Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.
Кіріспе
5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері
10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы
30
Қорытынды
43
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықта бірнеше жыл бұрын негізінен жалақы жобалары ұсынылды және Қазақстан тұрғындары төлем карточкаларын пайдалана отырып, жалақы, стипендия алатын. Қазір нарықта көрсетілетін қызметтердің де түр-түрі және әртүрлі карточкалық бағдарламалардың да көптеген түрі ұсынылады. Сонымен, төлем карточкасының көмегімен тауарлар мен қызметтер үшін дүкендерде және мейрамханаларда есеп айырысуға, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін, салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуге, кредитті өтеуге, ақшаны карточкадан карточкаға аударуға, тауарлар мен қызметтерге Интернеттің көмегімен немесе телефонды пайдалану арқылы тапсырыс беруге болады. Сонымен, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі төлем карточкаларын пайдаланғанды жөн көреді. 2001 жылы орта есеппен Қазақстанның 12 тұрғынына бір төлем карточкасынан келсе, 2010 жылы 2 тұрғынға бір карточкадан келіп отыр (3-сурет). [14]
Сурет 3. Қазақстан тұрғындарының көпшілігі төлем карточкалары 2010 жылы 2 тұрғынға бір карточкадан келіп отыр
01.2011 жылғы жағдай бойынша қазақстандық банктер эмиссиялаған және таратқан карточкалардың жалпы саны 8,4 млн. бірлікке жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 10,2% асып кетті. Аталған карточкаларды ұстаушылардың саны 2010 жылы 9,5%-ға ұлғайды және 7,8 млн. адамды немесе елдегі экономикалық жағынан белсенді халықтың жалпы санының 90,8%-ын құрады (4-сурет).
Сурет 4. Айналыстағы карточкалар мен оларды ұстаушылардың өзгеру динамикасы
Банктер клиенттерінің басым көпшілігі «жалақы жобалары» шеңберіндегі төлем карточкаларының ұстаушылары болғандықтан, айналыстағы карточкалардың негізгі бөлігінің үлесіне айналыстағы карточкалардың жалпы санының шамамен 89,5%-ы келетін дебеттік карточкалар болып табылады. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың үлесі 2,6%-ды, кредиттік карточкалардың үлесі 7,8%-ды, алдын ала төленген карточкалардың үлесі 0,1%-ды құрайды. Кредиттік карточкалардың аздаған үлесі оларға қызмет көрсету бағасына да, дебеттік карточкалар бойынша кредиттік лимитті белгілеу мүмкіндігіне де байланысты болады. Алайда, кредиттік карточкалардың ыңғайлылығына және олардың кредиттеудің жекелеген түрлерін ауыстыру мүмкіндігіне қарай болашақта карточкалардың аталған түрлерін пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар санының және көлемінің өсуін күтуге болады [27].
Сонымен қоса, айналыстағы төлем карточкаларының жартысына жуығы белсенді еместігін, яғни пайдаланылмайтындығын ескерген жөн (5-сурет).
Сурет 5. Шығарылған және қолданылатын карточкалар санының ара қатынасы
Осыған байланысты Қазақстандық эмитенттердің белсенді төлем карточкаларын пайдалана отырып транзакциялар саны мен сомалары өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн. Сонымен, 2002 жыл ішінде белсенді карточка бойынша 276,7 мың теңге сомасына орташа есеппен 23,1 транзакция (транзакцияның орташа сомасы 12 мың теңге) жасалды, ал 2010 жылы осы көрсеткіш 870,1 мың теңге сомасына 35,4 транзакцияны (транзакцияның орташа сомасы 24,6 мың теңге) құрады ( 6 және 7 суреттер).
Сурет 6. Орташа есеппен бір белсенді төлем карточкасы бойынша жасалған төлемдер саны
Сурет 7. Орташа есеппен бір белсенді төлем карточкасы бойынша жасалған төлемдер көлемі
Бұл ретте, жалпы алғанда 2010 жылы Қазақстан аумағында жүзеге асырылған Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер 2009 жылмен салыстырғанда 14,9% және тиісінше 26,4% ұлғайып, 3 186,7 млрд. теңге (21,6 млрд. доллар) сомасындағы 131,5 млн. транзакцияны құрады (7-сурет). Олардың ішіндегі 327,8 млрд. теңге сомасына 22,5 млн. транзакция қолма-қол жасалынбады, бұл 2009 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 23,2% және тиісінше 36,1% көп. Қолма-қол ақшаны беру операциялары 2009 жылмен салыстырғанда саны бойынша 13,3% және сомасы бойынша 25,4% ұлғайып, 2 858,9 млрд. теңге сомасындағы 109,0 млн. транзакцияны құрады. [18]
Сурет 8. Қазақстан аумағындағы Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер ағынының динамикасы
Қазақстан аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдердің жалпы көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 15,5% және тиісінше 26,3% ұлғайып, 3 347,3 млрд. теңге сомасындағы 136,3 млн. транзакцияны құрады.Бұл ретте, Қазақстандық эмитенттердің карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны 2 936,1 млрд. теңге сомасындағы 110,8 млн. транзакцияны құрады. Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол жасалмаған төлемдер 411,1 млрд. теңге (жалпы соманың 12,3%-ы) сомасындағы 25,6 млн. транзакцияны (жалпы санының 18,8%-ы) құрады. Жаңа банктік қызметтердің (банкоматтар, терминалдар, Интернет арқылы төлеу) дамуы соңғы жылдар ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдердің өсуіне ықпал еткенін атап өткен жөн. Сонымен, 2001 жылмен салыстырғанда Қазақстандық эмитенттердің карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны мен сомасы 8,1 есе және тиісінше 21,3 есе өсті, ал қолма-қол жасалмайтын төлемдердің саны мен сомасы да 64,0 есе және тиісінше 71,0 есе өсті (9-сурет) [14].
Төлемдер саны | Төлемдер сомасы |
Сурет 9. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер санының және сомаларының өзгеру динамикасы
Қазіргі уақытта төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес төлемдердің POS – терминалдар (қолма-қол емес төлемдердің жалпы көлемінің 49,4%) және банкоматтар (31,3%) арқылы жүзеге асырылу басым. Банктік дүңгіршектер арқылы жүргізілген қолма-қол емес төлемдердің үлесі 10,6%, Интернет – 5,0% және өзге құрылғылар – 3,7%. Қолма-қол ақша беру бойынша операциялар 96,5% және 3,5% жағдайларда тиісінше банкоматтар және POS – терминалдар арқылы жүзеге асырылады.Тұрғындары арасында VISA International жүйесінің карточкалары неғұрлым жоғары сұраныспен пайдаланылады, бұл осы карточканың бүкіл әлемде танымалдығымен және таратылатынымен түсініледі. Аталған карточкаларға 2010 жылы Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған барлық төлемдердің жалпы санының және сомасының 81,0% және 82,7% тиесілі болды. [Г қосымшада]
Сонымен қатар, операциялардың түрлері бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес төлемдердің жалпы көлемінің анағұрлым көп үлесі тауарларға және материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу бойынша төлемдерге, кеден төлемдеріне және бір банк шотынан екіншісіне аударуға тиесілі. Операциялардың саны бойынша да тауарлар мен материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу басым, сонымен қатар байланыс операторларының көп емес сомаға қызметіне ақы төлеу бойынша төлемдер үлесі маңызды (2 кесте).
Кесте 2
2010 жылғы операциялардың түрлері бойынша төлем карточкаларын пайдаланумен жасалған қолма-қол емес төлемдер бойынша мәліметтер
Операция | Төлемдердің жалпы санының үлесі | Төлемдердің жалпы сомасының үлесі |
тауарлар мен материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу | 50,1% | 52,7% |
кеден төлемдері | 0,3% | 24,0% |
клиенттің бір банк шотынан екінші банк шотына аудару | 5,5% | 13,5% |
ұялы байланыс операторлары қызметіне ақы төлеу | 36,1% | 2,1% |
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметіне ақы төлеу | 1,4% | 0,3% |
коммуналдық қызметке ақы төлеу | 0,7% | 0,2% |
сыйақы есептелетін салымдар орналастыру | 0,1% | 0,2% |
заемдар беру | 0,2% | 0,1% |
заемдарды өтеу | 0,04% | 0,1% |
қолма-қол ақша салу арқылы банк шотын толықтыру | 0,03% | 0,1% |
Сыйақы есептелетін салымдарды алу | 0,01% | 0,03% |
кабельдік телевидениеге ақы төлеу | 0,1% | 0,02% |
салық төлемдері | 0,01% | 0,01% |
сақтандыру | 0,01% | 0,01% |
төлемдер мен ақша аударымдарының өзге де түрлері | 5,4% | 6,5% |
Төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғыларға орташа жүктеме көп емес. Сонымен, 2001 жылы бір банкомат бойынша бір күнде орташа қолма-қол ақша алу бойынша шамамен 69 транзакция жасалса, 2010 жылы осы көрсеткіш кемінде 40 транзакцияны құрады. POS – терминалға да аз ғана жүктеме, 2010 жылы бір POS – терминалға бір күнде кемінде 3 қолма-қол емес төлем келді (3 кесте).
Кесте 3
Банкоматтар және POS-терминалдар арқылы бір күнде жүргізілетін
транзакция саны
Атауы | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | |
Банкоматтар арқылы жүргізілген транзакциялар саны | 0,4 | 0,5 | 0,4 | 1,1 | 1,9 | 1,8 | 1,9 | 2,0 | 2,2 | 2,4 | |
Pos-терминалдар арқылы жүргізілген транзакциялар саны | 68,9 | 78,7 | 85,2 | 82,3 | 70,2 | 69,4 | 45,4 | 36,8 | 37,4 | 38,8 |
Оның үстіне, қарастырылып отырған кезеңде жабдықтар мен төлем карточкаларын ұстаушылардың ара қатынасының оң динамикасы байқалады. Сонымен 2001 жылы бір POS – терминалға және бір банкоматқа тиісінше 456 және 2 182 төлем карточкаларын ұстаушылар келсе, 2010 жылы бір POS – терминалға және бір банкоматқа тиісінше 302 және 1 028 төлем карточкаларын ұстаушылар келді (8-кесте). [14]
Кесте 8.
Бір банкоматқа және бір pos-терминалға шаққандағы ұстаушылар саны
Жылы | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Бір банкоматқа шаққандағы ұстаушылар саны | 455,8 | 451,9 | 450,3 | 540,1 | 438,7 | 363,0 | 325,0 | 324,9 | 311,4 | 301,7 |
Бір pos-терминалға шаққандағы ұстаушылар саны | 2 182 | 2 085 | 2 166 | 2 023 | 1 818 | 1 735 | 1 222 | 1 065 | 1 026 | 1 028 |
Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы