 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденедi.[12.112-б.]
Қара металлургия өнiмi өндiрiсi көлемi
(өндiрушi және өңдеушi өнеркәсiп) 2003 жылғы
264,7 млрд. теңгеден 2009 жылғы 579 млрд. теңгеге
дейiн, ал түстi металлургия (өндiрушi және
өңдеушi өнеркәсiп) тиiсiнше 290,1 млрд. теңгеден
796,6 млрд. теңгеге дейiн ұлғайды. Түстi металлургияда
кен өндiру серпiнi бiр қалыпты емес. Алюмминий
(2003 жылғы 4,7 млн. тоннадан, 2009 жылғы 5,1 млн.
тоннаға дейiн) және қорғасын-мырыш (тиiсiнше
6,4 млн. тоннадан 7,1 млн. тонна дейiн) кендерiн
өндiру ұлғайды. Дегенмен, қаралып отырған
кезеңде мыс (2003 жылғы 34,9 млн. тоннадан
2009 жылғы 31,2 млн. тоннаға дейiн) және мыс-мырыш
кендерiн (тиiсiнше 6,2 млн. тоннадан 5 млн.
тоннаға дейiн) өндiру төмендеген. Қара
металлургия өндiрiсiнiң серпiнi шойын өндiрiсi
көлемiнiң 2003-2009 жылдар iшiнде 4,1 млн. тоннадан
2,9 млн. тоннаға дейiн, шикi болаттың 5,1 млн.
тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейiн және тегiс
прокаттың тиiсiнше 3,8 млн. тоннадан 3 млн.
тоннаға дейiн төмендегенiн көрсетедi.
Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде
көмiртектi электрлiк болат өндiрiсiнiң көлемi
0,2-ден 0,5 млн. тоннаға дейiн, құрылысқа
арналған шыбықтар 0-ден 97,2 мың тоннаға
дейiн және құбыр өнiмi тиiсiнше 65,3 -тен 150,2
мың тоннаға дейiн өскенi байқалады.
1-кесте. Қара және түстi металлургия өндiрiсiнiң динамикасы
|
Металлургия саласының
негiзiн кендердi өндiру және оларды одан
әрi өңдеу құрайды. 1-кестеде көрсетiлгендей
негiзгi көлем қара және түстi металлургияда
металл кендердi өңдеуге келедi. Бұл ретте
құндық көрсеткiштерде қара және түстi
металдарды ендiру және өңдеудiң оң өсу
динамикасы байқалады.
Сонымен бiрге қара металлургияда өңдеу
үлесiнiң 2003 жылы 34,6 % -дан 2009 жылы 76,6 %-ға
дейiн бiртiндеп төмендегенiн, темiр кендерiн
өндiру үлесiнiң тиiсiнше 15,4 %-дан 23,4 %-ға
дейiн өскенiн атап өту қажет. Осыған ұқсас
жағдай түстi металлургияда да байқалады.
Қайта өңдеудiң үлесi 2003 жылғы 80,8 %-дан 2009
жылы 78 %-ға дейiн төмендедi.
2-кесте.
Тау-кен металлургия саласы
|
Тау-кен-металлургия
саласының өнiмдерiн өндiрудiң
нақты көлемiнiң индексiн
2.3
Қазақстандағы машина
жасау өнеркәсібін талдау
Қазақстанда
өндірілген машина жасау саласы өнімдерінің
осы сияқты шетелдік өнімдермен бәсекеге
қабілетсіздігінің негізгі
Айларға
бөліп қарағанда көлемнің ең көп
өсуі автокөліктер, трейлерлер және жартылай
тіркемелі көліктер өндірісінен
байқлады, мұнда 2010 жылдың мамыр айымен
салыстырғанда 2011 жылдың мамырында
НКИ 226,9% құрады, компьютерлер, электронды
және оптикалық өнімдер өндірісінде
сәйкесінше 64,6% құрады.
2 Сурет.
Өнеркәсіптің, өңдеуші өнеркәсіптің және
машина жасау түрлерінің НКИ айлар бойынша
(өткен жылдың сәйкесінше айына қарай
% өлшеммен)
Жеңіл
жолаушы автокөліктерінің өндірісі
үлкен өсім көрсетті, сөйтіп, 2011 ж. қаңтар-мамыр
айларындағы көлемі 2 487 дананы құрады,
бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзімінің
көрсеткішінен 352,8% жоғары, ағымдағы жылдың
мамыр айында көлемі 485 дананы құрады,
бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзіміндегі
көлемнен 141,8% жоғары болып табылады, сонымен
қатар ағымдағы жылдың сәуір айымен салыстырғанда
36,3% төмендеу байқалды. 2011 ж. қаңтар-мамыр
айларында 99 666 дана, немесе өткен жылдың
сәйкесінше мерзімінің 77,0% көлемінде радиохабар
тарататын қабылдағыштармен бірлескен
немесе бірлеспеген телевизиялық қабылдағыштар,
дыбыс-, бейнежазушы немесе жаңғыртатын
қабылдағыштар өндірілді. [14.]
3 Сурет. Машина жасау өнімінің өндірісі заттай мәнінде
ҚР
Статистика жөніндегі агенттігінің
мәліметтері бойынша 1.06.2011 ж. қарай
253 ірі және орта машина жасау мекемелері
тіркелген, оның ішінде компьютер, электронды
және оптикалық өнім өндірушілері –
8, электр құрал-жабдығын өндіретіндері
– 19, машиналар мен құрал-
4 Сурет. Мекемелер мен өндірістердің саны (ірі және орта)
2011
жылдың сәуірінде ең жоғары
еңбекақы компьютерлер, электронды
және оптикалық өнімдер
5 Сурет. Бір жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы (теңгемен)
2011
жылдың наурызында өткен
Нақты
инвестициялар мен
Басқа
санаттарға кіргізілмеген машиналар
мен жабдықтар жасау
Электр
жабдықтарын жасау өндірісінде 20
100 млн. теңге сомаға өнім өндірілген,
нақты көлем индексі - 93,6% құрады.
6 Сурет. Машина жасау түрлері бойынша негізгі инвестициялар айлар бойынша (млн.теңге)
2011
жылдың қаңтарсәуір айларында жер үсті
көліктерінің, ұшқыш аппараттардың, жүзгіш
құралдардың және көлікке жататын құрылғылар
мен құрал-жабдықтардың экспорты 33 894,3
мың. АҚШ долл., өткен жылдың сәйкесінше
мерзімімен салыстырғанда өсім 198,8% құрады.
2011 ж. қаңтар-сәуір айларында ақпаратты
автоматты түрде өңдеу машиналары, олардың
блоктары; санағыш құрылғылар, ақпаратты
кодталған үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді
ауыстыру машиналары бойынша импорт 1 038,0
дананы құрап, 204,7% көбейді, жеңіл автокөліктер
бойынша 6 968,0 дананы құрап, 110,0% көбейді,
қоғамдық көлік құралдары, іштей жанатын
піспек қозғалтқышты моторлы жолаушылар
көліктері бойынша өсім өткен жылдың сәйкесінше
кезеңімен салыстырғанда 259,6% құрады. [15.]
Информация о работе Қазақстан өнеркәсібі және өнеркәсіптік саясат