Қазақстан өнеркәсібі және өнеркәсіптік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 11:36, курсовая работа

Описание работы

Жаңа индустриалдық саясаттың бағдарламасы мен тұжырымдамасын әзірлеу үшін индустрияның даму серпініне әсер ететін, көптеген факторлар мен қағидаларды қарастыру қажет: ресурстық қамтамасыз етілу, ғаламдық коммуникация, іскерлік бағалау, бәсекелестік қабілеттің, жағдайы, жаңа технологиялар, экологиялық тәуелділіктер, басқару әдістері, қоғамдық тұтынушылық, инвестициялық климат, әлеуметтік-экономикалық стратификациялау (жіктеу), ұлттық экономикалық менталитет.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері 5
1.2
1.3
Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері
Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі
7
9
2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 11
2.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы 11
2.2
2.3
Тау – кен металлургия өнеркәсібі ағымдағы жағдайын талдау
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібін талдау
14
16
3 ҚР-ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ 21
3.1
3.2
Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен мақсаттары
ҚР өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары.
21
23
ҚОРЫТЫНДЫ 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 416.95 Кб (Скачать)

«Қаржы академиясы» АҚ

«Есеп және аудит» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 

«Экономикалық теория» пәні бойынша

Тақырып: «Қазақстан өнеркәсібі және өнеркәсіптік саясат» 

                      
 
 
 
 
 

               Орындаған: ФКС-13 тобының студенті

                        Тайшық Арайлым  

             Ғылыми  жетекшісі: магистр, аға оқытушы

                  Хуаныш Л. 
             
             
             
             
             
             

Астана  2011ж. 
 

                                                 ЖОСПАР 

  КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  5
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері 5
1.2

1.3  

Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері

Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі

7

9

2 ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 11
2.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы 11
2.2

2.3     

Тау – кен  металлургия өнеркәсібі ағымдағы жағдайын талдау

Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібін талдау

14

16

3 ҚР-ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ 21
3.1 

3.2  

Қазақстанның  өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен мақсаттары

ҚР өнеркәсіпті  қолдаудың таңдамалы және жалпы  іс-шаралары.

21 

23

  ҚОРЫТЫНДЫ 25
   
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
27
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Материалдық өндіріс – оның материалдық-заттық нысанындағы өнімнің  қайта пайда  болуы немесе жасалуымен байланысты қызмет түрі. Материалдық өндіріс  кезінде жаңа құн жасалады ( өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста) немесе бұрын шығарылған өнімнің  (саудада, көлікте) құны өседі.

     Материалдық өндірістің құрамы он төрт саладан  тұрады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман  шаруашылығы, жүк көлігі, өндіріске  қызмет ететін байланыс, құрылыс, сауда  және қоғамдық тамақтандыру, материалдық-техникалық қызмет және өткізу, жыл-жымайтын мүлік  пен операциялар, маркетинг (рыноктың қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызмет), геология, жер қойнауын бақылау, дайындау, ақпараттық қызмет ету. Ірі салалардың құрамында салалық бөлімдерге бөлінеді. Осындай өнеркәсіп екі ондаған салалық бөлімдерді ұстайды: электроэнер-гетиканы, машина құрылысын, жеңіл, тамақ химиясы, мұнай хи-миясы және т.б.

     Материалдық өндіріс, сондай-ақ мына салааралық кешендерден  тұрады: жанармай-энергетикалық кешені, агроөнеркәсіп кешені, мемлекеттік  машина құрастыру кешені, машина құрастыру, әскери-өнеркәсіптік кешен, химия-орман, көлік және т.б.

     ЖІӨ -дегі өнеркәсіптің үлесі 20 пайызға  жуық. Өнеркәсіп саласында 40 пайыздан артық ЖҰӨ шығарылады. Қазақстанда  барлық ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін, республиканың еңбекке жарамды  тұрғынының әрбір төртіншісі жұмыс  істейтін өнеркәсіп өнімдері құрайды. Соңғы уақытта тоқырау-туралау  дәрменсіздік салдарын жеңіп, тұрақты  өсу сатысына шыққан, кәсіпорындардың  саны тұрақты өсуде.

     Республика  өнеркәсібі дамуының жалпы жағдайын сипаттай-мыз. Қазақстанда 2000-жылдан бастап, экономиканың тұрақты өсуі байқалады: ЖІӨ және өнеркәсіп өнімдерін  шығару көбеюде, инфляция жеткілікті төмен деңгейде сақталуда, негізгі капиталға инвестиция өсуде.[1. 26-б.]

