Өсімдіктер мен Жануарлар әлемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 04:20, реферат

Описание работы

Өсімдіктер (Plantae)- тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

2. Егер Қазақстан  Республикасы бекiткен халықаралық  шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше  ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

     3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi  мiндеттерi

Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың  негiзгi мiндеттерi:

     1) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз  ету;

     2) қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;

     3) фитосанитарлық іс-шараларды жүргiзу  кезiнде ауыл шаруашылығы өнiмiнiң,  қоршаған табиғи ортаның ластануының  алдын алу.

2-тарау. Өсiмдiктердi  қорғау саласындағы мемлекеттiк  реттеу

     4-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғаудың мемлекеттiк жүйесі

     Қазақстан  Республикасының өсiмдiктердi қорғаудың мемлекеттiк жүйесiне мыналар кiредi:

     1) Қазақстан Республикасының Yкiметi;

     2) уәкiлеттi орган және оның аумақтық  бөлiмшелерi;

     3) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;

     4) иелiгiнде мемлекеттiк фитосанитарлық  бақылаудың объектiлерi бар жеке  және заңды тұлғалар.

     5-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi

     Қазақстан  Республикасы Yкiметiнiң өсiмдiктердi  қорғау саласындағы құзыретiне  мыналар жатады:

     1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы  мемлекеттiк саясатты iске асыру;

     2) өсiмдiктердi қорғау саласындағы  бағдарламаларды бекiту;

     3) олармен күрес және фитосанитарлық мониторинг республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын Аса қауiптi зиянды организмдердiң тiзбесiн бекiту;

      4) өсiмдiктердi қорғау саласында  халықаралық ынтымақтастықты жүзеге  асыру; 

      5) заңнамалық актiлермен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен белгiленген өзге функциялар.

      6-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi

      1. Уәкiлетті органның құзыретiне  мыналар жатады:

      1) олардың фитосанитарлық iс-шаралары мен мониторингi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын Аса қауiптi зиянды организмдердiң тiзбесiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыну;

      2) аса қауiптi зиянды организмдерге  қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыну;

      3) ауыл шаруашылығы және өзге  алаптарын зиянды және аса  қауiптi зиянды организмдерден қорғауды  жүзеге асыру жөнiндегi ұсыныстарды  бекiту;

      4) пестицидтердiң тiркеулiк сынақтарын және мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзу жөнiндегi ережелердi әзiрлеу мен бекiту;

      5) орман қорының жерлерiн қоспағанда  Қазақстан Республикасының аумағын  зиянды және аса қауiптi зиянды  организмдердің таралуынан қорғауды  ұйымдастыру; 

      6) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

      7) фитосанитарлық іс-шараларды жүргiзуде  мемлекеттiк органдардың, жеке  және заңды тұлғалардың қызметтерiн  үйлестiру;

      8) тауарларды, жұмыстарды және қызмет  көрсетулердi мемлекеттiк сатып  алу жөнiндегi конкурстық құжаттамаларды, ғылыми және өсiмдiктердi қорғау жөнiнде өзге зерттеулерге тапсырыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзiрлеу;

      9) пестицидтердi мемлекеттiк сатып  алу, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану  жөнiндегi конкурстарды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен пестицидтердiң босалқы қорын құру;

      10) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтiң және қоршаған ортаны  қорғаудың уәкiлеттi органдарының  келiсуiмен пестицидтердi зарарсыздандыру жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

      11) фитосанитарлық iс-шараларды, фитосанитарлық  нормативтердi, статистика органдарының  келiсуiмен фитосанитарлық есептер  мен есеп берудiң нысандарын, сондай-ақ  оларды тапсыру тәртiбiн әзiрлеудi  ұйымдастыру және белгiленген тәртiппен бекiту;

      12) аса қауiптi зиянды организмдер  бойынша фитосанитарлық мониторингтi  ұйымдастыру; 

      13) өсiмдiктердi қорғау саласындағы  нормативтiк құқықтық актiлер  және жүргiзiлген фитосанитарлық  іс-шаралар туралы ақпаратты мүдделi адамдарға берудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

      14) пестицидтердiң тiркеулiк, өндiрiстiк  сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi  ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының аумағында қолдануға  рұқсат етiлген пестицидтердiң  өкiлеттi орган бекiтетiн тiзiмiн жүргiзу;

      15) өсiмдiктердi қорғау саласындағы  қолданбалы ғылыми зерттеулердi  ұйымдастыру мен үйлестiру;

      16) республикалық бюджеттiң қаражаты  есебiнен сатып алынған пестицидтердi мониторингтiң деректерiне байланысты  аумақ бойынша тарату, олардың сапасын, сақталуын, тасымалдануын және Қазақстан Республикасы аумағында қауiпсiз қолданылуын бақылау;

      17) халық арасында өсiмдiктердi  қорғау саласында түсiндiру жұмысын  ұйымдастыру және жүргiзу;

      18) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      19) өсiмдiктердi қорғау саласындағы  нормативтiк құқықтық актілерде  көзделген өзге функциялар.

      2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң  құзыретiне уәкiлеттi органның функцияларын тиiстi аумақта жүзеге асыру жатады.

      3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы  уәкiлеттi органның және оның аумақтық  бөлiмшелерiнiң басшылары бiр мезгiлде  Қазақстан Республикасының және  тиiстi аумақтардың өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады, уәкiлеттi органның өзге лауазымды адамдары бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының және тиiстi аумақтардың өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

      7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының, облыстың, қаланың, ауданның өсiмдiктердi  қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк  инспекторларының құзыретiне мыналар  жатады:

      1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) тиiстi аумақта фитосанитарлық  іс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi ұйғарымдарды жеке және заңды  тұлғалардың орындауына беру  және олардың орындалуын бақылау; 

      3) фитосанитарлық есептi және есеп берудi ұйымдастыру мен жүргiзу және Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен оны тапсыру;

      4) осы Заңға және Қазақстан  Республикасының өзге нормативтiк  құқықтық актiлерiне сәйкес өзге  функциялар.

      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  инспектордың құзыретiне мыналар  жатады:

      1) тиiстi аумақта мемлекеттiк фитосанитарлық  бақылауды жүзеге асыру; 

      2) фитосанитарлық есеп пен есеп  берудi жүргiзу және Қазақстан  Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен оны тапсыру;

      3) осы Заңға және Қазақстан  Республикасының өзге нормативтiк  құқықтық актiлерiне сәйкес өзге функциялар.

      8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың   құқықтары

      1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  инспекторлар мынаған құқылы:

      1) жеке және заңды тұлғалардың  заңнаманы және өсiмдiктердi қорғау  жөнiндегі нормативтiк құқықтық  актiлердi сақтауын тексеру мақсатында  олардың аумақтары мен ауыл шаруашылығына арналған объектiлерiне кедергiсiз кiруге;

      2) жеке және заңды тұлғаларға, өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманың  анықталған бұзушылықтарын жою  туралы ұйғарымдар ұсыну, ұйғарымдар  орындалмаған жағдайда хаттамалар  жасап, соттарға қуыным арызын жiберуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiне сәйкес айрықша жағдайларда  жеке және заңды тұлғалардың  қызметiн соттың шешiмiнсiз 3 күнге  дейiн мерзiмге өсiмдiктердi қорғау  саласындағы заңнаманың бұзушылықтарын  жойғанша, мiндеттi түрде көрсетiлген мерзiмде қуыным арызын сотқа берумен, тыйым салуға және кiдiртiп қоюға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiнде белгiленген тәртiппен  өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманы  бұзған жағдайда жеке және  заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға.

      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  инспекторлардың әрекеттерiне шағым  уәкiлеттi органға немесе сотқа  берiлуi мүмкiн. 

      9-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың актiлерi

      1. Хаттамалар мен ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес бекiтедi.

      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк  инспекторлардың ұйғарымдары қызметi фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi.

      10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыраты мемлекеттік ұйымдар

      1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы  қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдарды қызметтердiң мына түрлерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi құрады:

      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi  бекiткен тiзбе бойынша аса  қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық  мониторингi;

      2) тiркеуге ұсынылған препараттарды  қолданудың реттемелерiн өндiрiстiк  жағдайда тексеру үшiн пестицидтердiң  өндiрiстiк сынақтары;

     3) пестицидтердiң қалдықты мөлшерiнiң  болуына ауыл шаруашылығы өнiмдерiн  тексеру.

     2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызметтiң түрлерi мемлекеттiк монополияға жатады.

     3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы  қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк  ұйымдар, сондай-ақ иелiгiнде мемлекеттiк  фитосанитарлық бақылауға жататын  объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен фитосанитарлық есеп жүргiзедi және уәкiлеттi органға

тапсырады.

               3-тарау. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау

     11-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылаудың мақсаттары мен мiндеттерi

     Мемлекеттiк  фитосанитарлық бақылау мыналарды  көздейдi:

     1) жеке және заңды тұлғалардың  өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөнiндегi қызметiн бақылау;

     2) фитосанитарлық іс-шараларды ұйымдастыруды  және орындалуын бақылау;

     3) фитосанитарлық  есептi жүргiзу мен беру;

     4) өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманың бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу;

     5) пестицидтердің  тiркеулiк және өндiрiстiк сынақтарын  ұйымдастыру мен жүргiзудi бақылау

     12-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық-бақылау объектiлерi

      1) ауыл шаруашылық  және өзге алаптар, зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ету орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығы өнiмi;

     2) зиянды және аса қауiптi зиянды  организмдер;

     3) фитосанитарлық іс-шараларды жүргiзу  үшiн пайдаланылатын арнайы техника  мен пестицидтер.

     13-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

     Мемлекеттiк  фитосанитарлық бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.

     14-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау

     1. Мiндеттi лицензиялануға мыналар  жатады:

      1) тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтар және ғылыми зерттеулер үшiн тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда пестицидтердi және оларды өндiру үшiн бастапқы құрауыштарын әкелу;

     2. Пестицидтердi әкелудi және пестицидтердi қолдану бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

      3. Лицензиат өсiмдiктердi қорғау  саласындағы өз қызметiнiң нәтижесi  бойынша аумақ бойынша пестицидтердiң  келiп түсуi мен жұмсалуына есеп жүргiзедi және белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға фитосанитарлық есеп тапсырады.

      15-бап. Пестицидтерге мемлекеттiк фитосанитарлық бақылау

      1. Пестицидтердi өндiру, әкелу, тасымалдау, сақтау, сату және қолдану мемлекеттiк  фитосанитарлық бақылауға жатады.

      2. Тiркеулiк, өндiрiстiк сынақтар  және ғылыми зерттеулер үшiн  әкелiнетiн тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген  пестицидтердi, сондай-ақ тiркелмеген  пестицидтердi өндiру үшiн бастапқы  құрауыштарды өндiруге және әкелуге тыйым салынады.

      3. Пестицидтердi мемлекеттiк тiркеу  уәкiлеттi орган белгiлеген 

тәртiппен жүргiзiледi.

     4. Мемлекеттiк тiркеуден өткен пестицидтер уәкiлеттi орган жүргiзетiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң тiзiмiне енгiзiледi.

     4-тарау. Мiндеттi талаптар

     16-бап. Жеке және заңды тұлғалардың зиянды және аса қауiптi зиянды

организмдердiң  жаппай таралуының алдын алу жөнiндегi мiндеттер

      1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитарлық бақылаудың объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар мынаған мiндеттi:

      1) зиянды және аса қауiптi зиянды  организмдердiң жаппай таралуының  алдын алу мақсатында өз аумағында  фитосанитарлық мониторинг және  фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

Информация о работе Өсімдіктер мен Жануарлар әлемі