Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание работы

Аграрлы деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген мағынаны білдіреді). Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз .
Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда , көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс- әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты .

Содержание

Жоспары – 1 бет
Кіріспе – 3 бет
1 – бөлім. Агроөнеркәсіптің дамуы және оның перспективасы.
1.1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшеліктері – 4 бет
1.2. Аграрлық нарық және агробизнесте нарықтық қатынастарды
реттеу – 6 бет
1.3. Аграрлық секторды қалыптастыруда шетел тәжірибесі – 8 бет
2 – бөлім. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік өндірісін дамытудың негізгі бағыттар – 14 бет
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтарын қалыптастыру және дамыту проблемасы – 23 бет
Қорытынды – 32 бет
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жалпы экономикалық теория
Ақтөбе 2004
2. Агробизнес
Алматы 1998
3. Нарықтық экономика дегеніміз не?
Алматы 1998
4. Экономикалық теория
Алматы 2006

Работа содержит 1 файл

агробизнес.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

өзі  ақтау  және өзін-өзі  қаржыландыру   принципінде  жүргізетін еркін тауар  өндіруші   болып табылады .

      Солтүстік Қазақстан  тәжірибесінде  шаруа  қожалықтарын  өз бетінше  қалыптастырудың  әр түрлі  нұсқалары   пайдаланылады .

      Бірінші нұсқа бойынша жеке отбасы немесе кеңшар (бригада)  жұмысшыларының  бір тобы  арендаға  (мердігерлікке) жер және  басқа қажетті өндіріс құрал-жабдықтары - өндіріс үйлерін , техника , мал алып,  одан  әрі бұл арендалық ұжым  жалға  алған  мүлікті  бірте-бірте  сатып алу  және  жинақтары , шаруашылық   есептегі  табыстары  есебінен  немесе  шаруашылық – арендағам   берушінің  кепілдік   міндеттемесімен  банктен  несие алу  көмегімен  шаруа  қожалығына  айналады .Шаруа  қожалығының  кеңшар  мен тығыз  ынтымақтастыққа  табысты  жұмыс   жүргізуінің  жарқын  мысалы Ақмола  облысындағы Ж.Ысқақовтың шаруа қожалығы  бола алады.Бәрі  арендалық  негіздегі  ұжымдық  мердігерліктен  басталды. Ысқақовтардың  үлкен отбасы  (әкесі, анасы,ағалы-інілер, апалы-сіңлілер –барлығы 21 адам, олардың 15-і еңбекке жарамды) 1988 жылдың  аяғында «Красный флаг» кеңшарының дирекциясынан арендаға 1300 га егістік жер, дәнді дақылдарды өсіру және  жинау үшін  қажетті  тракторлар ,комбайндар және ауыл  шаруашылығы машиналарын  алды.Жұмыстың бірінші жылы  тек қана  табыс  әкеліп қойған жоқ , сонымен  бірге   шаруашылық  жүргізу  мен маманданудың жаңа  тәсілдері   туралы  ойлануға  мәжбүр етті : қысқы  кезеңде  жұмысшылардың  бос жүруі көбірек орын алды.Нәтижесінде  1990 жылы көп салалы  шаруа қожалығы ұйымдастырылды .

      Екінші  нұсқа  бойынша – шаруа қожалықтарын  кеңшармен еңбек қатынасын тоқтату немесе  өздеріне  тиесілі мүлік пайы  мен өздерінің жер үлесін   алып, ұжымшардан шығу жолымен еңбек ұжымының мүшелері  құрады. Мұндай жол  мемлекеттік  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарын  мемлекттен  алу  және  жекешелендіру  кезеңінде  кең етек алды.

      Үшінші  нұсқа  бойынша – шаруа қожалықтарын  мемлекеттік жер қоры,  арнаулы қор немесе миграциялық қорлардың жерінде  қала  немесе село тұрғындары  өз жинақтарына  және  банк  несиелеріне  қалыптастыруы мүмкін .

Айталық, облыс  орталығы Ақмола  қаласынан 30 км  жерде  1990  жылы Сүйіровтердің  шаруа қожалығы  құрылды . Оларға « Софиевский» кеңшарының  нашар   пайдаланылған  төмен  рентабельді жайылымдығының есебінен пайда болған  арнаулы қордан  өмір-бақөи мұраға  470 га жер бөлінді. Қазіпгі бұл шаруашылықта  70 сиыр,90 қой, 8 жылқы бар .1991  жылы өз  қаржылары және  алынған 100 мң рубль несие есебінен  3 трактор , 2 комбайн, 3  автомашина , оның  ішінде 1 сүт  таситын  машина   сатып алынды .

      Төртінші  жол – мемлекет  , экономикалық  жағынан мықты шаруашылықтар және басқа демеушілердің есебінен  қазіргі заманғы , әлемдік   үлгіге сәйкес , белгілі бір   дәрежеде  ғиматарттары  мен коммуникациясы  келістіріліп  жасалған  шаруа усадьбаларын   салып , оны қажетті ауыл  шаруашылық  жерімен қоса шаруаларға  кейіннен  ұзартылған  мерзімде   сатып алатындай қылып   арендаға беру . Оларды  құру  үлкен қаржылық  шығынды  қажет етеді . Есептеулер бойынша  отбасылық  фермалардың  құрылысына  үлестегі күрделі  қаржы кеңшарлар  мен  ұжымшарлардың  құрылысын салуға  кететін  қаржыдан2-2,5  есе көп. Орташа  фермерлерге  тауарлық  өндірісті  жолға  қою  үшін 1990  жылғы бағамен әр шаруа қожалығына кеткен    шығынға қарағанда 1993 жылғы бағамен 35-40 млн. рубль қажет .

      Бесінші жол –үй  іргесіндегі шаруашылықты  интенсивті  дамыту , оларға  мемлекет  және кәсіпорын  тарапынан   жан-жақты көмек көрсету және қосалқы   шаруашылықтан  негізгі қызметке  , тауарлы  шаруа  қожалықтарына  бірте-бірте  айналдыру .

      Ауылшаруашылық  экономикасын   нарықтық қатынастарда  қорғансыз, дәрменсіз  үлкен  жүйе  , яғни  жеке дара   біттұтас   күрделі   комплекс  деп  қарастырған жөн .Сонда ғана оның   барлық  проблемаларын жүйелі түрде шешуге   болады.Жалпы алғанда ауылшаруашылығын  жандандырудың   негізгі екі жолы бар , ол: нақты алдын ала   есептелген  жоспар  бойынша жұмыс істеу , яғни  басқару жүйесін ретке келтіру және   ақшаның   ауылға  ағылуына  жағдай   туғызу. Осы екі шараны  іске   асырмай қазіргі күні  ауылшаруашылығын  қалай жұлқыласаңда да  көтере  алмайсың.

      Таза  күйіндегі нарықтық қатынас  -  шын  мәнісінде  тамаша механизм.  Себебі ол өмір  заңдылығымен  өте үйлесімді . Нарықтық  қатынаста  сұраныс   көбейген  сайын пайда   табу жолындағы  ұсынушылар  да молая  береді. Бірақ , барлық  нәрсенің   шарықтау шегі  болатындықтан  , ұсынушылардың  саны  белгілі бір мөлшерден   асатын болса  пайда табу  да қиындай  түседі . Нәтижесінде   шығындары аз , өндіру қабілеттері  жоғары ұсынушылар  ғана қалады . Бұл  процесс негізінен  өндірістік  өнеркәсіптерде   орын алады .Себебі өндіріс  жұмыс  жасауы  үшін  жұмысшы  күші , шикізат  және ақша  болса болды . Ал шаруашылығында таза  нарықтық  қатынас  жұмыс істей  алмайды. Себебі  ауылшаруашылығының  өзіндік  ерекшеліктері көп .Атап айтатын болсақ , Біріншіден  өндіріс  тікелей  жермен байланысты .Жердің  барлығы бірдей емес , әрі  күтіміне қарай  сапасы  өзгеріп отырады .Екіншіден , тікелей табиғатқа тәуелді .Мысалы Қазақстанда  дәнді – дақыл  өнімінің  түсімі 80% табиғи  жағдайға  байланысты .Жаппай  құрғақшылық болса , қанша шығын шығарсаң   да  мардымды өнім  ала алмайсың .  Үшіншіден табиғи маусымға  тәуелді . Жылына  бір- ақ рет  өнім  алынады , тек кей  түрлерін ғана  екі рет егуге  болады   .

      Бұл тек  біздің  республикамызға  ғана  емес  барлық  мемлекеттерге  тән  ерекшелік . Сондықтан да  осы  ерекшеліктерді  ескертіп , көпшілік  нарықтық  қатынастарды  дамыған   мемлекеттерде  арнайы  ауылшаруашылық  саясаты жүргізіледі .Былайынша  айтқанда  өз  мемлекеттерінің ауылшаруашылығын  нарық қатерінен , әсіресе  басқа  елдер  тарапынан  ықпал  ететін  дүниежүзілік  нарық қыспағынан қорғау  және  қолдау саясаты  ұсталады.

      Енді  « сонда  бұл қандай саясат , оның негізінде  не жатыр ? » - деген сұраққа жауап беруге  көшейік .

      Бұл саясаттың негізінде  шығынды  есептеу  мен  ауылшаруашылық өнімдерінің  бағасын  қалыптастырып , дұрыс  бағытта  ұстап отыру  жатыр. Осы күндері ауылшаруашылығымен  айналысатын   жұмысшы   -  шаруалардың басым бөлігі  шығындарын есептей алмайды.Өздері өндірген  өнімдердің  шығынын есептемей ,оның нақты сату  бағасын тағайындау қиын .Себебі  өнім  өндіргендегіи негізгі мақсат  пайда табу емес  пе  ?  Пайда  неғұрлым  көп болу үшін  оның  сатылатын  бағасы  да соғұрлым  жоғары болуы керек .Бірақ  бағаны емін- еркін  өз бетіңше   көтере алмайсың , оны  нарық  көрсетеді . Ол ұсыныс  пен  сұраныстың  арақатынасына байланысты. Сондықтан да  өндірушінің қолынан   келетін екі амалы бар , ол- өнімнің сапасын жоғарылату  арқылы  бағасын тым болмағанда  алдыңғы қатарға шығару   және шығынын азайту  есебінен  түсетін пайданы көбейту .

      Мысалы  қазіргі   нарықтың  қыспағына  қарамастан  ауыл адамдарының  көпшілігі  әлі  күнге  дейін  3-5 литр сүт беретін   сиырларды ұстап отыр. Ал 3-5  литр  сүт беретін   сиырды ұстауға   кететін  шығын   мен  8-10  литр  сүт беретін  сиырды  ұстауға  кететін   шығынның  айырмасы  көп емес. Германияда  15-20   литр сүт берейтін  сиырларды ұстамайды , етке  жібереді.Тағы бір мысал, АҚШ – да  1 тонна бидайды   өндіруге кететін шығын шамамен 25 долл. болса ,  осы көрсеткіш Қазақстан үшін  шамамен 40 пен 200 долл.  аралығында. Осындай  шығынмен  американдықтар  сияқты  бидай  өндірушілер  мен  қазақстандықтар   арасында қандай  бәсеке  болмақ?

Тіпті  бұл  жерде «Қазақстан  үшін бидай  өсіру керек пе , әлде оны  басқа  тиімдірек   келетін  салалармен  ауыстырған жөн бе?»  - деген сұрақ туады. Әрине бұл мемлект  деңгейіндегі   үкімет шешетін  мәселе. Осындай  жағдайлар  ауылшаруашылығының  басқа  да салаларында көптеп  кездеседі.

                       Қорытынды

     Агроөнеркәсіп  жер өңдеумен, яғни   жерді   игеру, қолданумен  тығыз байланысты . Бұл  салада   белгілі  бір  дәрежеге  жету  үшін  жерді  қамқорлықпен  қарау керек. Ауыл  шаруашылығы  жұмысшылардың  белсенді күш-жігеріне  қарамастан  көптеген   факторлардың  әсерінен  азапқа  түседі. Мысалы: ауа райы,  маусымдық  ауытқулар. Бұл  қолайсыздықтардан  қорғауды  бизнесмендер  өз   мойындарына  алды .

     Агроөнеркәсіптік   өндірістің  негізгі  бөлігін  шаруа  қожалықтары  алып  отыр. Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  93%  отбасылық фермерлік   шаруашылық  береді. Фермалар  өз кезегінде екіге бөлінеді:  тобасылық және  отбасылық-топтық . Отбасылық-  топтық  фермалар, әдетте  ірірек  фермалар.Олар  елдің барлық ауыл  шаруашылық  өнімдерінің 34%  береді .

      Сонымен қатар  бұл  курстық  жұмыста   Қазақстан  Республикасының   агроөнеркәсіптік   кешенін  дамытудың 1993 - 1995  жылы және 2000  жылға   дейінгі тұжырымдық  Бағдарламасы  баяндалған . Жем – шөп өндіру  Республика  аумағының  70%  береді. Олардың 123,1  миллион гектары суландырылған. Суландырылған жайылымдықтардың  мал азықтық қоры – 17,9  миллион   тонна азық  бірлігін  құрайды. Аэпроғарыштық зерттеу   нәтижесінде 103 миллион гектар  жайылымдықтың 63  миллион гектары тозып барады . Оның  47  миллион гектары   мал көп жайғандықтан,  6 миллион гектары техногендік   фактор  әсерінен және  14,7   миллион гектар   жайылымдықтың  оты кетті. Тұжырымдық  бағдарламада  бұл кемшіліктерді   жақсарту , ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру, өңдеу  басты  мақсатқа қойылған. Тың  және  тың  игеру  арқасында  Қазақстан  күні  кешеге  дейін  Канададан  кейін  екінші  орынды иеленген. Қазақстандағы  егіс  көлемінің, астық  өнімділігі  мен   жалпы  түсімнің   өсу   қарқынын  кестеден  көруіңізге   болады. Қазақстан  Республикасы   топырақтың   құнарлылығы  мен  жоғары   түсім  беруіне    байланысты   егін  шаруашылығын    бірнеше облыстарға  бөліп тастаған  Мысалы  мақта   шаруашылығының   орталықтары Түркістан, Бөген, Келес, Арыс, Жетісай, Мақтаарал қалаларында шоғырланған. Жеміс – жидек дақылдары мен жүзім Оңтүстік  Қазақстанда   өсіріледі

      Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдердің  ауыл шаруашылық  өндірісінде   арендалық    қатынастар  кең етек  алуда. Жер   жекеменшік  жағдайында   сатып алынады және   сатылады ,  оған  жұмсалған қаражат   табыс әкелуі  тиіс .  Сондықтан ол  жалға   беріледі. Мысалы:  1961  жылы  Швеция 43,8%   жерді   жалға берсе, бұл көрсеткіш 1990  жылы  73,3  %-ке  жетті.

      1990  жылғы  «Шаруа  қожалықтары   туралы»   деген  заңда    шаруа  қожалықтарын   ұйымдастырудың  және  қызметінің   экономикалық, құқықтық   және әлеуметтік  негіздері   туралы  айтылған.  Аграрлы қатынастар  экономикалық  теория мен  практикада  ең маңызды  әрі  күрделі  мәселе болып табылады.

      

Информация о работе Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы