Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 10:44, курсовая работа
Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама рөлін атқаратын, кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ереше тауар. Капиталистік қоғамға дейінгі формацияларда ақшаның рөлін түрлі тауарлар, мысалы, аң терісі, астық, мал атқарды. Тауар өндірісінің дамуына байланысты жалпыға бірдей балама рөлін асыл металдар – алтын мен күміс атқара бастады.
І-ШІ
ТАРАУ. АҚША РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫ
1.1. Ақшаның
пайда болуы, мәні және қызметі
Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама рөлін атқаратын, кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ереше тауар. Капиталистік қоғамға дейінгі формацияларда ақшаның рөлін түрлі тауарлар, мысалы, аң терісі, астық, мал атқарды. Тауар өндірісінің дамуына байланысты жалпыға бірдей балама рөлін асыл металдар – алтын мен күміс атқара бастады. Одан әрі ақша белгілері – қағаз ақша, құны толымсыз шақалар, меншікті құны жоқ, бірақ алтын мен күміс ақшаның орнын басқан тағы сол сияқтылар айналысқа түсті. Ақша айналысы – ақшаның айналыс құралы ретінде және тауар айырбастау барысында төлем төлеу, көрсетілетін қызметтер мен орындалатын жұмыстарға ақы төлеу құралы ретінде қолда бар ақша және қолда жоқ ақша нысандарында қозғалысқа түсуі. Елдің ақша айналысын ұйымдастырудың мемлекет белгілеген нысандары оның ақша жүйесін құрайды. Мемлекет ақша өлшемін (теңге, сом, рубль, доллар, марка, т.б.) баға ауқымын, айналыстағы ақша белгілерінің түрлерін, олардың шығарылу тәртібін, ақшамен қамтамасыз ету сипатын, қолма-қол ақшасыз төлем айналымының нысандарын, ұлттық валюта бағамын айқындайды. Белгілі бір уақыт кезеңінде айналыста жүрген ақшаның саны ақша массасын құрайды. Ақшаның негізгі функцияларын атқаратын нәрселердің бәрі: айналыс құралдары, құн өлшемдері, жинақ қаражаты ақша болып табылады. Айырбас құралы ретінде ақша қоғамның баспа-бас айырбас мәмілесінің қолайсыздығынан құтылуға, оның географиялық маманданудың және адамдардың арасындағы еңбек бөлінісінің жемісін пайдалануына мүмкіндік береді. Құн өлшемі ретінде ақша түрлі игіліктер мен ресурстардың салыстырмалы құндарын өлшеу үшін пайдалануға қолайлы. Ақшаны жалпы балама ретінде пайдалану кез-келген өнімнің бағасын ақша бірлігі арқылы көрсетуге мүмкіндік береді, мұның өзі кез-келген мәмілеге қатысушылардың түрлі тауарлардың (қызметтердің) салыстырмалы құндылығын оңай салыстырып анықтауына мүмкіндік туғызады. Ақшаның сатып алуға жарамдылығын қолдау елеулі дәрежеде ақша ұсынымын мемлекеттік реттеудің тиімділігіне байланысты. Жинақ құралы ретінде ақша байлықты сақтаудың қолайлы нысаны болып табылады. Ақшаның кез-келген қаржы міндеттемесін қанағаттандыру үшін пайдалануға болатын артықшылығы бар. Жақсы жолға қойылған ақша жүйесі өндірістік қуаттарды толық пайдалануға, халықтың жұмыс пен қамтылуына септігін тигізеді, керісінше, нашар жолға қойылған ақша жүйесі өндіріс, баға, жұмыспен қамтылу деңгейінің күрт төмендеуінің басты себебіне айналып, ресурстардың бөлінуін (пайдаланылуымен) бұрмалайды.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады.
Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?
Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымына да тәуелді. Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүдделікті байқатады. Сұраным мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға екі мөлшердің яғни тауар құны мен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.
Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құнының тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше – алтынның құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады. Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі – айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.
Үшінші қызметі – төлем құралы. Бұл қызметті тауарды – ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, диведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуымен байланысты жаңа айналым құралы – несие ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық карточка, «электрондық ақша». Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.
Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлік құралдары қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең бастысы - өзара есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.
