Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 08:20, реферат
Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. Өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.
І. Кіріспе
1. Су ресурстарының ластануы
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
2. Сумен жабдықтау көздерінің және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3. Тазартылған ауызсу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4. Көлік құралдарындағы ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5. Төтенше жағдайлар кезінде ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар (дәлелдеу базасы) тізбесі
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
31. Көлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын адамдар көлік құралдарындағы ауызсумен жабдықтау жүйелерін тиісінше пайдалануды және ауызсудың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сынама алу жиілігімен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етеді.
5. Төтенше жағдайлар кезінде ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
32. Ауызсумен жабдықтау көздерінің ластануына, сарқылуына және (немесе) ауызсумен жабдықтау жүйелерінің зақымдалуына әкеп соқтыратын авариялардың, апаттардың, зілзала немесе табиғи немесе техногендік сипаттағы өзге де жағдайлардың салдарынан суды тұтынушыларға бір тәуліктен астам кезеңге ауызсу беруді тоқтату ауызсумен жабдықтаудағы төтенше жағдайлар деп танылады.
33. Төтенше жағдайлар кезінде сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуі туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
34. Төтенше жағдайлар кезінде суды тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз ету барлық қолжетімді күштер мен құралдарды пайдалана отырып, жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен ұйымдастырылады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі.
35. Шаруашылығы және өзге де қызметі ауызсумен жабдықтау көздерінің апаттық ластануына және (немесе) ауызсумен жабдықтау жүйелерінің зақымдалуына әкеліп соқтырған тұлғалар жергілікті атқарушы органға, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және төтенше жағдайлар бойынша уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) дереу хабарлайды және апатты жою жөнінде шаралар қабылдайды.
36. Мемлекеттік органдар төтенше жағдайларда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысы бойынша кейіннен шешімдер қабылдау мақсатында барлық мүдделі адамдарды тарта отырып, төтенше жағдайлардың ауқымын бағалау және оның дамуын болжау жөнінде жұмыс жүргізеді.
37. Ауызсумен жабдықтау көздері болып табылатын немесе рекреакциялық мақсаттарда пайдаланылатын су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнінде дереу шаралар қабылдайды;
2) халықты қабылданған шаралар туралы хабардар етеді, белгіленген нормативтерге жауап бермейтін ауызсуды тұтыну нәтижесінде халық денсаулығына зиян келтіруді болдырмау мақсатында тиісті ұсынымдар береді.
38. Сумен жабдықтау жүйесі арқылы берілетін ауызсудың қауіпсіздігіне белгіленген талаптардан уақытша ауытқуға мынадай жағдайларда ғана жол беріледі:
1) ауызсудың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілмеуі мүмкін табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда;
2) ауызсу қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптардан уақытша рұқсат етілген ауытқуларын қолдану мерзімінде.
Сәйкестікті бағалау
39. Ауызсу сәйкестікті міндетті растауға жатпайды. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары беретін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуы ауызсудың қауіпсіздігін растау болып табылады.
40. Ауызсу суды пайдаланушының қалауы бойынша техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сертификаттауға жіберілуі мүмкін.
Үйлестірілген стандарттар тізбесі
41. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеу базасы) осы Техникалық регламентке қосымшада келтірілген.
42. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімі мен шарты
43. Осы Техникалық регламент алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
44. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп есептеледі.
МЕМСТ 18963-73 Ауызсу. Санитарлық-бактериологиялық талдау әдістері;
МЕМСТ 24481-80 Ауызсу. Сынама алу;
МЕМСТ 4192-82 Ауызсу. Құрамында азот бар минералды заттарды анықтау әдістері;
МЕМСТ 2874-82 «Ауызсу. Гигиеналық талаптар және сапасын бақылау»;
МЕМСТ 2761-84 Орталықтандырылған шаруашылық-ауызсумен қамтамасыз ету көздері. Гигиеналық, техникалық талаптар және таңдау ережелері;
МЕМСТ Р 51871-2002 - «Су тазарту құрылғылары. Тиімділікке қойылатын талаптар және оны анықтау әдістері»;
МЕМСТ 30813-2002 - «Су және суға байланысты дайындық. Терминдер мен анықтамалар».
Сумен
жабдықтау жүйелеріндегі
ҚОРЫТЫНДЫ
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». Мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері- халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі