Қазақстан өнеркәсібі және өнеркәсіптік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 11:36, курсовая работа

Описание работы

Жаңа индустриалдық саясаттың бағдарламасы мен тұжырымдамасын әзірлеу үшін индустрияның даму серпініне әсер ететін, көптеген факторлар мен қағидаларды қарастыру қажет: ресурстық қамтамасыз етілу, ғаламдық коммуникация, іскерлік бағалау, бәсекелестік қабілеттің, жағдайы, жаңа технологиялар, экологиялық тәуелділіктер, басқару әдістері, қоғамдық тұтынушылық, инвестициялық климат, әлеуметтік-экономикалық стратификациялау (жіктеу), ұлттық экономикалық менталитет.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері 5
1.2
1.3
Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері
Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі
7
9
2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 11
2.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы 11
2.2
2.3
Тау – кен металлургия өнеркәсібі ағымдағы жағдайын талдау
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібін талдау
14
16
3 ҚР-ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ 21
3.1
3.2
Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен мақсаттары
ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары.
21
23
ҚОРЫТЫНДЫ 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 416.95 Кб (Скачать)

     1991 жылға дейін Қазақстанның ауыр  өнеркәсібі КСРО-ның бірыңғай  химия шаруа кешені ретінде  дамыды. Мұндай тәуелділіктің бірнеше  зардаптары болды. Біріншіден, әрі  қарай өңдеу үшін жартылай  өнім сыртқа тасылды. Екіншіден,  түпкі өнім шығаратын кәсіпорындар  үлесі төменгі деңгейде қалды.  Үшіншіден, түсті және қара  металлургия, басқа ауыр өнеркәсіп  салалары түпкі өнімге бейімделмей,  шикізат бағытын ұстанды. Төртіншіден,  экологиялық жағынан таза, озық  технол-ларды өндіріске енгізу  ісіне жете назар аударылмағандықтан  әлемдік технологиялық дамудан  кенжелеп қалдық. Бесіншіден, Қазақстан  ауыр өнеркәсіп өнімдері тек КСРО рыногына бейімделді. Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70%-і, темір рудасының 55%-ті, көмірдің 28%-ті, қара металдың 46%-ті, синтетик. каучуктің 86%-і, негізгі химия өнімдерінің 54 %-ті сол рынокқа шығарылды.

     1991 - 1996 жылдары еліміз экономикасының  нарықтық қатынастарға көшуіне,  бұрынғы қалыптасқан экономикалық  байланыстардың үзілуіне байланысты  отандық ауыр өнеркәсіп елеулі  қиындықтарды басынан өткізді.  Бастапқы жылдардағы еңбекақының  өсуі, айналым қаражаттарының жетіспеуі,  ақшаның құнсыздануы, қаржыландыру  тәртібінің өзгеруі, қажетті ресурстарға  бағаның шексіз өсуі ауыр өнеркәсіп  кәсіпорындарын дағдартып тастады.  Қазақстан үкіметі шұғыл түрде  кәсіпорындарды мемлекет иелігінен  алу, жекешелендіру, шетелдік  кәсіпкерлер мен инвесторлар  қаржылары көмегімен оларды қайта  жарақтандыру бағытында экономикалық  жобалар тізбегін жасап ұсынды. 5000 жұмысшысы бар өнеркәсіп орындарының  саны 129 болып, олар жеке жобалар  арқылы жекешелендіруге көшірілді. 1995 - 1996 жылдары түсті және қара  металлургия, тау-кен және химия  өнеркәсібінің 50-ге тарта белді  кәсіпорындары шетелдік басқаруға  берілді. Олардың арасында “Айведон  интернешнл ЛТД” (Соколов-Сарыбай  кен байыту өнеркәсіптік бірлестігі), “Japan chrom corporatіon” (Хром өндірісі  кәсіпорындары), “Самсунг” (Жезқазғанцветмет),“Испат-Қармет” (Қарағанды меаллургия комбинаты) т.б. компаниялар бар. [5.]

     1994 - 96 жылдары Қазақстанға 6 млрд. доллар  шамасында шетел капиталы тартылды, оның 60%-і түсті металлургияға,  ал қалғаны мұнай, газ өнеркәсібін  дамытуға және басқа салаларға  жұмсалды. Басқаруға берілген кәсіпорындардың  қарыздары мен берешектері жабылып,  өндіріс орындарына қан жүгірді,  экон. көрсеткіштері жоғарылады. Қазақстан  үкіметінің ауыр өнеркәсіп саласында  ұстанған саясаты негізінде шектеулі  құрылымдық өзгерістер енгізіліп,  ұлттық шаруашылықтың отын-энергетика, металлургия, мұнай және газ,  машина жасау, химия және мұнай  химиясы өнеркәсіптері дамытылып  елдің экономикалық қауіпсіздігі  қамтамасыз етілмек. Бұл туралы  ел Президентінің Қазақстан халқына  1997 жылғы жолдауында: “Өндірістің  инерциялық және ауыр құрылымын  құлашты бір сермеп түзетуге  болмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және керісінше, өңдеуші өндірістің, ең алдымен ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажеттігін көрсетіп отыр” делінген. [6.] 

     1.3 Қазақстан экономикасындағы  өнеркәсіптің рөлі 

     Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында  өнеркәсіптің түрлі салаларындағы  кәсіпорындардың техникасы мен  технологиясы, ұйымдастырылу деңгейі  төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп  орындары мемлекет иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады. 2003 жылғы мәліметке қарағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3%), жеке меншікте 11217 (88,3%), ал басқа мемлекеттердің (олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының) меншігінде 306 (2,4%) кәсіпорын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымы тиісінше 1,3; 82,1 және 16,5% болды. Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпаттары алуан түрлі: ұлттық және мемлекеттік компаниялар (“Қазақойл”, “Қазтрансойл”, “Қазатомөнеркәсіп”, т.б.), мемлекеттік және жеке жобалармен жекешелендірілген акционерлік компаниялар (“Испат-Қармет”, “Қазақмыс” корпорациясы”, “Қазақстаналюминий”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “Маңғыстаумұнайгаз”, “Ақтөбемұнайгаз”, “ҚазхромҰАҚ”, т.б.), нарықтың дамуы барысында пайда болған жеке компаниялар (“Қазкоммерцбанк”, “ҚазақстанКаспийшельф”, “Тұран Әлембанк”, т.б.), ұлтаралық компаниялардың Қазақстандағы бөлімшелері (“Теңіз Шевройл”, “OKІOK”, “PeтроҚазақстан”, “Алматы темекі фабрикасы”, “Қазхром” “ҰаҚ”, т.б.) мен өкілдіктері (“АВВ LTD” – электротехикалық жабдықтар өндіретін компания, “PGS Onshore” – мұнай барлау, геофизикалық қызмет компаниясы, т.б.). Трансұлттық корпорациялар республиканың өнеркәсіпіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар пайда табуда. Әйтсе де Қазақстан экономикасының корпоративтік секторында әлемдік деңгейдегі корпорациялар жоқ дерлік. Қазақстан өнеркәсіпінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екеніне қарамастан инвестиция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Сондықтан жеке жобамен жекешелендірілген кәсіпорындар мен трансұлттық корпорациялар басымдық алды. Республика экономикасында жүргізілген реформа барысында бұрын қалыптасқан өнеркәсіп салалары дамыды. Негізгі капиталға пайдаланылған инвестиция кен өндіру өнеркәсіпіне жұмсалды. Атап айтқанда, осы сала құрылымындағы инвестицияның үлесі 2000 – 2003 жылдары орта есеппен 76,3%-ды құрады. Бұл кезеңде өңдеу өнеркәсіпі саласында инвестиция тапшылығы айқын байқалды: оның үлесі орта есеппен 18%-дан аспады. [8.]

     Республика  өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік  стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ  қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл  көрсеткіш 0,2 – 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін  өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік  деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар  ескірген (50%-дан астам). Қазақстанда  өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі 2004 жылы 30%-дан асты, яғни ақшаға шаққандағы көлемі 3000 млрд. теңгеден астам болды, ал өнеркәсіптің негізгі қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 30 мың теңге  шамасында. Негізгі қызметтен алынған  табыс 402,2 млрд. теңгені құрады және өнеркәсіптің пайдалылық деңгейі 23%-ға жетті. 21 ғасырдың басынан Қазақстан  өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі  жүргізіле бастады. Нәтижесінде  ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль құрастыру  сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда  болып, әлемдік бәселестікке төтеп  беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі  жолға қойылды. Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ  БОЛАШАҒЫ 

     2.1 ҚР-ның өнеркәсіп  салаларының қазіргі  жағдайы 

     Еліміздің өнеркәсіп өндірісі 2010 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 18,8 пайызға өсті. Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсімі 7,5 пайызды құрады. Өндірістің осындай жоғары қарқынмен өсуіне ішкі және сыртқы рыноктардың конъюнктурасының жақсаруы бірінші себеп болса, ел Үкіметінің әлемдік дағдарысқа қарсы жасаған іс-қимыл бағдарламасының тиімділігі мен Индустрияландыру картасына кіретін жаңа өндіріс нысандарын іске қосу үрдісінің ерекше игі ықпал еткендігі және ақиқат. Мәселен, қаңтар-қазан айларындағы еліміздің сыртқы сауда айналымы 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 43,1 пайызға артса, тауар экспорттау көлемі 52,6 пайызға көбейді. [9. 233-б.]

     Қазақстанның  экономикасы дағдарыс кезеңінен  кейін дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне өтті. Бұл кезең өсімді қалпына келтіру, экономиканың сапалы және үйлесімді өсімінің кезеңі болмақ.

     ҚР  Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша қаңтар-мамыр  айларында тау-кен өнеркәсібі және кеніш зерттеу өндірісінде көлемі 4 123,8 млрд.теңгені құрайтын. ФКИ 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2011 жылы 104,0% құрады. Дайын метал өнімдері, машина мен жабдық өнімдерін қоспағанда 41,2 млрд. теңге (ФКИ – 127,9%) құрады.

Қазақстандық  экономиканың дамуының ағымдағы жағдайын, сондайақ, халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың дамуына қатысты болжамдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының өсімді қалпына келтіру кезеңі 2012 жылға қарай аяқталуы керек. Бағалаулар бойынша, 2012 жылға қарай ЖІӨ кісі басына 2008 жылғы деңгейге жетеді, яғни өткен жылдардағы ең жоғары деңгейге тең болады. Әлемдік экономика жанданған сайын және Қазақстанның экспорттық өніміне сыртқы сұраныс өскен сайын резервтік қуаттарды іске қосу есебінен өнеркәсіптік өндірістің өсімі қалпына келе бастайды. Осылайша, металлургия саласында және таукен өнеркәсібінің ілеспелі салаларында белсенділік арта түседі.

     2011 жылдың қаңтармамыр аралығында Қазақстан Республикасының әлеуметтікэкономикалық дамуында оң көрсеткішті динамика байқалды. 2011 ж. қаңтармамыр айларындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағамен 6363,1 млрд. теңгені құрады.  Бұл 2010 ж. қаңтармамыр аралығымен салыстырғанда 5,8% артық. Тау-кен өнеркәсібінде және кен шығару салаларындағы өндіріс 4% өскен, өңдеу өнеркәсібінде –  8,7%.

     «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы»  жеке меншік мекемесі таулы-металлургиялық өнеркәсіптің, машина жасаудың, химия  өнеркәсібінің, фармацевтика өнеркәсібінің, құрылыс материалдары өндірісінің, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің өндірісінің негізінде есептеген негізгі қысқамерзімді индикаторы 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында 111,9%  өскен.  

1 Сурет.  Сарапталушы салалардың өткен  жылдың сәйкесінше кезеңі бойынша  ФКИ , % өлшеммен

 

     2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың ел экономикасының әлеуетін көтеруге мейлінше қуатты қарқын беретіндігі даусыз. Оны бесжылдықтың алғашқы жылындағы нәтижелер де көрсетті. Атап айтар болсақ, 2010 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде жалпы құны 381 млрд. теңге болатын 72 жаңа инвестициялық ірі жоба іске қосылып, 12 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ал екінші жартыжылдықта, тура ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының өзі сәттілік тілеп, бір мезетте жалпы құны 450 миллиард теңгеден асатын 80 ірі индустриялық нысанның тұсауын кесті. 12 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сөйтіп, индустрияландыру бес жылдығының алғашқы жылының өзінде елімізде жалпы құны 800 миллиард теңге болатын 152 ірі индустриялық-инновациялық жобалар іске қосылды. Бір жылдың ішінде 152 ірі индустриялық нысанының іске қосылуы бұрын-соңды ешқандай мемлекеттің тарихында болып көрмеген. Бұл Қазақстанның шын мәнінде индустриялық өрлеу дәуіріне қадам басқанының айшықты көрінісі.

     Осы іске қосылған ірі нысандар қатарында Ақмола облысындағы жылына 60 миллион керамикалық кірпіш шығаратын зауытты, Ақтөбе облысындағы «Син-ойл» ЖШС-ның мұнай өнімдерін өңдейтін кешенін, Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-тың титан құймаларын және балқымаларын шығаратын зауытын, Жамбыл облысындағы «Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС-ның болат қорыту өндірісін, Қостанай облысындағы макарон өнімдерін шығаратын өндірісті, Қызылорда облысындағы асфальт-бетон зауытын, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Леонов» шаруа қожалығының 320 бас сауын сиырға арналған сүт кешенін және басқаларды атап айтуға болады. [10. 91-б.]

     Елімізде  соңғы жылдары мұнай, газ және тау-кен өнімдерін өндіру қарқыны барған сайын артып келеді. 2010 жылдың 11 айында республикамыздың мұнай өндіру компаниялары 72 488 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірсе, жыл аяғында осы көрсеткіш 80 миллион тоннаға жеткізілді. Еліміздің мұнай өңдеу зауыттары 12 416,7 мың тонна шикі мұнай өңдеп, 2 633,4 мың тонна бензин, 3 759,3 мың тонна дизель отынын, 3 436,9 мың тонна мазут, 441,3 мың тонна авиакеросин шығарды. Кеше ғана тарих қойнауына кірген жылы елімізде газ өндіру көлемі 37,5 миллиард текше метрге жетті. Қантар- қараша айларында 19,4 миллиард текше метр тауарлы газ өндірілді.

     Жыл қорытындысында еліміздің қайта өңдеу өнеркәсібінің де қуатты қарқынмен дами бастағанына да жетті. Атап айтқанда, өткен жылдың 11 айында бұл саланың өсімі 2009 жылдың сәйкес мерізімімен салыстырғанда 18,8 пайызға артты. 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін өндіру 113,8 пайызға, тоқыма өнімдерін шығару – 130,3, мұнай өнімдерін өндіру – 113,1, химия өнеркәсібі – 137,6, металлургия өнімдерін шығару –148,7 және мәшине жасау 158,8 пайызға артқан.

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы да өткен  жылдың ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты куаңшылық орын алғанымен, мемлекет тарапынан жасалған үлкен қаржылық көмектің арқасында диқан қауымы озық агротехникалық шараларды тиімді қолдану нәтижесінде 13 миллион тоннадан астам астық бастырды. 2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін еліміз 8,1 миллион тонна астық және ұн экспорттады. Бұл 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 2,1 миллион тоннаға артық. Республикамызда дәнді дақылдар, майлы дақылдар және басқа да өнімдер бойынша халқымыздың сұранысын толық қанағаттандыратын өнім қоры жиналды.

     Есепті  мерзім ішінде мал өнімдерін өндіру көлемі 690,0 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,1 пайызға артты. 2010 жылдың 1 желтоқсанында 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ірі қара мал басы 1,0 пайызға артып, 6 493,0 мыңға, оның ішінде сауын сиыр 2 813,9 мыңға, қой 3,7 пайызға артып, 16 083,9 мыңға, жылқы 3,8 пайызға артып 1 563,7 мың басқа жетті. Құс саны 2,0 пайызға артты.

Информация о работе Қазақстан өнеркәсібі және өнеркәсіптік саясат