Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 10:44, курсовая работа

Описание работы

Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама рөлін атқаратын, кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ереше тауар. Капиталистік қоғамға дейінгі формацияларда ақшаның рөлін түрлі тауарлар, мысалы, аң терісі, астық, мал атқарды. Тауар өндірісінің дамуына байланысты жалпыға бірдей балама рөлін асыл металдар – алтын мен күміс атқара бастады.

Работа содержит 1 файл

дүұр.doc

— 395.50 Кб (Скачать)

мұндағы    - номиналды ақша  қалдығына жоспарланған  сұраныс.         Р – бағаның абсолютті деңгейі, - облигациялардың  % нормасы,  - акция табыстарының  нарықтық  нормасы.  Р – баға  деңгейінің  өзгеру  пайызы,      Y – тұрақты бағадағы  ұлттық  табыс,  һ – ұлттық  табыстың,  байлықтың физикалық компонентінің үлесі,  u – ақшаға,  сұранысқа әсер  ететін  басқа  факторлар.

      Монетаризм  ақшаға  деген  сұранысты  шаруашылық  агенттердің  ақша  қорынан  түсетін  және  баламалы  активтердің  келтіретін  табыстарын  салыстыру  нәтижесі  ретінде  анықтайды.  Ақша  қорының  артықшылығы  ақшаның  айырбасты  жеделдету  және  банкроттан  сақтау  қабілетінен  көрінеді.  Сөйтіп,  кейнсшілдердің  қоржынға  нені  салуды  қалайтынын  ақшаны  ма,  жоқ  облигацияны  ма  деген  таңдауларын  жеңілдетті.  Ал  монетаристер  болса,  таңдаудың  көптеген  баламаларын  (альтернативтерін)  ұсынды.

      М. Фридменның  теориясында  ақшаға  сұраныс  қызметінен  тұрақты  болатыны  баса  айтылған.  Бұл  кейнсшілдердің  ақшаға  сұранысты  болжап  білуге  болмайды  дегендеріне  қарсы  бағытталған  анықтама.  Монетаристер  халық  жинағындағы  ақша  қорларын  жалпы ұлттық  өнімнің тұрақты бөлігі  деп есептейді.  Бұл анықтаманы  теориялық жағынан негіздеу  үшін  М. Фридмен ақшаға  актив қаржыларының  ең  бір инерциялық  элементі  деп қарады.  Ақшаға  деген сұраныс өзгермелі табыспен  емес,  оның  орнықты  бөлігімен,  тұрақты  табыспен  анықталады.  Ол  өткен  жылдарға  және  қазіргі  табыс  дәрежесі  негізінде  орташа  мөлшер  түрінде  есептеледі.  Егер  нақты  ақша  қоры  халықтың  тілейтін  дәрежесінен  асып  түссе  не  болар  еді?  Онда  адамдар қосымша ақшадан өздерінің шығындарын  көбейту немесе  өздерінің активтерінің  (мысалы  бағалы  қағаздар  сатып алу)  құрылымын өзгерту арқылы  құтылады.  Ал  бұл жиынтық сұранысты өсіргендіктен баға  көтеріледі,  олай  болса өндірісте  ұлғаюы  тиіс.  Бүкіл  ұлттық  өнім  адамдардың  қосымша  сұраныс  тудырғанына  дейін  өсіп  отырады.  Халық  қолындағы  күткендігінен  көп  ақша  таусылғанша  жоғарыдағы  процесс  жүре  береді.  Сонымен  қатар  ақша  қорының  құрылымы  өзгереді (біреулерде  ақша  азайса,  екіншілерінде көбейеді).  Алайда,  тұтас алғанда ақша  көлемі,  массасы өзгеріссіз  қалады.  Бірақ бұл нақтылы өмірге  сәйкес  келмейді,  сұраныс көп болған  жағдайда  ақшаны  ұсыну деңгейі өзгереді,  мысалы  жоғарыда  көрсетілген  депозиттерді  мультипликациондық  кеңейту  механизмі  арқылы  өзгереді.  Адамдар  банктен  қарыз  алады  және  ол  өздерінде  қосымша  ақша  қалдырғысы  келмеген  жағдайға  дейін  созыла  береді.  Мұнда  ЖҰӨ-нің  өсуі  тоқталады,  ал  халықтың  қолындағы  ақша  қорлары  ақшалай  табыстың  тұрақты  үлесі  болып  қала  беруі  тиіс.

      М. Фридменнің  таза  теориясын  сұраныс  теориясы  демей,  ақша  ұсынысы  теориясы  деген  абзал.  Өйткені  соңғысы  жиі  және  жедел  өзгеріп,  рыноктағы  жағдайды  анықтайды.  Монетаризмнің маңызды бір жорамалы  ақша  ұсынысының  экзогендік  сипаты,  яғни  оны анықтайтын  күштердің экономикалық  жүйеден тыс болуы (бұл жерде олар  үкіметті  көрсетеді).  М. Фридмен  бұл  жағдайда  ақша  ұсынысы оған  сұраныстың  өзгеруімен  байланысты  емес,  автономды,  бөлек  жүреді  деп  толықтырады.  Ақша  ұсынысының  экзогендік  сипаты  міндетті  түрде  орталық  банктің  ақша  массасына  қатаң  және  тиімді  бақылау  жасауын  қажет  етеді.  Неокейнсиандық  монетаристердің  ақша  ұсынысының  экзогендік  сипаты  бар  дегендеріне  қарсы  шықты.  Несиелік  ақшаға  негізделген  шаруашылық  жағдайында  ақша  ұсынысы  оған  деген  сұраныстың  өзгеруіне  тікелей  тәуелді  (қолма-қол  ақшаға  немесе  депозиттеріне)  және  ол  эндогендік  (ішкі  параметрлерге  тәуелді)  сипатта  болады.  Монетаристер  баға  мен  жалақы  икемді  болып  сұранысқа  қарай  жылдам  өзгеретінін айтады.  Сөйтіп  олар  Дж. М. Кейнс пен оны қолдаушылардың  бұл көлемдер  тұрақты,  өзгермейді  дегендерін  жоққа  шығарады.  Бір  қарағанда  әңгіме  таза  теориялық,  схоластикалық  өмірден  алшақ  мәселе  сияқты,  рыноктық  шаруашылықты  мемлекеттік  реттеу  мәселелерін  шешуге  қатысы  жоқ  болып  көрінеді.  Бірақ  олай  емес,  біз  болашақта  өмірлік  маңызы  бар  екі  экономикалық  мектептің  макроэкономикалық  үлгілерімен  таныстық. 
 
 

      2.2. Ақша сұранысының түрлі тұжырымдамалары. Ақша  рыногындағы  тепе-теңдіктің алатын орны 

      Ақшаға  сұраныс оның айналым құралы және байлықты сақтау құралы ретіндегі  екі  функциясынан  туындайды.  Бірінші  жағдайда  сату-сатып  алу  мәмілелерін  жасау  үшін  ақшаға  сұраныс  (транзакциялық  сұраныс),  ал  екінші  жағдайда  ақшаға  түрлі  қаржылық  активтерді  алу  құралы  ретіндегі  сұраныстың  (облигация және  акция)  болуы.

      Мәмілелер  жасау  үшін  қажетті  ақшаға  сұраным  қоғамның  жалпы  ақшалай  табысымен  анықталады  және  атаулы  ЖҰӨ-ге  (жалпы  ұлттық  өнімге)  тура  пропорционал  түрде  өзгереді.  Әр  түрлі  қаржылық  активтерді  алуға  керекті  ақшаға  сұраныс  дивидендтер  немесе  пайыз  түріндегі  табыс  алуға  ұмтылуымен  анықталып,  пайыздық  мөлшер  деңгейіне  кері  пропорционал  түрде  өзгереді.  Бұл  тәуелділік  ақшаға  сұраныс  қисығында  көрініс  табады  (Dm). 

      

      Ақшаға  жалпы  сұраныс  қисығы  халық  пен  фирмалардың  пайыздық  мөлшерлемелері  мүмкіндігінше  жоғары  болған  мәмілелер  және  акция  мен  облигацияларды  алғысы  келетін  жалпы  ақша  мөлшерін  көрсетеді. 

      Ақшаға  сұраныстың  келесі  тұжырымдамалары  белгілі:

      1.Ақшаға  сұраныс  және  мөлшерлік  теория.

      Мөлшерлік  теорияның  қазіргі  пайымдамасы  ақша  айналымының  жалдамдығы  мен  табыстың  қозғалысында  негізделген.  Ақша  мөлшері  мен  баға  деңгейі  арасындағы  тәуелділік  кембридждік  теңдеумен  көрсетіледі:

                                 М = кPY

Мұндағы  М – ақшаның  номиналдық  мөлшері;

                  к – номиналдық  табыс  пен   қажетті  ақша  қалдықтары  арасындағы  пропорция;

                 Р – бағаның  абсолюттік  деңгейі;

                 Y – нақты  табыс.

      Егер  к  мен  Y – тұрақты,  өзгермейтін  шамалар  болса,  ақшаның  атаулы  мөлшерінің  өзгеруі  бағаның  абсолют  деңгейінің  өзгеруіне  әкеліп  соқтырады  деп  қорытынды  жасауға  болады.

      Ауыстыру  теңдеуі  немесе  Фишер  теңдеуі  келесідей  анықталады:

                                  MV = PY

Мұндағы  V -  ақша  айналымының  жылдамдығы.

      Теңдеудің  екі  жағын  да  V-ға  бөліп,  келесі  формуланы  аламыз:

                                 M = PY / V

      Бұл  теңдеу  ақшаға  сұраныстың  келесі  факторларға  тәуелділігін  көрсетеді:

          а) бағаның  абсолюттік  деңгейінен.

          ә) өндіріс  көлемінің  деңгейінен.

          б) ақша  айналымының  жылдамдығынан. 

         2. Кейнсиандық  модельдегі  ақшаға  сұраныс.

      Ақша  сұраныстың  кейнсиандық  теориясы  жоюшылықты  қалау  теориясы  деп  аталады.  Кейнсше,  адамдардың  өз  байлықтарының  жартысын  ақша  нысанында  сақтауға  үш  себеп  бар  екендігін  атады:

          а) ақшаны  төлем  құралы  ретінде  қолдануы  (ақшана  сақтаудың  транзакциялық  мотиві).

          ә) алыпсатарлық  мотив – ақшаны  сақтау  мотиві.  Ол  облигация  нысанындағы  активтерді  сақтауға  байланысты  капиталдарды  жоғалту  мәселесінің  алдын  алудан  туындайды. 

      б) болашақта  өзінің  ақшалай  қорының  белгілі  бір  бөлігін  пайдалануды  қамтамасыз  ету  үшін  (сақтық  мотиві).

      Ақша  рыногы – бұл  ақшаның  «бағасы»  мен  пайыз  мөлшерінің  деңгейін  оған  деген  сұраныс  пен  ұсыныс  анықтайтын  рынок.  Әрі  бұл  ақшаға  сұраныс  пен  ұсыныстың  өзара  әрекеттесуін  қамтамасыз  ететін  институттар  желісі.

      Ақша  рыногындағы  тепе-теңдік  ұсыныс  пен  сұраныс  қисықтарының  қиылысу  нүктесінде  көрініс  табады.

                     

    

      Ақша  ұсынысын  бақылайтын  орталық  банк  атаулы  пайыздық  мөлшердің  өзгеруіне  қарамастан,  оны  тұрақталған  күйде  ұстауға  ұмтылатынын  ескермесек,  ақша  сұранысының  қисығы  тік  түзу  түрінде  болады.   
 

            
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

      Қорытындылай  келе,  ақша  дегеніміз - тауар  мен  қызметтерді  алмастыру  үшін  (айырбас)  қолданылатын  ерекше  категория.  Экономикалық  категория  ретінде  ақшаның  мәні  олардың  қызметтерінде  көрініс  таба  отырып,  ақшаның  ішкі  негізін,  құрамын  өрнектеген.  Ақша  қызметінің  әрқайсысы  тауарлардың  айналымы  үрдісінен  шығатын  әлеуметтік-экономикалық  қатынастарды  қарастырады.  Қазіргі кездегі экономикалық  әдебиеттерде  ақша  қызметінің  саны  жөнінде әр  түрлі пікірлер  бар.  Ақшаның  батыстық  теориясы  ақша  қызметінің  өте  қарапайым  және  түсінікті  үш  түрін  анықтаған:  құн  өлшемі,  айналыс  құралы  және  жинақтау  құралы.  Бірақ  та  басқаларға  қарағанда  оларды  К. Маркс  жақсы  жүйеледі  және  суреттеді,  ол  жоғарыда  аталған  үш  қызметімен  қатар екеуін  қосып барлығы 5  қызметін  анықтады:  төлем құралы  және  әлемдік ақша.  Оларға  жеке  тоқтап  кетер болсақ:

      Ақшаның  алғашқы  және  негізгі  қызметі  болып  құндардың,  барлық  тауарлар  құнының  өлшемі  қызметі  болып  табылады,  ол  тауарлардың  балама  айырбасын  қамтамасыз  етеді.  Тауарларды  салыстыруға келтіретін  ақша  емес,  тауарларды  өндіруге  жұмсалған,  оларды  теңестіруге  жағдай  тудыратын,  қоғамдық  қажетті  адам  еңбегі  есептеледі.  Тауарлардың  барлығы  да  қажетті  еңбектің  өнімдері  болып  табылады,  сондықтан  меншікті  құны  тән  нақты  ақша,  олардың  құн  өлшемі  бола  алады.

      Ақшаның  айналыс  құралы – бұл тауарлар  мен қызметтерді сатып алуға,  сондай-ақ  борышты төлеуге пайдаланылатын  ақша.  Айналыс құралы  ретінде ақша  атқарымының айрықшылық  белгісі ретінде тауар мен ақшаның бір мезгілдегі  қарама-қарсы қозғалысы ретінде айқындау;  оны мінсіз  ақша  емес,  қолдағы бар ақша  орындайды,  өйткені мұндай  атқарымды тауарды айырбастаған  кезде өткінші делдал  ретінде білінеді,  онда  оны толық бағалы  нақты ақша  орындайды,  ал  олардың орнын басушылар – қағаз және  кредит  ақшалар.

      Ақшаны  жинақтаудың  қажеттілігі  Т-А-Т  айналымының  екі  құндық  актіге  Т-А  және  А-Т  бөлінуімен  байланысты.  Бірінші  актіде  тауар  сатылады  және  ақшаға  айналады,  бұл  жағдайда  өз  қажеттіліктерін қанағаттандырудан  жиі  бас  тартуға  тура  келеді.  Алтын  адамдардың  көз  жауын  алады,  сондықтан  оны  жинақтау  мен  сақтауға  ұмтылады,  өйткені  бұл  қор  кез  келген  тауарды  сатып  алуға  немесе  кез  келген  қызметті  алуға,  яғни  кез  келген  уақытта  өзінің  барлық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  мүмкіндік береді.  Бұл жағдайда  ақша  жинақ құралы  қызметін  атқарады.

      Төлем  құралы  ретінде  ақша  тек  тауар  айналысына  ғана  емес,  сонымен  бірге  қаржы  және  кредит  қатынастарына  да  қызмет  көрсетеді:  тауарлар  мен  қызметтерді  кредитке  сатқан  кезде,  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеген  кезде,  мемлекетке  салықтар  мен  басқа  қаржы  міндеттемелерін  төлеген  кезде,  банк  несиесін,  сақтандыру  төлемдері  мен  айыппұл,  ықпалшаралар  және  басқаларын  өтеген  кезде.

      Ақша  қызметінің  дамуындағы  сапалы  және  жаңа  кезең  әлемдік  кезең  болып  табылады.  Ақшаның  барлық  қасиеттерін  өзіне  жұмылдыра  отырып,  ақша  қызметінің  тікелей  логикалық  жалғасы  болып  табылады,  ол  қазыналық  және  төлем  құралы  қызметінің  тұтастығы  арқылы  өрнектеледі.  К. Маркс  былай  жазған:  «Қазына  және  жаппай  төлем  құралы  ретінде  ақша  әлемдік  рынокта  жаппай  құралы,  өз  түсінігі  ғана  емес,  сонымен бірге әрекет  ету әдісі бойынша  жалпыға  ортақ  тауар  болып  есептеледі». 

      Ақша  экономикада  өте  маңызды  рөлді  атқарады:  ол  трансакциялық  шығындарды  төмендету  есебінен  экономиканың  жеңіл  қозғалысы  жүзеге  асады,  ол  еңбектің  мамандануы  мен  бөлінісін  ынталандырады. 
 
 
 

Информация о работе Ақша рыногының қалыптасуы мен дамуы