Су ресурстарының ластануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 08:20, реферат

Описание работы

Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. Өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

Содержание

І. Кіріспе
1. Су ресурстарының ластануы
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
2. Сумен жабдықтау көздерінің және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3. Тазартылған ауызсу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4. Көлік құралдарындағы ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5. Төтенше жағдайлар кезінде ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар (дәлелдеу базасы) тізбесі
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат сууу.doc

— 119.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

І. Кіріспе 

1. Су ресурстарының  ластануы 

ІІ. Негізгі  бөлім

  1. «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
  2. Сумен жабдықтау көздерінің және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
  3. Тазартылған ауызсу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 
  4. Көлік құралдарындағы ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 
  5. Төтенше жағдайлар кезінде ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
  6. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар (дәлелдеу базасы) тізбесі

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Су – біздің планетамыздың ең бір кең таралған және аса құнды қазынасы.

Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр.

Республика  далаларын су мұқтаждығынан құтқару  мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы  миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс — Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді.

Жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.

        Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал  лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.

        Соңғы кездерде республикада  суды ластандырудан қорғауды  күшейтуге байланысты біршама  маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің  көптеген ірі қалаларында ірі-ірі  су тазалайтын құрылыстар салынады. Өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Су ресурстарының ластануы

Өнеркәсіп кәсіпорындары  және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен қатар су қоймалары мен өзендерді де ластап отыр. Соның салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын асқындыра түсуде. Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп қалдықтары төгіледі.

Жер үсті суларының  жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық  көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан. Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын салыстырып анықтау үшін пайдаланылады (2, 2,1-қосымша).

Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне  – 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы  ластанған» су объектілеріне – 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған. «Ластанған» су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған.

«Лас» су объектілеріне  Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды облысы) су қоймасы (8,3%) жатады.

Қаракеңгір (Қарағанды  облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі «өте лас» деп сипатталады.

«Аса лас» су объектісі санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс Қазақстан облысы) жатады.

Бұл ретте кейбір су объектілерінің сапасы нашарлаған. Мәселен, Глубочанка (ШҚО), Ор (Ақтөбе облысы), Ембі (Ақтөбе облысы), Бірқара (Жамбыл облысы) өзендері мен Марқакөл көлі «таза» санаттан «шамалы ластанған» санатқа ауыстырылған.

Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті су қоймасы (Алматы облысы) «шамалы ластанған» санаттан «ластанған» санатқа жатқызылды. Глубочанка өзені мен Кеңгір су қоймасы  «ластанған» санатқа ауыстырылды  және Билікөл көлі (Жамбыл облысы) «лас» санаттан «өте лас» санатқа жатқызылды.

Соңғы кезде  республикада ірі қалалар мен  өнеркәсіп орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 пайызы.

Республика  аумағында 573 кәрізді тазарту ғимараты жұмыс істейді. Кәріз желілерінің  жалпы ұзындығы республика бойынша  – 14678,1 км, соның ішінде бас коллекторлардың ұзындығы - 4806,8 км, таратушы кәріз желісінің ұзындығы 9871,3 км. құрайды.

Табиғат қорғау объектілерінің негізгі қорларының жай-күйі төмен дәрежеде. Су бұру жүйесінің  құрылыстары мен желілерінің, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің басым көпшілігінің пайдалануға берілгендеріне немесе күрделі жөндеуден өткендеріне 20 жылдан асып кеткен. Желілердің 2/3-сі күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді.

Жергілікті  атқарушы органдардың деректері  бойынша жалпы республикада сарқынды сулар жиналатын 130 тоған мен төгінділер қабылдайтын 51 нысан бар.

Төгінділер  қабылдайтын 13 нысанда тазарту құрылыстары  жоқ, яғни сарқынды суларды төгу тазаланбай жүзеге асырылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулардың елеулі көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық тазарту  ғимараттарына келіп құяды, ал бұл құрылыстар әдепкіден өнеркәсіптік сарқынды суларды тазартуға есептелмеген. Қолданыста жүрген тазарту ғимараттардың көпшілігі өздерінің пайдалану ресурстарын толық сарқыған, сол себепті оларды ауыстыру не болмаса жаңарту қажет.

Тазарту құрылыстарының айтарлықтай тозып кетуіне байланысты су құбырлары құрылыстарындағы апаттық  саны артып, өнеркәсіптік сарқынды суларға  құйылатын төгінділердің жалпы  көлемі ұлғайып келеді.

2010 жылы республика бойынша 25896 су құбырлары апаты тіркелген. Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында тіркелді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіп объектілерін кеңейту кезінде олардың қоршаған ортаға тигізетін ластау деңгейін ескермейді, осылайша сарқынды суларға төгінділер көлемінің ұлғаюына жол беріледі.

Мысалы, 2010 жылы Атырау облысында өнеркәсіптік сарқынды сулар төгінділерінің жалпы көлемі 52,2 мың тоннаны құрады, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 5,3 есе төмен болатын. Үстіміздегі жылы «АТЭЦ» АҚ-да оның екінші кезегі іске қосылып электр энергиясы ұлғайды, сөйтіп өнеркәсіптің су тұтыну және су бұру мөлшері өсе түскен. Негізінен, Атырау облысындағы өнеркәсіптік сарқынды сулар сол себептен ұлғайып отыр.

Қызылорда облыстық Арал-Сырдария экология департаментінің  деректері бойынша, 2010 жылы өнеркәсіптік сарқынды су төгінділерінің жалпы көлемі 406,8 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,0%-ға ұлғайған.

Өңірлердегі келеңсіз әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкелетін экологиялық ахуалды ескере отырып, Есеп комитеті Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне бақылау іс-шараларын жүргізді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталып отырғандай, Министрлік өңірлерде табиғат қорғау объектілерін салуға және жаңғыртуға бөлінген республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің тиімді игерілуін қамтамасыз ету саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге жеткілікті назар аудармаған.

Су тазарту  құрылыстарын салу және жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге орындамаған жұмыс көлемдері үшін ақы төлеген. Өңірлердегі жекелеген тапсырыс берушілер сапасыз жұмыстарды қабылдап, табиғат қорғау объектілерін салу және жаңғырту бойынша бастапқы бекітілген сомаларды асырып көрсетуге жол беріп отырған. Кейбір тазарту нысандарының жұмыс істемей тұрған оқиғалары анықталды.

Мәселен, Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын бұза отырып, Ақтөбе қаласында Елек өзеніндегі жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын тазарту құрылыстары кешенін (арынды кәріз коллекторы және реттеуші сыйымдылық торабы) жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылып отыр.

Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабын  бұза отырып, 2005 жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде мердігер - «Мас-Так» ЖШС-мен Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде кәріз-тазарту құрылыстарын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге жаңарту жөнінде шарт жасасқан. Бұл ретте 2010 жылы «Мас-Так» ЖШС орындалмаған жұмыс көлемі үшін тапсырыс берушіден 33,1 млн. теңге алған. Бақылау барысында мердігердің шартта қарастырылған 4,8 млн. теңге көлеміндегі жұмыстарды сапасыз орындағаны анықталды.

Атырау облыстық құрылыс басқармасы мен «СнабОйлСтрой» ЖШС арасында кәріз-тазарту құрылыстарын салу туралы жасасқан шарттың сомасы бекітілген сметадан 286,2 млн. теңгеге асып кеткен.

 Сонымен  қатар, Атырау облыстық құрылыс  басқармасы электрмен жабдықтаудың  алаңнан тыс желілері бойынша  орындалмаған жұмыс көлемі үшін  «СнабОйлСтрой» ЖШС-не 103,4 млн. теңге  аударған.

2010 жылы Ақтау  қаласында № 2 кәріз-тазарту құрылысы  салынады деп қарастырылғанымен, ол аяқталмаған, соның салдарынан 281,7 млн. теңгеге бюджет қаражаты игерілмей қалған.

Маңғыстау облысының  Құрық ауылында кәріз желілеріне қосылатын коллектор салуға 2009-2010 жылдары 291,8 млн. теңге қаржы жұмсалған. Бұл ретте осы тазарту желілерінің 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрғаны бақылау барысында анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

 «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылы 13 мамырда «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің №456 қаулысын бекітті.

 

 

  Қолданылу аясы 

 

1. Осы «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) халыққа арналған, оның ішінде халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру процестерінде пайдалануға арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Техникалық регламент «Ыдыстарға құйылған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінде көзделген талаптардағы ауызсуға қолданылмайды.

3. Ауызсудың микробиологиялық және химиялық ластануына байланысты қауіп-қатерлер қауіп-қатердің дәрежесін бағалауға және сенімді әрі салыстырмалы нәтижелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әдістемеге негізделуі тиіс.

4. Халықты ауызсумен жабдықтаумен етумен және суды дайындаумен айналысатын суды пайдаланушылар ауызсудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір жұмыс кезеңін белгілейді және мыналарды:

1) ауызсуды өндіру, сақтау жөніндегі объектілердегі және су беру орындарындағы ауызсудың қауіпсіздігіне байланысты ықтимал қауіп-қатерді талдауды жүзеге асырады;

2) ауызсудың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатер туындауы мүмкін бақылау нүктелерін сәйкестендіруді жүргізеді;

3) бақылау нүктелерінде тексеру және реттеу рәсімдерінің тиімділігін айқындайды;

4) ауызсудың, бақылау нүктелерінің қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлердің, тексеру мен реттеу рәсімдерінің, сондай-ақ ауызсуды өндіру процестері өзгерген кездегі талдаулардың нәтижелерін кезең-кезеңмен қарайды;

5) бақылау нүктелерін сәйкестендіру жөнінде шешімдер қабылдайды.

5. Суды пайдаланушылардың ауызсу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануы қауіп-қатердің талдауына негізделуі тиіс.

Информация о работе Су ресурстарының ластануы