Өсімдіктер мен Жануарлар әлемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 04:20, реферат

Описание работы

Өсімдіктер (Plantae)- тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 152.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

Өсімдіктер (Plantae)- тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды.

Жануарлар –  тірі организмдер дүниесіндегі негізгі  екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық  қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын клетка формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар,5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

 Республикамыздың  қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк  (36 — 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк  орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн.  жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан. Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.  Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған. Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды аймақ — жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi — эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер — аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

 Қазақстанның  таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн.  га, яғни республика жерiнiң 7%-ы.  Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк белдеулi биiк таулар  ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.

Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа  еңгізілген өсімдіктер жайлы төменгі  кесте ұсынылған. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді. Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.

Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор. Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн 216 мың га жерді алып жатыр, бұл Қазақстан жерінің 4,7%-на тең. Соның ішінде таза орманды алқаптың аумағы 12 млн 428 мың га. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл ағаштарының қорғаныштық мәні зор. Ол шөлейтті, шөлді аймақтардағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын қырқуға тыйым салынған, соған қарамастан соңғы жылдары Қазақстанның барлық, аймақтарында сексеуіл ағаштарын қырку өте қарқынды жүріп жатыр.

Еліміздегі  орманның көпшілігі солтүстік өңірлер  мен оңтүстік және оңтүстік шығыс алқаптардағы таулы аймақтарда өседі. Табиғаттағы және адам өміріндегі орманның маңызын "орман — ел дәулеті, жер сәулеті" нақылынан байқауға болады.Орманды шаруашылық салаларында пайдалануға байланысты өнеркәсіптік, қорғаныштық, шипажайлық, қорықтық және т.б. да мәні бар деп жеке топтарға бөледі. Орманның эстетикалық мәні де бар. Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ

      Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден,  арамшөптерден және өсiмдiк ауруларынан  қорғау саласындағы қызметтiң  құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық принциптерiн айқындайды және егiндi, оның сапасын сақтауға әрi Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитарлық iс-шараларды жүзеге асыруда адамдардың денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерiн болдырмауға бағытталған.

                         1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:

      зиянды организмдер - топыраққа,  өсiмдiкке және ауыл шаруашылығы  өнiмiне терiс әсер етушi зиянкестер, арамшөптер мен өсiмдiктер аурулары;

      мемлекеттік фитосанитарлық бақылау  - зиянды және аса қауiптi зиянды  организмдердiң жаппай таралуының  және олардан өсiмдiк шаруашылығы  өнiмi ысырабының алдын алу  мақсатында Қазақстан Республикасының  өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын заңды және жеке тұлғалардың сақтауына бағытталған уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарының қызметi;

      өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы  өнiмiнiң зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерден ысырабының алдын алуға бағытталған фитосанитарлық мониторингтiң, фитосанитарлық iс-шаралардың әдiстерiн әзiрлеуге және іс жүзiнде қолдануға бағытталған қызмет саласы;

      пестицидтердің (улы химикаттардың)  бастапқы құрауыштары - қауiптi және  аса қауiптi зиянды организмдермен күресу үшiн препараттарды өндiруге арналған химиялық және басқа заттар;

      пестицидтердi зарарсыздандыру - Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  тыйым салынған немесе жарамсыздыққа  келген пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған iс-шаралар;

      аса қауiптi зиянды организмдер  - дүркiн-дүркiн жаппай көбеюге  және таралуға қабiлеттi, экономикалық  нұқсан келтiретiн әрi Қазақстан  Республикасының Yкiметi бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген өсiмдiктер зиянкестерi мен аурулары;

      пестицидтердің қалдық мөлшерi - химиялық заттардың өсiмдiк өнiмiнде  және қоршаған орта объектiлерiнде  болуының мөлшерлiк көрсеткiшi, оның  көмегiмен олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi бағаланады;

      пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды  және аса қауiптi зиянды организмдерге  қарсы егiн жинау алдындағы  құрғатуда, жапырақтарды түсiруде  және өсiмдiктердiң өсуiн реттеуде  қолданылатын химиялық және басқа заттар;

      пестицидтердi тiркеу - препараттарды  биологиялық, уыттық, гигиеналық  және экологиялық бағалау процесiн  аяқтайтын рәсiм, оның нәтижелерi  бойынша уәкiлеттi орган жеке және  заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының  аумағында оларды ресми қолдану құқығына тiркеу куәлiгiн бередi;

      пестицидтердi қолдану регламентi - оларды қолданудың қауiпсiз шарттарына  және тәртiбiне қойылатын мiндеттi  талаптар;

      Қазақстан Республикасының аумағында  қолдануға рұқсат етiлген пестицидтер  тiзiмi - оларды қолдану регламенттерi бар тiркелген пестицидтердiң (улы химикаттардың) уәкiлеттi орган бекiткен тiзбесi;

      арнайы техника - пестицидтердi қолдануға  арналған құрылғылар мен жабдық; уәкiлеттi орган - өкiлеттiгi шегiнде  жеке және заңды тұлғалардың  өсiмдіктердi қорғау саласындағы қызметін үйлестiру мен реттеуді, сондай-ақ өсiмдiктердi қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      фитосанитарлық ахуал - зиянкестердiң,  арамшөптердiң және өсiмдiктер  ауруларының санымен және зиянкестiгiмен айқындалатын ауыл шаруашылық және өзге алаптардың, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлердiң қалыптасқан жай-күйi;

   фитосанитарлық мониторинг - зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуын байқау және бақылау жүйесi;

      фитосанитарлық iс-шаралар - зиянды  және аса қауiптi зиянды организмдердiң  саны мен зиянкестiгiн азайтуды  қамтамасыз етушi шаралар кешенi;

   зиянкестіктiң экономикалық шегi - егiннiң ысырабын туғызатын, ол кезде фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу орынды болатын зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң саны

     2-бап. Өсiмдiктердi қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

    1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  K951000_ Конституциясына негiзделедi әрi осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

Информация о работе Өсімдіктер мен Жануарлар әлемі