Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 10:59, реферат
Күні кешеге дейін академиялық ортада бұл құбылысқа аса мән берілмейтін және ол әзіл ретінде айтылып, ғылыми фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруі орындалған дәйек болып табылдады.
Климаттың ғаламдық жылынуы. Күні кешеге дейін академиялық ортада бұл құбылысқа аса мән берілмейтін және ол әзіл ретінде айтылып, ғылыми фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруі орындалған дәйек болып табылдады.
Қазақстанда
ауаның орташажылдық температурасы 1936
жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір
10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарлап отырған.
Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік
бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға
қысқарған. Климаттың өзгеруі бойынша
Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ)
болжамдары бойынша, егер күннің жылынуы
осы қарқында өрби болатын болса XXI ғасырдың
ортасында орташа температура цельси
бойынша 6 градусқа жоғарлауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың
өзі кері салдарға әкеп соғатын климта
күрт континенталды Қазақстан үшін орасан
зор алапат болып табылады. Бүгінгі күннің
өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық
тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат
ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың
аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға
жылжыйды. Су ресурстарының жетіспеушілігі
мал жайылымдарының дегредацияға ұшырауына
әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына
ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда
климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ
жобасының үйлестірушісі Жанар Есенованың
пайымдауынша табиғаттағы процестердің
белгілі бір циклға бағынатына қарамастан
температураның жаһандық жоғарылауы нақты
дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның
жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен
өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге
алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының
өзеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи
құбылыстардың жиілігі арта түседі, жаңа
табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Бізде оптимистік сценарий болды, ол бойынша
парникті газдардың тастау жылдамдығы
температураның күрт жоғарылауына әсер
етпейді, және өте қатал сценарий және
ол бүгінгі күні орын алып отыр. Әзірге
бұл үрдіс өзгермей отыр, және шындықты
мойындаған жөн.
2011 жылдың сәуірінде БҰҰ Қазақстандағы
даму Бағдарламасы «Қазгидромет» РММ
жаңа жабдықтар жеткізіп берді. Өте қуатты
техника Қазақстан үшін климаттың өзгеруінің
деталдық моделдерін және сценарилерін
жасаауға мүмкіндік береді. Және бұл сценарилер
біз үшін көңіл жұбатарлық емес.
Ылғалдану зонасының өзгеруі еліміздің
жалпы ауданының 38% дейінінің құрғақдалалық
және қуаң зонаға айналуына әкеліп соғады.
Мұзданудың дегредацияға ұшырауы таулы
өзендердің ағысының және су режимінің
өзгеруінің басты себебі болып табылады.
Елімізді су теңгерімінің бұзылуы, ішкі
су ресурстарының сарқылуы, Қырғызстан,
Өзбекстан және Қытайға су мәселесі бойынша
тәуелді болу – міне мұның бәрі соның
нақты салдары болып табылады. Экстремалды
табиғи құбылыстардың орын алуы халықтың
ауа-райының аномалдылығынан зардап шегуіне
жол береді. Ғаламдық жылынудың жауыншашын
мөлшеріне және ауыл шаруашылығына әсері
бұрынғыдан күшейе түсуі мүмкін. Полюстердегі
және экватордағы температураның әртүрлі
болуы – атмосфера циркуляциясының негізгі
қозғаушы күші болып табылады.
Полюстердің жылынуы циркуляцияның төмендеуіне,
ал өз кезегінде жауын-шашынның түсу аумақтарының
өзгеруіне әкеліп соғады: бір аудандарда
үздіксіз аптапты ыстық, ал кей аудандарда
тропикалық жауын-шашын орын алады.
Қазіргі таңда аумағы шөлейтті болып келетін
Солтүстік Африка үшін жауын-шашын мөлшерінің
артуы пайдалы да болуы мүмкін. Алайда,
бұл жағдайда АҚШ және Канадада мүлде
жауын-шашын болмауы мүмкін. Аса ірі көлемде
бидай және жүгері дақылдары өсірілетін
және үлен ауылшаруашылық аймағы болып
табылатын Солтүстік Американың орталық
бөлігі қазірдің өзінде су тапшылығын
сезініп отыр. Осы өңірге дәстүрлі болып
табылатын дақылдарға жауын-шашын мөлшерінің
жетіспеуі, ыза қабаты суларының деңгейінің
төмендеуі, құнарлы жерлердің шөлейттенуі
– міне мұның бәрі ауылшаруашылық коллапстың
белгілері болып табылады. Егістік танаптарын
солтүстікке жылжыту арқылы Американың
ауыл шаруашылығы жаңа климаттық жағдайға
бейімделуі мүмкін. Алайда негізгі қыйындық
– бұл болжамдардың жуықтылығы. Қазіргі
кезде ауа-райының қолайсыздығының салдарынан
фермерлер бес өнімнің біреуін жоғалтады.
Ал климаттық өзгерістер кезінде егіншілердің
шығындары орасан зор болуы мүмкін.
Біздің жағдайымызда осыған ұқсас. Қазақстан
территорясның үштен екі бөлігі әртүрлі
дәрежеде шөлейттенуге ұшыраған.
«Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары
Ардақ Мұсабаевтың пайымдауы бойынша
қолда бар жаңа құрал-жабдықтардың көмегімен
климаттың болашақтағы болжамын екжей-тегжей
есептеуге, жедел болжамдардың сапасын
жақсартуға мүмкіндік беретін болжаудың
есептік әдісін бейімдеуге болады, ауар-райының
және климаттың көрсеткіштерін, сондай-ақ
жанама көрсеткіштерді автоматты түрде
тарату арқылы экономика салалары бойынша
нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мысалы, біздің болжамдарымыз ауыл шаруашылығымен
айналысатындар үшін қызықты болып табылады.
Біз оларға ылғалменқамтамасыздық, жылуменқамтамасыздық
туралы мәліметтері, көрнекті теңдеулері,
диаграммалары бар карта ұсына аламыз.
Бұл мәліметтер жедел түрде әзірленеді
және тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазгидромет
және БҰҰЖЖ қатысып отырған бағдарламаның
басты мақсаты ауыл тұрғндарын климаттың
өзгеруіне бейімдеу болып табылады.
«Қазақстанда климаттық тәуекелдерді
басқару» БҰҰЖЖ жобасының үйлестірушісі
Жанар Есенованың пайымдауынша Қазақстан
климаты және табиғи жағдайы әр алуан
мемлекет және ауыл шаруашылығы, энергетика,
су ресурстары сияқты экономиканың маңызды
салалары метрологиялық болжамдардың
сапасына және уақтылығына тікелей тәуелді.
Мониторинг және климаттың өзгерістерін
моделдеу бойынша жаңа құрал жабдықтар
дауыл, сел ағыны, лай көшкіні, су тасқыны
сияқты қауіпті табиғат құбылыстары егжей-тегжей
болжауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді
түрде потенциалды экономикалық зардаптарды
және болуы мүмкін адам шығындарын төмендетуге
себебші болады.
Қазгидрометтің техникасы шын мәнінде
озық техника болып табылады. Көппроцессорлы
серверле, есептеу кластріне жоғары жылдамдықты
компьютрлер желісіне біріктірілген мәліметтер
базасын сақтауға арналған қондырғылар.
Құрал-жабдықтар «Қазақстанда климаттық
тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасының
аясында, климаттың өзгеруі бойына мәліметтерді
өңдейтін және болжамдар жасайтын Қазақстанның
метоқызметтерінің техникалық потенциялын
жоғарлату мақсатында жеткізілген.
Климаттық тәуекелдерді басқаруды интеграциялау
үшін ГИС құралдардың көмегімен климаттық
өзгерістерді мониторингтеу және картасы,
климаттық өзгерістерді болжау және моделдеу
жасалады, нәтижесінде тұрақты түрде жаңартылып
тұратын еліміздің климаттық профильін
алуға болады.
«Қазақстанда климаттық тәуекелдерді
басқару» БҰҰЖЖ жобасының үйлестірушісі
Жанар Есенова «Қазгидромет» РМК 2030, 2050,
2085 жылдарға арналған климаттың өзгеруінің
болжамдық сценарилерінің жасалғанын
айта келе ГИС құралдардың қолданудың
олардың дәлділігінің арта түсетінін
атап өтті. Едәуір өзгерістердің болатыны
айдан анық. Мынадай мақал бар, кімде климаттық
модел болса,сол музыкаға тапсырыс береді.
Болашақта мемлекеттің қуаттылығы оның
жеке климаттық моделінің болуымен бағаланатын
болады. Бұл мемлекеттің ұзақ мерзімді
дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін көрсетеді.

дамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді.
Өзін “адамзат рухының құлдырау кезеңінде туғаныма өкінемін” деп санаған атақты неміс-француз ойшылы, әйгілі гуманист Альберт Швейцер “Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шаруа, еріккеннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі бұл жағдайда ол, ешқандай қажеттіліктен тумаған, табиғатқа қарсы қылмыс жасайды”, деген екен. Ой-хой деген, қандай гуманизм! Себепсіз бір тал гүл жұлмақ түгілі, тұтас ормандарды отап, теңіздерді құрғатқан адамзаттың “Асау табиғаттың бермегенін тартып алайық!” деп даурыға ұрандағанын да білеміз. Әлі де “аттандап” келеді. Қанша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыздықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды.
Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бастауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жиғызбай барады. Мәңгі жасыл құрылықтарды жаз ортасында қар басып, Гренландияның мұз құрсаулырының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр. Кәрі құрылықты топан су басып, Еуразия кеңістігін құрғақшылық жайлап, орыс орманы отқа оранды. Шілде мен тамыз айларында Ресейде 800 мыңнан астам орман өрті тіркелді. Орталық Ресейдің ормандарын түгелге дерлік отқа ораған өрт апатынан мыңдаған үйлер жанып, тұтас елді мекендер күлге айналды. Пәкстанда өршіген су тасқынынан жүздеген адам опат болып, 20 миллионға жуық адам баспанасыз қалды. Азық-түлік тапшылығы белең алып, жұқпалы аурулар тарала бастады. Мемлекеттің бұл апаттың өз күшімен бетін қайтаруға шамасы жетпей, әлем қауымдастығынан көмек сұрап отыр. Жақында су тасқынына байланысты осы елге арнайы келген БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “…талай апаттарды көріп едім, дәл мұндай ауқымдағы табиғи апатты бұрын-соңды көрген емеспін”, деп мәлімдеді. Шұғыл шаралар қабылданбаса, Пәкстандағы су тасқынының зардаптары өңірді экологиялық апат аймағына айналдыру қаупі бар. Мұның бәрі табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы, жаһандық жылыну үдерісінің шиеленісуінің залалы екенін енді ғалымдар ғана емес, қарапайым адамдар да түсіне бастады.
Иә, жаһандық жылыну аңыздан ақиқатқа айналды. Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісінің қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатқанына ешқандай күдік қалмады. Жер шары қызып барады. Өткен ғасырда ауаның температурасы бүкіл дүние жүзінде Цельсия бойынша 0,7 градусқа жылынған. Соның салдарынан Килиманджаро шыңдарын ғасырлар бойы құрсаған қарлар еріп, теңіз түбіндегі маржанды жартастар ізсіз жоғалуда. Сонымен “жаһандық жылыну қатері” дегеніміз не?
Климаттың өзгеру қаупі туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 тамызда “Scіence” атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет “жаһандық жылыну” терминін өмірге әкелді. Ауа райының өзгеру құбылысын екі мың жылға тарта тарихы бар климатология ғылымы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасырдың соңына дейін бұл ғылымның ізденістеріне адамзат қауымдастығы тарапынан аса бір қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жатқандығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжамдарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүниенің төрт бұрышында да жердің жоғарғы қабатының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген тұрғыда емес, бұл проблеманың төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмендеуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін тигізген адамзаттың техногендік әрекеттерінің салдары ма деген тұрғыда өрбіп жатыр.
Жаһандық жылыну дүркін-дүркін қайталанып тұратын қалыпты табиғи құбылыс деп дәлелдейтіндер не дейді? Олардың айтуынша, соңғы екі мың жыл ішінде Жер шарын мекендейтін тіршілік атаулы үш рет жаһандық жылыну кезеңін, үш рет жаһандық суыған кезеңді бастан өткерген. Температураның соңғы төмендеу кезеңі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталыпты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ауа райы қалпына келіп, ХХ ғасырда қайтадан жаһандық жылыну кезеңі басталып, сол ғасырдың соңында 0,7-0,8 градусқа жеткен. Сондықтан, дейді табиғи тәсілді жақтаушылар, бүгінгі жаһандық жылыну кезеңі ұзамай ауа температурасының төмендеу кезеңіне ауысады. Оның Жер орбитасы параметрлерінің өзгеруіне байланысты Күн қызуының құбылуы сияқты астрономиялық, Гольфстрим атты мұхиттар ағысы қуатының әлсіреуі сияқты табиғи себептері бар көрінеді.
Енді жаһандық жылынуды адам факторымен байланыстыратындардың дәлелін сараптап көрейік. Біріншіден, олардың айтуынша, ауа температурасының мұндай жылдамдықпен жылынуы бұрын-соңды болмаған құбылыс көрінеді. Бар болғаны соңғы жүз жылға жетер-жетпес кезеңде ауаның орташа температурасы 0,7-0,8 градусқа ысуы мың жылда да болмаған. Тіпті соңғы 15 жыл ішінде ғана ауа температурасы жылынуының жылдамдығы 0,3-0,4 градусқа артқан. Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ғалымдар қазіргі жаһандық жылыну үрдісіне себеп болып отырған кесапаттың 90 пайызы адам қолымен жасалып отыр деген тұжырымға тоқтаған.
Бүкіләлемдік климаттық конференцияда сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “Арктикадағы жылыну үрдісі Жер шарының басқа өңірлеріне қарағанда тым жылдам белең алып барады. Осылай бара беретін болса, 2030 жылға таман ондағы мұз қалқанының мүлде жойылып кету қаупі бар. Арктикадағы бүгінгі болып жатқан өзгерістер климаттың жаһандық жылынуын жылдамдата түспек”, деп атап көрсетті.
Сөйтіп, жер бетіндегі мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Гренландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктиканың мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға жетеді. Сонымен бірге Солтүстік Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз қабаттары 4 метр қалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың мәңгі мұз құрсанған шыңдары бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып отырған күрделі қауіп те осы мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.
Гренландия мұздағы
Біздің планетамыздағы барлық мұз қабаттарының 10 пайызы осы Гренландияда шоғырланған. Көлемі жағынан Антарктикадан кейінгі екінші орынды алатын бұл мұз қалқанның массасы 2,5 млн. текше шақырымға тең. Соңғы жылдары Гренландия мұздағының бұрынғыдан жылдам ери бастағаны байқалуда. Жыл сайын 250 миллиард тоннаға жуық гренландиялық мұз суға айналып, Атлант мұхитына қосылатын көрінеді. Бұл құбылысты анықтауға 2002 жылдан бері мұздаққа тұрақты бақылау жасап келе жатқан екі жасанды спутниктердің жинақтаған деректері мүмкіндік берді. Соңғы жылдары гренландиялық мұздақтың жағдайы ерекше назар аударуды қажет етіп отыр. Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, ауаның температурасы үш градусқа көтерілетін болса, гренландиялық мұз қалқаны толық еріп, теңіздегі су деңгейін 7 метрге дейін көтереді. Тіпті бұл мұз қалқаны біртіндеп ерігеннің өзінде, теңіз деңгейін бір метрге дейін көтеруге мүмкіндігі бар.
Ғалымдардың ең сақтықпен жасаған болжамдары бойынша, болашақта әлемдік мұхит деңгейі 30-50 сантиметрге көтерілетін болса көптеген жағалаулар су астында қалады. Әсіресе, бұл мұхит жағалауларында адамдар көбірек қонстанған Азия құрлығы үшін аса қауіпті болмақ. Бүгінде дүние жүзі бойынша теңіз деңгейінен 88 см. биіктікте 100 миллионнан астам адам өмір сүреді.
Жақында Гренландиядан тағы бір үлкен мұз аралының бөлініп шыққаны туралы хабар тарады. Делавер штаты университетінің ғалымы Андреас Мюнчоудың айтуынша, 5 тамызда Гренландияның Петерман атты мұздағынан бөлінген бұл мұз аралының көлемі 260 шаршы шақырымға, қалыңдығы 180 метрге тең. Бұл Арктикада 1962 жылдан бері кездескен ең үлкен айсберг көрінеді. Атлант мұхитына бағыт алған мұз аралының суы Делавер немесе Гудзон сияқты өзендердің суын екі жыл бойы алмастыруға немесе АҚШ-ты 4 ай бойы сумен толықтай қамтамасыз етіп тұруға жетеді екен.