Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 10:59, реферат
Күні кешеге дейін академиялық ортада бұл құбылысқа аса мән берілмейтін және ол әзіл ретінде айтылып, ғылыми фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруі орындалған дәйек болып табылдады.
«Алатауды әктеу керек»
Экологтар ғаламдық жылыну проблемасын шешпесе, мұның салдары ауыр болатынын тәптiштеп түсiндiрiп жүр. Сондай экологтардың бiрi, “Табиғат” қозғалысының жетекшiсi Мэлс Елеусiзовпен бiз осы мәселе жөнiнде пiкiрлескенбiз.
—-Ғаламдық жылыну – бүкiл әлемдi алаңдатып отырған мәселе. Бiрақ, Қазақстанда бұған бас қатырып жатқан адам жоқ , — дейдi ол. — Жалпы, ғаламдық жылыну – 40 жылдан берi қозғалып отырған мәселе. Қазақстанда да бұл – бұрыннан бар проблема. Өйткенi, таудағы мұздықтардың 40 пайызы ерiп кеткен. Ендi қалған мұздықтар бұдан да тез еруi мүмкiн. Бiздегi таулардың мұздықтары ғана емес, дүние жүзiндегi мұздықтардың барлығы дерлiк ерiп жатыр. Гималай, Кавказ, Альпi, Памир, Тянь-Шань, Анд тауларында да мұздықтар азайып барады. Сондықтан болашақта миллиондаған адам ауызсусыз қалуы мүмкiн. Бiр ғана Гималай тауынан бастау алатын өзендер Қытай мен Үндiстанды ауызсумен қамтамасыз етiп отыр. Сол сияқты елiмiз де мұздықтардан айырылса, ауызсусыз қалады. Бұл – бiр. Екiншiден, сел қаупi төнедi. Қалада жаңбыр жауса, тауға қар түседi. Ал егер мұздықтар ерiп кетсе, бiрден сел ағады. Онда Алматыны су шайып кетедi.
Соңғы 200 жыл iшiнде өндiрiс қатты дамыды. Мұнай, көмiр, ағаш өртелiп жатыр. Амазониядағы ағаштар қырқылды. Ал Гольстрим сол жақтан бастау алады. Ол басқа жаққа бұрылып кетсе, Еуропада мұздық пайда болады. Мұнай, көмiр жерастында миллиондаған жылдар бойы жиналады. Мұнай, көмiр өртелiп, ауаға СО2 көмiрқышқыл газы ретiнде таралды. Бұдан бөлек метан газы да бөлiнедi. Бұның зардабы көмiрқышқыл газынан да зор. Сол парниктiк газдар жер бетiн қыздырып жатыр.
– Тығырықтан шығудың жолы бар ма?
– Бар, улы газдарды тек планктондар мен өсiмдiктер ғана сiңiре алады. Осы себептi әрбiр тал шөп, әрбiр ағашты сақтау қажет. Елiмiзде оттегi газын жинап жатқан ешкiм жоқ. Көмiр жағуды қою қажет. Мұнай өртеудi доғару керек. Содан кейiн энергетиканың балама көздерiн пайдалануды жолға қоюға тиiспiз. Мәселен, шетелде күннiң сәулесi мен желдiң күшiн пайдалану жағын қарастырып жатыр.
Әр адам қолынан келгенше экологияның жақсаруына үлес қоса алады. Бұл жұмысты қарапайым ғана ағаш егуден бастау керек. Екiншiден, мұздықтарды сақтап қалуға да әркiм атсалыса алады. Iле Алатауын әкпен ақтау туралы айтқаным бар. Бiрақ, мен тауды ақтаңдар деп тұрғаным жоқ. Сол мұздықтардың астындағы тастарды ақтау керек деген пiкiр бiлдiрдiм. Сонда күннiң сәулесi қайтадан ауаға таралады. Өйткенi, мұздықтардың астындағы қара тастар күн сәулесiнiң әсерiнен қатты қызады да, мұздықтар содан еридi.
Улы газ жылынуға жол ашты
Ғалымдардың пiкiрiнше, өнеркәсiптерден бөлiнетiн улы газдар ғаламдық жылынуға жол ашты. Ауа райын зерттеушi ғалымдардың көбi климаттың жиi өзгеруiне атмосферада парниктi газ концентраттарының артуын себеп санайды. Сондай-ақ, электростанциялардың, қоғамдық көлiктердiң көбеюi мен зауыттар түтiнi де себепкер дейдi олар.
Жалпы, ауаның ластануына кез келген адам өз үлесiн қосып келедi десек өтiрiк емес. Мысалы, Google.com сайтынан екi сауалға жауап алудың өзiнен ауаға жеткiлiктi мөлшерде көмiр қышқыл газы бөлiнедi екен. Демек, адам баласы түйiнiн шешуге тиiс тағы бiр мәселе - қалдықтарды тиiмдi пайдалану. ХХ ғасырға дейiнгi кезеңде тек органикалық қалдықтар ғана болған. loopy.by сайтының мәлiмдеуiнше, бүгiнде жер бетiн мекендеген адам баласының өзi жылына 2,1 трлн. тоннға жуық қалдық «өндiредi». Оның 40 пайызы бөтелке, пакет, қорап, қалта сияқты тұрмыстық қалдықтардан тұрады.
«Қоқыс дағдарысына» бiзден
өзге елдерде аса мән берiлiп
отыр. Атап айтсақ, Италияның Неапол
қаласы тұрғындарының бұл мәселенi
шешумен айналысқанына
Қазақстан да соңғы екi-үш жылдан берi қоқыс қалдықтарын тиiмдi пайдалану мәселесiне мойын бұрғанымен аймақтарда бұл мәселе шешiмiне жете қойған жоқ.
БҰҰ-ның бастамасымен осыған
байланысты 1997 жылы Киото хаттамасына
қол қойылды. Бұған бiрнеше елдер
де қол қойған. Бүгiнде бiздiң елiмiз
де бұдан тысқары қалып отырған
жоқ. Жақында қоршаған ортаны қорғау
және ғаламдық жылыну мәселелерi аясында
Мемлекет басшысы Киото механизмi
шеңберiнде болашақ өзара
Ал мұхиттар деңгейiнiң көтерiлуi ғаламдық жылынудың индикаторы болып отыр. Әлем бойынша соңғы онжылдықтан ауа райы күрт өзгердi. Айталық, Бразилияның елдi мекендерiн су алып кеттi. Үндiстанда, Бенгалияда, Бангладеште «Айла» тропикалық циклоны тұрды. Гондураста жер сiлкiнiп, цунами жұрттың зәресiн алды. Бельгияда, Австрияда және Германияның солтүстiгiнде құмды дауыл көз аштырмады. Биыл шiлдеде Орталық Ресейдiң кей аймақтарын құйын соқты. Ну орманды Ресейiңiз бұрын болмаған 40 градус ыстықтан өртке оранды. Қаза тапқандар да бар. Мыңдаған гектар ормандарды өрт шалды. Ал Американың Вирджиния штаты торнадоның құрбаны болғаны кеше ғана. Мұны не деуге болады? Бұл табиғат - ананың SOS дабылы емес пе?!
Сiрескен мұздар қалай еридi. Ол ауа температурасының тым артып-төмендеуiнен.
Бұл жаһандық жылынудың симптомдары. Зерттеушiлердiң болжамынша, алып мұздардың еруi келер ғасыр еншiсiне тиесiлi болатын. Бiрақ мұздар келер уақытты күтпей, қазiрдiң өзiнде-ақ су болып ерiп кетудiң алдында тұр. Антарктидада осы жылдың көктемiнде мұзды көпiр жарылды. Солтүстiк полюсте мұздардың ерiп кетуiнен жаңа аралдар пайда болды. Ғалымдардың есебiнше, Арктикадағы мұз осы ғасырдың орта шенiнде түгелдей ерiп бiтедi. Салдарынан әлемнiң көптеген қалаларын су басады. Онда Лондон, Нью-Йорк, Токио, Амстердам, Шанхай мен Бомбей қалаларының тағдыры қыл үстiнде тұр дей берiңiз.
Тықыр таянып қалғаны ма?
Дiндарлар ауа райының жиi құбылуын ақырзаманның жақындап қалғанымен байланыстырады. Шынымен-ақ, бiр тықырдың таянып қалғаны ма? Ислам дiнi бойынша топан су ақырзаманның, ақырет күнiнiң тақағанын бiлдiредi. Қасиеттi Құран Кәрiмдегi аяттардың 80 пайызы қиямет-қайым жайлы айтылса, оның жартысы зiлзала мен топан су өзге де табиғи апаттар туралы. Тiптi пайғамбарымыздың хадистерiнде де зiлзала туралы сөз етiледi. Мәселен, Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз: «Жер сiлкiну жиiлемегенше Қиямет күнi басталмайды», – деп айтқан.
Бiрде хазiретi Омар көпшiлiктiң
алдында насихат айтып отырады.
Осы кезде қайта-қайта жер
Ақырзаман дегенiңiз ақ пен қараның, жақсы мен жаманның таразыға салынатын уақыты. Топан су, жел, дауыл, өрт сынды сұрапыл дүлей алдымен дiннен безген, Құдайын ұмытқан елдердi шарпиды дейдi. Әйтсе де, адам баласында бiр үмiт бар. Сонымен, ғаламдық жылынуды туғызған себеп-салдарлар жетерлiк. Ал, бұған таяу жылдарда нүкте қойыла ма? Әлде ғалам тұтастай жылынып, тiптi, күйiп, жоғалып кетер ме екен? Бiр жолы бар деседi... Үмiт қой. «Үмiтсiз - шайтан» деген. Теория бойынша, қатер бар. Қатер болғанда да қандай!.
Бiрiншiден, өнеркәсiптен бөлiнген көмiр қышқыл газы әлемдiк парниктi эфектiге әсер етуде. Мәселен, 1979-2003 жылдар аралығында Арктиканы көмкерген мұзды қабат 16 пайызға жұқарған. Дегенмен, ықтимал заманақыр қатерiн сейiлтетiн де деректер бар. Арктика жылынып жатқанда келесi полюстағы Антарктида мұздары қалыңдап жатқан көрiнедi. Ол да дәтке қуат тәрiздi... Сондықтан жаманға емес, жақсыға сенiңiз.
Бұдан бөлек ғаламдық жылынуды
әлемдiк қаржы дағдарысы
Атмосфераны ең көп ластайтын — АҚШ пен Қытай
Көмiр қышқыл газының тарату қаупiн азайту жөнiнде жекелеген әлем елдерi бiр ымыраға келе алмай отыр.
Атмосфераның ластануына ең көп үлес қосатын екi ел бар. Ол –АҚШ пен Қытай. Ал бұл екi ел 2012 жылы аяқталатын ғаламдық көмiр қышқыл газының таралуын азайту жөнiндегi Киото хаттамасына қол қоймаған. Бiрақ Копенгаген жиынында Бейжiң мен Вашингтон өз еркiмен көмiр қышқыл газының таралуын азайтуға ниеттенiп отырғандығын жариялады. Мәселен, АҚШ үкiметi 2020 жылға дейiн газ эмиссиясын шығару деңгейiн 17 пайызға қысқартуға уәде еттi. Ал Қытай болса газ эмиссиясын шығару деңгейiн 2020 жылға дейiн 40-45 пайызға қысқартуға сөз бердi. Алайда, көптеген сарапшылар Бейжiң мен Вашингтонның болжамына күмән келтiрiп отыр.
Еуропа Одағының болжамына сәйкес, осы мәселеге қатысты айтарлықтай өзгерiстердiң болуы үшiн 2020 жылға дейiн дамушы елдерге шамамен 150 миллиард доллар бөлiнуi тиiс. Бұл ғаламдық экономикалық рецессияның салдарын жоюға тырысып жатқан батыс елдерi үшiн қиындық туғызбақ.
Миланда өткен БҰҰ конференциясында
АҚШ нелiктен Киото келiсiмiне қол
қоймады? Себебi, оның көкейiн тесiп
бара жатқан мұнай мәселесi. Жыл сайын
өндiрiлетiн әлемдiк мұнайдың көбiн
тұтынатын да осы ел. Ғаламдық апаттың
алдын алу үшiн түзiлген Киото
келiсiмiнде парниктiк
Ал болашақта «қара алтын» үшiн болар соғыс Орталық Азия елдерi мен Қапқазда жалғасын табуы мүмкiн. Себебi мұнай өндiрудi шектейтiндей жағдайда оның әлемдiк экономикадағы құны шарықтап өсетiнi сөзсiз. Сондықтан ғалымдар ендiгi жерде ауаның ластануын азайту мақсатында мұнайды алмастыратын жаңа нәрсе ойлап табуға кiрiсiп кеттi.
Сiз не дейсiз? ..............................
Сәкен БАЙШОЛАНОВ,
география ғылымдарының кандидаты:
— Ғаламдық жылынудың оң және терiс әсерi бар. Әрине, терiс әсерi басымырақ. Бiз климаттың өзгеруiне бейiмделуiмiз керек. Қазақстанда осы бағдарлама бойынша баяу болса да жұмыс қолға алына бастады. Тұрақты негiзде климаттың өзгеруi бойынша БҰҰ конвенциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық хабарламаларын дайындау үшiн институциялық қуат арттырылмақ.
Қазақстан аумағы үшiн климаттың өзгеру индекстерi есептелген (ауа температурасы және жауын-шашын саны), 2030, 2050, 2100 жылға дейiнгi мерзiмде ел климатының өзгеру сценарий жасалған. Климаттың өзгеруiне байланысты мал өсiмiне әсерi, агрометеорологиялық факторларға мал өсiмi көрсеткiшiнiң тәуелдiлiгi анықталды, Қазақстанның қазiргi су ресурстарының осал тұстарының бағасы берiлдi.
Жаһандық жылынуда ең бiрiншi
терiс құбылыс қуаңшылық
Жалпы, жер климатына қатысты 2085 жылға дейiн екi сценарийлi болжамды ұстанып отырмыз. Бiрiншiсi, ол бiздiң тiлмен айтқанда қатты климат 4-5 градусқа көтерiлуi мүмкiн. Екiншiсi, жұмсақ климат- ол 1,5 градусқа жылынады. Алла сақтасын деймiз, бiрақ алғашқы болжамның адамзатқа қаупi көп.
Ал жылы кезеңнiң ұзақтығының
артуының да оң әсерi бар. Мәселен, бидай
өнiмiнiң сапасы артады. Дәннiң сапасында
белок құрамы көбейедi. Оған түнгi және
күндiзгi температура айырмашылығының
өсуi оң әсер бередi. Мал шаруашылығында
қысқы жағдай жұмсарады. Қысқы жайылымның
аумағы ұлғаяды. Кейбiр жерлерде жайылым
өсiмдiктерiнiң өнiмдiлiгi жоғарылайды.
Мүмкiн Оңтүстiк Қазақстан
Айгүл ҚАПБАРОВА.
Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың
табиғатқа антропогендек әсерін болып
отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың
концентрациясының артуына байланысты
климат өзгеріп, температураның жоғарлауына
әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи
газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың
көбейіп индустриялық революциясының
өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек
жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы
артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде
құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр
көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі
мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды,
мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді.
Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар
мекенін тастап, күн көрістің қамымен
басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік
проблемаға айналуда. Экологиялық проблема
дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий,
Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны.
Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға
дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60
м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік
бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен
қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына
50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан
едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру
қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін
жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан
1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге
өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы
халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында
2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай
суға деген қажеттілік те артты. Осыған
орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын
су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері
- антропогендік факторлар еді. Екі өзен
бойындағы суды мол қажет ететін күріш
пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа
да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары
игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге
асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында
44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды.
Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23
м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200
км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы
40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен
бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар
мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды
болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды
қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік
факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа
ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен
жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары
2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен
тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп
болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін
ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау,
судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта
дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын
сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген
қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми
тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі
тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа
әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының
қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне
белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі
экологиялық апаттар нышаны жыл өткен
сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы
мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың
тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде
балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы
1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп
кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың
мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі.
Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта
Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына
зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың
өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын
бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік
экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар
ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне,
экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей
әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар
әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы
күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы
мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке
тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының
қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың
басқа өңірімен салыстырғанда жоғары
көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының
толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі
Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген
Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер
әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік
экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.
Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ
және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі
пікір таластар туғызады. Арал мәселесі
туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде.
Олар негізінен Орта Азия республикалар,
Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше
ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын
реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал
арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін
немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен,
уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде
қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске
асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне
байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында
батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде
жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам
тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу
аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің
бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан.
Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені
- 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26
м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса,
қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің
ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін
Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде
орналасқандықтан, оның климаты шұғыл
континентті болып келеді. Су айдынының
булануы өте жоғары. Осыған байланысты
судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген
су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының
нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу
өзендерінің мол суының Балқаш көліне
жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан.
Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен,
Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа
құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап
отырған.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш
көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді.
Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына
Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы
да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы
Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті
салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп
отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен
бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды.
Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды.
Каналдың салынуына байланысты Шелек
өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында
барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында
Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды.
Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында
Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала
күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі
Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде
қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары.
Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер
(әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі)
өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен
жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның
сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына
себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп,
тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп,
қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық
төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары
батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге
айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен
флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы
жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу
(Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен
қатар балықтардың Іле бойындағы егіс,
көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер,
тербицидтер және минералды тыңайтқыштар
қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын
тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар
мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960
жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі
дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық
жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік
ететін құстардың түрлері де азайып кеткен.
«Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан,
көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи
ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын
тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы
тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және
көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат
туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ
сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын
бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады.
Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған,
Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер
қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс
комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын
байыту кешендері, Сарышаған полигоны
және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары
осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын
тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару,
оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық
деңгейде экологиялық форум өтті. Онда
Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып,
нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында
суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай
суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың
үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын
массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге
асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы.
Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен
айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны
да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың
ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан
әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай
сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір
тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км
2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке
дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435
км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс
бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты
субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің
солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан
тұрады.
Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің
түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы
өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер
мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда
«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су
айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің
басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының
бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың
5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың
дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің
үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға
болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат
ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының
көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің
945, балдырлардың 64, фитопланктондардың
414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі
тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да
бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі.
Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті
мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн.
құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының
саны 10-12 млн-ға жетеді.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның
ластаушы көздерін төмендегідей топқа
бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар,
электрмагнитті толқындар, жылу, шулар
және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері,
күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер,
гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр
металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш
бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар,
шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас
сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың
жойылуы, т.б.
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың
маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы
болған айналаны қоршаған орта жөніндегі
конференциясы климаттың өзгеруі туралы
рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден
астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында
БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның
өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова
да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон
атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде
3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік
эффекті» тудыратын газдарды азайтуға
бағытталған заңды қабылдап, глобальдық
жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны
құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге
жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон
папкасы» қабылданды.
«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың
өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема
болып табылады және қоршаған ортаның
жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі
БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал
1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына
қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне
енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың
шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық
міндеттемелерді өзіне жүктей отырып,
І қосымшаның Тараны болады.
Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің
мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004
жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын
қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң
Қазақстанның экономикасына әсері туралы
зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа,
Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін
халықаралық инвестицияларды тарту, басқа
елдердің экономикасына активтерді орналастыру
мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен
жүзеге асыру жобаларына және «таза даму»
процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін
арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану,
сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық
мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін
шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына
квоталар жөніндегі перспективалары ашады.
Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты
жобалар мен іс-шараларды іске асыруды
көздейтін Қазақстан Республикасында
қызған газдардың шығарындыларын азайту
жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама
әзірленетін болады.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден,
өндірісті экологиязациялау мақсатына
сай келетін бірқатар шараларды іске асыру
қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің
күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық
шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту
бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын
тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне
– өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын
қалыптастыру міндетті экологиялық білім
мен тәрбие берудің бірқатар комплексті
мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық
ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық
этиканы, экологиялық психологияны және
экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру
қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат
бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты
аялай білейік!