Өсімдіктер мен Жануарлар әлемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 04:20, реферат

Описание работы

Өсімдіктер (Plantae)- тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

      2) егiндердi, өзге ауыл шаруашылығы  алаптарын, өсiмдiк тектi өнiмдердi  сақтау мен қайта өңдеу үшiн  үй-жайды зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң жұғуынан  қорғауды жүргiзу;

      3) қоршаған ортаның және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң пестицидтердiң улы қалдықтарымен бекiтiлген санитарлық-гигиеналық нормалардан асыра ластануына жол бермеуге;

      4) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  инспекторлардың өсiмдiктердi қорғау  және қоршаған ортаны қорғау  салаларындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, тыйым салынған әрi жарамсыздыққа келген пестицидтердi зарарсыздандыру жөнiндегi ұйғарымдарын орындауға;

      5) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына көмек көрсетуге.

      2. Тыйым салынған немесе жарамсыздыққа  келген пестицидтердi, сондай-ақ  олардан босаған ыдыстарды зарарсыздандыруды  (кәдеге жарату, көму, жою) жеке  және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етедi.

      17-бап. Зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң жане таралуының алдын алу және олармен күресу жөнiндегi фитосанитарлық іс-шараларды ұйымдастыру

      Фитосанитарлық iс-шараларды ұйымдастыруды және жүргiзудi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi белгiлейдi әрi қызметi мемлекеттiк фитосанитарлық бақылаудың объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi болып табылады.

      18-бап. Пестицидтердiң босалқы қоры

      1. Пестицидтердiң босалқы қоры  аса қауiптi зиянды организмдерге  қарсы күрес үшiн арналған пестицидтердiң  үнемi жаңартылып отыратын белгiлi  көлемi және уәкiлеттi органның  меншiгi болып табылады.

      2. Босалқы қор республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердiң көлемiнен құралады және аса қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбеюi мен таралуының алдын алуға және жоюға арналған.

      3. Пестицидтердiң түрлерi бойынша  босалқы қордың нормативiн және  оны қолданудың тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      19-бап. Фитосанитарлық нормативтер

      1. Фитосанитарлық нормативтер ауыл  шаруашылығы өсiмдiктерi және алаптары  үшiн оның қауiпсiздiгi тұрғысынан  фитосанитарлық факторды сипаттайтын  көрсеткiштердің рұқсат етiлген ең көп немесе ең аз сандық немесе сапалық деңгейiн айқындайды.

      2. Фитосанитарлық нормативтер өсiмдiктердi  қорғау туралы заңнамаға сәйкес  жүргiзiлетiн зерттеулермен белгiленедi.

      3. Фитосанитарлық нормативтер фитосанитарлық iс-шаралардың көлемiн объективтi және негiзделген жоспарлау жүргiзу, сондай-ақ зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және жою мүмкiншiлiгiн болжамдау үшiн негіз болып табылады.

      4. Фитосанитарлық нормативтердi уәкiлеттi орган бекiтедi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.

      20-бап. Адамдардың денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiп төндiретiн пестицидтердi зарарсыздандыру тәртiбi

      Адамдардың денсаулығы және қоршаған  орта үшiн қауiп төндiретiн, тыйым  салынған немесе жарамсыздыққа  келген пестицидтер, сондай-ақ  олардан босаған ыдыстар, қоршаған  ортаны қорғау органдарымен келiсiм  бойынша уәкiлеттi орган айқындаған  тәртiппен мiндеттi зарарсыздандыруға (кәдеге жаратуға, көмуге, жоюға) жатады.

      21-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды дайындау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру

      1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердiң жүргiзiлуiн ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, зерттеулердiң нәтижесiнде әзiрленген фитосанитарлық iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн және тәсiлдерiн реттеушi әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.

      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды  дайындау және бiлiктiлiгiн арттыру  жөнiндегi оқыту бағдарламалары (оқу  бағдарламалары) мiндеттi түрде уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.

      22-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландырылу көздерi

      1. Республикалық бюджеттiң қаражаты  есебiнен Қазақстан Республикасының  Yкiметi бекiткен аса қауiптi зиянды  организмдердiң тiзбесi бойынша фитосанитарлық  іс-шараларды жүргiзуге арналған  шығындарды қаржыландыру жүзеге асырылады.

      2. Республикалық бюджеттiң есебiнен  жүзеге асырылатын iс-шаралар мыналарды  қамтиды: 

      1) аса қауiптi зиянды организмдердiң  мекендеу орындарын анықтау жөнiндегi фитосанитарлық мониторингтi жүргiзу;

      2) аса қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтердi сатып алу, сондай-ақ пестицидтердің босалқы қорын қалыптастыру және жаңарту;

      3) пестицидтердi кедендiк рәсiмдеу, сақтау  және жұмыстарды жүргiзу орындарына  жеткiзу;

      4) аса қауiптi зиянды организмдердiң зияндылықтың экономикалық шегінен аса таралған орындарында химиялық өңдеу жүргiзу;

      5) республикалық бюджеттiң қаражаты  есебiнен сатып алынған тыйым  салынған және жарамсыздыққа  келген пестицидтердi, сондай-ақ  олардан босаған ыдыстарға зарарсыздандыру жүргiзу;

      6) өсiмдiктердi қорғау саласында  қолданбалы зерттеулер жүргiзу.

      3. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау  объектiлерi иелерiнiң есебiнен,  уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мына фитосанитарлық iс-шаралар жүргiзiледi:

      1) өз қаражаты есебiнен сатып  алынған, тыйым салынған және  жарамсыздыққа келген пестицидтердi, сондай-ақ олардан босаған ыдыстарды  өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  инспекторлардың ұйғарымы бойынша  зарарсыздандыру; 

     2) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Тiзiмге енгiзiлген аса қауiптi зиянды организмдердi қоспағанда, зиянды организмдерге қарсы күрес жөнiндегi iс- 

      2. Республикалық бюджеттiң есебiнен  жүзеге асырылатын iс-шаралар 

мыналарды қамтиды:

      1) аса қауiптi зиянды организмдердiң мекендеу орындарын анықтау жөнiндегi фитосанитарлық мониторингтi жүргiзу;

      2) аса қауiптi зиянды организмдерге  қарсы химиялық өңдеу жүргiзу  үшiн пестицидтердi сатып алу,  сондай-ақ пестицидтердің босалқы  қорын қалыптастыру және жаңарту;

      3) пестицидтердi кедендiк рәсiмдеу, сақтау  және жұмыстарды жүргiзу орындарына  жеткiзу;

      4) аса қауiптi зиянды организмдердiң  зияндылықтың экономикалық шегінен  аса таралған орындарында химиялық  өңдеу жүргiзу;

      5) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен сатып алынған тыйым салынған және жарамсыздыққа келген пестицидтердi, сондай-ақ олардан босаған ыдыстарға зарарсыздандыру жүргiзу;

      6) өсiмдiктердi қорғау саласында  қолданбалы зерттеулер жүргiзу.

      3. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау объектiлерi иелерiнiң есебiнен, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мына фитосанитарлық iс-шаралар жүргiзiледi:

      1) өз қаражаты есебiнен сатып  алынған, тыйым салынған және  жарамсыздыққа келген пестицидтердi, сондай-ақ олардан босаған ыдыстарды өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымы бойынша зарарсыздандыру;

      2) Қазақстан Республикасының Yкiметi  бекiткен Тiзiмге енгiзiлген аса  қауiптi зиянды организмдердi қоспағанда, зиянды организмдерге қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар;

      3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн пестицидтердiң  улы қалдықтарының болуына тексеру. 

      4. Пестицидтердiң тiркеулiк және  өндiрiстiк сынақтары уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен пестицидтердi өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзіледi.

      23-бап. Өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманы  бұзғаны үшiн кiнәлi жеке және  заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдардың  лауазымды адамдары Қазақстан  Республикасының заңнамалық актiлерiне  сәйкес жауапты болады.

      2. Өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманы  бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту кiнәлi адамдарды адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға келтірген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiппен өтеу қажеттiгiнен босатпайды.

     24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

      

      Жануарлары. Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.

 Едәуiр бөлiгiн  Жайық өз-нiң аңғарындағы орман  алып жатқан далалық белдемнiң  батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.   Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi — жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi.  Зайсан қазаншұңқырынан оңт-ке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы] марал, елiк, арқар, сiбiр таутекесi, қоңыр аю, сiлеусiн, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейдi. Жетiсу (Жоңғар), Iле Алатауы мен Талас Алатауында көкшiл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетiн Мензбир суыры жерсiндiрiле бастады. Қазақстанның оңт.-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркiт тiршiлiк етедi.  Кең байтақ Қазақстан жерiн мекендеген жабайы жануарлардың тәжiрибелiк маңызы бар: олардың кейбiреулерi (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екiншi бiреулерi — өсiмдiк пен жануар зиянкестерi (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемiрушiлер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрiздi, кемiрушiлер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бiрқатар қан-паразиттiк аурулар жұқтырады. Жануарлар түрлерiнiң қазiргi сипаты бiрқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердiң аса кең аумақта игерiлуi, осыған орай жер суару, не керiсiнше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесiнде жер бедерiнiң өзгеруi сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесiнде соңғы 150 — 200 жыл iшiнде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлерi жойылып кеттi. Көптеген аса бағалы аң түрлерiнiң азайғандығы соншалық, тiптi оларға жойылу қаупi төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстiрт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың iшiнде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегiш қыран, бүркiт, балықшы, кезқұйрықты субүркiт саны тым азайып кеттi. Олардың бәрi Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлдi. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кiтабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрi, құстың 56 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрi, қосмекендiлердiң 3 түрi, балықтың 16 түрi енгiзiлдi. Қорықтарда көптеген сирек кездесетiн жануар түрлерi мемл. қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстiрт қорығы). Республикамыздың қазiргi жануарлар дүниесi алуан түрлi, ал оның кең байтақ жерiнде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бiр кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрi, көне дәуiрдегi теңiз жайылмасында тiршiлiк еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндiктердiң, мәселен, ұлулардың бiрнеше жүздеген түрi табылды.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттiк қорғау туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы  ережелер 

      1. Осы Қазақстан Республикасының  жануарлар дүниесiн мемлекеттік  қорғау туралы ереже (бұдан  әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн  қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану  туралы" Қазақстан Республикасының  2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

      Қазақстан Республикасының жануарлар  дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан  әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк  қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану  саласында басқару және бақылау  функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) құрылымында ұйымдастырылады.

2. Жануарлар  дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың  мiндеттерi мен функциялары 

           2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу;

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн  молайту және пайдалану саласындағы  Қазақстан Республикасының заңнамасын  бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады.

      3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк  қорғау өз құзiретiнiң шегiнде   заңнамамен   белгiленген тәртiппен  мынадай функцияларды жүзеге  асырады:

      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн,  соның iшiнде жануарлардың сирек  кездесетiн және құрып кету  қаупi төнген түрлерiн қорғау;

      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн  қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану  жөнiндегi ережелер мен нормалардың  сақталуын қамтамасыз ету;

      3) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң  мекендеу ортасын, көбею жағдайларын,  қоныс аудару жолдарын және  шоғырлану орындарын сақтау;

      4) жануарлар дүниесiнiң, соның  iшiнде жануарлардың сирек кездесетiн  және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң өсiмiн молайту;

      5) жануарлар дүниесiнiң эпизоотикалық  жай-күйiн қадағалау және жануарлар  арасында эпизоотияның жолын  кесу және болдырмау жөнiнде  шаралар қабылдау;

      6) жануарлар дүниесi объектiлерiн  қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану идеясын насихаттау және азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу.

3. Жануарлар  дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың  ұйымдық құрылымы 

           4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiнен тұрады.

Информация о работе Өсімдіктер мен Жануарлар әлемі