     Жаңа  индустриалдық саясаттың бағдарламасы мен тұжырымдамасын әзірлеу үшін индустрияның даму серпініне әсер ететін, көптеген факторлар мен қағидаларды  қарастыру қажет: ресурстық қамтамасыз етілу, ғаламдық коммуникация, іскерлік бағалау, бәсекелестік қабілеттің, жағдайы, жаңа технологиялар, экологиялық тәуелділіктер, басқару әдістері, қоғамдық тұтынушылық, инвестициялық климат, әлеуметтік-экономикалық стратификациялау (жіктеу), ұлттық экономикалық менталитет.

     Минералдық-шикізаттық кешеннен жоғары технологиялы өнеркәсіптік өндіріске табыстарды салу жолымен  өндірісті әртараптандыруға және экспортқа  жетуге бағытты өзгерту, яғни жаңа мақсаттар  қою қажет.

     Тұжырым үш факторға негізделген:

   1. Бәсекелестікке қабілеттілік.

   2. Адам факторы.

   3.  Минералдық-шикізаттық кешен (МШК). Индустриалдық саясат деп бәсекелестікке қабілетті кәсіпкерлікті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін мемлекет қолайлы жағдай тудыратын және қолдау көрсететін кешенді шаралар түсініледі. Мемлекеттік өнеркәсіптік саясат оның құрылымын қайта құру мен жұмыс істеуге қабілетті тұрғындардың көбірек толық жұмыспен қамтамасыз етілуі мүмкіндігі негізіндегі экономикалық өсуге көмектесуді қосқанда, өнеркәсіптің қалыпты жұмыс істеуіне бағытталған.

     Өнеркәсіп – Қазақстан шаруашылығының басты  саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының  даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен  бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.

        Өнеркәсіптің құрылымы. Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.

      Барлық  салалар 3 топқа бөлінеді. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы, отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір және газ  салаларын біріктіреді. Ал жеңіл  өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т.б. салалар  кіреді.[2. 52-б.] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 НАРЫҚ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ   

      1. 1 Өнеркәсіп түсінігі  және оның түрлері 

     Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін  дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы  мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта  өңдеумен) айналыстағы кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен  топтан – өндіруші өнеркәсіптен –  мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын  құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат  алу, т.б.; өңдеуші өнеркәсіптен –  қара және түсті металдар, қақтама, машина мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа да құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркісіп пен  тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады. Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), ал кейбір түрлері түгелімен “Б” тобына (тоқаш өнімдекрі, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ет, ұн және өндірістік мақсатта пайдаланатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтын арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.

      Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық  өндіріс саласы. Халық шаруашылығы  мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің  қорғаныс қабілеті өнеркәсіптің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.

      Кеңес дәуірге дейінгі Қазақстанда  өнеркәсіп негізінен өте қарапайым  еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың  т мұнай, 0,1 млн. т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы  бесжылдықта (1928-1932 ж.ж.) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда  бөлген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Көмір  өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсібі салалары шұғыл  дамыды. 2-бесжылдықта (1932-1937 ж.ж.) өнеркәсіп  өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933-1940 ж.ж. республикада Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр станциялары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920-1932 ж.ж. аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрлымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті. [3. 65-б.]

      2-дүниежүзілік  соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті  дамытуда маңызды үш міндетті  шешті, олар: КСРО-ның батысынан  көшірілген фабрикалар мен зауыттарды  қабылдап алып, орналастыру және  іске қосу; өнеркәсіпті одан әрі  дамытып, жаңа объектілер салу; майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номнклатурасын қайта  қарау. Соғыстан кейінгі 4-бесжылдықта  (1946-1950 ж.ж.) республика өнеркәсібі  беймәлім жағдайға бейімделіп  қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін  қарқынды дамытудың іргетасы  қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. 5-бесжылдықта (1951-1955 ж.ж.) өнеркәсіп  өнімі 82%-ға артып, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машина мен механизмдер, өнеркісіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.

      6-шы (1956-1960 ж.ж.) және 7-ші (1960-1965 ж.ж.) бесжылдықтарда  өндірістің құрлымдық бағытын  түбегейлі түрде өзгертетін жаңа  қуаттар іске қосылды. Қарағанды  металлургия зауыты мен Сакалов-Сарыбай  кен орындарына байланысты қара  металлургия өнеркәсібінің негізі  қаланып, одан әрі дами түсті;  түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар  қатарға қосылып, көмір өнеркәсібінде  жаңа технологиямен жабдықталған  мыңнан астам жаңа шахталар  қоймалар іске қосылды; химия  өнеркәсібі Ақтөбе хром қорытындылары  зауыты, Қарағанды каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты сияқты  ірі кәсіпорындармен толықты;  Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру  ісі қолға алынды; Қазақстанның  шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде  жаңа зауыттар салынып, шығарылатын  өнеркәсіп түрлері көбейді; жеңіл  және тамақ өнеркәсібін өркендетуде  елеулі үлестер қосылды. Сондай-ақ  Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында  аумақтық өндірістік кешендер  қайта салына бастады.

      Павлодар  – Екібастұз, Қаратау – Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп  орындары іске қосылды. Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен “Восточный” қимасы және Қарағанды кен-металлургия комбинатындаға қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты сияқты өндіріс алыптары бар.

      12-бесжылдық  (1986-1990 ж.ж.) кезеңінде Екібастұзда  бүкілодақтық энергетикалық орталық  қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі  өркендеді, батыста еліміздің  мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және темір  кентастарының жаңа кен орындарын  игеру қолға алынды. Минералдық  тыңайтқыштар, түсті және қара  металдар өндіруде республиканың  одақтағы маңызы арта түсті. [4. 31-б.]

       

     1. 2 Өнеркәсіп салалары және олардың ерекшеліктері 

     Ауыр  өнеркәсіп — халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ, көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар енеді.

     Қазақстанда ауыр өнеркәсіп тің дамуына жер  асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын мен күміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні зор. Мұнай, газ, көмір қорлары (Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және т.б.) айтарлықтай. Республиканың су энергетик. реурстары шамамен жылына 27 млрд. кВт. сағатқа бағаланады. Химия өнеркәсібінің шикізаты да мол (Қаратау фосфориттері). Вольфрам, хром, молибден, кадмий және уранның үлкен қорлары бар. Қазақстан — дүние жүзілік ауыр өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет. Еліміздің ауыр өнеркәсібінің іргесі негіздері 20 ғасырдың басында қаланды. Ол кезеңде қарапайым еңбек құралдарымен жарақтанған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар басым болды. Мұнай, көмір өнеркәсібі мен түсті металлургия ошақтарының негізі де мол кезде қаланды. 1913 жылы барлығы 118 мың тонна мұнай, 100 мың тонна көмір және біраз түсті металдар өндірілді. Азамат соғысының салдарынан 1920 жылы ауыр өнеркәсіп өнімдерінің мөлш. 5 есе төмендеп, мұнай өндіру деңгейі 30 мың т. көлемінде ғана болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімінің үлесі 10 проценттен аспайтын еді. Қазақстанның ауыр өнеркәсібі индустрияландыру жылдарында, Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941 - 1945) жаңа өндіріс ошақтарын салу Ресей және Украина республикаларынан көшірілген кәсіпорындар есебінен сан-салалы сипатқа ие болды. 1938 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1913 жылғы деңгейден 4 есе, 1928 ж-ғы дәрежеден 14 есе асып түсті. Еліміздегі ауыр өнеркәсіп соғыстан кейінгі кезеңдерде айрықша қарқынмен дами бастады. Оның басты себебі 1960 - 1970 жылы республика өнеркәсібіне жұмсалған күрделі қаржы өткен 40 жыл (1920—60) ішіндегі жиынтық қаржыдан 2, 3 есе жоғары болды. Осы жылдарда жан басына шаққанда өнім шығару жөнінен көптеген дамыған елдерден басым түсті және көмір, болат, электр энергиясы, машина, химия өнімдерін өндіру жедел қарқынмен дамыды. Ауыр өнеркәсіптің қара металлургия, трактор жасау, алюминиий және кабель өндірісі, арматура, прибор жасау, насос-компрессор, химия, машина жасау, кен-химия өндірісі, синтетик. каучук, синтетик. қарамай және пластик. массалар, құрастырмалы темір-бетон және қабырға блоктары өндірісі, асбест өндірісі кәсіпорындары пайда болды (кестені қ.). Ауыр өнеркәсіптің респ. өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 1997 жылы 76,3 %-ке жетті.

Информация о работе Қазақстан өнеркәсібі және өнеркәсіптік саясат