Су ресурстарының ластануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 08:20, реферат

Описание работы

Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. Өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

Содержание

І. Кіріспе
1. Су ресурстарының ластануы
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
2. Сумен жабдықтау көздерінің және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3. Тазартылған ауызсу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4. Көлік құралдарындағы ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5. Төтенше жағдайлар кезінде ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар (дәлелдеу базасы) тізбесі
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат сууу.doc

— 119.50 Кб (Скачать)

6. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау кезінде қолда бар ғылыми деректер, тиісті өңдеу және өндіру (дайындау) әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеу әдістері пайдаланылуы, сондай-ақ аурулардың таралуы мен аурулардан таза аймақтардың болуы ескерілуі тиіс.

7. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалауды суды пайдаланушылар мынадай жолдармен жүзеге асырады:

1) адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін ауызсудың сипаттамаларын анықтау;

2) адам организміне әрбір анықталған ықтимал қауіптің әсеріне талдау жүргізу;

3) анықталған қауіп-қатерлерді шектеудің барабар шараларын анықтау.

8. Ауызсу қауіпсіздігінің қауіп-қатерін бағалау ауызсуды зертханалық зерттеу барысында қауіп-қатерді кешенді бағалау сияқты әрбір нақты жағдайда жүзеге асырылады.

9. Қауіп-қатерді басқару қауіп-қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ халықтың денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіндігінің алдын алу қағидатына негізделуі тиіс.

Қауіп-қатерді басқару жөніндегі шаралар қауіп-қатер дәрежесін растайтын деректерді алу үшін талап етілетін уақыттың ең аз қажетті кезеңі ішінде қайта қаралуы тиіс.

Қауіп-қатерді талдау және бағалау кезінде ерекше жағдайларда адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ету мүмкіндігі сәйкестендіріледі, алайда қолда бар ғылыми деректер оның дәрежесін анықтау үшін жеткіліксіз, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қауіп-қатерді басқару жөнінде қажетті уақытша шараларды қабылдайды.  

 

Терминдер мен анықтамалар 

 

10. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

суды пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке мұқтаждықтарды және (немесе) коммерциялық мүдделерді қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген заңды немесе жеке тұлға;

суды тұтынушы - су объектілерінен суды пайдаланатын немесе су шаруашылығы ұйымының қызметтерін пайдаланатын және сумен қамтамасыз ету жүйесінен су алатын жеке немесе заңды тұлға;

су құбыры желісі - тұтынушыға су беруге арналған құбырлар мен құрылыстар жүйесі;

сумен жабдықтау - қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес талап етілген мөлшерде жер бетіндегі немесе жерасты суларын тұтынушыларға беру;

ауызсумен жабдықтау көзі - суы қауіпсіздік жөніндегі белгіленген талаптарға сай келетін және ауызсумен жабдықтау жүйесінде жинау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерүсті немесе жерасты су объектісі (немесе оның бөлігі);

ауызсумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі - ауызсумен жабдықтау жүйесінің ауызсудың қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкестігін және оны суды тұтынушыларға берудің ұсынылған режимін қамтамасыз ету орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі - ауызсуды жинауға, дайындауға, сақтауға, тұтыну орындарына беруге және жалпы пайдалануға арналған ашық құрылғылар, құрылыстар мен құбырлар (құбырларсыз) кешені;

орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау жүйесі - ауызсуды су тұтыну орындарына бермей жинауға арналған, жалпы пайдалануға арналған ашық немесе жеке пайдаланымдағы құрылыстар;

ауызсу - адамның ішуіне, өзге де тұрмыстық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған және тамақ өнімдерін өндіру үшін сумен жабдықтау жүйелері арқылы берілетін табиғи су немесе өңделгеннен кейінгі су;

ауызсумен жабдықтау - суды тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;

ауызсуды дайындау (суды дайындау) - суды ауызсу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келтіруге арналған су өңдеудің технологиялық процесі;

ауызсумен жабдықтау жүйесі - суды тұтыну орындарында суды жинауға, сондай-ақ қажетіне қарай оны тазалауға, сақтауға және тасымалдауға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;

ауызсуды дайындау станциясы - ауызсуды дайындауға арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар кешені;

органолептикалық көрсеткіштер - түсі, дәмі, иісі және сыртқы түрі сияқты судың қасиеттерін сипаттайтын анықтама;

су қауіпсіздігінің көрсеткіштері - пайдалану ұзақтығына қарамастан, адам өмірі мен денсаулығы үшін оның қауіпсіздігі мен зиянсыздығына кепілдік беретін радиациялық аясы деңгейінің және ондағы химиялық, биологиялық заттардың, микроорганизмдердің, паразиттік агенттердің органолептикалық, шекті рұқсат етілген құрамы. 

 

 

 

2. Сумен жабдықтау көздерінің және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 

11. Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауызсу мұқтаждықтарына су беретін сумен жабдықтау көздері және су құбыры құрылыстары Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес санитарлық қорғаныш аймағы болуы тиіс.

12. Су дайындау станцияларына, сору станцияларына және өңделмеген суды шығаруға арналған алаңдарды, жерасты және жерүсті суларын жинау құрылысына, шаруашылық-ауызсу су құбырының құрылыстарына, резервуарлар мен су айдайтын мұнараларға, құрылыс қоршауына жанасуға арналған алаңдарды таңдауға қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

13. Коллекторлы жабдықтар, құбырлар мен резервуарлар судың қажет емес қоспалармен ластануын болдырмайтын, ауызсу үшін жарамды материалдардан дайындалуы тиіс. Тазалауды жеңілдету үшін және бактериялық өсуін болдырмау үшін олардың ішкі беті тегіс болуы және мүмкіндігінше саңылау болмауы тиіс.

14. Ауызсумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын технологиялық жабдық оның дербес немесе технологиялық кешендер мен жүйелердің құрамында пайдаланылуына қарамастан, жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс.   

 

3. Тазартылған ауызсу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 

15. Суды тұтынушыларға орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау жүйелерімен, үйдегі бөлу жүйелерімен, дербес ауызсумен жабдықтау жүйелерімен және көлік құралдарындағы ауызсумен жабдықтау жүйелерімен берілетін адамның тұтынуына арналған ауызсу індеттік және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы және қолайлы органолептикалық қасиеттері болуы тиіс.

16. Ауызсудың қауіпсіздігі мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

1) ауызсумен жабдықтау көздерін таңдау;

2) ауызсумен жабдықтау көздерін және ауызсумен жабдықтау жүйелерін ластанудан қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

3) халықты ауызсумен жабдықтау мақсатында оларды пайдалану үшін жарамды жағдайда ауызсумен жабдықтау көздерін күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

4) оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін ауызсуды дайындау технологияларын қолдану;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген, өнімдердің қауіпсіздігін растайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар жабдықтарды, қондырғыларды, материалдар мен реагенттерді ауызсумен жабдықтау жүйелерінде қолдану;

6) ауызсудың қауіпсіздігіне, ауызсумен жабдықтау жүйелеріне, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген бірыңғай өлшеу әдістемелері мен құралдарын пайдалана отырып, ауызсумен жабдықтау көздеріне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

7) суды пайдаланушылардың өндірістік бақылау бағдарламаларын әзірлеу және орындау.

17. Ауызсу халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген химиялық, бактериялық және уытты көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

18. Егер суда кез келген микроорганизмдер мен паразиттер, сондай-ақ адам денсаулығына концентрация деңгейі ықтимал қауіп төндіретін кез келген заттар болмаса, ол халық үшін жарамды деп танылады.

Қауіпсіздік көрсеткіштері өзінің мәндері бойынша:

1) халықты орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерінен;

2) цистерналардан;

3) тамақ өнеркәсібі, тағам және сауда объектілеріне;

4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарына;

5) коммуналдық-тұрмыстық объектілерге;

6) халыққа су беру кезінде сақталуы тиіс.

Ауызсудың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылауды суды пайдаланушылардың өндірістік зертханалары не ауызсуды зерттеуді (сынақтан өткізуді) орындау құқығына белгіленген тәртіппен аккредиттелген басқа да зертханалар жүзеге асырады.

19. Өндірістік бақылау мыналарды қамтитын бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады:

1) өндірістік бақылау пункттері туралы мәлімет;

2) бақыланатын көрсеткіштер тізбесі;

3) сынама іріктеу мерзімділігі;

4) өлшемдерді орындау әдістемесі.

Өндірістік бақылау бағдарламасын белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы бекітеді.

20. Көрсеткіштердің түрін (органолептикалық, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық, уытты және т.б.), орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің су жинау құрылыстары орналасқан орындардағы және суды бөлу желілеріне ауызсу келер алдында су сынамасын іріктеу кезеңділігін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгілейді.

21. Сумен жабдықтау процесінде бақыланатын көрсеткіштердің тізбесі сумен жабдықтаудың нақты жүйесіне қатысты белгіленеді.

22. Қажет болған жағдайда өндірістік бақылау бағдарламасына өңірдің ерекшеліктері ескеріле отырып, қосымша көрсеткіштер енгізіледі.

Қосымша көрсеткіштерді таңдауды мыналардың негізінде тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізеді:

1) кемінде соңғы үш жыл кезеңдегі мәліметтерді талдау;

2) шаруашылық қызмет субъектілерінің мемлекеттік статистикалық есептілігі, сондай-ақ ауызсумен жабдықтау көздеріне келетін ағынды сулардың құрамы мен көлемі туралы өзге де ресми деректер;

3) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және ауызсумен жабдықтау жүйелеріндегі судың сапасын өндірістік бақылау деректері;

4) халықтың суды пайдалану орындарындағы және ауызсумен жабдықтау жүйелеріндегі судың сапасын зерттеу нәтижелері.

23. Ауызсудың қауіпсіздігін өндірістік бақылауды жүзеге асыратын зертханалар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін су сынамасының зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы тиісті аумақтардағы, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын дереу хабардар етеді.

24. Қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ ауызсумен жабдықтау жүйесін пайдаланатын суды пайдаланушылар ауызсудың ластануы немесе белгіленген нормативтерге сәйкес келмейтіні, оны берудің белгіленген режимінің өзгеруі туралы, ауызсумен жабдықтау көздеріндегі су сапасының болжамды нашарлауы туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына ақпарат, оның ішінде шұғыл ақпарат береді.

25. Орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау жүйелерінің қызметі бұзылған, ауызсу берудің белгіленген режимі бұзылған жағдайларда, апатты жағдайларда, берілетін ауызсудың тұтынушылық қасиеттері төмендеген және (немесе) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жағдайларда суды пайдаланушылар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісім бойынша ауызсуды тұтынуды қамтамасыз ету және халықтың денсаулығына ықтимал қауіпті жою үшін қажетті шараларды, оның ішінде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін су жинауды тоқтату, суды тұтынушыларды резервтік су көздерінен және ауызсумен жабдықтау жүйелерінен ауызсумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

26. Ауызсуды беруге тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы шешім халықтың денсаулығы үшін қауіптілігі мен қауіп-қатерін бағалау негізінде белгіленген тәртіппен тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша қабылданады.

27. Ауызсуды пайдалануға тыйым салу немесе беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда, суды пайдаланушылар ауызсудың қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздік себептерін анықтау және жою, халықты нормативтік талаптарға сай келетін балама ауызсумен қамтамасыз ету бойынша олардың орындалу мерзімімен іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жоспарды аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі. 

 

4. Көлік құралдарындағы ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 

28. Үш сағаттан артық сапарда жүрген көлік құралдарында (теміржол поездарында, теңіз, өзен мен әуе кемелерінде және өзге де көлік құралдарында) ауызсумен жабдықтау көлік құралдарының ажырамас бөлігі болып табылатын ауызсумен жабдықтау жүйелерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

29. Көлік құралдарындағы ауызсумен жабдықтау жүйелері арқылы берілетін ауызсу ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

30. Көлік құралдарындағы ауызсуды сақтау мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қолдануға рұқсат еткен материалдардан жасалған сыйымдылықтарда жүргізіледі.

Информация о работе Су ресурстарының ластануы