Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.
Кіріспе
5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері
10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы
30
Қорытынды
43
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе
| 5 |
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері | 7 |
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні | 7 |
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері
| 10 |
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы | 23 |
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері | 23 |
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы
| 30 |
Қорытынды
| 43 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі
| 45 |
Кіріспе
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.
Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген.
Курстық жұмыстың обьектісі: Ақшаның түрлері мен қызметі және қажеттілігі мен мәні.
Курстық жұмыстың мақсаты :Ақшаның даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық мәселелерін түсіну
Курстық жұмыстың міндеті:ақша мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру.
Курстық жұмыстың жаңалығы: Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне талдау жүргіздім.
Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер қосымша тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлер және формалары туралы айта кетемін.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы, толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге және Қазақстанның карточка жүйесі.
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
1.1Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
XX ғасырдың 70-ші жылдарының басында неоконсерватизмнің жаңа ағымы- монетаризм пайда болды. Монетаризмнің негізін салушы Чикаго мектебінің экономистері, ал лидері- Милтон Фридмен (1912) болды. Фридмен 250-ге тарта еңбектің, соның ішінде 27 кітаптың авторы
Оның еңбектерінің ішінде "Ақшаның сандық теориясы" (1956), "Капитализм және еркіндік" (1962), "Өз тағдырының қожайындары" (1980) деп аталатын еңбектері бар. Ал оған Нобель сыйлығын әперген еңбегі "1867-1960 жылдар аралығындағы АҚШ-тың ақша жүйесінің тарихы" деп аталады.
Жалпылама алғанда монетаризм- бұл экономикалық талдауда ақшаның рөліне ерекше мән берілетін теория. Ақша-экономикалык, талдаудың негізгі элементі, экономикалық болжалдың іргетасы және мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы ретінде қарастырылады.
Монетаристер, немесе монетаризм теориясының өкілдері-сөзсіз еркін рыноктық шаруашылықты жақтаушылар. Олар мемлекеттің кейнстік үлгідегі экономикаға араласуы қысқа мерзімдік қана нәтиже береді, ал ұзақ мерзімде олар нәтижесіз, керісінше зиян келтіріп рынок реттеушілерін тежеуге әкеледі деп дәлелдеуге тырысады.Монетаристердің негізгі талдау обьектісі ақша және айналымдағы ақша саны. Фридмен мен оның жолын жалғастырушылар ақшаның сандық теориясын жақтайды. Фридменнің пікірінше бұл теория- ақша сұранысы теориясы.Монетаристердің талдауындағы алғашқы тұжырымдама бойынша ақшаға деген сұраныс тұрақты, ал несиелік институттардың субьективті шешімдеріне байланысты ақша ұсынысы тұрақсыз болады. Сондықтан ақша ұсынысының оған деген сұраныстан артуы инфляцияны туындатады. Егер ақша саны қоғам мұқтажы қажеттіліктерінен аз болған жағдайда дағдарысқа душар етеді [3].
Монетарлық концепцияның негізгі элементтеріне экономикалық саясат шаралары арқылы жүзеге асатын ақша айналымы, инфляция, жұмыссыздық салық салу мәселелері жатады.Ақша теориясын монетаристер ақшаның сандық теориясына негіздейді, яғни айналымдағы ақша санының өзгерісі баға өзгерісіне әкеледі. Бұл тұрғыда Фридмен ақша сұранысы жайында өзінің теориясын ұсынады: ақшаға сұраныс салыстырмалы жағдайда тұрақты, ақшаға деген сұраныс функциясы баға деңгейінен, облигация мен акция табысынан, процент мөлшерлемесіне байланысты, ақша айналымы жылдамдығынан тәуелді. Егер баға өсімі күтілсе (инфляция) ақшаның сатып алу қабілеті темендейді.
Ақшаның сандық теориясын дамыта отырып Фридмен ақша сұранысына тереңірек түсінік береді. Ол ақшаның айналыс, төлем, қор жинау құралымен ғана шектеліп қалмайды; Фридменнің пікірінше, ақша- байлықтың бір түрі, олай болса ақша- табыс көзі. Сондықтан ақшаға деген сұраныстың екі жағы бар: үй шаруашылығы үшін ақша- байлық, қор жинау түрі, ал кәсіпкерлер үшін өндірістік қызмет көрсетудің көзі.
Меркантилистік саясаттың да басты мақсаты елге неғұрлым байлықтың алтын мен күміс түріндегі көлемін көптеп тарту болды.Мұндай ұмтылыстың обьективті негізі тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты ақшаға деген қажеттіліктің өсуі еді.
Меркантилизмнің дамуы екі кезеңнен өтті: алғашқы және кейінгі. Бірінші кезеңде ақша балансы саясаты жүрді. Оның негізгі мақсаты қалайда елде ақша қаражаттарын қалдыру. Алтын мен күмісті ұлттық көлемде қорға жинау үшін ақша айналымын реттеу қажет болды. "Ақша айналымын реттеу тоқырауға әкеліп соғуы керек, өйткені лордтардың сандығында ақша айналмай өлі жүк болып қалады",-деді Ф.Энгельс.
Екінші кезеңде сауда балансы саясаты жүргізілді. "Сауда балансы" принципі ішкі сауданың кең келемде дамуымен іштегі ақшаның жұмысқа қосылуына себепкер болды. [3]
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу кұралы бола отырып, өзінің өңдеушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.). [1]
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. [4]
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе рәсімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі экваваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын" деп аталынды. [3]
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алкалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква- және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш андардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы