Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:16, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша.

Содержание

Кіріспе

5
1 Ақшаның пайда болу тарихы мәні, қызметі мен түрлері
7
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы оның мәні
7
1.2 Ақшаның қызметтері, формалары мен түрлері

10
2 Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы
23
2.1 Ақша айналысы және ақша жүйесінің элементтері мен типтері
23
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы оны жетілдіру жолы

30
Қорытынды

43
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Акмейр кур.doc

— 233.72 Кб (Скачать)

                Аталған ережеге сәйкес, акша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапкы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:

                           MB = СІС + RR + DCB                                                              (2.3)

мұндағы  СІС - айналыстағы нақты ақшалар

                 RR - міндетті резервтер

                 DCB - екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қор шоттағы  қаражаттары

                          СІС = L ( Н + С)                                                                      (2.4)

мұндағы  Н- айналысқа шығарылған банктік билеттер

                 С- айналысқа шығарылған монеталар

 

                Қазақстандағы ақша агрегаттарының  жағдайы туралы А қосымшада көрсетілген.Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

                МО (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);

                Ml = МО + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың тенгедегі аудармалы депозиттері;

                 М2 = Ml + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудар­малы депозиттері;

                 МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Мұндағы, Аудармалы депозиттер — 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

              Басқа депозиттер — негізінен, ол белгілі уакыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозит­тер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша муль­типликаторы (Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

 

             Ам                                                                                                (2.5)

       

                Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2010 жылы мен 2009 жыл ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жылмен салыстырғанда 3,01-ден 3,32-ге дейін өсіріп отыр.[А қосымшада]

                Ақша жүйесі - қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы - ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV-XVII ға-сырлардан қалыптаса  бастады.

Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша - тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мы­надай элементтерді қамтиды:

- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;

- ақша бірліктерінің атауы;

-ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

- ақша айналымын ақша-кредит түрғысынан реттеудің тетігі;

- ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айыр-бастаудың тәртібі.

Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;

- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;

- ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;

-ақша эмиссиясының кредиттік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының кредит операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;

- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;

- Орталық банк тәуелсіздігінің принципі. [16]

Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі - барлық тауар бағаларын өлшеуге және түлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі. Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері занды төлем құралы болып табылады, яғни бүл Қазақстан аумағында борыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын акша белгілері:Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді.Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жұзеге асырады.

ҚР Ұлттық банк банкноттары мен тиындары ұлттық банктің сөзсіз (даусыз) міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады..

Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және кредит ақшалар ақшаның түрлеріне жатады.

Ақша-кредит айналымының тетігі - ақша-кредиттік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының; ақша-кредит түрғысынан реттеуші органдардың кұқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Ақша-кредит саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:

- ҚР ұлттық банктің банктерге кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;

- ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативі;

- мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;

- банктерге кредиттер;

- валюта нарығындағы интервенция;

- айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің кредиттік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;

- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.

ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Валюта бағамы - бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі «Валюталық реттеу Туралы» ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық) баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады. [17]

                 Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың кандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе күн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металдық айналым жүйесінде және кредит пен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.

Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және мо­нометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.

Биметаллизм - баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл - алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.Биметаллизмнің үш түрі болған:

- қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындагы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде бел­гіленеді;

- егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол - екі жақты валюта жүйесі;

- «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде занды төлем құралдары болып табылады.Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.

Биметаллизм XVI-XVII ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне XIX ғасырда пайда болады.Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынаска қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде күн өлшемдері ретінде пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық аракатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардьщ құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қызынаға кете бастады.Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.

Монометаллизм - ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда - 1871-1873 жж., Жапонияда - 1897 ж., АҚШ-та - 1990 ж. белгіленді. Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839-1843 жж. ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолда-ныста болды.Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің үш түрі болады: алтын монета стан­дарты, алтын құйма стандарты және алтын-девиз (алтын-валюталық) стандарты. [20]

Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, кредит жүйесінің, әлемдік сауда-саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:

- толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады:

- жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін шығарылу ұйғарылады;

- толыққұнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетулі кұны бойынша еркін әрі шектеусіз айырбасталады;

- алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін алтын нарығының жұмыс істеуі мүмкін болады.

Алтын монеталы стандарттың жұмыс істеуі үшін орталық банкте монета айналымының резерві ретінде қызмет ететін, банкноттың алтынға айырбасталуын қамтамсыз ететін, әлемдік ақшаның резерві болып табылатын алтын қорының болуын қажет етеді.

                 Осы заманғы ақша жүйесіне мыналар тән:

- үкімет ақша өлшемінің құрамындағы алтын мөлшерін белгілемейді (алтынның ақша міндетін атқаруыдан қа-луы);

- алтынға айырбасталмайтын кредит ақшаға көшу аяқталды.

- қағаз және кредит ақшалары арасыңдағы айырмашылық жойылды;

- ақша айналымында қолмақол ақшасыз айналым пайда болды;

- ақша айналымы мемлекеттік тұрғыдан реттелді;

- айналымға ақша шығару тек мемлекеттің қажеттілігін өтеу үшін, әр мемлекеттің алтын-валюта резервінің өсімі үшін шаруашылықтарды кредиттеу арқылы ғана болады.

Қазақстан осы заманға ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасы ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес жұмыс істейді. Ақша жүйесін осы заңға сәйкес былайша сипаттауға болады:

- ресми ақша өлшеміне (валютаға) 100 тиыннан түратын теңге жатады;

- теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;

- қолма-қол ақшаны шығарудың айырықша құқығына ұлттық банк ие, Қазақстан аумағында олардың айналымын ұйымдастыру және айналымнан оларды алу да Ұлттық банктің мойнында. ұлттық банк бұларды қолма-қол акша­сыз балама алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге асырады;

- теңгеден басқа ақша бірліктерінің шығарылуына тыйым салынған;

- занды төлем күші бар акша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі ҚР ұлтық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады [13].

Мынаны айта кету керек, 1994—1998 жылдары теңге көп құнсызданды, осының нәтижесінде ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалды, қазір олар айналымда жоқ.

ҚР ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен монеталардың аталмыш сипаттамалары баспасөзде жарияланды.

Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданады, сондай-ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша аударымдары үшін олардың көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданады, шектеусіз айырбасталады және ҚР барлық банктерінде айырбастал ады.

Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша негізгі талаптарды, сондай-ақ банктердің қолма-қол ақшаның есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымадау талаптарын белгілейді [4].

 

Информация о работе Ақша жүйесі және оның қазіргі жағдайда дамуы