Төртінші қызметі – қазына жинау қорлану құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Бұл ролді толық бағалы ақша (алтын) орындайды. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
Бесінші қызметі – ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік аренада ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының ролі бірінші орында болады. Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен түсіндіріледі. Халықаралық аренада ақша өзінен – К.Маркстің бейнелеп айтуындай, - «ұлттық шекпенін» алып тастайды және өзінің ең алғашқы түріне енеді – игілікті металл қаймағы түрінде болады. Тарих куәландырғандай, монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д. VII-ші ғасырда ойып - өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон-Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған. «Деньги» ұғымы түркілердің – күміс металлды «теңге» деп атауынан шыққан. Ол XV-ші ғасырдың басында Әмір Темірдің (хан) басқару кезеңінде дайындалған. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар XII-ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал XIII-ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған. Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар: 1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады. 2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады. Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметаллизм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI – XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл – алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады. Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі – алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталады. Екіншісі – алтын кесек стандарт. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алатын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі – алтын девиздер стандарты. Ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929 – 1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты. XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу. Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне алды. Ақша массасы дегеніміз не? Ақша массасы – халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда, кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады. Ақша массасы құрылымының белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағ ақша мен айырбас монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен (25%-дай), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған рыноктық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді. Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитінен қажетті соманы сатушының есепшотына аудартады немесе қолма-қол беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері «квази-ақша» деп аталады. Ақша айналымы құрылымындағы ең қомақтысы да және ең тез өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар. Профессор П.Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясы анықтау үшін маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі – ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға – үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды «мұздатылған» құралдар деп атайды) жатады. Жоғрыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымында мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1 – мағынасындағы ақшаны басқаша «іскерлік ақша» деп те атайды. Бұл қолма-қол ақшамен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2 – кең мағынадағы ақша, ол М1 – дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары пайыздық табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттардағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2 – лердің айырмашылығы М2 – де квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес. Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категориялы ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негізделді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады. 1 – кестеде АҚШ-тағы ақша агрегаттары мен өлшемді ақша айналымының динамикасының өзгерісі көрсетілген АҚШ-тағы ақша массасы және оның жылдық өсу қарқыны, млрд. долл
жыл | М1/М2 | М1 | Өсімі % | М2 | Өсімі % |
1960
1970 1980 1981 1982 1983 1984 1985 |
45,5
34,4 25,4 24,6 24,6 24,1 23,5 23,4 |
141,8
216,6 414,8 441,8 480,8 528,0 558,5 626,3 |
0,6
5,2 6,6 6,5 8,8 9,8 5,8 12,1 |
312,3
628,2 1631,4 1794,4 1954,9 2188,8 2371,7 2654,1 |
4,9
6,6 8,9 10,0 8,9 12,0 8,4 8,1 |
Бұл
деректер АҚШ-та 1960–1985 жылдар арасында
ақша массасының едәуір өскенін көрсетеді.
Осы кезде М1 көлемі 44 есеге, ал М2 көлемі
8,5 есеге артқан, демек квази-ақшалардың
өсу қарқыны қолма-қол ақшалардан әлдеқайда
жоғары болған.
1.2.
Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы
және оның конверциялану мәселелері
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Aa) сай болады және мынандай формуламен анықталады:
мұндағы ∑С– тауар бағасының сомасы;
А – бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.
Рынок жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың стихиялы өзара іс-әрекетімен - айналатын тауардың массасымен, олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.
Алайда
ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет
жасап қоймай, төлем құралы қызметін
де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған
айналым үшін қажетті ақша саны формуласы
(Аa), кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей
түрге ие болады:
мұндағы Аа – айналымда болатын ақша саны;
БС - өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н - несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы;
Т - мерзімі келген төлемдер;
ӨЕ - өзара есеп айырысу;
Ш - бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшандығы
Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете алмайтын ақша бірлігінің пайда болуы инфляцияны білдіреді – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі, құнсыздануы. Бұл тауар бағасының жасырын немесе ашық өсуіне алып келді.
Экономикалық тұрғыдан инфляция дегеніміз не? Инфляция (латынның inflatio - қампиған деген сөзі) - қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі.