Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа
Аграрлы деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген мағынаны білдіреді). Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз .
Бұл қатынастардың ерекшелігінің өзі сонда , көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс- әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты .
Жоспары – 1 бет
Кіріспе – 3 бет
1 – бөлім. Агроөнеркәсіптің дамуы және оның перспективасы.
1.1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшеліктері – 4 бет
1.2. Аграрлық нарық және агробизнесте нарықтық қатынастарды
реттеу – 6 бет
1.3. Аграрлық секторды қалыптастыруда шетел тәжірибесі – 8 бет
2 – бөлім. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік өндірісін дамытудың негізгі бағыттар – 14 бет
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтарын қалыптастыру және дамыту проблемасы – 23 бет
Қорытынды – 32 бет
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жалпы экономикалық теория
Ақтөбе 2004
2. Агробизнес
Алматы 1998
3. Нарықтық экономика дегеніміз не?
Алматы 1998
4. Экономикалық теория
Алматы 2006
Мақта шаруашылығында өзіндік қиын жағдай қалыптасты.Мақта алқабын негізсіз көбейту бұл аймақтағы экологиялық жағдайдың біраз бұзылуына әкеліп соқты .Осы жағдайды және сондай-ақ көрші елдердің әлдеқайда сапалы мақта өндіріп, әлемдік рынокке шығаруға мүмкіндіктері бар екенін ескере отырып , бұл дақылды екі кезеңде - алдымен 73,1 мың гектарға , одан соң 52,1 мың гектарға қысқару тиімді .Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан , Бөген , Шардара ,Келес және Арыс сияқты солтүстік аудандарында жүргізіліп ,табиғи жағдайды жоғары өнімді және жіңішке талшықты шикізат өсіруге мүмкіндік беретін үш оңтүстік аудан –Жетісай , Киров және Мақтааралда мақта өндірісі шоғырландырылуы тиіс.Мұнымен қатар бұл жаңғырулар қазіргі уақытта үлес салмағы 50-60% мақтаның үлес салмағы 37,5% болатын мақта-жоңышқа –астық ауыспалы егістігінің талаптарына толық жауап беретіндіктен , жеміс –жидек және жүзім алқаптарын , жем-шөп дайындау проблемасын шешуге және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін дәнді дақылдар , жоңышқа және жүгері егістіктерін көбейтуге нақты жол ашады.
Күріш алқабын Қызылорда облысында 82,0 мың гектардан 70,8 мың гектарға , Оңтүстік Қазақстан облысында 19,9 мың гектардан 12,8 мың гектарға , Талдықорған облысында 4,2 мың гектардан 3,3 мың гектарға дейін қысқарту көзделуде .Тек Алматы облысындағы 12 мың гектар күріш алқабы қысқартылмайды .Қазіргі жағдайда 520-600 мың тонна өңделмеген күріш дәнініңм жалпы түсімнен 260-300 мың тонна жарма шығады .Ал ,біздің қажеттілігіміз- 120 мың тонна .Сондықтан да күріш алқабын қысқарту бізге әлдеқайда тиімді .Өйткені , күріш сапасының соншалықты жақсы болмауы бұл өнімді дүниежүзілік рынокке шығаруға мүмкіндік бермейді , ал бұл дақылдың егістік көлемін азайту Республикасының күріш өсірумен айналысатын аудандарындағы экологиялық жағдайдың жақсаруына түрткі болады .Оның үстіне мақта мен күріш өндірісін қысқарту Арал теңізі мен Балхаш көліне судың келуін әлдеқайда көбейтеді.Мұның өзі жақын аудандардағы адамдардың өмір жағдайы мен климатын ғана сауықтырып қоймайды , сонымен бірге Қазақстандағы және Орталық Азиядағы мемлекеттердің экологиялық жағдайын жақсартатыны сөзсіз .
Ерекше қиын жағдай халықты қантпен қамтамасыз етуде қалыптасып отыр.Егер тамақтану нормасы бойынша 544 мың тонна қант керек болса, біздің Республикамызда бар- жоғы 10 мың тонна қызылша өндіріледі , 210 мың тонна шикізат шетелдерден әкелінеді .Республиканың қызылша өсірумен айналысатын негізгі аймақтарында топырақты сауықтыру қажеттілігі бұл дақыл егістік көлемін қысқартуды талап етеді .Жалпы бұл жұмыс 1986 жылдан қолға алынды.Сондықтан да бұл саладағы ең маңызды міндеттердің бірі оны өсірудің интенсивті технологиясын енгізу , ауыспалы егісті игеру , түптің шіруі және басқа да ауруларға , сондай-ақ зиянкестерге қарсы тұра білетін жаңа сорттар мен будандарды енгізу есебінен қант қызылшасының өнімділігін арттыру болып табылады .Егістік көлемі 60 мың гектарға дейін жеткізіліп , гектарына 300-350 центнер өнім алу 180-210 мың тонна қант шығаруға болатын 1,8-2,1 миллион тонна тәтті түбір жинауға мүмкіндік береді .
Өндірістің бұл көлемі қолда бар қант зауыттарының толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етіп , тұрғындардың қажеттілігін 32-38%-ке қанағаттандырады .Қалғанын шетелден шикізат және дайын қант сатып алумен жабуға мәжбүр боламыз.
Тұжырылымдық бағдарламада Алматы және Жамбыл облыстарына қарағанда өте қолайлы жағдайы бар Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен мақта егістігін қысқарту есебінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзім алқаптарын күрт көбейту қарастырылған . Мұнда өнімділік аталмыш екі облысқа қарағанда 1,5-2 есе жоғары .2000 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 9,9 мың гектар бақ , 5,8 мың гектар жүзімдік отырғызылмақшы , сондай-ақ тиісінше бұрынғы 5,4 және 2,0 мың гектар жаңғыртылмақшы .Толық жеміс беретін шағына жеткенде бұл бақтан қосымша 100-130 мың тонна өнім және жүзімдіктен 30-100 тонна өнім алуға болады .
Жеміс –жидек дақылдары мен жүзімнің өнімділігін арттыру негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы есебінен жүргізіліп , бақ бойынша гектарына 65 центнерге дейін , жүзімдіктер бойынша гектарына 108 центнерге дейін жеткізіледі .Мұның өзі 800 мың тоннаға жуық өнім өндіруге , сөйтіп барлық қажеттіліктің 60%-ін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2.2. Түркістан және Қазақ КСР-нда 1921-1922 жылдары жер-су реформасының нәтижесінде жерге жеке меншік алынып тасталып және барлық жер қоры мемлекеттің меншігі деп жарияланды .Жерді пайдалану құқы оны өз еңбегімен өңдеген жағдайда кез-келген шаруаға берілді.Жер барлық еңбек шаруашылықтарына үлестірілді .1926 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша Қазақстанның ауылдары мен селоларында 1,2 млн. шаруашылық, оның 750686-сы қазақтардікі болды .Қазақтардың шаруашылықтары үлгісі боцынша былай бөлінді : мал бағушылар286590 (38,2%) , мал бағу-егіншілік және егіншілік –мал бағу-244807(32,6%), егіншілік-180238 (24%) ,батырақтар -10655(1,4%), кәсіп және қолөнер -6333(0,8%), жұмысшылар мен қызметшілердің шаруашылықтары -11011 (1,5%). 1928 жылы Қазақстандағы барлық егістіктің 97,1%-і өзіндік шаруашылықтарға , 2,4%-і ұжымшарлар мен ұжымшаршыларға және 0,5 %-і мемлекеттік және кооперативтік шаруашылықтарға тиді .
Шаруаларды дифференциялау мәселесі бойынша пікірталас кезінде отбасылық – еңбектік мектептерді жақтаушылар Л.Н.Крицман , В.С. Немчинов және басқалардың концепциясына қарсы тұрды .Соңғыларды шаруа шаруашылықтарын «кулак- орташа шаруа- шаруа » схемасы бойынша үш топқа : іскерлік ( өндірістің құрал- жабдықтары өздерінікі және жұмысшы күші басқалардікі ) ; өз бетінше жұмыс істейтіндер (өндіріс құрал- жабдықтары да , жұмысшы күші де өздерінікі ) және тәуелділер (жұмыс күші өздерінікі , ал өндіріс құралдары басқалдікі) деп бөлді.Бәрімізге белгілі , кейіннен осы концнпция жеңіп шығып , ауыл мен селоны жаңғыртуда іс жүзінде кері ықпалын тигізді.Кулактарды жою және жаппай ұжымдастыру нәтижесінде Қазақстанда 1937 жылдың өзінде шара шаруашылықтарының 96,5 % -і ұжымшарларға біріктіріліп , оларға егістік көлемінің 90,8%-қарады.
Соған қарамастан ауыл шаруашылығын жүргізудің ұсақ , отбасылық және өздік тәсілдері өзінің өміршеңдігін тек ТМД елдерінде ғана емес , сонымен қатар барлық дүние жүзінде дәлелденді .ТМД елдерінде шаруа қожалықтарының жаңа бой көрсетуі ауыл шаруашылығындағы ірі кәсіпорындардың шексіз басымдылығы қатты сынға ұшырап, шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілдерін іздестіру басталған 80- жылдарда болды.И.Н. Худенконың әдісі бойынша мердігерлік және арендалық тәсілмен жұмыс істейтін көптеген ұсақ звенолар, отбасылар және интенсивті еңбек ұжымдарының қызметі Қазақстанда шаруашылық жүргізудің ұсақ тәсілдерінің басымдылығы мен тиімділігі жан-жақты дәлелдеп берді .Бірте-бірте , заңдық және нормативтік актілердің пайда болу шамасына қарай жаңа тәсілдер шаруа қожалықтарына айнала бастады .
Шаруа қожалықтары дегеніміз- ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізетін тұлғалардың отбасылық және еңбек бірігуі .Шаруа қожалықтары шаруашылық жүргізудің өз бетінше тәсілі ретінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ,коперативтік ,акционерлік , аралас және басқа ауыл шаруашылығының тең құқықты өндірістік бірлігі болып табылады.Шаруа қожалықтарының мақсаты- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және тарату , сауда қызметін көрсету негізінде отбасының игілігін қамтамасыз ету .Шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың және қызметінің экономикалық , құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының «Шаруа қожалықтары туралы » заңы(1990 ж. ) мен агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі басқа да заңдық және нормативтік құжаттармен анықталады.
Шаруа қожалықтары өз қызметінің бағытын, өндірістің құрылымы мен көлемін , өнімді өткізу арналарын өз бетінше анықтап , өзіне қызметті бірігіп жасау жөніндегі әріптестерді таңдап , өндірістік процесті өзі ұйымдастырады.Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру кезінде аймақтық ерекшеліктері мен шаруашылық жүргізудің әлеуметтік- экономикалық жағдайын есепке алу керек .
Оның қызметінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1. Шаруашылық қызметті бірігіп жүргізудің шешкен адамдардың (отбасы мүшелері, туысқандар, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар ) ерікті түрде бірігуі.
2. Жерді , өндірістің басқа да негізгі және қосымша қорларын иелену мен пайдаланудың толық құқы.Жерді пайдаланудың нақты тәсілін шаруа қожалығы өз бетінше анықтайды.Бұл жағдайда ол өзіне берілген жерді мақсатына сәйкес тиімді пайдалануға, оның құнарлығын арттыруға , жерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға және өндірістің табиғатты қорғайтын технологиясын қолдануға ,өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде экологиялық жағдайды нашарлатпауға және басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқын бұзбауға міндетті.
Шаруа қожалықтары тракторларды , жүк автомашиналарын , басқа ауыл шаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтарды, шикізатты, тыңайтқышты және басқа мүліктерді мемлекттік, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардан , көтерме сауда және басқа мекемелерден еркін сатып алады(ауыстыра алады, жалға алады, уақытша пайдалануға алады, арендаға алады).
3.Өндірістің бағытын, құрылымы мен көлемін еркін таңдау және қызметін толық өз бетінше жүзеге асыру. Шаруа қожалықтары өздерінің өндірістік бағыттарын шаруалардың өз мүдделеріне сәйкес өз бетінше анықтайды.Өндірістік құрылымды таңдауда және шаруа қожалықтарының көлемін белгілеуде белгілі ғалым-аграршы А.В.Чаяновтың мына сөзін есте ұстау керек : «шаруа қожалықтарын ұйымдастыру кезінде отбасы әрбір жұмыс күні жұмсалған күш жоғары құндылықтағы өнім беретіндей іспен және осындай пайда әкелетін егістікпен өз шаруашылығын құра білу керек». Өнімді өткізуден түскен табыстың көлемі отбасының тұтыну қажеттіліктерін және өндірісті кеңейтуге қаржының қорлануын қамтамасыз етуі тиіс.
4. Мемлекттік, кооперативтік және басқа кәсіпорындармен , мекемелермен , ұйымдармен және азаматтармен барлық өзара қарым- қатынас келісім-шарттық негізде жүргізіледі.
5. Өндірілген
өнімге және алынған табысқа
меншіктің толық құқы, оларды
өз қалауынша пайдалану .
6. Өз міндеттемелері бойынша қызметтің түпкі нәтижелері үшін толық жауапкершілік .Шаруа қожалықтары өзінің міндеттері брйынша мүлкімен жауап береді .Мемлекет шаруа қожалықтарының міндеттемелері бойынша, ал шаруа қожалықтары мемлекет міндеттемелері бойынша жауапқа тартылмайды.
Шаруа қожалықтарының ұйымдық тәсілдері иеленуші мүшелердің құрамына байланысты төмендегідей үлгілерде болуы ықтимал :
1 .Жек азаматтар жеке қызмет тәртібімен жүргізетін шаруа қожалығы ;
2. Бір
отбасылық шаруа қожалықтары
.Мұнда толық жұмыс
3. Көп отбасылық шаруа қожалықтары .Мұнда туысқандық байланыстары бар бірнеше отбасының мүшелері еңбек етеді ;
4. Шағын ауыл шаруашылық кооперативінің түрінде (меншіктің және оны пайдаланудың кооперативтік тәсілі ) құрылатын бір пікірлес қызметшілердің тікелей шаруа қожалықтары .
Қазақстан Республикасы статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетінің зерттеу нәтижелері бойынша , солтүстік облыстарда бір отбасылық және екі отбасылық шаруа қожалықтары басым .Көп отбасылық шаруа қожалықтарының үлес салмағы көп емес . Осылай, шаруа қожалықтарының негізгі ұйымдық тәсілі ретінде тауарлы ауыл шаруашылығы өнімінің түпкі немесе аралық бір немесе бірнеше түрін өндіруге мамандырылған , иеленуші мен оның отбасы мүшелерінің ерікті, тәуелсіз және өз бетінше еңбегіне негізделген , өндіріс құралдарына , өндірілген өнімге және алынған табысқа жеке меншіктегі және өмір бақи мұрагерлікке берілетін иелік немесе жер арендасындағы отбасылық ферма көрінеді . Өз бетінше жұмыс істеуінің деңгейіне , материалдық- техникалық және несиелік – қаржылық қамтамасыз етілу мәніне байланысты шаруа қожалықтары мынадай болады :
принципімен өндірістік қызметті жүзеге асыратын кеңшар және ұжымшардың ішкі шаруашылық бөлімшесі құқындағы шаруа қожалығы .Бұл жағдайда материалдық- техникалық көмек пен қызметтің барлық түрлері шаруашылық тарапынан көрсетіледі ;
ауыл шаруашылығы кооперативінің құқында жұмыс істеп , өндірісті өз бетінше жүзеге асырады және өнім өткізудің арналарын өздері белгілейді. Мұндай қожалықтың кеңшар дирекциясымен , басқа ішкі шаруашылық бөлімшесімен өзара қарым- қатынасы өзара тиімді келісім- шарт негізінде жүзеге асырылады;